СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

?зін-?зі тану "Білімге ??штарлы?" 4-сынып ашы? саба? жоспары

Нажмите, чтобы узнать подробности

Республикалы? курс кезінде т?жірибеммен б?лісу ма?сатында ?тілген ашы? саба? жоспары.

Просмотр содержимого документа
«?зін-?зі тану "Білімге ??штарлы?" 4-сынып ашы? саба? жоспары»


Алматы қаласы

«Бөбек» ҰҒПББСО

«Өзін - өзі тану» гимназиясының

бастауыш сынып мұғалімі

Жетписбаева Ләззат Жұмашқызының



Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мектеп: «Өзін-өзі тану» гимназиясы Мерзiмі:11.09.14ж2

Тақырып: Білімге құштарлық

Құндылық: Дұрыс әрекет Қасиеттер: қызығушылық, құштарлық

Мұғалiм:Жетписбаева Ләззат ЖұмашқызыСынып:4«А»Оқушылар саны:14


Сабақ мақсаты:

Оқушыларды білімге құштар болуға үйрете отырып, дұрыс әрекет құндылығын ұғындыру



Міндеттері:

  1. Білімділік: Оқушыларға білімге құштарлықтың

дұрыс әрекет екендігін ұғындыру.

  1. Дамытушылық:Оқушылардың бойында білімге деген қызығушылық ,құштарлық қасиеттерін дамыту.

  2. Тәрбиелік:Оқушыларды алған білімді өмірде дұрыс қолдана білуге тәрбиелеу.


Ресурстар:

(құралдар, мәлiметтер)

Күнделік,дәптер,

пенал,

бейджик,қалам

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастырукезеңi.

Оқушылардың құрал жабдықтарын түгендеу

5 «Т» ұстанымын еске түсіру.

    1. Тәртіп

    2. Талап

    3. Тыныштық

    4. Тазалық

    5. Татулық


Тыныштық сәтi:«Нұрға бөлену»

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңынды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет.


Ескертулер:


  1. Үй тапсырмасын тексеру:

12-беттегі Қ.Толыбаевтың «Құштарлық» мәтінін оқып келу.

Мазмұны бойынша сұрақтар:

  1. Талапты баланың білімге деген құштарлығын қалай аңғаруға болады?

  2. «Оқу инемен құдық қазғандай» деген мақалдан нені түсіндіңдер?

  3. Баланың бойынан өздеріңе ұнайтын қандай жақсы қасиеттерді көрдіңдер?

  4. Білімнің адам өмірінде қандай маңызы бар?

  5. Білімді өз бойларыңа қандай жолмен жинақтауға болады деп ойлайсыңдар?







  1. Дәйексөз.

(мақалды тақтаға құрату)

«Оқу – білім бұлағы, білім – өмір шырағы».

Халық мақалы


1.Дәйексөзді оқыту.

2.Дәйексөздің мағынасын қалай түсінеcіңдер?

3. Қорытынды

Жастайыңнан көп оқысаңдар, көп білесіңдер.Көп білгендерің-қиындықты жеңгендерің.Білімді адамның ала алмайтын биігі жоқ.Біріне де білімнің арқасында жетесіңдер.

Оқу арқылы адам бойында білім жинақталады.Оқу білімнің бұлақ көзі болып табылады.Шырақ барлық уақытта айналаға нұрлы сәулесін шашып тұрады.Сен де білімді болсаң өмірде шырақ сияқты жарқырайсың.Сондықтан да халық «оқу – білім бұлағы, білім өмір шырағы»деп айтқан.


  1. Әңгiмелеу.

«Білім мен тәжірибе»

Аңыз әңгіме

Бір күні шәкірті қария данышпанға келіп:

  • Ұстазым,сіз өмір бойы біліммен сусындап келесіз.Білімнің сіз алмаған қамалы жоқ шығар.Айтыңызшы,күнделікті тұрмыста да сондай шеберсіз бе?-деп сұрайды.

Артынша ұстазының жауабын күтпестен:

  • Мен болсам,балтамен ағаш бұтауды шебер меңгердім.Алдыма жан салмаймын.Сізді де жеңетініме сөз жоқ,жарысып көрейік,-деді.

Данышпан асықпай,сабырлылықпен:

-Мен дайынмын,-деп жауап берді.

Олар орманға барып,әрқайсысы өзіне жер бөліп алады да,жарысты бастап кетеді.

Шәкірт дем алмастан ағашты шаба береді.Ұстазы жаққа құлақ салып қояды.Ол данышпан балтасының даусын естімей қалса,демалып отыр екен деп қуанып қояды.

Жарыс біткен кезде, данышпанның шапқан ағашы көп болып шығады.

