СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Открытый урок на тему: "Ғабит Мүсірепов «Қазақ солдаты» романы, «Ақан-сері- Ақтоқты» трагедиясы"

Категория: Литература

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақтың мақсаты:  білімділік: Ғабит Мүсіпрепов өмірімен және шығармашылығымен таныстыру,  «Қазақ солдаты» романындағы кейіпкерлер жүйесін талдай отырып,  оларға мінездеме беріп, шығарманың идеялық-көркемдік мәнін ашу және «Ақан-сері- Ақтоқты»  трагедиясы   туралы түсінік  беріп, толық  меңгертіп, білімдерін жетілдіру; дамытушылық :  «Қазақ солдаты» романындағы кейіпкерлер жүйесін талдай отырып, көркем мәтінмен жұмыс істей білуге дағдыландыру. Шығармалардың  мазмұндық желісін тақырыбына сай талдау жасау арқылы оқушылардың  ойлау қабілеттерін арттыру, эстетикалық сезімін ояту, әдеби пікір-таластар арқылы білімгерлердің тілін дамытып, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, өздігінен іздену және өзіндік ой тұжырым жасауға баулу; тәбиелік: Жас ұрпақты адамгершілікке, адалдыққа, ізденімпаздыққа, уәде беріктікке тәрбилеу.  

Просмотр содержимого документа
«Открытый урок на тему: "Ғабит Мүсірепов «Қазақ солдаты» романы, «Ақан-сері- Ақтоқты» трагедиясы"»

Пәні: Қазақ әдебиеті

Күні:

Тобы:

Оқытушы:

Сабақтың тақырыбы: Ғабит Мүсірепов «Қазақ солдаты» романы, «Ақан-сері- Ақтоқты» трагедиясы.

Сабақтың мақсаты:

білімділік: Ғабит Мүсіпрепов өмірімен және шығармашылығымен таныстыру,  «Қазақ солдаты» романындағы кейіпкерлер жүйесін талдай отырып, оларға мінездеме беріп, шығарманың идеялық-көркемдік мәнін ашу және «Ақан-сері- Ақтоқты»  трагедиясы  туралы түсінік  беріптолық  меңгертіп, білімдерін жетілдіру;

дамытушылық : «Қазақ солдаты» романындағы кейіпкерлер жүйесін талдай отырып, көркем мәтінмен жұмыс істей білуге дағдыландыру. Шығармалардың  мазмұндық желісін тақырыбына сай талдау жасау арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін арттыру, эстетикалық сезімін ояту, әдеби пікір-таластар арқылы білімгерлердің тілін дамытып, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, өздігінен іздену және өзіндік ой тұжырым жасауға баулу;

тәбиелік: Жас ұрпақты адамгершілікке, адалдыққа, ізденімпаздыққа, уәде беріктікке тәрбилеу.

Сабақтың типі: жаңа білім беру сабағы

Сабақтың әдісі: дәріс, түсіндіру, сұрақ-жауап.

Көрнекілігі: оқу-көрнекілік құралдар, презентация, деректі фильм.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру бөлімі: сәлемдесу, сыныптың сабаққа даярлығын тексеру.

II. Үй тапсырмасын тексеру:

  1. Сәбит Мұқанов өмірі мен шығармашылығы туралы әңгімелеу.

Тірек сызба арқылы ақын шығармашылығына шолу жасау

 

 Өлеңдері                                                                             Поэмалары

Бостандық                                                                      Батырақ

Кедей баласы                         Поэзиясы                        Сұлушаш

Қазақстан                         Майға сәлем                      Октябрь өткелі

Балқаш                                 Пионер

Егістік                           Жетім қыз үйінде


  1. «Сұлушаш» поэмасын әңгімелеу, кейіпкерлерге мінездеме беру.

Сұлушаш – асқан сұлу, өзінің махаббат мұраты жолында қандай қиындыққа да қарсы бара алатын намысты, жігерлі жан.

Алтай – батыр, ержүрек, сөзіне берік.

  1. Үй тапсырмасын бекіту сұрақтары:

  • Сәбит Мұқановтың қандай шығармаларын білесіңдер?

  • «Ботагөз» романы алғашқыда қандай атпен басылып шықты?

  • «Ботагөз» романының басты кейіпкерлері кімдер?

