СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Өз теңізіңді сал" дәстүрден тыс сурет салу

Нажмите, чтобы узнать подробности

1.Тәрбиелік – воспитательная: қоршаған ортаны қорғауға, қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

2.Дамытушылық – развивающая: ой – қиялдарын дамыту.

3.Оқыту – обучающая: Балаларға теңізді бейнелейтін суреттер «Марина»  деп аталатынын түсіндіру.  Бояуды дұрыс таңдауға, дәстүрден тыс әдіс - тәсілдерді пайдалана отырып, теңізді бейнелеуге үйрету.

Просмотр содержимого документа
«"Өз теңізіңді сал" дәстүрден тыс сурет салу»

Мектепалды даярлық тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Конспект организованной учебной деятельности в подготовительной группе

Өткізу күні/Дата проведения:

Тәрбиеші/Воспитатель:

Білім беру саласы/Образовательная область: Шығармашылық. Творчество.

Пән/Предмет: Сурет салу

Өтпелі тақырып/Сквозная тема: «Теңіздер мен мұхиттар әлемі»

Тақырыбы/Тема: «Өз теңізіңді сал»

Мақсаттары/Цели:

1.Тәрбиелік – воспитательная: қоршаған ортаны қорғауға, қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

2.Дамытушылық – развивающая: ой – қиялдарын дамыту.

3.Оқыту – обучающая: Балаларға теңізді бейнелейтін суреттер «Марина» деп аталатынын түсіндіру. Бояуды дұрыс таңдауға, дәстүрден тыс әдіс - тәсілдерді пайдалана отырып, теңізді бейнелеуге үйрету.

Педагогикалық технологиялар/пед.технологии: денсаулық сақтау технологиясы, ойын технологиясы, ӨТТШТ технологиясы.

Ресурстармен қамтамасыз ету/Ресурсное обеспечение: үнтаспа, карточкалар, қағаз, мөртабандар, тіс щеткалары, поролондар, борлар.

Көптілділік/Полиязичие: теңіз – море – sea, балық-рыба - fish, осминог-сегіз аяқ - octopus, теңіз жұлдызы – морская звезда – starfish, кит – whale.


Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

1.Ұйымдастырушылық кезеңі/организационный момент:

Қызықты сәт: Балалар, мен сендерге бір ұсыныс жасағым келіп тұр.

Сендер келісесіңдерме? Ендеше балалар бүгін біз теңізге саяхат жасайық.

Теңізге шығу үшін біз кез - келген жағдайға дайын болуымыз керек. Өзімізді мықтап дайындауымыз керек.

2.Негізгі бөлім/оснавная часть:

Теңізге аттанбас бұрын, керек заттарымызды дайындап алайық.

Ойын: «Қажет, қажет емес»

Шарты: балаларға карточкалар таратылып беріледі, балалар карточкалардың ішінен керек заттарды таңдап алып, атауын айтады және не үшін қажет екенін анықтайды.

Міне теңіз жағалауына да келдік. Толқындар теңіз суының иісі қандай керемет. Қане бәріміз осы таза ауамен тыныс алайықшы.

Релаксация

Жайланып жатамыз. Көзімізді жұмамыз. Теңіздің таза ауасы қандай тамаша. Теңіз толқынының шуы, сайраған құстар қандай керемет.

- Балалар теңіз суы ащы ма, тұщы ма?

-Оны ішуге болама?

-Теңізде қандай жануарлар мекендейді ?

Көптілділік: теңіз – море – sea, балық-рыба - fish, осминог-сегіз аяқ - octopus, теңіз жұлдызы – морская звезда – starfish, кит – whale.

Қане балалар сиқырлы дүрбімізді алып, теңізді бір бақылап көрейікші.

Нені көруге болады?

Балалар мына жел көтеріліп кетпей тұрғанда балабақшамызға жетіп алғанымыз дұрыс болар.

Балалар теңізден алған әсерімізді ұмытып қалмас үшін, мен сендерге теңіздің суретін салуды ұсынамын.

Көрсету және түсіндіру.

Бүгін мен сендерге өз теңіздеріңді — «Маринаны» салуды ұсынғым келеді. Теңізді бейнелейтін суреттер «Марина» деп аталады.Сендер өздеріңді суретші-маринистар ретінде сезініңдер. Әр қайсыңда өз теңіздерің болсын — біріміз тыныш , біріміз ақ көбіктері бар теңізді саламыз. Көздерімізді жұмып, қазір қандай теңізді салу керек екенін елестетіңдер.

Енді теңізді бейнелейтін сурет салу үшін қандай бояуларды пайдаланатынымызды ойланайық?

Балалар біз бүгін тек қана қарындаштармен емес, мөртабандармен, тіс щеткаларымен, поролонмен, бормен салатын боламыз.

Сергіту сәті:

Ал, балалар тұрайық,

Мойнымызды бұрайық,

Қолымызды созайық,

Су ішінде қалықтап

Қане жүзіп алайық,

Оңға бір, солға бір қарап

Денемізді бұрайық.

Балалардың өзіндік жұмысы.

Жеке жұмыс: Сарадан өз теңізін қалай бейнелегенін сұрау.

3.Қорытынды/итоговая часть:

Балалар біз бүгін қайда саяхат жасадық?

Нені бейнеледік?

Теңіздің суретін қалай бейнеледік?

Балаларды мадақтау.