Ынтымақты отбасы
(отбасылық сайыс)
Тақырыбы : Ынтымақты отбасы (сайыс)
Мақсаты: Ата-аналар мен балаларды сайысқа қатыстыра отырып,олардың салт дәстүріміз туралы,білімдері мен өнерлерін байқау.Ән-би,қолөнер тәрізді халықтық өнерлерден хабардарлығын анықтау.
Тәрбиелік: Отбасы–Отанның бір бөлшегі екендігін ұғындырып,оқушыларды ынтымақ пен бірлікке,татулық пен ұйымшылдыққа , мейірімділікке аналарының шексіз еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.
Барысы:
Мұғалім: «Отбасы – шағын мемлекет» деген сөз бар. Ынтымағы келіскен, түтіні түзу ұшқан әрбір шаңырақ –мемлекетіміздің құт берекесі. Атамыз қазақ «Бала –адамның бауыр еті», «Балалы үй базар» дейді. Өйткені бала-өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі. Отбасы - бұл қоғамның негізі. Баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі, жан-жақты тәрбиелі болуы отбасында берілетін ұлттық тәрбиеге байланысты. Бүгінгі сайысымызға сыныбымыздың 4 отбасы қатысады.
Ана - бала, бала - ана бір ұғым
Бір – бірінсіз жоқ олардың бақыты
Омыртқаның үзбеу үшін жұлынын
Екеуінің өтсін бірге уақыты
Ана –бала көздің ақ пен қарасы
Бір - бірінсіз таусылмайтын шарасы
Әр ананы арманына жеткізер,
Әр баланың ақылы, ары санасы, - дегендей бүгінгі сайысымызға оқушыларымыз аналарымен келіпті
1-жұп.Қуантады білімімен ______________________ қыз
Қол сағып қарсы алайық енді оны біз
Сайысқа жеңгесімен келіп отыр
Бүгінгі қабыл болсын тілегіміз
2-жұп.Сабырлы әрі салмақты
Өзі өнерлі жан –жақты
Анасы мен ________________________
Жарысты бүгін жалғапты
3-жұп.Қыздардың бәрі сұлу салсаң назар,
Бәрі де арманына қолын созар
Анасы мен келіп тұр ______________________ қыз
Бұйырса бақыт құсы саған қонар
4-жұп.Қол соғып қарсы алыңдар шығады енді
Оларға да берейік бүгін төрді
Жеңімпаз болармын деп келіп тұрған
Анасы мен________________ кезек келді
Ортаға оқушылар аналарын алып шығады.
Мұғалім: Жиналыппыз сәтті күні бәріміз де,
Үлкен, кіші, жасымыз, кәріміз де.
Төрлетіңіз қадірменді қонақтар
Гүл-гүл жайнап мына біздің төрімізге
Оқушылар мен ата-аналары орындарына жайғасады.
Мұғалім: ал енді мен сіздерді сайыстың жоспарымен таныстырайын.
Сайыс төмендегідей бөлімдерден тұрады
І.Таныстыру
(Ортаға отбасылар шығып, өздерін таныстырады)
ІІ. «Өнерлінің өрісі кең»
(Топтың өнерін тамашалау)
ІІІ.Сұрақ -жауап
ІҮ. «Ептілік сайысы»ойыны
(тапсырма орындау)
Ү. «Мен анамның өнерін мақтан тұтам»
(Аналары жасаған бұйымдар мен
«Таңдайдан дәмі кетпес тәтті астың» атты ас мәзірімен таныстыру)
ҮІ.Мәнерлеп оқу
(Топ өздері ұнатқан ақын шығармаларынан үзінді оқиды)
Ү ІІ.Қорытынды
І бөлім. Сәлемдесу-игі дәстүр киелі,
Сөзбен қарап,кейде шешер шиені.
Жақсы сөзге жан семірер қашанда
Жолданады сайыскерлер сәлемі
Сайыскерлер өз реттерімен таныстыруларын айтады.
ІІ бөлім. Кедеймін деп қысылма,
Өнерің болса қолыңда
Өнерлінің ырысы
Жарқырап жатар жолында
дей келе «Өнерпаздар сайысын » бастаймыз.
