Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме)
5.1.4.1-тірек сөздер мен жетекші
сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтау.
5.1.4.1-мәтін тақырыбы, сөйлеушінің дауыс ырғағы мен сөйлеу мәнері арқылы негізгі ойды анықтау;
5.4.4.4-сан есімнің мағыналық түрлерін ажырата білу, сан есімді
Зат есім орнына қолдана білу
Просмотр содержимого документа
«Открытый урок «Жауынгердің тұлғасы»»
| |
Сыныбы: | 5 «А» сынып |
Пәні: | Қазақ тілі |
| Тақырыбы: «Жауынгердің тұлғасы» Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме) 5.1.4.1-тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтау. 5.1.4.1-мәтін тақырыбы, сөйлеушінің дауыс ырғағы мен сөйлеу мәнері арқылы негізгі ойды анықтау; 5.4.4.4-сан есімнің мағыналық түрлерін ажырата білу, сан есімді Зат есім орнына қолдана білу |
| Мақсаты: Оқушылардың Ұлы Отан соғысы, туған елі мен жері үшін күрескен жауынгерлердің ерлігі туралы білімдерін тереңдете отырып, автор Бауыржан Момышұлы туралы кеңінен мәлімет беру. |
| Мәтіннен Б.Момышұлы туралы мәлімет ала отырып, жауынгерлердің іс-әрекеттеріне баға беру арқылы оқушылардың өзіндік көзқарасын, проблемалық сұрақтарды шешу арқылы жинақтау дағдысын дамыту. Ұлы Отан соғысының жауынгерлеріне деген құрмет сезімін ояту,ерлікке, батылдыққа ,ептілікке тәрбиелеу. Отансүйгіштік сезімін ояту. |
Әдіс-тәсілдер: | «Лездеме сұрақтар», «Шығарма картасы», «Кубизм» әдісі, деңгейлік тапсырма, «екі түрлі түсініктеме күнделігі»,топтық жұмыс, жұппен жұмыс,жекеше жұмыс |
| |
Көрнекіліктер: видео, презентация,слайдтар,караоке,сыйлық,жіп,куб,сөмке,
деңгейлік тапсырма
Жүру барысы:
| Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
І. Ұйымдастыру кезеңі3 минут | 1.Оқушылармен амандасу 2. Психологиялық ахуал. 3.Видео «Ұлы Отан соғысы» туралы4.Оқушыларды«Мәншүк», «Әлия», «Бауыржан» есімдері арқылы үш топқа бөлу. І топ «Мәншүк»ІІ топ «Әлия» ІІІ топ «Бауыржан» | 1. Мұғаліммен сәлемдеседі.2.«Ұлы Отан соғысы» туралы видео тамашалайды.Мәншүк», «Әлия», «Бауыржан» есімдері арқылы үш топқа бөлініп отырады. |
ІІ.Өткен тақырыпқа шолу жасау «Лездеме сұрақтар»
7 минут | Бауыржан Момышұлының өмірі мен шығармашылығы, «Жауынгердің тұлғасы» әңгімесін мазмұндау. «Лездеме сұрақтар» әдісі арқылы оқушылар 1-18-ге дейінгі сандарды таңдай отырып,үй тапсырмасы бойынша сұрақтар беру.1.Бауыржан Момышұлы кім?2. Б.Момышұлы қай жылдары өмір сүрді?3. Б.Момышұлы неше жыл әскер қатарында болды?4. Штаб бастығы полковник кім?5. Десятидворкада жатқан қанша немісті бірін қалдырмай қырып тастады?6. Ыстық орындық 7. «Жауынгер тұлғасы» әңгімесі қандай кітаптан алынған үзінді?8. Әңгімеде қай жерде болған ұрыс жөнінде айтылады?9. Б.Момышұлы қай жерде дүниеге келген?10. Оңай олжа11.Автобиографиялық әңгіме деген не?12. Әңгіме не жайында?13. Полковник Серебряков Б.Момышұлын кімге ертіп апарды?14. үзіндіде мақалдар кездеседі. Осы мақалды қандай жағдайда айтылған? ?15. Жауынгерлерді жеңіске жетелеген қазақтың қандай қанатты сөзі?16. Б.Момышұлы соғысқа дейін қандай қызмет атқарды?17. Мұхаметқұл кім?18.Б.Момышұлына генерал қандай дәреже берді? | Бауыржан Момышұлының өмірі мен шығармашылығы, «Жауынгердің тұлғасы» әңгімесін мазмұндайды.«Лездеме сұрақтар» әдісі арқылы оқушылар 1-18-ге дейінгі сандарды таңдай отырып,үйтапсырмасы бойыншасандарда жазылғансұрақтарға жауап береді.Оңай олжаға ие болған оқушы сұраққа жауа бермей-ақ сыйлық алады. Ал ыстық орындықты таңдаған оқушыға үш топтан үш сұрақ қойылады. |
ІІІ.Алған білімдерін пысықтау | Топтық жұмыс «Шығарма картасын» толтыру І топ ІІ топ ІІІ топ Деңгейлік тапсырма Мәтіннен әскери терминдерді табады | Үш топ арқайсысы «Шығарма картасын» мәтін мазмұны бойынша толтырады.
