Қадірменді оқушылар! Біз сабағымызды бастамас бұрын мына арнайы гүлді алақандарына салып тұрып, бір-біріне тілек тілейміз және гүлдің түсі арқылы «Бала», «Немере», «Шөбере», «Шөпшек» болып үш топқа бөлінеміз. «Миға шабуыл» әдісі бойынша оқушыларға жұмбақ жасырылады Онда әкем-шешем тұрады, Ата-әже бауырым. Бәрі бірге қосылып, Бір ұғымды құрады. (Отбасы) Ассоциация әдісімен тақырыпты ашу. «Отбасы» деген сөзді естігенде ойымызға не оралады? Отбасы – алтын ұя, киелі шаңырақ. Отбасы – жылулық. Отбасы – ананың аялы алақаны. Отбасы – әкенің мейірімді жүрегі. Отбасы – бала бақыты. Отбасы —шағын мемлекет. Отбасында балалар негізгі тәрбиені ата-анадан алады. Отбасы – кішкентай бір мемлекеттік ұя. -Отбасы деген ұғымды қалай түсінесіздер? -Отау дегеніміз не? -Отағасы деген кім? -Отанасы деген кім? (оқушылардың жауаптары тыңдалады) Отбасы бұл тәрбие бесігі. Ата-аналар мен балалардың, аға-інілер мен апа- сіңілілер, қарындастардың және туған-туыстардың ортасын құрайтын отбасы-қоғамның ең маңызды ұйтқысы болып табылады. Өйткені әрбір адам көзін ашып дүниеге келгенде мейірімді, жүректері жылы жандарды көреді екен. Ол – АТА-АНА. Балаға олардан артық, олардан қымбат жан жоқ. Отбасы-ол шағын мемлекет. Әр отбасы өзара татулықты қажет етеді. Отбасының берік болуына, ар-намысын сақтауға, адалдыққа тәрбиелеуде әке мен ананың орны ерекше. «МИКС» жаттығуы А.Ж.Егизбаев бойынша Идеяларды жинақтап, түйіндеу, кері байланыс жасау. Идеяларды жинақтау, түйіндейді. Әр топ шығармашылық көзқарас білдіреді. Тақтаға «Отбасы» тақырыбында түйінді 5-6 тірек сөздер жазылады. (Қамқорлық, ата-ана, тамыр, ұрпақ,үй, тәрбие) 1-ші топ «Ақындар»– 1 жол – зат есім 2 жол – 2 сын есім 3 жол – 3 етістік 4 жол – 4 сөзден тұратын сөйлем (сөйлем ойды білдіру керек) 5 жол – алғашқы сөздің синонимі 2-ші топ «жазушылар» Топқа 1 парақ беріледі. Топ оқушысының бірі сол параққа осы тақырып бойынша 1 сөйлем жазады. Екіншісі оның жазған ойын әрі қарай жалғастырып, екінші сөйлемді жазады. Соңында тақырып жайлы мәтін шығады. Бір оқушы мәтінді оқиды, сынып болып талдайды. 3-ші топ «суретшілер» – суреттеу, 4-ші топ «әртістер» – сахналық көрініс. Гүл күлтешесі «Гүл күлтешесі» деп аталады. Оқушыларға кішкене бір – бір гүл таратылады. Өздерінің отбасына деген тілектерін жазып, тақтаға орналастырады. Отбасы – ол ең жақын адамдардың ошағы. Әрқашан отбасы мүшелерін сыйлап, құрметтеу керекпіз. Бәріміздің отбасымыз берік, бауырымыз бүтін болсын. Отбасы мүшелері аман – сау болсын! |