ІІІ. Жаңа сабақ:

 Жоспары:

  1. Ақынның өмірі мен шығармашылығы

  2. Ғ.Мүсірепов –көркемсөз зергері

  3. Ана туралы әңгімелеріне шолу

  4. «Қазақ солдаты» романы

  5. «Ақан сері-Ақтоқты» трагедиясы

«Мүсіреповті мақтаудың қажеті жоқ, Мүсіреповпен  мақтану керек»

Зейнолла Қабдолов

Өмірі мен шығармашылығы /слайд/

Ғабит Мүсірепов бүгінгі Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданындағы Жаңа жол ауылында дүниеге келген.

Алғашқыда ауыл молдасынан арабша хат танып, жастайынан әуелі екі жылдық ауылдық орыс мектебін, кейін төрт жылдық жоғары басқыш орыс мектебін бітіреді.

Орыс мектебінде жүргенде орыстың атақты ақын жазушыларының шығармаларын оқып білуі, ауыл мектебінде өзін оқытқан әдебиетші мұғалім Бекет Өтетілеуовтың әсер ықпалы болашақ жазушының әдебиетке ерекше ықылас аударуына септігін тигізеді.

Орынбордағы рабфакта оқып жүргенде ол әдеби білімін, эстетикалық сезімін одан сайын жетілдіре түседі. Осында өткізген 1923 – 26 жылы Орынбордағы жұмысшы факультетінде Сәбит Мұқановпен бірге оқыды дәне Сәкен Сейфуллинмен танысты.

1927 жылы Омбы ауылшаруашылығы интернатын бітірді;

1927 – 1928 жылы Бурабай орман шарушылық техникумында оқытушы;

1928 – 1932 жылдары Қазақ мемлекеттік баспасының бас редакторы;

1933 жылы — Қазақ АКСР Халық ағарту комиссариаты өнер секторының меңгерушісі ;

1934 жылдан “Қазақ әдебиеті” және “Социалистік Қазақстан” (қазіргі “Егемен Қазақстан”) (1935) газеттерінде бас редактор;

1936 жылы — Қазақ Өлкелік комитетінде баспасөз бөлімі меңгерушісінің орынбасары;

1937 жылдан Қазақстан Компартиясы саяси-ағарту бөлімінің меңгерушісі;

1938 – 1955 жылдары бірыңғай шығармашылық жұмыстармен айналысқан;

1956 –1957 жылы “Ара – Шмель” журналының бас редакторы;

1956 – 1961 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының 1-хатшысы;

1958 жылдан КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы әдебиет, өнер және архитектура салалары бойынша Лениндік және Мемлекеттік сыйлық жөніндегі комитеттің мүшесі;

1964 – 1966 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының 1-хатшысы;

1959 – 1985 жылдары КСРО Жазушылар одағы басқармасының хатшысы.

Алғаш 1925 жылы «Едіге» әңгімесі «Еңбекші қазақ» газетінде жарияланды. Мүсіреповтің тұңғыш повестерінің қатарына 1928 жылы Қызылорда қаласында жарық көрген “Тулаған толқында” мен “Американ бидайығы” атты шығармалары жатады. Жас жазушының болашағынан үміт күттірген бұл туындылар азаматтық тақырыпты толғайды. “Тулаған толқында” повесі сюжеттік құрылысының босаңдығына қарамастан, жас қаламгердің пейзаждық, юморлық, диалог жасағыштық шеберліктерін байқатып, суреткерлік қырын танытқан шығармасы болды.

Ғ.Мүсірепов –көркемсөз зергері

Мүсірепов әңгіме жанрының өркендеуіне үлкен үлес қосты. Алғашқы шығармаларынан-ақжазушылық шеберлігімен танылды. “Қос шалқар” (1928), “Көк үйдегі көршілер” (1929), “Өмір ертегісі” (1930), “Алғашқы адымдар” (1932), “Шұғыла” (1934), “Үздіксіз өсу” (1934), “Жайлау жолында” (1936), “Тұтқын қыз” (1938), “Жеңілген Есрафил” (1939), тағы басқа әңгіме, повестерінде еңбек адамдарының қиындыққа толы қажырлы өмірі мен азамат соғысы, ұжымдастыру кезіндегі дүрбелең оқиғалар легі суреттеледі.

