СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Өзін-өзі тану "Менің сүйікті балабақшам"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мақсаты:балалардың балабақшаға деген сүйіспеншіліктерін арттыру

Просмотр содержимого документа
«Өзін-өзі тану "Менің сүйікті балабақшам"»

Топ:Ересек

«Өзін-өзі тану» сабағы

Білім беру саласы:Қатынас

Тақырыбы:Менің сүйікті балабақшам

Мақсаты: Балалардың балабақшаға деген сүйіспеншілігін арттыру, оның дәстүрлеріне құрметпен қарауды қалыптастыру, өзінің балабақша ұжымының мүшесі екенін санасына сіңіру, өзара түсіністік, достық қарым-қатынас сезімдеріне тәрбиелеу.

Әдістер: түсіндіру, әңгіме, ойын.

Іс – әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс – әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Мотивациялық - қозғаушылық

Амандасу

Біз әдепті баламыз,

Біз ерекше боламыз,

Қонақтарды көргенде,

Сәлеметсіздерме! – деп

Сәлемдесіп аламыз.

Шаттық шеңбері

Балабақшам, армысың!

Сені жақсы көремін!

Достарым менің бармысың,

Құшақтасып алайық!

(Балалар орындарына барып отырады)


Амандасады







Өлең жолдарын қайталайды

Ұйымдастыру - іздестіру

Осы кезде есік жақтан «Махаббат періштесі» кіріп келеді. Балалар сәлемдеседі.

Махаббат періштесі: – қолында әртүрлі жұлдызшалар болады. Балалар, мен сендерге жүрекше тәрізді хаттарды алып келдім.

Тәрбиеші: - Балалардың назарын жүрекше хаттарға аударады. Қандай тамаша, әдемі жұлдызшалар. Қане маған 3-4 бала «Махаббат періштесінен» хатты алып беріңдерші.Тезірек балаларға оқып берейін.

1-ші хат – Баланы мен сүйемін,

Үнемі емдеп жүремін.

Ауырмау үшін қашанда,

Шынығу керек азанда.

Бұны жазған кім екен?

– Дәрігер.

2-ші хат – Ерте тұрып күнде мен,

Балаларға тамақ пісірем.

Қайнап жатқан тамаққа,

Тезірек тамақ піс деймін,

Балақай тез өссін деймін.

Бұны жазған кім екен?

– Аспазшы

3-ші хат – Көңілді билеп ән саламыз,

Балаларды қарсы аламыз.

Бұны жазған кім екен?

– Музыка жетекшісі.

4-ші хат – Ықыласпен қуанып,

Ыдыстарды жуамын.

Өйткені нағыз тазалық,

Денсаулық үшін ол азық.

Бұны жазған кім екен?

– Тәрбиешінің көмекшісі.

Тәрбиеші: – Міне балалар өздеріңді жақсы көретін, әрқашан қамқор болатын, үнемі жақсы сөздер айтып жүретін адамдар бар екен.

- Балалар сендерге балабақша несімен ұнайды?

- Балабақшаны неге жақсы көресіңдер?

- Сендер балабақшаның мүшесімін деп ойлайсыңдар ма?

Сергіту сәті. 

Ұжымдық жұмыс. Балабақша үйінің суретін салу 


Сәлемдеседі




































































Сурет салады




Рефлексия - түзетушілік

Бүгінгі сабақта не жайында әңгімелестік? Балабақша біздің екінші үйіміз. Біз балабақша мүшесіміз. Балабақшаны, достарымызды, апайларымызды өте жақсы көреміз.

Сұрақтарға жауап береді


Күтілетін нәтиже:

Білу керек: Балабақшаның өзінің екінші үйі екенің

Біледі: Балабақшаның беретін пайдасын