(әр отбасы өз өнерлерін көрсетеді көрініс)
ІІІ бөлім. Орасақ та жәннат ішік ,құндызға
Баласақ та айға,күнге,жұлдызға
Ана соның бәрінен де ардақты,
Одан асқан құдірет жоқ ұл-қызға.
Сайысымыздың келесі бөлімі сұрақ-жауап
1.Бақытты отбасы болудың негізгі шарттарына нені жатқызар едіңіз?
2.Сәлемдесу, жөн сұрасудың өз-өзіндік дәстүрлері бар. Осы жайында не айтасыз?
3.Бала шыр етіп дүниеге келгеннен бастап, үлкен азамат болғанға дейін жасалатын салт –жоралардың түрлері қандай?
4.Қазақтың ұлттық ойындарын атаңыз.
5.Жеті атаны таратыңыз
6. «Ұлым-қызым, саған айтам» дегендей, балаңызға аманат етіп, ғибрат етіп не айтар едіңіз?
ІҮбөлім.Өнерлінің өнерін
Тағыда байқап көрейік
Жүйрік аттай желейік
Ептілерге кезек берейік
Ептілер сайысы
Үбөлім. Шеберлерім өнер тамып қолынан,
Жаңылмаған ата-баба жолынан
Шебер қолдар өз өнерін көрсетсін
Біз айталық төрелігін соңынан
«Мен анамның өнерін мақтан тұтам» аналарының қолөнер бұйымдары және ас мәзірімен таныстыру
ҮІбөлім.Тәлім алған отбасынан өнегелі
Өнерлілер таң қалдырған талай елді
Ән салсақ,би де билеп,жыр жырласақ
Ешкімнен қалыспаймыз біздер енді
Келесі сайысымыз мәнерлеп оқу
ҮІІбөлім.Жеңістер мен жеңілістен тұратын,
Өмір күрес,жеткізе ме мұратын.
Жеңбедім жеңілдім деп ренжімегін,
Қатысу да бір жеңіс,жан болсаң сен ұғатын.
Кезекті әділқазалар алқасына береміз.
(Әділқазылар сөз сөйлейді)
Мұғалім:
Ата салтым-асыл мұрам, ардағым,
Бабалардың жалғастырар арманын
Сан ғасырда қалпын бұзбас қадірін,
Өткенімді бүгініммен жалғадым!
Құрметті ата-аналар ұстаздар. Сіздер бүгін «отбасы сайысын» көріп тамашаладыңыздар. Өз ұл-қыздарыңыздың білімі мен өнерін аңғардаңыздар. Сіздерге әрқашанда сәттілік тілей отырып, отбасыларыңызға береке , ынтымақ тілеймін. Мектеппен жиі байланыста болыңыздар!
«Пенжім орта мектебі»
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
«Ынтымақты отбасы»
Педагог – психолог: А.Б. Алибекова
2013 – 2014 оқу жылы
Ынтымақты отбасы
Категориясы: Тәрбие сағаты
«Ынтамақты отбасы» сайысы.
Сайыстың мақсаты: Ата - аналар мен балаларды сайысқа қатыстыра отырып, олардың халық ауыз әдебиеті, салт - дәстүрі туралы білімдерін байқау. Ән - би, қолөнер тәрізді халықтың өнерден танымын анықтау.
Көрнекіліктер: сандық, асықтар, тапсырма жазылған карточкілер, әр отбасының ұлттық тағамдары т. б.
Слайд 1.
Жеті атасын білген ер,
Жеті жұрттың қамын жер.
Слайд 2
«Ата мұраң - асыл қазынаң»
Слайд 3
Ата көрген оқ жонар
Ана көрген тон пішер.
1. Жиналыппыз сәтті күні бәріміз де,
Үлкен - кіші, жасымыз, кәрімізде.
Төрлетіңдер, қадірменді қонақтарым,
Гүл - гүл жайнап біздің, мына төрімізге.
Құрметті қонақтар, ата - аналар, ұстаздар!
«Ынтымақты отбасы» сайысын бастауға рұқсат етіңіздер.
Сайысымызды бастамас бұрын әділ қазылар алқасымен таныстырайын...