 

 

Ана туралы әңгімелеріне шолу

Мүсірепов әр кезеңде жазылған ана тақырыбындағы туындыларында қазақ әйелінің жиынтық бейнесін жасады. Көптеген әңгіме, новеллаларында Әйел – Ананың бейнесін асқақтатып, әлем әдебиетіндегі Әйел – Ана тұлғаларының галереясын байыта түсті. Ол “Ананың анасы” (1933), “Өлімді жеңген ана” (1933), “Ашынған ана”, “Ананың арашасы” (1934), “Ер ана” (1942), “Ақлима” (1944), “Әмина”, “Ана жыры”, “Ана” шығармалары арқылы сөз өнеріне жаңа көркемдік өрнек әкелді. Ана жайында жазылған алғашқы әңгімелері М.Горький сарынында алынғанымен, ана бейнесі қазақы қасиеттерімен көркем өрнектелген. Мүсірепов қаламынан туған Қапия, Ақлима секілді ана образдары арқылы қазақ өмірінің шынайы көріністері сипатталады.

«Қазақ солдаты» романы

Мүсіреповтің алғашқы романы – “Қазақ солдаты”. 1945 ж. “Қазақ батыры” деген атпен жарық көрген повесін жазушы өңдеп, толықтырып, 1950 ж. қайта жариялады. Бұл шығарма бүкіл қазақ әдебиетінің проза саласында 2-дүниежүзілік соғыс тақырыбына арналған тұңғыш туынды және қазақ әдебиетіндегі соғыс тақырыбында жазылған таңдаулы шығармалардың санатынан лайықты орнын алған аса елеулі еңбек болды.

Романның басты кейіпкері – Қайрош Сарталиевтің прототипі Қайырғали Смағұлов 1941 – 45 жылдардағы соғысқа бастан-аяқ қатысып, Кеңес Одағының батыры атағына ие болған адам. Соғыс кезіндегі халықтың басқыншыларға қарсы патриоттық сезімі мен күресін шынайы бейнелеген романда жазушы өзіндік шығармашылық өрнекпен отты жылдардың көркем шежіресін жасады. Нақтылы кейіпкерлердің жинақталған бейнесі арқылы бүкіл халықтың, елдің ерлік бітімін көрсетті.

«Қазақ солдаты» романының композициялық құрылысы да шебер жасалған. Шығармада қарастырылатын негізгі мәселе – кеңес заманында туып-өскен адамның өсу, жетілу жолы. Кейіпкердің қалыптасуы майдандағы ерліктері үстінде көрінеді.

Романның басты ерекшелігі – ең әуелі бірінші жақта жазылуында. Барлық оқиғалар бас қаһарман Қайроштың көзімен көрініп, көзқарасымен беріледі. «Қазақ солдаты» романында соғыс шындығы реалистік шыншылдықпен бейнеленген.

Қайрош бейнесі

Қайроштың бойында адалдық, табандылық, достыққа беріктік, қиындыққа мойымау, биік мақсатқа құштарлық сынды ізгі қасиеттерді дамытады. Қайрош – отанына, достарына, сүйген қызы Ақботаға адал жан. Ақботамен бірге жүріп, бірге өмір сүрмесе де шығарманың соңына дейін оған деген ыстық сезімі білініп тұрады. Қайрош образын романдағы оның достары – шеген, Бораш, Семен, Петр және Ақбота толықтырады.

Қайрош ауылдан қашып, қалаға алғаш келгенде, оған жол сілтеп, қамқор болған балалар – Шеген мен Бораш. Үшеуі дос болып жүріп, өздерінің алдына үш шарт қояды: «Бірінші – алтын жатса да алмаймыз; Екінші – өтірік айтпаймыз; Үшінші – бірге қуанып, бірге мұңаямыз».

Романда халықтар достығына ерекше мән берілген.

Кейіпкерлер бейнесі

Шеген- Қайроштың ең қадірлі адамы, қамқоршы ағасы.

Ақбота – Қайроштың ойынан шықпайтын, жүрегінен орын алған тұлға.


