СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Өзін-өзі тану әлемі бізді қонаққа шақырады!"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Өзін-өзі тану пәніне арналған оқу қызметі. Мақсаты балаларды татулыққа, өтірік айтпауға тәрбиелеу.

Просмотр содержимого документа
«"Өзін-өзі тану әлемі бізді қонаққа шақырады!"»

Білім беру салалары: «Әлеумет»

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Өзін-өзі тану

Тақырыбы: «Өзін-өзі тану әлемі бізді қонаққа шақырады»

Мақсаты:

«Өзін-өзі тану» әлемі туралы түсініктерін кеңейту. Өзін және өзгелерді тануға тәрбиелеу. Өткен тақырыптарды еске түсіріп, білімдерін бейнебаян мен ойын арқылы жетілдіріп, бекіту.

Міндеттері:

-адам бойындағы құнды қасиеттер туралы түсініктер беру;

-жақсы істер жасай білу іскерліктерін дамыту;

-өзара қамқорлыққа, сүйіспеншілікке, татулыққа тәрбиелеу;

Қажетті құралдар: Жақсы және жаман іс-әрекеттер суреттері, түрлі-түсті қағаздар, қайшы, ойыншық жүрекше.


Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық- қозғаушылық

Шаттық шеңбері

Педагог балаларды шеңберге жинап, «Шаттық шеңбері» туралы әңгімелеседі.

-Балалар, бүгін мен сендермен осындай әсем, жарық, кең бөлмеде кездескеніме өте қуаныштымын!

- Қане балалар, бәріміз бір-біріміздің қолымыздан ұстап, шеңбер құрып тұра қалайық.

Армысың, шапағатты күніміз!

Армысың, мейірімді жеріміз!

Армысың, Табиғат анамыз!

Әдеппен бас иер баламыз!

Қайырлы таң, қайырлы күн баршаға,

Қош келдіңіз біздің балабақшаға!

Шеңберге тұрып, өлең жолдарын айтады.

Ұйымдастыру-іздестіру

Әңгімелеу.

-Балалар, өзін-өзі тану әлемі бізге нені үйретеді?


-Дұрыс айтасыңдар, ал біз жақсылық туралы, әдептілік туралы тақпақтар білеміз бе? Кім айтады?













-Жарайсыңдар балалар, өте жақсы. Ал енді біз назарымызды экранға аударайық.

( «Біздің отбасы» бейнебаян)

Әңгімелесу:

-Балалар, бейнебаянда кімдер туралы көрсетілген?

-Баланың қылығы дұрыс па?

-Сіздер оның орнында болсаңыз, не істер едіңіз?

-Ал енді ойын ойнайық.

Ойын: «Жақсы мен жаман»

Шарты: Берілген суреттер ішінен жақсы әрекеттерді бір бағанға, жаман әрекеттерді бір бағанға жинау.



Сергіту сәті:

Мынау – менің жүрегім,

Бәрі осыдан басталған.

Мынау – басым ақылды,

Бәрін осы басқарған.

Мынау – менің оң қолым,

Мынау – менің сол қолым,

Барлық істі атқарған.

Шығармашылық жұмыс:

-Балалар, мынау ненің суреті?

-Дұрыс айтасыңдар, жүрек. Ал жүрек біздің денеміздің қай жағында орналасқан?

-Иә балалар, жүрек біздің сол жақ көкірегіміздің төменгі жағында орналасқан. Біздің бүкіл денеміздің жұмыс жасап тұруы осы жүрекке байланысты. Жүрек- қан айналым қызметін атқарады. Ол сағат тіліндей тырс-тырс етіп соғады. Егер біздің жүрек соғуымыз тоқтаса, біздің бүкіл денеміз жұмыс істеуін тоқтатады. Қазір біз алдымыздағы түрлі-түсті жұмсақ қағаздан жүрекше қиямыз. Ол жүректерді біз тілек ағашына жапсырамыз. Тек жапсырып қана қоймай, біз достарымызға тілек айтамыз.

Денсаулық сақтау технологиясы:

-Балалар, біз дұрыс тыныс ала білсек, денсаулығымыз мықты болады. Қане, мына жағаға шығып қалған балықтарға көмектесіп, оларды үрлеу арқылы теңізге жіберейік.



-мейірімділікті, ізгілікті, жақсылықты үйретеді.

Жақсы болу өзіңнен,

Жаман болу өзіңнен,

Өзіңді өзің ая да,

Өзіңнен үйрен, өзіңнен.

***

Өзін-өзі танудан

Жақсылықты үйрендік,

Жамандықтан жирендік

Ерекше бір күйге ендік.

***

Үлкенді кім сыйласа,

Кім үлкенді тыңдаса,

Үлкен болған кезінде

Сыйлы болмақ өзі де.


/Балалар бейнебаянды тамашалайды/












Сергіту жаттығуын орындайды.








Сұрақтарға жауап береді.








-Күніңіз сәтті өтсін!

-Мен сендерге жақсылық тілеймін!

-Мен сендерге бақыт тілеймін!



Мұрнымен тыныс алып, ауызбен үрлеп шығарады.


-Балалар, жақсы бала қандай болу керек? Ол жақсылық жасай білетін, сүйіспеншілігі мол, айналасына қуаныш сыйлайтын бала. Жақсылық, сүйіспеншілік, қуаныш сөздерімен таныстық.

«Өзін-өзі тану» әлемі арқылы біз жақсы іс жасауға, жақсы бала болуға үйренеміз.

«Жүректен жүрекке»

Балалар шеңберге тұрады, жұмсақ ойыншық жүректі бір-біріне сыйлай отырып, жақсы тілектер білдіреді.

-Керемет, біздің бәріміздің жүрегіміз осы жұмсақ ойыншықтай күлімдеп, қуанышқа бөленді. Әрқашан осылай жылы сөздермен бір-бірімізді қуанта берейік!


Сұрақтарға жауап береді.








-Мен саған қуаныш тілеймін!

-Мен саған жақсылық тілеймін!

-Үлкен азамат бол!

Күтілетін нәтиже:

Білу керек: Адами құндылықтарды бойына сіңіруді;

Болу керек: Оқу қызметіне қызығушылығы;

Баланың қолынан келу керек: Жақсы мен жаманды айырып, әдепті сөздер айту;











Ақтау қаласы әкімдігінің білім бөлімінің «№35 « Балдырған» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны









«Бекітемін»

№ 35 «Балдырған» бөбекжайы

директоры ______________

М.М.Кабдрахманова

« » 2017 ж.









Тақырыбы:

«Өзін-өзі тану әлемі бізді

қонаққа шақырады»

/Облыстық семинарға байланысты ұйымдастырылған оқу қызметі/




Өткізген тәрбиеші: Дюсенова С.О.





















Ақтау қаласы

2016-2017 оқу жылы