СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Өзін өзі тану 1-сынып

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

Өзін-өзі тану 1-сынып " Туған табиғат"

Просмотр содержимого документа
«Өзін өзі тану 1-сынып»

Өзін-өзі тану пәнінің сабақ жоспары


Мектеп:

Тақырып: Туған табиғат

Құндылық: Ақиқат

Қасиеттер: шындықты айту,қарапайымдылық,ар-ұждан

Мұғалімі :

Сынып:


Сабақ мақсаты: Оқушыларға адам өміріндегі туған табиғаттың маңыздылығы туралы әңгімелей отырып, ақиқат құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

-Оқушыларды әрдайым шындықты айтуға үйрету.

-Оқушыларға қарым-қатынаста қарапайымдылыққа тәрбиелеу.

Ар-ұждан дауысын естіп, өз іс -әрекеттерін талдау қасиеттерін дамыту.

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)


Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi..

Амандасу, 5Т кестесі,оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуын тексеру.

Сабақ барысын талдау

  1. Дәйексөз.


Біздің нақты болмысымыз –шындық.

Бауыржан Момышұлы


-Шындық дегеніміз не?


Бауыржан Момышұлы

(24 желтоқсан 1910-10 маусым1982) — Кеңес одағының батыры, жазушы, Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқтыжауынгері,әскери қолбасшы

  1. Әңгiмелеу (мұғалімнің сыйы)

Ар-ұждан туралы өсиет

Бірде әкемен бала келе жатып, баласы әкесінен

Әке, -Ар-ұждан дегеніміз не? - деп сұрады.

Балам, Ар-ұждан дегеніміз –ешбір адам оны саған бере алмайды және ешкім сенен тартыпала алмайды.

«Ар-ұждан адамның тумысынан берілген сыйы» - деді әкесі.

-Ал, Ар-ұжданның бізде бар екенін қайдан білеміз?

-Уайымдама, сен одан қашып құтыла алмайсың, саған ол тыныштық бермейді. Ол әрқашан сенің жүрегіңде болады, тек оны тыңдай біл.

-Ар-ұждан адамға тумысынан берілетін қасиет пе?

-Сіздің жүрегіңізде жасырып қалған оқиғаңыз бар ма?

-Нағыз шындық ол не?



  1. Шығармашылық іс- әрекет жұмысы

3 топқа жүректер арқылы бөлінеді. Жағдаяттарды талдап, сахналау

1 – жағдаят

Назима анасының жақсы көретін кесесін сындырып алды, кесе сынықтарын жасырып қойды. СіңлісіАйжан байқап қалды. Назима сіңлісіне анасына айтпауын өтінді.

Назиманың орнында болсаңдар не істер едіңдер? Айжан не істеу керек?

2 - жағдаят

Азамат пен Данат сабақтан келе жатыр еді. Азамат саябақта концерт болып жатқанын көріп: - Кеттік, концерт көрейік, - деді.
Данат: Үйден сұранып шыққан жоқпыз, іздеп қалады ғой – деді

- Ештеңе етпес, “мектепте болдық”деп айта саламыз.
Азаматтың ұсынысынақалай жауап берер едің?

3 - жағдаят
Менің ең жақын досым мектепте бір баламен достасқан, ол күнделікті кешке қарай мені өзімен бірге серуендеп жүруге шақырады. Ол: “Менің анам сенімен бірге жүргенімді білсе қарсы болмайды”, - дейді. Досыма үйінде ата - анасы ұрыспауы үшін мен бірнеше рет телефон арқылы оларға өтірік айттым. Басында мен қиналмастан оларды жасырып жүрдім, ал қазір олар мені пайдаланып жүр, ал мен күнде өтірік айтуды ұнатпайтын болдым. Мен досымнан ажырағым келмейді. Сонда менің не істеуім керек.
-Сендер баланың сұрағына қалай жауап берер едіңдер?


  1. Топпен ән айту.

Ақиқат әні

Сөзі: Мұғалім шығармашылығынан

Әні: Қ.Әбілдинаның орындауындағы «Айналайын» әнінің сазымен

1.Ақиқаттың әнін күнде

Айтамыз біз бұл өмірде

Ар – ұждан мен намыс бізді

Жетелейді әрбір күнге.

Қ/сы:

Көз қуаныш болған дәйім,

Өзіңе адал болшы, айым.

Өмір жолын жақсылықпен,

Ізгілікпен таңда әрдайым.

2. Жақсылық пен жамандықты

Ажырату міндет нақты.

Шыншылдық пен әділдікті

Жақтау жақсы әдет бопты.

Қ/сы:

Көз қуаныш болған дәйім,

Өзіңе адал болшы, айым.

Өмір жолын жақсылықпен,

Ізгілікпен таңда әрдайым.

3. Әдептілік тәрбиенің

Біле білсең бұл бастауы.

Күндей күліп біз әлемге

Сыйлайықшы жылу мықты.

Қ/сы:

Көз қуаныш болған дәйім,

Өзіңе адал болшы, айым.

Өмір жолын жақсылықпен,

Ізгілікпен таңда әрдайым.





Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!