Ортаңғы тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Конспект организованной учебной деятельности в средный группе
Өткізу күні/Дата проведения:
Тәрбиеші/ Воспитатель:
Білім беру саласы/Образовательная область: Коммуникация
Пән/Предмет: Сөйлеуді дамыту
Өтпелі тақырып/Сквозная тема: «Менің отбасым»
Тақырыбы/Тема: «Отбасы туралы әңгіме»
Мақсаттары/Цели:
Тәрбиелік - воспитательная: Отбасы мүшелерін сыйлау білуге, оларға кішпейіл бола білуге тәрбиелеу.
Дамытушылық - развивающая: Өз отбасы туралы қарапайым сөйлеммен айтуға үйрету.
Оқытушылық - обучающая: Балаларды отбасы мүшелерімен танытыру. Балалардың сөздігіне отбасы мүшелерін және олардың сипаттамаларын енгізу (мейірімді, көңілді, сүйкімді).
Педегогикалық технологиялар/пед.технолии: денсаулық сақтау технологиясы, ойын әдісі, сұрақ – жауап, әңгімелеу.
Ресурстармен қамтамасыз ету / Ресурсные обеспечение : Отбасы мүшелерінің суреттері. Үлкенді құрметтеу, сыйлау туралы суреттер.
Билингвалдық компонент/Билингвальный компонент: Отбасы-семья, әке-папа, ана-мама.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
1.Ұйымдастырушылық кезең/организационный момент:
Сұрақ жауап арқылы балалармен әңгімелесу.
-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
Ауа-райы қандай?
Тосын сәт: Балалар, бүгін бізге кім қонаққа келді екен, қарандаршы.
Тәрбиеші әже болып киініп келеді.
-Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Сурет пен жұмыс: «Менің отбасым» тақырыбына әңгімелесу.
Балаларға отбасы бейнеленген суреттерді қарастырып, өздерінің отбасы мүшелерінің қызметтері мен қарым-қатынастары туралы айту.
Балалар, біздің шаттық шеңберіміз киіз үйге ұқсайды. Жоғарыдағы күмбез шаңырақ деп аталады. Шаңырақ – отбасының белгісі. Әр адам, үлкен болсын, кіші болсын өз үйін жақсы көреді, себебі ол үйде оның отбасы тұрады. Отбасы –дегеніміз бір үйде тұратын адамдар тобы. Отбасы мүшелері: әке, ана ана және олардың балалары. Отбасының болуы – үлкен бақыт. Барлығымыз бірге қайталайық.
Отбасы – ол бақыт,
Отбасы – ол ата-ана,
Отбасы – туыстарымыз,
Отбасы – ол шаңырақ.
-Әр адамның өз үйі болады. Онда оның отбасы мүшелері тұрады.
Олар ата, апа, әке, ана, әпке, аға, іні, қарындас т.б.
Билингвалдық компонент: Отбасы-семья, әке-папа, ана-мама.
Сергіту сәті:
Басбармағым – атам
Балан үйрек - әжем,
Ортан терек – әкем,
Шылдыр шүмек – анам,
Кішкене бөбек – мен.
Бір үйде біз нешеуміз,
Бір үйде біз бесеуміз.
« Кім жоқ»-дидактикалық ойын: Тақтада отбасы мүшелерінің суреттері ілулі тұрады. Балалар көздерін жұмады.Тәрбиеші тақтадағы бір отбасы мүшесінің суретін алып тастайды.
Саусақ жаттығуы: «Менің отбасым»
Әжемен қоштасу. Рахмет айту.
Жеке жұмыс:Айлина отбасы мүшелеріне кімдерді жатқызамыз ?.
Айланақандай тақырыппен таныстық?
Айару бізге қонаққа кім келді?
3.Қорытынды/итоговая часть:
-Балалар бізге қонаққа кім келді?
Суретте кімдер болды?