«Ақан сері-Ақтоқты» трагедиясы

Қазақ елінің Ресейге қосылу тарихының маңызын тереңнен түсіне алмады және жайлар кейбір қайшылықтарға да әкеліп соқтырды. Өмірде Ақан серінің өз басының қайғы-қасіреті де көп болған адам. Оның сүйіп қосылған жарының өмірі қысқа болып, жалғыз ұлы мылқау болады. Ақтоқтыдай сұлу қызға ғашық болып, үйленбек мұратына жете алмайды.. Сөйтіп ол Ұрқия деген қызға үйленіп, үш айдан кейін ол шешек ауруынан қайтыс болады. Бір басына осы жылы қайғы тым ауыр тиеді.Оның қыран құсы Қараторғайы өледі. Қасқырға салған уды жеп тазысы да өледі. Құлагердей пырағы опасыз байлардың қолынан мерт болады. Ақан патшаның отаршыларынан да опасыздық, зорлық көріп, туған жерінен айырылып, жалғыз мылқау ұлын қасына алып, мұңлы жүрегіне домбырасы жұбаныш болып, елден безіп, көл жағасында қайғырып күн кешеді. Оған елдің «Ақан сері перінің қызымен көңіл косыпты» деген сөздері жаралы жүрегіне бата түседі. Ақан Қорамсаұлы өмірден осындай ауыр-қайғы қасіретпен азап көреді. Ол қартайып, ұзақ уақыт науқастанып 1913 жылы жездесінің қолында қайтыс болады.

Ақтоқты-Ақанның ауылдасы Боқтабай деген байдың қызы. Ақанның ғашықтық әндері Ақтоқтыға арналған. Ақтоқты Ақанды сүйген, оған тұрмысқа шығуға уәде беріп, Ақан оны алып қашады. Қыздың ағайын-туыстары қызды қорқытып, үркітіп оны айнытып тастайды. Сөйтіп, Ақтоқты сертінен тайқып, Ақаннан кетуге рұқсат сұрайды.Ақан өз сүйгеніне зорлық жасай алмай, бұл азапқа көнеді. Ақтоқты өзін атастырған жерге тұрмысқа шығып, бірнеше баланың  анасы болып, жасы жетпістен  асқанда қайтыс болады.

Көлемді романдармен қатар Мүсірепов прозада шағын жанрды да дамыта түсті. “Автобиографиялық әңгіме” (1956), “Этнографиялық әңгіме” (1956), “Сөз жоқ, соның іздері” (1962), “Өмір жорығы” (1963), “Айгүл қойшының бір күні” (1964), “Айжан қойшының түндері”, “Бірінші фонтан”, “Қыран жыры” (1967), “Жапон балладасы” (1967), тағы басқа шығармаларында сан түрлі мәселелерді көтеріп, әрқилы образдарды жасады. “Арқаның, Көздің, Тастың әңгімелері” арқылы, ондағы көркем бейнелер негізінде адамзатқа шексіз қайғы-қасірет әкелуші адамдарды әшкереледі.

Қаламгердің көп ізденіс, үлкен дайындықпен келген образы – Ұлпан бейнесі (“Ұлпан” романы, 1974), ол – қазақ әдебиетіндегі қайталанбас, оқшау тұрған әдеби образ. Өзінің бар ерекшелігімен, көркемдік бітімімен, эстетикалық әсер-күшінің молдығымен көрінетін өлпан бейнесін жасауға жазушы өмір бойы іштей дайындалып, көп ізденіп, толғанғаны байқалады. Ол күнделігінде: “Менің ойымда өлпан 40 жыл бірге жасасып жүрді. Мен ол бейнені әр қырынан көрсетуге тырыстым – ойы, сезімі, сырт суреті, жас кезі, есейген кезі, мінезі, мейірімі, тағысын тағы.” деп жазды. Шығармадағы Ұлпан мен Есеней ойдан шығарылған образдар емес, тарихта болған адамдар. Сонымен қатар туынды арқауына алынған 19 ғасырдың 2-жартысындағы қазақ халқының әлеуметтік-тарихи өмірі тарихи жан-жақты зерделеніп, іріктелген оқиға, мәліметтер.

Мүсіреповтің драматургия саласына сіңірген еңбегі де орасан зор. Оның “Қыз Жібек” (1934), “Қозы Көрпеш – Баян сұлу” (1939), “Ақан сері – Ақтоқты” (1941) пьесалары лиро-эпостық жырлар негізінде туындаған. Фольклорлық шығармалардың идеялық, тақырыптық желісін сақтай отырып, ол тың өрнекті дүниелер жасады. Жазушы пьесалары қазақ театры репертуарынан тұрақты орын алды. “Қозы Көрпеш – Баян сұлу” ұйғыр, корей театрларының сахналарында, Украинадағы Винницкий театрында жәнеМәскеу қаласындағы театрларда, Франциядағы Нанси қаласы театрында (1984) қойылды. Бұл спектакль Париж қаласында өткен театр фестивалінде 1-орын алды (1981).