-Қалайша?-деп айқайлап жібереді шәкірті.-Сіздің кейде ағаш шаппай,демалып отырғаныңызды естідім ғой...

- Иә, ол кезде мен балтамды қайрап отырғанмын. «Ісім өнсін»десең,алған біліміңді өмірде дұрыс қолдана біл,балам.Қайралған балта сияқты білім де тәжірибемен шыңдалып отыруы керек,-дейді данышпан шәкіртіне.

Шәкірт ұстазының сөзі мен ісінен өзіне мәңгілік сабақ алды.

1.Данышпанның өз шәкіртімен жарысқа түсуінің мәні неде?

2.Ұстаз шәкіртіне дұрыс өмір сүруді қалай үйретті?

3.Білімді өмірде қалай қолдануға болады?

Қорыту:

Ұстазының ойы, сөзі, ісі сәйкес келеді.Ісі өнімді болу үшін балтаны қайрады.Сол сияқты білімді де шыңдап, толықтырып,жинақтап отыру қажет .Білім :сені рухани тұрғыдан дамытады,досыңды көбейтеді,жұмсағанмен азаймайды,жан дүниеңді дамытады, ел құрмет тұтады.Өмір:алған білімді өмірде дұрыс қолдана білу ,тек адамның игілігіне жұмсау ,ойы,сөзі,ісі бір-біріне сәйкес келу,тек жақсылық тұрғысынан қызмет ету,адамның бақытты болуына септігін тигізеді.Ұстазы дұрыс әрекет жасады.


  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Оқушыларды 2 топқа бөлу (кездейсоқ бөлу,дөңгелекшелер арқылы шартын түсіндіру, уақытты жариялау.7 минут.)

1-топ: «Алғырлар»тобы-қызыл түс

1-тап:Білім туралы мақал-мәтелдерді жалғастыр.

2-топ: «Білгірлер»тобы-жасыл түс

1-тап:Берілген әріптерді дұрыс орналастырып,оқу білім туралы даналық сөзді оқыңдар.

1-топ: «Алғырлар»тобы-

2-тап: «Білім шыңына жетер баспалдақ»

2-топ: «Білгірлер»тобы-

2-тап: Оқу, білім , кітап туралы өлең, тақпақ құрастыру




  1. Топпен ән айту.

«Ұстазым»әні

1.Әліппеден басталған,

Келгенімді мектепке.

Ұстаз маған жол ашқан,

Оқу ,білім,өнерге.

Асығамын мектепке,

Көңілім бар қуанған.

Бақыттымын бүгін мен,

Ұстазыма ұқсаған.

Қайырмасы:

Ұстазым ағайым,ұстазым апайым

Үлгілі шәкіртің болайын.

Анамдай,әкемдей ұстазым,ұстазым

Өзіңе арналған осы әнім А А А А,Ұстазым

2.Жылатты да қуанттым,

Бір тал шашын ағарттым.

Боламын мен өзіңдей,

Салмақты да, сымбатты.

Әр сөзіңді жаныма,

Жаны сұлу ұстазым,

Тоқыдың да баурадың.

Айналайын ,Ұстазым.

Қайырмасы:

Ұстазым ағайым,ұстазым апайым

Үлгілі шәкіртің болайын.

Анадай, әкедей ұстазым, ұстазым

Өзіңе арналған осы әнім А А А А Ұстазым


  1. Үй тапсырмасы.

    1. Оқулықтың 17-бетіндегі Ы.Алтынсариннің «Асан мен Үсен» мәтінін оқып келу.




  1. Соңғы тыныштық сәтi.


  • Ал енді балалар,бір минут тыныштықта бүгінгі сабақта үйренген жақсы қасиеттерді еске түсіріп, жүректеріңе түйіп алыңдар.









































1-топ: «Алғырлар»тобына

1-тапсырма:Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып,білім туралы мақал-мәтелдерді жалғастырыңдар:



    1. «Білекті - ... жығар,

Білімді - ... жығар»





    1. «Оқу - ... бұлағы,

Білім - ... шырағы»



    1. «Оқысаң озарсың,

Оқымасаң ... »



    1. «Білім арзан,білу ... »



    1. «Ақыл - ... шығар,

Асыл - ... шығар»



2-тапсырма:«Білім шыңына» жеткізер баспалдақ



















2-топ: «Білгірлер»тобына:



1-тапсырма:Дәптердің 5-бетіндегі тапсырманы орындау.

Берілген әріптерді дұрыс орналастырып,оқу-білім туралы даналық сөзді оқыңдар. Дәптерлеріңе жазыңдар





2-тапсырма:Оқу, білім, кітап туралы өлең, тақпақ құрастыру





------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------