СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Отбасы – тәрбие көзі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ұлы педагог Сухомлинский: «Отбасы-барлығының басы, жан-жақты дамуының негізі болатын тәрбие институты. Отбасындағы ата-ана мен баланың қарым –қатынас нәтижесінде, адамгершілік, эстетикалық, дене тәрбиесінің алғашқы үлгісі қалыптасады. Ал, әке мен шеше, ата мен әже, апа мен ағалар баланың алғашқы тәрбиешілері»- деп бағалаған. Барлық өнеге отбасынан тарайды. Бала-ата-ананың игі істерін жалғастырушы болашағы. Бала тәрбиесі-ата-ана үшін күрделі де жауапты міндет. Жас шыбық иілгіш болса, жас адам да сондай жақсыға да, жаманға да бірдей бейім болатыны баршамызға мәлім. Ата-ананың үйдегі іс-әрекеті балаларының көз алдында өтеді. Сондықтан жақсы, жаман әдетіміздің бала тәрбиесіне ықпалы зор.

Просмотр содержимого документа
«Отбасы – тәрбие көзі»

ОТБАСЫ – ТӘРБИЕ КӨЗІ


Қалиева Г.А.

Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік технологиялар және инжиниринг

Университеті, Ақтау қ.


Ұлы педагог Сухомлинский: «Отбасы-барлығының басы, жан-жақты дамуының негізі болатын тәрбие институты. Отбасындағы ата-ана мен баланың қарым –қатынас нәтижесінде, адамгершілік, эстетикалық, дене тәрбиесінің алғашқы үлгісі қалыптасады. Ал, әке мен шеше, ата мен әже, апа мен ағалар баланың алғашқы тәрбиешілері»- деп бағалаған. Барлық өнеге отбасынан тарайды. Бала-ата-ананың игі істерін жалғастырушы болашағы. Бала тәрбиесі-ата-ана үшін күрделі де жауапты міндет. Жас шыбық иілгіш болса, жас адам да сондай жақсыға да, жаманға да бірдей бейім болатыны баршамызға мәлім. Ата-ананың үйдегі іс-әрекеті балаларының көз алдында өтеді. Сондықтан жақсы, жаман әдетіміздің бала тәрбиесіне ықпалы зор. Бала тәрбиесінің алғашқыда алтын қазығы-туған ұясы, өз отанының басындағы ата-ана тәрбиесі, тілі [1].

Ұлы ағартушы Алтынсариннің “Бақша ағашы” деген әңгімесінде “Бағусыз өз бетіңмен жүрсең, мына ағаш сияқты қисық болып өсесің, ал дұрыс тәрбие алсаң, мына ағаш сияқты түзу болып өсесің”-деп әкесі баласына өсіп тұрған екі ағашты салыстыра отырып, тәрбие туралы. Ендеше мектеп табалдырығын аттаған әр бала иілген жас шыбық. Ал, Абай “Сүйекке біткен мінез сүйекпен бірге кетеді” дейтін теріс көзқарасты әшкерелеген. Адам мінезі өмір барысынан сабақ алып, өзін қоршаған жағдайға байланысты өзгеріске еніп, оның іс-әрекеті арқылы көрінеді деген тұжырым жасады. “Отбасы үлкен және жауапты іс, осы істі ата-аналар басқарады және оған қоғам алдында жауап береді” – дейді А.С. Макаренко. Кейбір үйлерде жиі кездесетін кемшіліктердің бірі әке мен ана өздерінің мінез-құлықтарындағы кемшіліктермен күреспейді. Олар өз балаларынан әдептілікті, ұстамдылықты т.б. осы сияқты жағымды қасиетті талап етеді.Қоғамда отбасындағы келеңсіз жағдайлардың күшеюіне әкеліп соқтыратын құбылыстар да байқалады. Отбасылардың әртүрлі себептерден тұрмыс жағдайларының төмендеуі, ата-аналардың айырылысуы, толық емес яғни, әке не шешесі жоқ отбасылардың көбеюі т.б. Осының бәрі әлемдегі, елдегі, қоғамдағы жағымсыз жағдайлардан, отбасының әлеументтендіру институты ретінде жүйенің бұзылуынан екені сөзсіз. Отбасының келелі мәселелері балалардың өздерінде толғандырады.

