Мотивациялық қозғаушы | Амандасамын. -Балалар сендер отбасы туралы санамақ білесіңдерме? Олай болса санап көрейікші. | Балалар апайлармен амандасады. Иә білеміз деп санамақ айтады. Бір үйде біз нешеуміз? Кел санайық екеуміз. Бас бармақ-әкем Балан үйрек-апам Ортаң терек-ағам Кішкене бөбек –мен Шылдыр шүмек-сен Бір үйде біз нешеуміз? Бір үйде біз бесеуміз. Балалар өзара қуанысып,көңілдері көтеріледі. |
Іздену –ұйымдастырушы. | Балалар өте тамаша жарайсыңдар. Ал енді, мына теледидар экранына назар аударайық. -Балалар мында сендер кімдерді көріп тұрсындар? -Ата,әже не істеп жатыр? -Отбасында кімдер болады екен? -Сенің отбасында неше адам тұрады? -Осы суретке ат қояйықшы? Балалар мына жерде сиқырлы сандық бар .Оның ішінде не бар қарайықшы. Тамаша , жарайсыңдар Ал, балалар сендердің ата-аналарын еңбек етеме.Еңбек етсе қайда қай жерде? Балалар тақтадағы суретті әңгімелейді.Өз отбасымен бірге түскен ,Ата-анасына көмек көрсетіп жаткандары жайлы. Журектен жүрекке «Менің отбасым қандай?»Ойынын айтып қорытындылайды. | Балалар назарын теледидар арнасына аударады. Ата,әже ,ана,әке,ана, бала ,қыз. Олар устел басында шәй ішіп отыр. Адамдар әке, ана,қарындас,іні. Өз отбасындағы адамдарды санап айтып береді. «Менің жанұям» Балалар таң қалып қарайды .Ішіндегі суреттерді алып сөйлем құрастырады. Қалай көмек көрсететіні жайлы айтып өтеді. Сұрақтарға толық жауап береді. Өз суреттерін көріп қуана қуана әңгімелеп береді. Менің отбасым –көңілді. Менің отбасым –қонақжай т.б. Өз ойларын айтады. |
Рефлексивті-коррекциялау. | Жарайсыңдар. Ал кім отбасы туралы тақпақ біледі. | Салих өз тақпағын айтады. Әкем, шешем және мен Тату-тәтті тұрамыз Сыйластықпен , махаббатпен Сауық-сайран құрамыз. |