Қызыл маркерге ие болған оқушы деңгейлік тапсырманы орындайды. |
Сергіту сәті3минут
| «Көк тудың желбірегені» әні
| Оқушылар бірігіп «Көк тудың желбірегені» әнін орындайды. |
| «Кубизм» әдісіІ Iтап. 1.Суреттеу. Оқиға болған жерді суреттеу. Мәскеу өлкесіндегі қырғын соғыс...(сурет салуға да болады)2.Салыстыру. Б. Момышұлының «Жауынгер тұлғасы» әңгімесі мен Ә. Тәжібаевтың«Толағай» әдеби ертегісі шығармаларын салыстыра қарау. («Жауынгер тұлғасы» әңгімесінде жауынгерлердің ерлік істері. Отанға деген сүйіспеншіліктері жайында айтылады. «Толағай» әдеби ертегісінде негізгі ой-жас баланың ерлігі. Өз елін қиыншылықтан құтқаруды алдына мақсат етеді.) ІІ тап. 3. Зерттеу. Әңгіменің тақырыбын, автор идеясын ашу.Б. Момышұлының шығармаларындағы ерекшелік жайында айтып өту.«Жастар-біз бастаған істің жалғасы, еліміздің ертеңі. Сондықтан олардың өміріне немқұрайлы қарай алмаймын»,-деп жазады жауынгер жазушы.4.Талдау. Шығарма кейіпкерлеріне мінездеме бер.(Полковник, Б.Момышұлы, Мұхаметқұл) ІІІ тап. 5.Сәйкестендіру.«Екі жақты түсіндірме күнделігін» толтыру 6.Қолдану. «Бейбіт өмірдегі батырлық» туралы шағын шығарма жазу. | Әр топ «Кубизм» әдісі бойынша өздеріне берілген тапсырманы бірлесіп орындап, жұмыстарын қорғайды. |
| Жұптық жұмыс«Мен – саған, сен - маған» әдісіЖұптар бір-бірлеріне тақырып бойынша сұрақтар қойып, жауап беру.
| Жұптар бір-бірлеріне тақырып бойынша сұрақтар қойып, жауап береді. |
IV Үйге тапсырма | «Ерлік – елдікке жетелер» тақырыбында эссе жазу |
|
V Қорытынды Рефлексия | Әр түрлі көңіл күйді бейнелейтін смайликтер арқылы кері байланыс орнату. | Өз ойларын стикерге жазып қалдырады. |
бағалау | | |
Қазақ тілінен ашық сабаққа өзіндік анализ
Мұғалім Баянбаева К.И.