Жасөспірімдердің ең алдымен өз ата-аналарна ұқсағысы келеді. Балалардың бәрі бірдей өз отбасында жақсы сезінбейді. Отбасындағы келіспеушіліктерден де ата-аналардың көпшілігі балалармен қатаң әңгіме жүргізеді. Соның салдарынан баланы балалықтың әртүрлі сезімдерінен айырады. Жеке тұлғаны қалыптастырудағы тағы да бір қолайсыз жағдай бала тәрбиесінде ата-ананың біреуінің бала тәрбиесінен шет қалуы, яғни, баланың толық емес отбасындағы тәрбиесінң салдарынан болады. Толық емес жанұяда, ата-ананың біреуі жоқ болған жанұяларда тәрбиелік мәселені шешуде кейбір адамгершілік психологиялық ыңғайсыздықтар болуы мүмкін. Мұндай жанұяның көбінде ана және бала ғана болады. Отбасы бала үшін бірінші мектеп «сіздің отбасыңызда және сіздің басшылығыңызбен болашақ азамат өседі»,- деп жазды А.С. Макаренко. Демек, баланың келешегі негізінен отбасы қолында. Өкінішке орай, біздің арамызда қақтығысып қалатын отбасылар әліде болса байқалады. Оның басты себебі: маскүнемдік, жеңіл мінезділік, отбасыдан ата-ананың біреуінің кетіп қалуы. Мұндай шалағайлықтың негізінде ата-аналар өзін-өзі бақылауды тоқтатады, бір-біріне көптеген өкпе сөздер айтады, бірін - бірі кемсітіп, абыройларын төгеді, өз қадірін түсіреді. Ақыр аяғында олардың мұндай жиі жанжалдасуы төбелеске әкеліп соқтырады. Бұл жағдай бала үшін отбасында ауыр жара туғыздырады, олардың жанын тебірентеді, бала өз үйінен өзі жиіркенетін болады. Ата-ананың әділеттігі мен ізгілігіне тіпті сенімі болмайды. Отбасындағы жауапсыздық, бейқамдық, ұрыс-керіс, жанжал әсіресе, әкенің немесе шешенің маскүнемдігі, төбелесқорлығы балаға жаман үлгі көрсетеді. Ішкілікті жиі қолданатын отбасыларында ата-аналардың нашар қылықтары өз баласына әсерін тигізбей қоймайды. Отбасында ата-ананың біреуінің кетіп қалуына балалар күйзеле қайғырады. Бала жанұяны бүтін бұзылмайтын қамал деп есептейді. Бірақ, кенеттен мүлдем бұзылғанын байқамай қалады. Қай ғасырда болсын тәрбие негізгі мәселе болып саналады. «Бала тәрбиесі-мемлекеттің маңызды міндеті» деген болатын Платон. Әр қоғамның дамуына байланысты бұл мәселе әрқалай шешіліп отыр.

Педагог ғалымдардың ғылыми тұрғыдан дәлелдеуінше, қиын бала дегеніміз табиғатында дұрыс жаралған дені сау, қабілеті бар бала. Оның өзгелерден айырмашылығы отбасында ойдағыдай жеке дара педагогикалық тәрбиеге зәрулігінде. Қиын баланың бір ерекшелігі олар қыдырымпаз. Тұрақты мекені жоқ бала өз бетінше қаңғып жүріп бөтен облысқа немесе қалаға кетеді. Ондағы балалар да оны таниды, содан соң бірлесіп қылмысқа кіріседі. Қиын баланың көбі қаңғып жүрген соң, балалар үйіне тапсырылады. Балалар үйінде оларға күтім жасалынады, тамақ уақытымен беріледі. Оған үйренген балалар кейін балалар үйінен кеткен соң өзіне-өзі күтім жасай алмайды, олар тым өкпелегіш келеді және қарым-қатынасы төмен, тіл байлығы жұтаң болып келеді. Сондықтан да олар жұмысқа тұрса да қарым-қатынас жағы қиындық келтіргендіктен ақырында жұмыстан шығып кетеді. Кейбір ата-аналар атбасындағы бірқалыпты өмірдің бұзылуына себепші болады. Отбасын біріктіру және ұйымдастыру балаларды тәрбиелеу мәселелері жөнінде ата-аналардың өз міндеттерін дұрыс орындамайтындығы байқалады. Осының нәтижесінде қиыншылықтар, керек десе, түзелмейтін қателіктер туады. Бұл жағдай балалардың келешегі үшін қатерлі зардапқа айналуы мүмкін. Отбасындағы жауапсыздық, бейқамдық, әкенің немесе шешенің маскүнемдігі, төбелесқорлығы балаға жаман үлгі көрсетеді. Ішкілікті жиі қолданатын үйлерде ата-аналардың нашар қылықтары өз балаларына әсерін тигізбей қоймайды. Осыған орай А.С. Макаренконың тамаша сөздерін еске түсірейік: «... егер сіз дөрекі және мақтаншақ немесе маскүнем болсаңыз, ал бәрінен жаманы, сіз шешесін балағаттасаңыз, онда сізге тәрбие туралы ойлаудың қажеті де жоқ» [3] Мұндай тәрбие біздің өмірімізге сыйыспайды, балалардың келешек бағытына нұсқан келтіретін ата-аналарды ерекше бақылауға алып, отбасы ауа райын жақсарту үшін олармен сақтандыру жұмыстарын жүргізіп отыру керек.

