СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Отбасы құндылығы

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Ұстаз - ұлы есім» - дейді Мұхтар Әуезов. Иә, расында да, «ұстаз» деген сөздің астарында мән-мағынаның бәрі бар, бәрі де бар: білім мен ғылым, махаббат пен сүйіспеншілік, мейірімділік пен мейірбандық, талапшылдық пен турашылдық... Әрбір баланың тұлға болып қалыптасуына, дүниедегі әрбір мамандық иесінің болашаққа қанаттануына себепкер болатын жанашыр, ізденімпаз адам – ұлы ұстазымыз. Менің ойымша, әр шәкірттің жанына жақын келетін, ең сүйіктісіне айналатын, өмірлік ұстанымдарының жаршысына айналатын  ұстазы болады. Менің де сүйікті ұстазым бар. Ол кісінің  ғибрат алар әрбір сөзі, кескін-келбеті, бәрі-бәрі мен үшін – үлгі-өнеге. «Адамның адамшылдығы жақсы ұстаздан» деп Абай хәкім айтпақшы, ұстазымды ең алғаш рет көріп-білгеннен бастап, ол кісіге деген құрметім, сабаққа деген зейінім артты.  

Мен төрт мезгілдің ішінде тек жаз мезгілін қатты жақсы көретін едім. Күз келгенде, жарқырағанның бәрі қуаратындай, жайнағанның бәрі тұманданатындай болып көрінетін. Ал, биылғы күз менің өмірімде айтарлықтай керемет орын алды. Бұл күз мен пір тұтатын бір кісімен қауыштырды. Алғаш «Дарын» мектебіне ауысарда, қабылданғанымда кішкене қорқақтап, қобалжығаным рас. Алайда сынып жетекшіммен алғаш танысу сәтінен бастап, қорқынышым су сепкендей басылды. Керісінше, ол кісінің мейірімге толы жүзі мен мәдениеті мені айрықша баурап алды десем, артық айтқаным емес. Анам қандай қадірлі болса, ұстазым да мен үшін қымбат жанға айналды.

Просмотр содержимого документа
«Отбасы құндылығы»

Тақырыбы: Елімнің болашағы – салауатты отбасы

Мақсаты:

1. Оқушылардың отбасы, жанұя туралы білімдерін шыңдай түсе, отбасы құндылықтарының маңызын дәріптеу.
2. Оқушылардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін, тіл байлығын, өз беттерінше жұмыс істеу дағдыларын дамыту.
3. Оқушыларды ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, ептілікке, өз ойын жеткізе білуге, отбасы құндылықтарын сыйлауға тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:

1. Білуі керек: Отбасы мүшелерін құрметтеп, сыйлай білуі керек.

2. Болуы керек: Отбасында әдепті, сыйлы болуы керек.