сынып: 5 «А»
Барлық оқушылардың саны: 5
Тақырып: «Жауынгердің тұлғасы
Мақсаты | Оқушылардың Ұлы Отан соғысы, туған елі мен жері үшін :күрескен жауынгерлердің ерлігі туралы білімдерін тереңдете отырып, автор Бауыржан Момышұлы туралы кеңінен мәлімет беру. |
| Мәтіннен Б.Момышұлы туралы мәлімет ала отырып, жауынгерлердің іс-әрекеттеріне баға беру арқылы оқушылардың өзіндік көзқарасын, проблемалық сұрақтарды шешу арқылы жинақтау дағдысы дамыту. Ұлы Отан соғысының жауынгерлеріне деген құрмет сезімін ояту,ерлікке, батылдыққа ,ептілікке тәрбиелеу. Отансүйгіштік сезімін ояту. |
Әдіс-тәсілдер: | «Лездеме сұрақтар», «Шығарма картасы», «Кубизм» әдісі, деңгейлік тапсырма, топтық жұмыс, жекеше жұмыс, жұппен жұмыс |
Көрнекіліктер: видео, презентация,слайдтар,караоке,сыйлық,жіп,куб.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақ 3 кезеңнен тұрады
Сабақты Ұлы Отан Соғысы туралы видеодан бастадым. Оқушылар бар ынтасымен тыңдады. Содан соң сол видеоларға байланысты сұрақтар қойдым. Тақырыпты аша келе, Әлия, Бауыржан топтарына бөлдім. Лездеме сұрақтар қойды. Мәтінмен жұмыс жасау үшін «Шығарма картасын» толтырды. Бұл тапсырмада сыныбына қарағанда 2 тобы төмендеу болды. Сергіту сәтінде «Көк тудың желбірегені» өлеңін бірге караокеде айтты. 2 топ та жақсы қатысты. Келесі тапсырма «Кубизм» әдісі бойынша 2топқа тапсырмалар берілді. Бұл тапсырмада да 2тобының оқушылары жақсы деңгейде қатысты.«Мен – саған, сен – маған» әдісі оқушыларға қатты ұнады. Бір-бірлеріне сұрақ қойып, жақсы жауап берді. Сабақты қорытындылау үшін, үй тапсырмасын беріп, оқушылардың көңіл күйлерін смайликтер арқылы білдік. Кейбір оқушылар алған әсерлерімен бөлісті. Менің ойымша сабақ жақсы өтті,өз мақсатына жетті.
1 2 3
4 5 6
7 8 9
10 11 12
13 14 15
16 17 18
Шығарманың картасы
Шығарманың аты кейіпкерлері психологиялық ахуал
негізгі мәселе
қорытынды мәселенің шешілуі
деңгейлік тапсырма:
мәтіннен әскери терминдерді тауып жаз
Iтапсырма. 1.Суреттеу. Оқиға болған жерді суреттеу. Мәскеу өлкесіндегі қырғын соғыс...(сурет салуға да болады)2.Салыстыру. Б. Момышұлының «Жауынгер тұлғасы» әңгімесі мен Ә. Тәжібаевтың«Толағай» әдеби ертегісі шығармаларын салыстыра қарау. («Жауынгер тұлғасы» әңгімесінде жауынгерлердің ерлік істері. Отанға деген сүйіспеншіліктері жайында айтылады. «Толағай» әдеби ертегісінде негізгі ой-жас баланың ерлігі. Өз елін қиыншылықтан құтқаруды алдына мақсат етеді.)
ІІ тапсырма . 3. Зерттеу. Әңгіменің тақырыбын, автор идеясын ашу.Б. Момышұлының шығармаларындағы ерекшелік жайында айтып өту.«Жастар-біз бастаған істің жалғасы, еліміздің ертеңі. Сондықтан олардың өміріне немқұрайлы қарай алмаймын»,-деп жазады жауынгер жазушы.4.Талдау. Шығарма кейіпкерлеріне мінездеме бер.(Полковник, Б.Момышұлы, Мұхаметқұл)
ІІІ тапсырма. 5.Сәйкестендіру.«Екі жақты түсіндірме күнделігін» толтыру
6.Қолдану. «Бейбіт өмірдегі батырлық» туралы шағын шығарма жазу.