СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

ӨТШТ технологиясының дидактикалық ойындары.

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Дүрбі» ойыны. Ойынның шарты : Балалар алақандарын дөңгелетіп «дүрбі» жасайды. Сол дүрбімен картинадағы нысандарды бөле бастайды. Нысандарды жай ғана бөлеміз демей, осындай ойынды қолданып, яғни «дүрбіні» ойын жаттығуына айналдырса, балалар көптеген нысандар тауып алады. Тіпті кейбіреулері дүрбілерін бұрап отырады.  

Просмотр содержимого документа
«ӨТШТ технологиясының дидактикалық ойындары.»

  • 5

ӨТШТ технологиясының дидактикалық ойындары.
«Дүрбі» ойыны.
Ойынның шарты : Балалар алақандарын дөңгелетіп «дүрбі» жасайды. Сол дүрбімен картинадағы нысандарды бөле бастайды. Нысандарды жай ғана бөлеміз демей, осындай ойынды қолданып, яғни «дүрбіні» ойын жаттығуына айналдырса, балалар көптеген нысандар тауып алады. Тіпті кейбіреулері дүрбілерін бұрап отырады.
«Шеңберде кім тұрады? ойыны». 
Ойынның шарты : Балалардың атаған нысандарын шеңберлер ішіне қойып, тек жай ғана ататып қоймай, ойын арқылы шеңберде кім тұрады? Десек, бала бірден қызыға бастайды. Шеңберде сырғанақ тұрады, шеңберде суықторғай тұрады т.б. деген көптеген жауаптар туындайды. Әрі ойын, әрі ойды бекітеміз.
«Туыс іздеймін»ойыны
Ойынның шарты :
Бәрін қос сиқыршысы нысандарды өзара қоса бастағанда тек жай ғана мен мысықты сүтпен қосамын дегізбей, оның орнына осындай ойынды енгізсек, қызық болады, яғни суреттер бір – бірлеріне туыс іздейді. 
«Дос іздеймін»ойыны
Ойынның шарты :Мағынасы жоғарыдағы ойын сияқты. Бұл жерде тәрбиеші өзі ойындарды таңдай алады. Мысалы, шеңбердегі суықторғай өзіне дос іздейді. Кім болар екен? Суықторғайға дос: аққала, ағаш, шетен, бола алады. 
«Дос болмайды» ойыны

Ойынның шарты : Мағынасы дәл солай. Бірақ дос болмайтын нысанды іздейміз. Мысалы суықторғайға кім дос болмайды? Сырғанақ, жол, қар т.б.
«Картинаға ену» ойыны

Ойынның шарты : Бұл ойынды тек сиқыршылардың көмегімен ғана жүргізе аламыз. «Бәрін естимін, Бәрінің дәмін татамын, Бәрін қолыммен сипап сеземін, Бәрін иіскеймін» сиқыршыларын көзді жұмып картинаға кіргіземіз. Сонда олар картина ішінде жүріп естіп, көрген – білгендерін айтады, әрине балалар атынан. 
«Осы түс сияқты таңда»ойыны

Ойынның шарты : Картинадағы нысандардың түстерін қарастырамыз. Сосын осы сияқты нысанды, түсті тап деп талап қоямыз. Бұл жерде тек қана түсі емес, пішіні, материалы, дәмі, иісі т.б. алынуға болады. 
«Иә - Жоқ» ойыны
Ойынның шарты : Бұл ойынды ойнаған кезде алдымен тақтаға бір бала шақырылады, ол бала тәрбиешіге картинада қандай нысанды жасыратынын айтады, мысалы, сырғанақ болсын. Сосын балалар картина бойынша кеңістікке байланысты сұрақар қояды, ал тақтадағы бала оған «иә немесе жоқ» деп жауап қайтарады. Мысалы, ағаштың жанында ма? ЖОҚ! Балалардың жанында ма? ИӘ! Деген сияқты. Сөйтіп картинаның ішін тағы торып шығуға болады.