Қалыпты отбасынан «қиын» бала шыға қоймайтыны белгілі. Алайда, Л. Толстой жазған: «Барлық бағытты отбасылар бір-біріне қандай ұқсас болса, әрбір бақытсыз отбасы бір-біріне ұқсамайтыны әрқилы бақытсыз», өзінің физиологиялық және психологиялық ерекшеліктеріне байланысты қыздарға қарағанда ұл балалардың ішінде девиантты мінезділер анағұрлым жиі кездеседі. Оның дәлелді себебі жоқ емес. Барлық проблема бос уақытты орнықты пайдаланбаудан, тұрмыстың нашарлығы мен отбасындағы қақтығыстардан бастау алады. Бүгінде берекесі жоқ отбасылардың саны өсіп келеді. Ата-ананың жылуынан, сүйіспеншілігі мен ыстық ықыласыфнан айырылған балалар көшенің қағидасымен өмір сүруге бейімделеді. Қылмыстық жолға түседі. Киелі сәті балалық дәуренінің қызығымен осылай ерте қоштасып үлгереді. Туған-туыстарынан, жақын адамдарынан демеу таппаған қыздар мен ұлдар өмірдің басқа жақтан, көлденең көк аттылардың жетегіне еріп, ішімдік пен есірткіге құмартудан бастайды. Сол арқылы қылмыс әлеміне қадам басады. Қылмыс субьектісіне айналған кәмелетке толмағандардың әлеуметтік жағдайына талдау жүргізгенімізде, олардың жартысынан астамы тұрмысы төмен, толыққанды емес және берекесіз отбасылардан шыққандар болып есептеледі. Қалай болғанда да жасөспірімдер арасында жасалатын қылмыстың алдын-алу, ең алдымен олардың құқықтарын жүзеге асыру болып табылады. Олардың толыққанды білім алуына мейлінше жағдай жасау қажет. Қиын балалардың шығуындағы ең басты себеп отбасы тәрбиесінде жатыр: ата-ананың ішімдікке салынуы немесе екеуінің біреуінің болмауы. Осының бәрі баланың мінез құлқына, ішкі жан дүниесіне әсер етеді. Мінез құлықтағы қиындық бұл шексіз ұғым, тәрбиелік және педагогтік әсерге қиындықпен көнетін, қайталанбайтын психикалық ерекшелік. Бұндай жасөспірімдер өсе келе ауыр қылмыстықтық істер жасауға бет бұрады. М.Әуезов «Азамат қалыптастырамын десең бесігіңді түзе» деп бекер айтпаған. [2]

Қазіргі таңда біз қайда бара жатырмыз, қандай ұрпақты тәрбиелеп жатырмыз, алда не күтіп тұр деген сұраққа жауап беру қиындап барады. Қазіргі заманда қылмыстың асқынып, маскүнемдік пен нашақорлық сияқты қылықтар көбейді. Бала-біздің болашағымыз, елді өсіретін де, өшіретін де осы келешек ұрпақ. “Отан – отбасынан басталады” демекші, осы жауапты істе отбасының алатын орны ерекше. Олай дейтініміз, отбасы –күрделі қоғамдық құбылыс. Қоғамдық ортаның шағын бір бөлігі ретінде отбасы балаға өмірге жолдама береді, қөзқарасының, әдет-ғұрпының іргетасын қалайды. Қазақтың: «Баланың бас ұстазы –ата-ана», «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі»- дегеніндей, есі кіріп, тілі шыға бастасымен-ақ баланы байсалды, ұғымпаз, тілалғыш етіп баулыған жөн. Бұл ретте тәрбиенің ешқашан үзіліс, демалыс күндер дегенді білмейтіндігін ескерген абзал.


Әдебиеттер тізімі:

  1. Е. Батталханов., М. Жақсыбаева «Қиын» оқушылармен жұмыс ерекшелігі // Тәрбие құралы №4, 2003.

  2. Ж. Әбиев., С. Бабаев., А. Құдиярова Педагогика., Алматы, 2004.

  3. Ж.Б. Қоянбаев., Р.М. Қоянбаев Педагогика., А., 2000.


Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!