СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Отаным- кең далам!

Нажмите, чтобы узнать подробности

Занятие на патриотическую тему "Отаным- кең далам!" для старшей группы. Вопросы, игры, пословицы о Родине.

Просмотр содержимого документа
«Отаным- кең далам!»

Өткізген күні: 29.11.2018ж.

Өткізген орны: №3 «Ертөстік» бала бақшасы МКҚК

Өткізген : қазақ тілі мұғалімі А.Т.Абдульманова



Тақырыбы: « Отаным- кең далам»

Мақсаты: Отан туралы білімдерін назарға ала отырып, Отанымыз – Қазақстан Республикасы туралы не білетіндігін саралау, алған мәліметтер бойынша білімдерін бекіту.
Міндеттері:
Білімділік: Балалардың Отан, Қазақстан, туған жер туралы түсініктерін кеңейту.
Дамытушылық: Отанды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, туған еліне деген сүйіспеншілігін аттыру.
Тәрбиелік:Балаларды елін, жерін сүюге, байлығын қорғауға, өз елінің патриоты болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Елбасының суреті, Қ.Р. рәміздері, «Менің Отаным-Қазақстан» презентация,бейне слайдтар, музыка, шаңырақ, қамшы.

Билингвалды компонент: Отан- Родина-Motherland, Менің Отаным- Қазақстан- Моя Родина Казахстан, бақыт- счастье, ту- флаг- Flag , елтаңба- герб- anthem,әнұран- гимн- blazon, елбасы- президент.

«Жаса, жаса қазақ тілім» музыкасы , балалар топқа кіреді

Шаттық шеңбер тұрады

Ауадан қуат алайық,

Алақанға салайық.

Жерден нәр алайық,

Алақанға салайық.

Күннен шуақ алайық,

Алақанға салайық,

Күн шуағын қонақтарға сыйлайық.

  • Қайырлы таң, көк аспан!

  • Қайырлы таң, жер ана!

  • Қайырлы таң, алтын күн!

  • Қайырлы таң, балалар!

  • Қайырлы таң, мұғалім!



- Қалдарың қалай?

Балалар: Жақсы, тамаша, керемет.

: Ендеше, сендер күн сайын қайда келесіңдер?

  • Мен балабақшаға барамын.

  • Балабақшада сен ойнайсын ба?

  • Мен балабақшада ойнаймын.

  • Балабақшада сен ұйықтайсын ба?

  • Балабақшада мен ұйықтаймын.

  • Балабақшада сен тамақ ішесің бе?

  • Балабақшада мен тамақ ішемін.

Ал, ...... сенің досың бар ма?

  • Менің досым бар.?

..... , сенің досың көп пе?

  • Менің досым көп.

Мұғ.: Керемет, балалар мынау не? (шаңырақ көрсетіледі)

Балалар: Мынау- шаңырақ.

Мұғ.: « Бір - біріңді бағалар
Дос болыңдар балалар» - , демекші мынау шаңырақ астында әрқайсымыз досымызды айтайық.

  • Балалар: Менің досым- ......

  • Сенің досың ақылды ма?

  • Менің досым ақылды.

  • Сенің досың мықты ма?

  • Менің досым мықты.

Хормен: Дос болайық.

Мұғ.: Орындықтарымызға жайғасамыз.

Балалар мына бейнетаспаға назар аударайық

Тапсырма: «Жыл мезгілдері» туралы

1 Видеослад «Қазақстан»

2 презентация « Отан- Родина- ..... »

Мұғ.: Отан дегеніміз не?

Балалар: Отан деген атамекен.

Отан деген туған жер.

Отан- ана, Отан үлкен

Қазақстан туған жер.

  • Біздің Отанымыз қалай аталады?

  • Менің Отаным- Қазақстан.

  • Қазақстан- көпұлтты мемлекет.

  • Елбасы кім?

  • Елорда қай қала?

  • Астана қандай қала?

  • Мемлекеттік тіл қай тіл?

  • Қазақстан рәміздерін кім атайды?

Суреттермен жұмыс

  • Ту, елтаңба, гимн.

  • Тудың түсі қандай?

  • Туда не бейнеленген?

  • Елтаңбада не бейнеленген?

  • Гимн- салтанатты ән.

Мұғ.: -Дұрыс,  мемлекеттік рәміздер:  елтаңба, ту, гимн. 

 Балалар, естеріңде болсын Қазақстан Республикасының рәміздерін,  мемлекеттік тілін кұрметтеп, өз еліңді, жеріңді қорғап, халқына адал еңбек ету керек.  

Көрініс «Рәміздер айтысы»

Балалар: Мен мықтымын, мен мықтымын деп шуылдап ортаға шығады.

Мұғ.: Бір күні үш дос бір бірімен мен ең мықтымын деп дауласады екен.

Ту айтты:

Мен ең мықтымын. Еліміздің барлық ұйымында желбіреп тұратын менмін. Барлық үлкен жиналыстарда, мереке — тойларда төрден орын алатын менмін

Елтаңба болса, былай дейді:

Әрине, ең мықты менмін. Барлық мекеменің маңдайшасында тұратын менмін. Мен ақша, бағалы қағаздарда боламын.

Сонда әнұран сөзге араласты:

Босқа таласпаңдар. Ең мықты менмін. Үлкен жиындар мен мерекелік кештерді мен бастап беремін, мен аяқтаймын.Мені адамдар тік тұрып тыңдайды.

- Босқа дауласпаңдар. Үшеуін де дұрыс айтасыңдар. Үшеуің де мықтысыңдар. Үшеуің болмасаңдар, ешбір елдің, ешқандай халықтың қадір- қасиеті болмайды.

