4.Әңгімелесу/ Мәтінмен жұмыс Бүгінгі өтіліп отырған тақырып жайлы ойлануға мүмкіндік туғызу мақсатында төмендегідей сұрақтар қойылып, оқушылардың жауаптары тыңдалады. «Туған жер», «туған ел» дегенде ойларыңа не түседі? Отанға деген сүйіспеншілік, құрметтеріңді қалай білдіресіңдер? «Қазақстаным – құт мекені» дегенімен келісесіңдер ме? Неліктен? Отан үшін, елің үшін, жерің үшін қандай азаматтық іс-әрекеттерді немесе ерлікті жасауға болады? Мұғалім әңгімелесу тәсілі арқылы оқушылардың ұлттық намыс пен ұлттық мақтаныш сезімін оята отырып, туған елге қызмет етуге деген құлшыныс, елінің жарқын болашағына сенім ұялату мақсатын көздеуі тиіс. Түйіндеме. Балалар, сеңдердің туған жеріне деген ыстық махаббатарын, атамекенді қастерлеуі, халқының атына кір келтірмеуге талпыныстарын, өз бойындағы күш-қуаты, білімдерін халық игілігіне жұмсау ұмтылыстарын Отан алдындағы перзенттік борыштары болып саналады. Отан-Ана, Атамекен деп бекер айтылмаған. Ананың ақ сүтінді қаншама ақтайсыңдар, соншама Отанның сенімін мен үмітін ақтау керексіңдер. Тыныштық сәті. Балалар, ыңғайлап отырып алып, терең дем алыңдар. Көздерің жұмуға болады. Қазір өз бойындағы қасиеттерін, міңез-құлқыларыңды біраз талдап, ішкі дүниелеріне сырттан қарап тырысыңдар. Ал енді Отанымыз үшін ерлік жасаған тұлғаларды естеріңе түсіріңдер. Қайсысы сеңдерге ұқсайды? Екеулерінің арасында ұқсастық бар ма? Сендер ол жасаған әрекетке бара аласыңдар ма? Неліктен? Іштен осы сұрақтарға жауап беріп көріңдер. Қандай қасиеттер жетелеген жоқ, қандай сапаларды дамыту қажет деп ойлайсыңдар? Соны мақсат ретіңде алсаңдар, ішкі дүниелерін байый ма? Келесі кезенде педагог оқушыларға Қ. Мырза Әлидің «Елге деген махаббат» өленің оқып береді немесе бір оқушыға мәңерлеп оқып беруді тапсырады. Сусын қылар үмітін шөлдегенде Осы жерге перзентпіз сен де, Мен де! Барлығын да сүйемін, Сөйте тұра Махаббатым ерекше ел дегенде. Ел дегенде ар қандай! Намыс қандай! Тау мен тасқа соғылар қарыс маңдай. Ел дегенде жығылған жалым тұрып, Айбаттанып кетемін арыстандай. Жерім! – деймін ондайда, Елем! – деймін, Тұрған тұстан жарты елі шегінбеймін. Өзім үшін күресте жеңілсем де, Елім үшін күресте жеңілмеймін! Дұшпанға да, Досқа да табалатпан. Сақтай көрсін жаратқан жаман аттан! Батыр болып тумайсың, Батыр болып Кетесің Елге деген махаббатан! Сұрақтар: Елге, жерге деген махаббаты немен түсіндірер едіңдер? Өздерің елге деген махаббатарыңды қалай білдіресіңдер? Жаңа ақпарат. Халықтың қажетіне жарап, ұрпақтар мұратының орындалу жолында қызмет ету – әрбір азаматтың міндеті. Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілік, құрмет – азаматтықтың көрінісі. Елін, жерін сүйетін адам туған топырағының кешегісін бүгінімен, бүгінгісін ертеңімен жалғастыра алады. Бойында ұлттық намыс пен ұлттық мақтанышы бар адам өз еліне қызмет етіп, оның жарқын болашағына сенеді. Отанын қастерлеп, білімі мен еңбегін елінің мүддесіне, игілігіне жұмсайды. Оқушылар жаңа ақпаратты оқи отырып, өз түсініктерін салыстырып, толықтыруға мүмкіндік алады. |