3. Жасай білуі: Берілген тапсырмаларды орындай білулері керек.
Әдісі: әңгімелеу, сұрақ-жауап .
Көрнекі құралдар: отбасы туралы, нақыл сөздер, слайд.
І. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу, назарын аудару, психологиялық ахуал туғызу.
ІІ. Мұғалім сөзі: Отбасы-мемлекеттің негізгі буыны. Тәрбие – отбасынан басталады, болашақ ұрпақтың еліне, Отанына дегенсүйіспеншілігі алдымен ата-ананың ықпалымен қалыптасады.Дәулет есіктен, ақыл бесіктен кіреді демекші білім бесігі мектептен,тәрбие бесігі отбасынан бастау алады.Отбасының екі тірегі - әлпештеген әке мен аялаған ана. Ата-анаға үлкенгеқызмет етіп, әкеңнің еңбегін, анаңның ақ сүтін өтеу - біздің борышымыз.Ата - ана - отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Әке туралы айтсақ, әке отбасының асыраушысы, қамқоршысы. Ана - отбасының ұйтқысы, жылуы, шуағы. Отбасы - адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. Адам баласышыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап сол ортаның ыстық-суығынабейімделіп, ықпалына көніп, осында ер жетеді.Отбасы мүшелерінің жауапкершілігі толығымен ер азаматқа жүктеледі.Баланы өсіріп тәрбиелеу – әйел ананың тікелей міндеті. Отбасының тәрбиелеушілік міндетіне тікелей байланысты оның тағы бір қызметі бар. Оны дамытушы міндет деп атауға болады. Балалардың үздіксіз дамуы, шығармашылық қабілетін іске асыруы отбасынан басталады. Әке-шеше балаларына жақсы тәрбие беруге қоғам алдында жауапкер.
Отбасым - менің жүрегім Отбасым - менің тірегім Отбасым – менің Отаным Тек сен деп соғар жүрегім – дегендей, отбасы болашақ ұрпақ бойына адамзаттық құндылықтарды және ұлттық рухани байлықтарын сіңіретін тәрбие ошағы. Отбасы – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Отбасы баланың азамат болып өсуінің негізі болып табылады. Отбасының басты қызметі баланы тәрбиелеу. Отбасы тәрбиесі – бұл жалпы тәрбиенің ең басты бөлігі. Ата-ана және отбасы мүшелері жас нәресте дүниеге келген күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін қажет жағдай жасайды. Бұған баланың қажеттігін толық қанағаттандыру, оны дене және ой еңбегіне үйрету, күн тәртібін дұрыс реттеуге , салауатты өмір сүруге, адал болуға тәрбиелеу, жақсылықты үйретуге, жамандықтан жиренуге үйрету, бойында жастайынан мәдени құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру жатады.
Қазақ отбасы тәрбиесінің өзекті мәселелері педагог- ғалымдар С. Қалиев, М.Смайылова, “ Отбасы кішкентай бір мемлекеттік ұя” деп бекер айтылмаған. Әдетте жақсылықтың бәрі отбасынан басталады. Отбасы - жұртты жақындастырушы, ұрпақ пен ұрпақты табыстырушы, ұрпақаралық тұтастықтың отын жағушы ерекше ұя. Сондықтан да отбасы - барша адамзатқа ең жақын, ең қасиетті ұғым. Әрбір отбасында сүйіспеншілік пен түсіністік мықты болса, қоғамның діңгегі де берік болады. Ата – ана – өмірдегі ең қымбат адамдар. Олар бізді жақсылыққа әдептілікке, адамгершілікке тәрбиелейді. Сабақта да, үйде де ұқыпты, тәртіпті, саналы бала болса екен деп тілейді. Әсіресе,”Түп қазығың - Отаның, ар - намысың - тілің, кәусар бұлағың - ұстазың, қамқоршың - әкең, ақылшың – анаң” деген сөздер көңілімізде жатталып қалыпты.
ІІІ. Сұрақ-жауап:
Балдан тәтті не? (бала)
Шаңырақ иесі кім? (кенже ұл)
Балаға кім сыншы? (ата-ана)
Әкеден балаға беріледі (мұра)
Үйде кім, елде кім қадірлі (үйде қонақ, қарт, бала қадірлі; елде әкім, ұстаз қадірлі.)
Үйдегі алтын қазық кім? (ана)
Ұл атадан көрмейінше сапар шекпес кімнің нақыл сөзі? (Қорқыт ата)
Қаз да емес, үйрек те емес. Дастарханда болмайды. Бірақ барлық адам дәм татқан (ана сүті)
Әдепті бала ата – анасын мақтатар, ( әдепсіз бала ата –анасын қақсатар).
Ана сүтін ақтамағанды , ( ешкім мақтамайды)
Үйінде ұл – қызы бардың, (көгінде сөнбес жұлдызы бар)
Атаңа не қылсаң , (алдыңа сол келер)
Ұяда не көрсең , (ұшқанда соны ілерсің)
ІV. Шығармашылық жұмыстар:
1-топ: Эссе жазу: Бақытты жанұя – бақытты ел
2-топ: Постер қорғау: Бақытты жанұя – бақытты ел
3-топ: Нақыл сөздер, мақал-мәтелдер дайындау, айту: Отбасы, Тәрбие, Ата-ана, Бала
V. Қорытындылау
Отбасы. Бала. Мектеп. Бір - бірінен ажырағысыз үш ұғым. Отбасы бар жерде бала бар, бала бар жерде мектеп бар. Мектеп пен ата-ананың міндеті - әр балаға бақыт, қуаныш сыйлау.Тәрбиенің ең алғашқы бастамасын бала отбасында алады. Отбасы - әр бала үшін алтын бесік. Бала отбасы аясында түлеп өседі, оңы мен солын сонда таниды. Ол отбасы жағдайында өмірдегі әр түрлі жағдайларда өзін қалай ұстауды, адамгершілік әліппесі: кішіпейіл болу, ізеттілік, сыйластық, үлкендермен және кішілермен қандай қарым - қатынаста болу керек сияқты тәжірибе жинақтайды және оны меңгереді. Отбасы – ол ең жақын адамдардың ошағы. Әрқашан отбасы мүшелерін сыйлап, құрметтеу керек.