Ешкім ол елді құрметтемейді.

Дұрыс па , балалар.

  • Дұрыс

  • Керемет, ал енді, бойымызды сергітіп алайық.

3 «Қызыл гүлім » сергіту сәті

4 Видео «Мен Отанды сүйемін»

Сұрақтар: Отан- ол не?

Балалар:

  • Отан- ол туған жер

  • Отан- ол ата- анаң

  • Отан- ол бауырың, досың

  • Отан- ол туған елің

  • Отан – ол туып өскен жерің.

  • Отан ол өз үйің

Мұғ.:Балалар отан, ел туралы көп мақал мәтелдер бар. Олай болса , мына сызба бойынша мақал- мәтелдерді айтайық.

  • Отансыз адам, ормансыз бұлбұл.

  • Ата- бәйтерек, бала- жапырақ.

  • Тіл- көңілдің кілті.

  • Отан оттан да ыстық.

  • Отан отбасынан басталады.

  • Қандай ұлттық ойын түрлерін білесіңдер білесіңдер?

  • Арқан тарту, теңге алу, асық, тақия, орамал кетті, қамшы

Мұғ.: Ендеше, «қамшы» ойының ойнайық.

5 Ойын « Қамшы»

Шарты: тақпақтар, ұлттық аспап , ұлттық киім түрлерін атайды.

Есік қаққан дыбыс

Көрініс: «Бақыт деген не?» «Детство» музыка ойнайды


Сырттан ата кіреді.

Балалар бұл кім?

Бала: Ата.

  • Ата, сәлеметсіз бе, төрлетіңіз.

Ата: - Рахмет.

Бала- : -Айтшы, білсең егерде,

Ата, бақыт не?

Ата- : - Бақыт деген, шырағым,

Мына әсем тұрағың.

Ну ормандар,

Гүл бағы,

Күннің күліп тұрғаны.

Бақыт- дәні даланың,

Алақаны анаңның.

«Ботам» деуі әжеңнің,

Тыныштығы әлемнің!

Бала- : - Қайда бақыт мекені,

Қалай оған жетеді?

Ата- : Адал еңбек етесің!

Сонда ғана жетесің!

-Көрінбейтін көзіңе?!

Бақыт деген, сөзім шын-

Айналайын, өзіңсің!


Мұғ.: Әрине, атамыз дұрыс айтады. Отанымыздың тыныштығы, балалардың амандығы.

6 Видео слайд

Ендеше, бәріміз дос болайық,

  • Аман болайық!

  • Еліміз тыныш болсын!

  • Аспанымыз ашық болсын!

Мұғалім: балалар , сендерге бүгінгі сабақ ұнады ма. Ұнаса бас бармағымызды жоғары, ұнамаса төмен көрсетеміз. Жарайсыңдар. Сау болыңдар.









































Ту айтты:

Мен ең мықтымын.

Еліміздің барлық ұйымында желбіреп тұратын менмін.

Барлықжиналыста, салтанатты кештерде, мереке — тойларда

төрден орын алатын менмін


Елтаңба болса, былай дейді:

Әрине, ең мықты менмін.

Барлық мекеменің маңдайшасында тұратын менмін.

Мен ақша, бағалы қағаздарда боламын.


Сонда әнұран сөзге араласты:

Босқа таласпаңдар. Ең мықты менмін.

Үлкен жиындар мен мерекелік кештерді мен бастаймын, мен аяқтаймын.

Мені адамдар тік тұрып тыңдайды.


Бала: -Айтшы, білсең егерде,

Ата, бақыт не?


Ата: - Бақыт деген, шырағым,

Мына әсем тұрағың.

Ну ормандар,

Гүл бағы,

Күннің күліп тұрғаны.

Бақыт- дәні даланың,

Алақаны анаңның.

«Ботам» деуі әжеңнің,

Тыныштығы әлемнің!


Бала: - Қайда бақыт мекені,

Қалай оған жетеді?


Ата: Адал еңбек етесің!

Сонда ғана жетесің!

-Көрінбейтін көзіңе?!

Бақыт деген, сөзім шын-

Айналайын, өзіңсің!



Отан- ол туған жер



Отан- ол ата- анаң



Отан- ол бауырың, досың



Отан- ол туып өскен жерің



Отан- ол өз үйің



Отан- ол туған елің



Бір шаңырақ астында,
Тату - тәтті тұрамыз.
Бірге ішеміз асты да,
Бірге сайран құрамыз.



Достықты үлгі санаған,
Бір үйде біз тұрамыз.
Қалған ата - бабадан.,
Бірлік асыл мұрамыз!



















Мұғ.: Бір күні үш дос бір бірімен мен ең мықтымын деп дауласады екен.


Ту айтты:(Таир)

Мен ең мықтымын. Еліміздің барлық ұйымында желбіреп тұратын менмін. Барлық үлкен жиналыстарда, мереке — тойларда төрден орын алатын менмін


Елтаңба болса, былай дейді: (Ева)

Әрине, ең мықты менмін. Барлық мекеменің маңдайшасында тұратын менмін. Мен ақша, бағалы қағаздарда боламын.


Сонда әнұран сөзге араласты:(Юля )

Босқа таласпаңдар. Ең мықты менмін. Үлкен жиындар мен мерекелік кештерді мен бастап беремін, мен аяқтаймын.Мені адамдар тік тұрып тыңдайды.


Мұғ.: Босқа дауласпаңдар. Үшеуін де дұрыс айтасыңдар. Үшеуің де мықтысыңдар. Үшеуің болмасаңдар, ешбір елдің, ешқандай халықтың қадір- қасиеті болмайды.

Ешкім ол елді құрметтемейді.

Дұрыс па , балалар.