Қоғам және мемлекет қайраткері

Мүсірепов – көрнекті қоғам, мемлекет қайраткері. 1932 жылдың 4 шілдесінде ол республикаға танымал адамдармен бірлесе отырып, халықтың басына төнген аштық нәубеті жайында БКП(б) қазақ өлкелік комитетіне “Бесеудің хатын” жолдады. Хаттың мазмұны мен көтерген келелі мәселесі Мүсіреповтің қай кезеңде де болмасын халқының қамы үшін күресіп, қоғам алдындағы парызын адал орындаған азамат болғандығын айғақтай түседі.

1990 жылы Мүсірепов атындағы республикалық балалар мен жасөспірімдер театры “Бесеудің хаты”спектаклін қойды, пьеса авторы – Ш.Мұртаза, қоюшы-режисер Р. Сейтметов). Мүсіреповтің қоғам қайраткері ретіндегі, қарапайым адам қатарындағы адамгершілік ұстанымдарын айғақтайтын іс-қимылдары жетерлік. Соның бірі 1937 жылы Қазақстан Жазушылар одағындағы жиналыста тағдыры талқыға түсіп, ұсталып бара жатқан Б.Майлинге араша түсіп, “Бейімбет жау болса, мен де жаумын” деген сөзі бүгінгі күні аңызға айналған. Осының салдарынан ол 1938 жылы партия қатарынан шығарылды. Ол сондай-ақ Азия және Африка елдері жазушыларының Ташкент, Бейрут, Дели, Алматы конференцияларының белсенді ұйымдастырушыларының бірі болды.

Жазушы бейбітшілік күрескері ретінде Алматы мен Мәскеуде ғана емес, Париж, Рим, Джакарта, Токио, Каир, тағы басқа қалаларда өткен халықаралық конференцияларда сөз сөйлеп, күрделі мәселелерді көтерді. Ол 5-сайланған КСРО Жоғарғы Кеңесінің, бірнеше мәрте Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болған.

Бесінші сайланған КСРО Жоғарғы Кеңесінің және 6, 7, 8, 9, 10, 11-сайланған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болды.1974 – 75 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы қызметін атқарды.

 

     Марапаттары

  • «Кездеспей кеткен бір бейне» кітабы үшін 1968 жыл Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығын алды.

  • «Жат қолында» романы 1984 жылы ұсынылды.

  • Қазақстан Мемлекеттік. сыйлығы. (1970ж),

  • Қазақстан АкадемиясыныңШ.Уәлиханов атындағы сыйлығын (1977ж) алды.

  • 3 мәртеЛенин орден сыйлығын алды. (1962, 1972, 1974ж),

  • 2 мәрте Еңбек Қызыл Ту орденін алды. (1957ж),

  • “Халықтар достығы” (1982ж) ордендерімен, көптеген медальдармен марапатталған.

  • Солтүстік Қазақстан облысындағы бір ауданға,

  • Астана қаласындағы көшелердің біріне Мүсірепов есімі берілді.

  • Қазақ мемлекеттік Балалар мен жасөспірімдер театрына есімі берілген, сондай-ақ театр алдына ескерткіш-мүсіні қойылған (2002ж).

  • 2002 жылы 100 жылдығы ЮНЕСКО деңгейінде тойланды.

  • 2017 жылы 115 жылдығы Қазақстан аумағында тойланады.

 

ІV. Жаңа сабақты бекіту:

Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:

  1.  Көркем әдебиетте Ұлы Отан соғысы тақырыбында жазылған тағы кімдердің шығармаларын білесің?

  2. Ғабит Мүсірепов кім?

  3. Ғабит Мүсірепов қай жылы, қай жерде дүниеге келген?

  4. «Қазақ солдаты» атты романы қай жылдары жазылған?

  5. Роман қандай тақырыпта жазылған?

  6. Шығарманың бас кейіпкері кім?

  7. Қаламгердің ана тақырыбындағы әңгімелерін атаңыз?

  8. Қайрош Сарталиевтің прототипі кім?

  9. Қайроштың достары кімдер?

Үшеуі дос болып жүріп өздерінің алдарына қандай үш шарт қояды?

Қайырғалидың бойында қандай жақсы қасиеттер бар?


V. Үйге тапсырма: Ғабит Мүсіреповтың өмірі мен шығармашылығы туралы әңгімелеу.

VІ. Оқушыларды сабаққа қатысына қарай бағалау.