Мектебімізде, бүгін болар сайыстың,
Сөзге жүйрік, жыршы бетін ашады.
(домбырамаен жыр орындалады)
- Атамыз қазақ «Бала адамның бауыр еті», «Балалы - үй базар» дейді. Өйткені бала - өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі. Отбасы - бұл қоғамның негізі. Болашақ баланың жақсы азамат болып өсуі, жан - жақты тәрбиелі болуы отбасында берілетін ұлттық тәрбиеге тікелей байланысты. Бүгінгі сайысқа 2 отбасы қатысқалы тұр. Олар: Кунтаевтар отбасы және Жұмабековтер отбасы.
Сайыс 6 бөлімнен тұрады.
І бөлім
«Жеті атасын білген ер,
Жеті жұрттың қамын жер». (әр отбасы өзін - өзі таныстырады)
ІІ бөлім
«Ата мұраң - асыл қазынаң»
(салт - дәстүр, әдет - ғұрыптарға байланысты тапсырмалар)
ІІІ бөлім
Ата көрген оқ жонар
Ана көрген тон пішер. (әр отбасының анасы пісірген тағам және ою ояды, баласы сөзжұмбақ шешеді)
IV бөлім
«Халық тәлімі - тәрбие бастауы» (бала тәрбиесіне байланысты сұрақтар мен тапсырмалар)
V бөлім
«Ұяда не көрсе
Ұшқанда соны ілер» (сандар қасиетіне тоқталу)
VI - бөлім
«Өнер кезеңі»
I. Өзін - өзі таныстыру музыкалық үзіліс.
II. Әр отбасынан балалар ортаға шақырылады. Сандық ішіндегі номірленген асықтарды ашу арқылы тапсырмаларын анықтайды.
(сұрақтарға отбасы ақылдасып бірігіп жауап береді)
№ 1 «Байғазы»және «Көрімдік»салт - дәстүрінің мазмұнын түсіндіріңіз, айырмашылығы неде?
«Байғазы»- Мысалы: балалардың жаңа киімі, тағы басқалар үшін берілетін ақшалай, заттай сыйлық.
«Көрімдік» - жаңа өмірге келген балаға, жас келінге, күйеуге береді. Мұның маңызы не? Маңызы алып - беруде ғана емес, жақын - жуықтың адамгершілігін, ашық қолдығын танытудың белгісі.
Айырмашылығы: Көрімдік адамға, жандыға беріледі, байғазы көбінесе жансыз дүниелерге қатысты.
№2. Бала шыр етіп дүниеге келгеннен бастап, үлкен азамат болғанға дейін жасалатын салттың түрі.(9)
Жауап: 1. Кіндік кесу. 2. Шілдехана. 3. Балаға ат қою. 4. Бесікке салу. 5. Қырқынан шығару. 6. Тұсау кесу. 7. Сүндет той. 8. Тілашар. 9. Үйлену тойы.
№3. Аналарға ситуациялық сұрақ.
Атаңыздың аты Қойбағар болса, оны сіз қалай атар едіңіз?
№4. Бір ауыл маңында қойға қасқыр шауыпты. Мұны көрген келін үйіне жүгіріп келіп, қойға қасқыр шапқанын айтқан екен. Келіннің атасының есімі Қойлыбай, қайнысының есімі Пышақбай болыпты. Қазақ салты бойыншы атасының, қайнысының, қайнағасының есімін айтпау керек. Келін бұл жағдайдан қалай шыққан?
Жауап: Маңыраманы ұлыма жеп жатыр, жаныманы алып маңыраманы бауыздау керек.
№5. Бақытты отбасы болудың негізгі шарттарына нені жатқызар едіңіз?
Жауап: 1. Екі адамның бірін - бірі сыйлауы. 2. Кішіпейілдік. 3. Махаббат.
№6. Немерелі болған әже сүйінші сұратып жан - жаққа шапқылатады. Сүйінші сұраушылардың «Кім туды?» деген сұраққа тұспал сөзбен қалай жауап берер едіңіз?
Жауап: Ұл туса - тізген ұстар, ноқта жетектер, қыз болса - «аққұман ұстар», «көйлек тігер»
ІІІ бөлім. Анасы ою ояды, баласы сөзжұмбақ шешеді.
