СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Отырар - өркениет ордасы

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мәтіндердің идеясын, мақсатты аудиториясын салыстырып, талдау жасау. 

Просмотр содержимого документа
«Отырар - өркениет ордасы»

Сабақ: Қазақ тілі мен әдебиеті №14 мектеп-гимназия

Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Капанова М.Е.

Сынып: 7 Қатысқан оқушылар саны: Қатыспағандар:


Сабақ тақырыбы:

Отырар - өркениет ордасы

Оқу мақсаттары

7.О2 Ресми-іскерлік (өтініш, нұсқаулық, ресми құттықтаулар, ұсыныстар) салаға қатысты мәтіндердің тілдік ерекшелігін анықтап, талдау жасау.

7.О4 Мәтіндердің идеясын, мақсатты аудиториясын салыстырып, талдау жасау.

7.Т1 Мәтін үзінділері арқылы оқиғаның дамуын болжау.

Сілтеме:

Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы.

Жетістік критерий- лері:

Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): қазақ тілінде Отырар өркениеті туралы ақпарат береді, жаңа сөздерді сөйлем ішінде қолдана алады, тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсінеді.

Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): қазақ тілінде тірек сөздерді пайдаланып, мәтін мазмұнын айтады, мәтін үзінділері арқылы оқиғаның дамуын болжай алады.

Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): тақырып бойынша қосымша деректер келтіреді, мәтінде көтерілген мәселеге қатысты өз пікірін өзгелердің пікірімен салыстыра отырып жауап береді, сыныптастарымен пікір алмасады.

Жаңа сөздер:

Танымал-популярные, жазба деректер-письменные данные, кепіл-залога, өгіз терісі-кожа быка, жауапкер-ответчик, уағызшы-проповедника, тақуа-.центр армянской культуры

Сабақта қолданы- латын материалдар:

Интерактивті тақта, слайдтар, «Отырардың күйреуі» фильмі, кітап көрмесі, тақырыпқа қатысты альбомдар, буклеттер, смайликтер.

Оқыту әдістері:

Әңгімелеу, сипаттау, түсіндіру, сұрақ-жауап, «Көңіл-күйді анықтау» тренингі, жұптық, топтық жұмыстар, жағдаяттық тапсырма, диалог, «Жеке әңгіме» техникасы.

Дереккөздері:

Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.



Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Мұғалім «Көңіл-күйді анықтау» тренингінің не- гізінде сабақ басында оқушыларға А4 парағы мен маркерлер таратады.

Оқушылар параққа маркермен өзінің көңіл-күйін сипаттайтын сурет (смайлик) (күліп немесе езу тартып тұрған, қабағы түюлі, бейтарап, т. б.) салады.

Өткен сабақты тексеру

Үй тапсырмасын тексереді. Кемшіліктер ді анықтайды, түзетеді, бағалайды.

Тапсырманы айтады, тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді.

І. Қызығушылықты ояту

Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылы- ғын ояту мақсатында «Отырардың күйреуі» фильмі- нен үзінді көрсетеді, Т. Жұртбайдың шығармасынан үзінді оқып береді, ой шақыру сұрақтарын қояды:

— Балалар, Отырар өркениеті жайында не білесіңдер? Отырар қаласы қайда орналасқан?

Фильмді көреді, үзіндіні тыңдайды, сұрақтарға жауап береді.

ІІ. Мағынаны тану

1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім интерактив-

ті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.

Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөз- дерді тыңдайды, қайталайды. Ай- тылым. Дұрыс айтылуымен ауызша жаттығу жүргізеді.


2. Мәтіналды жұмыс.

А) Айтылым. Оқулықтағы 1-тапсырманы орындатады.

Айтылым. Сұрақтарға жауап бе- реді.


Ә) Жазылым. Оқулықтағы 2-тапсырманы орындатады.

Жазылым. Сөзжұмбақты шешеді.


3. Мәтінмен жұмыс. А) Тыңдалым. Оқылым. Оқулықтағы 3-тапсырманы орындатады.

Тыңдалым. Оқылым. Мәтінді тыңдайды, оқиды.


Ә) Жазылым. Оқулықтағы 5, 7-тапсырманы орындатады.

Ж Жазылым. Конспект жажазады, мәтіндегі меФ тафораларды көшіріпжазады, мағынасынтт түсіндіреді, синонимдерін табады.


Б) Айтылым. Оқулықтағы 6, 8-тапсырманы орындатады.

Мәтін мазмұнын айтады, жағдаят- тық тапсырманы орындайды.


4. Сергіту сәті. Мұғалім «Аквариум» тәсілін қолданып, диалог (9-тапсырма) құрғызады.

Айтылым. Шетелдік досына қазақ жеріндегі ежелгі мәдени ошақтарды таныстырады.


5. Мәтінсоңы жұмыс. А) Оқылым. Жазылым. Оқулықтағы 10-тапсырманы орындатады.

Оқылым. Жазылым. Жағдаяттық тапсырманы орындайды.

ІІІ. Ойтолғаныс

Оқулықтағы 11-тапсырманы орындатады.

Жазылым. Диаграмманы толтырады.

IV. Бекіту

«Есте сақта!» айдарымен берілген сөйлемдерді оқиды, талдатады.

Сөйлемдерді оқиды, талдайды.

V. Бағалау

Формативті бағалау. Мұғалім оқушылардың бағалауы бойынша өз ойларын айтып, қорытынды бағаны өзі қояды.

«Жеке әңгіме» техникасы бойынша бағаланады.

VI. Үйге тапсырма

Оқулықтағы 4-тапсырманы орындау.


VII. Рефлексия

Мұғалім түрлі смайликтер таратып береді.

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін смайликтерді көрсету арқылы білдіреді.