СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Өзін-өзі тану: «Махаббат пен шығармашылық педагогикасының» Шаттық шенбер

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

Өзін-өзі тану: «Махаббат пен шығармашылық педагогикасының»  Шаттық шенбер

Просмотр содержимого документа
«Өзін-өзі тану: «Махаббат пен шығармашылық педагогикасының» Шаттық шенбер»


Ибрайханова Айдын Казбековна

Еңбек негізгі мектебінің өзін-өзі тану пәнін мұғалімі


Кіріспе

«Өзін-өзі тану» пәні жастардың бойында махаббат, адамгершілік, мейірімділік сияқты жалпы адамзаттық құндылықтарды қалыптастырады, оларды рухани адамгершіліктің нәрімен сусындатады. Өзін-өзі тану – адамның өзіне терең мән берудің алғашқы қадамы. Ойшыл Сократ: «Өзгені тану үшін өзіңді-өзің таны» деген болатын, қазіргі біздің «Өзін-өзі тану» пәні Сократ ілімінің үйлесімді жалғасы іспеттес. Бұл пән жобасының авторы Сара Алпысқызы атап өткендей, «Әр баланың қабілетін ашуы, өзіне жол табуы, өзінің күш-жігеріне сенуі өзінің өмірдегі орнын анықтау үшін өте маңызды! Әлемде махаббат пен мейірімділік аурасын жасай отырып, қарапайымдылық пен махаббат жүректен жүрекке жетуі тиіс», яғни әрбір баланың, ата-ананың жүрегіне жылылық нұрын ұялатуда әрқайсысымыздың орнымыз ерекше.

Өзін-өзі тану пәні әлемнің ең басты құндылығы – адам және адамның өмір сүруі үшін, бақыт үшін, қуаныш үшін жаралғандығына негізделеді. Өмірдің осындай қарапайым ақиқатына – ұлттық құндылықтарды меңгере отырып, баланы халқының адал ұлы, Адам деген ардақты атқа лайық болуға жастайынан үйрету қоғам талабы болып отыр.

«Өзін-өзі тану» пәнінің мақсаты – адамдарға және қоршаған әлемге ізгілікті қарым-қатынас жасау, адамдарға қолдан келгенше көмек беру, туыстарына және жақындарына қамқорлық көрсету, рухани-адамгершілік білім беру.


Шаттық шеңбері

–  Балалар, бүгін біз бірінші рет шаттық шеңберіне жиналайық! Шеңберге тұрайық, достарымызбен қол ұстасайық! Барлығымыз жақсы көңіл-күйде бір-бірімізге тілегімізді айтайық! Бір-бірімізге қарап күлкімізді сыйлайық!

 

Қол алысып, қәне, біз,

 

Достасайық бәріміз.

 

Айтарым бар сендерге,

 

Тез тұрыңдар шеңберге.

 

Қандай жақсы бір тұру,

 

Достарменен бір жүру!

 

Қандай жақсы дос болу!

 

– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!  Сендерге шаттық шеңбері өте ұнағанын мен байқап қалдым, біздің әр саяхатымыз осылай басталады. Күлкімізбен, жақсылықпен бөлісуді үйренейік! Біздің күлкіміз көңілді, (қолдарын еріндерінің шетіне жақындатады) Жеткізсін жылу мен шаттықты. (қолдарын жүректерінің тұсына қояды) Бөліскен жақсы ғой өмірде, (қолдарын алға созады, саусақтары күн сияқты) Қуаныш, мейірім, бақытты. (қолдарын екі жаққа созады).

 

– «Өзін-өзі тану әлемінде» адамдар бір-біріне тек қана жақсы, жағымды, мейірімді сөздер айтады. 

– Бүгін – тамаша күн. Біздің көңіл-күйіміз жақсы. Біз бір-бірімізбен ойнап, Махаббатқа, Қуанышқа, Бақытқа өз жүрегімізді арнап отырмыз

 

 

– Шеңбердің бір жақсы жері – онда бұрыш болмайды, сондықтан да Бақыт, Қуаныш, Махаббат, Достық адасып қалмайды. Олар міндетті түрде өздерін күткен барлық мейірімді адамдарға келеді.

 

Ұға білсең мені сен,

 

Бақытыммен бөлісем.

 

Жүрек сөзін жалғаймын,

 

Бәрін саған арнаймын!

 

  

– Біз бір-бірімізге, бүгінгі күнге, жақын туыстарымызға, мейірімді сөздерге, ойындарға, әндерге, жалпы әлемге рақмет айтамыз.