IV бөлім.
1. Үйде әдет - ғұрып туралы қандай тәрбие бересіз?
2. Малды теппе, ақты төкпе!- тыйым сөзінің мағынасын түсіндіріңіздер.
3. Тізеңді құшақтама!- тыйым сөзінің мағынасын түсіндіріңіздер.
Жауап: 2. Бұлардың басында сүт сауылады, ал сүт өмір өзен оны аяқ асты етуге болмайды.
«Мақал айтсаң жол көрсеттің, мәтел айтсаң жанымды жайландырдың» демекші, ал енді балаларыңызбен бірігіп мақал құрастырыңыз.
1. Ер...- ез... (Ер бір өледі, ез мың өледі)
2. Өле...- бөле... (Өле жегенше, бөле же)
3. Ұяда...- ұшқанда... (Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілерсің)
4. Сөз...- таяқ... (Сөз сүйектен, таяқ еттен өтеді)
«Көңілді аспаздар» ойыны. (Екі отбасы картоп тазалаудан жарысады)
Ән айтудан жарыс.
V бөлім.
1. 5 қаруды атаңыз. (мылтық, садақ, найза, қылыш, айбалта)
2. 3 арсызды ата.(ұйқы, күлкі, тамақ)
3. 3 жамандықты атап беріңіз. (нақақ қан төгу, кіші толын нақақ алу, ата – бабадан қалған жұртты бұзу )
4. Бетін аулақ қылсын деп, жеті ағайынды жұтты атап бер. (жұт, қуаңшылық, індет(көлденең кесел) өрт, соғыс, сел жүру(тасқын) жер сілкіну)
5. Жігіттің үш жұрты бар. Олар қандай?
6. Не жетім?(тыңдаусыз қалған сөз жетім, киюсіз қалған бөз жетім, иесіз қалған жер жетім, басшысы жоқ ел жетім, аққу - қазсыз көл жетім, елінен айырылған ер жетім, замандасы қалмаса, бәрінен сол жетім)
VI бөлім. «Өнер кезеңі»
Әр отбасы өз өнерлерін көрсетеді. Қойылымнан көрініс. Ән орындалады, би биленеді.
Музыкалық үзіліс.
Сайыс соңында әділ - қазылар алқасы сөз алып, қорытындылайды. Мақтау қағаздарымен марапатталады.
І.Таныстыру
(Ортаға отбасылар шығып,өздерін таныстырады)
ІІ. «Өнерлінің өрісі кең»
Көрініс
ІІІ.Сұрақ -жауап
ІҮ. «Ептілік сайысы»ойыны
(тапсырма орындау)
Ү. «Мен анамның өнерін мақтан тұтам»
(Аналары жасаған бұйымдар мен
«Таңдайдан дәмі кетпес тәтті астың» атты ас мәзірімен таныстыру)
ҮІ.Мәнерлеп оқу
(Топ өздері ұнатқан ақын шығармаларынан үзінді оқиды)
1.Ұяда…. ұшқанда….
2.Ата….. бала….
3.Ер….ез…
4.Өле… бөле….
5.Таяқ… сөз …..
6.Мал …. жер…
7.Сүйіндіреді …. күйіндіреді ….
8.Мектеп ….білім….
9.Қыз …. гүл …..
10.Оқу…білім…
11.Анасын…аяғын..
12.Көз…қол…
1.Бақытты отбасы болудың негізгі шарттарына нені жатқызар едіңіз?
2.Сәлемдесу, жөн сұрасудың өз-өзіндік дәстүрлері бар. Осы жайында не айтасыз?
3.Бала шыр етіп дүниеге келгеннен бастап, үлкен азамат болғанға дейін жасалатын салт –жоралардың түрлері қандай?
4.Қазақтың ұлттық ойындарын атаңыз.
5.Жеті атаны таратыңыз
6. «Ұлым-қызым, саған айтам» дегендей, балаңызға аманат етіп, ғибрат етіп не айтар едіңіз?
7. 5 қаруды атаңыз.
8. Жігіттің үш жұрты бар. Ол қандай жұрт?
9. үш арсызды ата.