СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Открый урок на тему "Қазақстанның табиғаты"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Это открытый урок на тему "Қазақстанның табиғаты". 

Просмотр содержимого документа
«Открый урок на тему "Қазақстанның табиғаты"»


Мерзімі

26.12.2015ж.

Сабақтың тақырыбы

Қазақстанның табиғаты

Жалпы мақсаты

оқушылардың қазақ тілінде дұрыс, түсінікті сөйлеуі мен сауатты жазуын жеті модульді кіріктіру арқылы жүзеге асыру, жаңа сөздерді меңгерте отырып, тақырып бойынша тілдесімге түсе білулерін арттыру, мәтін ішінен қажетті дерек көздерін табу арқылы өз ойын жүйелі жеткізе білу қабілеттерін дамыту, ұйымшылдыққа тәрбиелеу

Негізгі мақсаты

Оқушыларды табиғатқа байланысты сөздерді дұрыс айтуға, сауатты жазуға, орынды қолдануға үйрету, мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту, Қазақстан табиғатын әңгімелеу арқылы туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру

Сілтеме

Мерсер мен Литлтон(2007), Выготский

Александер (2008)

Оқунәтижесі


Сөздерді дұрыс айтады, сауатты жазады, мәнерлеп оқи алады, туған жерге деген сүйіспеншіліктері артады


Көрнекіліктер

Сюжетті суреттер, үлестірмелі қима қағаздар, ноутбук, стикер

Ұйымдастыру




































Жаңа сабақты меңгерту

























































Кері байланыс



  1. Ынтымақтастық атмосферасын

қалыптастыру

«Шаттық шеңберіне» тұрған оқушылар былай

дейді:

« Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де.

Қуанамыз бәріміз,

Арайлап атқан таңға.» - деп бір-біріне сәттілік

тілейді


  1. Оқушыларды қазақстанның қалалары бойынша топқа бөлу

1-топ Алматы

2-топ Астана


  1. Өткенді қайталау


«Иә, жоқ» әдісі (1-топ)

    1. Қазақстан – үлкен мемлекет_______

    2. Қазақстанның астанасы – Астана_____

    3. Астана – ескі қала______

    4. Қазақстанда 20 облыс бар_______

    5. Алматыда метро бар________


«Сәйкестендіру» әдісі (2-топ)

1.Қазақстан – Астана

2.Қазақстанның астанасы – үлкен мемлекет

3.Астана – метро бар

4.Қазақстанда 14 жаңа қала

5.Алматыда облыс бар


Геометриялық фигуралар арқылы бағалау

«бесбұрыш» - бес дұрыс жауап

«төртбұрыш» - төрт дұрыс жауап

«үшбұрыш» - үш дұрыс жауап


  1. «Ой қозғау» тәсілі

  • Таудың, өзеннің, орманның, көлдің суреттері ілулі тұрады

  • Мұғалімнің түрткі сұрақтарына жауап беру арқылы оқушылар жаңа сабақтың тақырыбын өздері ашады


  1. Сөздікпен жұмыс (топтық жұмыс)

Сөз тіркесін құрастыру

Қима қағаздар арқылы сөйлем құрастыру

Мадақтаулар арқылы бағалау


  1. Оқулықпен жұмыс

    1. Мәтінді мұғалім оқып шығады

    2. «Аялдамамен оқу» тәсілі

Мадақтаулар арқылы бағалау

  1. «Сұрақ – бізден, жауап - сізден» әдісі

    1. Қазақстанның жері қандай?

    2. Қазақстанның табиғаты қандай?

Жұлдызша арқылы бағалау


  1. «Адасқан сөздер» тәсілі

Берілген сөздерді екі топқа топтастыру

Таулар:

Өзендер:

Алатау, Іле, Сырдария, Баянауыл, Алтай, Есіл, Қаратау, Ертіс, Шу, Ұлытау.


Смайликтер арқылы бағалау


  1. Сергіту сәті

Музарт «Есіл ағады»


  1. «Білім торы» әдісі

  • Қазақстан қандай мемлекет?

  • Қазақстанның жері қандай?

  • Қалай ойлайсыңдар, табиғаты қандай?

  • Қазақстанда қандай таулар бар?

  • Қанша үлкен теңізі бар?

  • Үлкен теңіздерін ата

  • Қандай үлкен өзендері бар?

  • Ең үлкен көлі қалай аталады?

  • Природа сөзінің аудармасы?

  • Біздің Отанымыз - ...


«Ойдың себеті»


Сабақтан үйренген екі нәрсесін стикерге жазып, «Ойдың себетіне» салады

2











1-2







5-6





















2









3







8-10





3-4







4-5











2





3-4















2-3

Ұсынылатын оқу

104-бет.Мәтін

1мин

Келесі тапсырма

104-бет. 3-тапсырма

1мин











Сабақтың рефлексиялық есебі

1.Негізгі мақсаты: оқушыларды табиғатқа байланысты сөздерді дұрыс айтуға, сауатты жазуға, орынды қолдануға үйрету, мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту, Қазақстан табиғатын әңгімелеу арқылы туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру

2. Күтілетін нәтиже: сөздерді дұрыс айтады, сауатты жазады, мәнерлеп оқи алады, туған жерге деген сүйіспеншіліктері артады



3. Сәтті жағы:

- оқушылардың топтық жұмысқа бейімделгендігі

- өзара түсіністік, сыныптастар арасындағы сыйластық

- ынтымақтастық атмосферасының қалыптасуы

4. Сәтсіз жағы:

- сабақтың әр кезеңінде формативті бағалаудың толықтай жүзеге аспай қалуы

- әлі де болса уақыттың жеткіліксіздігі

5. Аталған бағыт бойынша жұмысты жақсартудың жоспары:

а) топтық жұмыс түрлерін ұйымдастыруды жалғастыру

б) уақытты тиімді пайдалана отырып, үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жүргізу үшін, жаңа стратегияларды қарастыру

в) сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын дамыта отырып, формативті бағалауды ұйымдастыруды жалғастыру