СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Өзін-өзі тану пәну "Шындық шыңы-ақиқат." 6 сынып

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқушыларға адалдықпен өмір сүрудің маңыздылығын  ұғындыру арқылы ақиқат құндылығының мәнін ашу.

Просмотр содержимого документа
«Өзін-өзі тану пәну "Шындық шыңы-ақиқат." 6 сынып»



Өзін-өзі тану сабағының жоспары

Мектеп Мерзімі: №27 сабақ

IY тарау. Жасампаздық жарасымы

Тақырып: Шындық шыңы-ақиқат.

Құндылық: Ақиқат

Қасиеттер: қарапайымдылық, адалдық, шыншылдық

Мұғалім:

Сынып: 6 Оқушылар саны:

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға адалдықпен өмір сүрудің маңыздылығын ұғындыру арқылы ақиқат құндылығының мәнін ашу.

Сабақтың міндеті:

  • Оқушыларға адал өмір сүрудің мәнін түсіндіре отырып, қарапайымдылық қасиеті туралы түсінік беру.

  • Оқушыларды шынайы қарым-қатынас жасауға үйрету арқылы адалдық қасиетіне баулу.

  • Оқушыларды қарапайым, адал, шыншыл болуға тәрбиелеу.

Ресурстар:

постер, стикер, интербелсенді тақта

Сабақ барысы:

  • Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.Топқа бөлу: оқушыларды «Мозайка» әдісі арқылы топқа бөлу, түрлі дөңгелек түстер арқылы топқа бөлінеді, дөңгелектің бір беті ақ, келесі беті әр түрлі түстер, түстерді біріктіру арқылы гүл құрастыру ұсынылады. Дөңгелек түстерді құрастырғанда әр топтың ұраны шығады.

I топ: қарапайымдылық

II топ: адалдық

III топ: шыншылдық

I топ:Ақиқаттың ең сенімді белгісі-қарапайымдылық пен ашықтық. Ғ.Мустафин

II топ:Адалдық жүрген жерде, адамдық жүреді.

Халық мақалы

III топ: Әрқашан шындықты айтсаң, өтірігінің ашылып қалуын уайымдап, қайғыға салынбайсың.

Марк Твен

ережесін еске алу.

-Бүгінгі сабақта тәртіпті сақтай отырып, талапты орындау кезінде, сыныпта тыныштық орнату арқылы тазалық пен татулыққа қол жеткізейік.





  • Тыныштық сәті «Нұрға бөлену»

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқтарыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз:Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Таза әсем гүл түйнегі сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесі шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің ауызыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздеріңізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңыздан сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға , жан-жануарларға,өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын.....Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын....Нұр менің ішімде...Мен Нұрмын»

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз... Енді Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз... Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет.

Сабақ барысын талқылау:

  • Үй тапсырмасын сұрау.

Үйге берілген Қ. Толыбаевтың «Ақиқат» әңгімесі, 8- бет.

Адамдар қандай да болмасын, әр істің айқындығын, дәлдігін қалайды ғой. Ол ешкімге зиянын тигізбейтін, барша жұртқа түсінікті ұғым болуға тиіс.

Осы ойдың мәнісі не деген мәселе төңірегінде бір топ шәкірттер өзара таласып қалады. Қанша айтысса да, тиянақты бір түйінге тоқтала алмайды. Ақырында ғұлама ұстазға барып, өтініштерін айтады:

-Құрметті ұстаз, біз ақиқаттың не екені, оның өмірге қалай туатыны, атқаратын қызметі жайында пікір таласып, бір түйінге тоқтала алмай дал болдық. Осыны түсіндіріп беруіңізді өтінеміз!..

Әбунасыр ойланып отырады да, әлден уақытта шәкірттеріне былай дейді:

- Әрбір адамның көкейінде өзінің пікірі мен сенімі бар. Сол пікір мен сенім ойға жетелейді. Сол пікір мен сенім басқа адамдардың пікірі мен сеніміне сәйкес келсе, пікірлер тоғысады да, ақиқат туады. Ақиқат адамға айқындықты үйретеді.

Әбунасыр қорытқан ой ақиқат жолын нұрландырып, айқындықтың негізін ашады.

Сұрақтар:

  1. Шәкірттер не туралы пікір таластырып қалды?

  2. Олар неліктен бір тоқтамға келе алмады?

  3. Ғұлама ақиқатты қалай түсіндірді ?

  4. Ақиқат адамның бойында қандай қасиеттер болғанда туындайды?

  5. Адамды қандай қасиетіне қарап шыншыл дейміз?

  6. «Шындық шыңы –ақиқат» дегенді қалай түсінесіңдер?


  • Дәйексөз

Шындық шырағы дауыл соқса да сөнбейді.

Ғ.Мустафин

Нақыл сөздің мағынасын оқушылардан сұрап, талдау, бір қайталап, дәптерге жазып алу.

Әр адам әділдікті өмірінің басты бағдары етеді. Күнделікті тұрмыстағы көптеген жағдайлардың байыбына зер сала отырып, қандай да болмасын мәселенің анықтығын шындық арқылы шешуге болады. Шындықты бағалап, айта білу адамгершілікті білдіреді.

Адамның ойы мен сөзінде алшақтық болмауы үшін қажетті қасиеттің бірі-шыншылдық. Тартысқа түсіп отырған әр мәселенің тоқтамын, төрелігін, байламын шынайы жеткізе білген адамды шыншыл адам дейміз. Адамның ойы мен істеген ісіне адалдық пен әділдік төрелік етсе, шындық ақиқатқа айналады.


  • Мұғалім сыйы

Шыншыл бала

Баяғы өткен заманда бір патша өмір сүріпті. Патша өте ақылды, шыншыл және қарапайым, халқына адал жанашыр, кең пейілді және әділ болыпты. Патшаның мұрагері болмайды, таққа қалдыратын баласы, мұрагері болмады, содан патша ойлана келе халқына жария етті. Патша мақсаты мұрагерлікке қалдыратын бала халқына адал еліне тек жақсылық ойлайтын шыншыл болуын қалайды. Барлық балаларға гүл тұқымы беріледі. Уақыт беріледі, күн өтіп жатыр. Сон Ир қанша баптап қараса да гүлі өспеді. Патша гүлдің өскені жайлы көретін күні де келді. Барлық балалар әдемі киінген, гүлдері жайқалып өскен, Сон Ир болса балалардың ең артында жабырқаулы тұр еді.

Патша барлық гүлдерді көрді, бірақ көңілі еш көтерілмеді. Содан қараса бір бала жылап, бос құмырамен тұр екен. Сон Ирді өзіне шақырды да «Менің ұлым мұрагерім» деп жар салғанда халық ушығып кетіпті. Арасынан біреуі шығып патшадан «Дәл сол бос құмырамен тұрған баланы неге асырап алдыңыз?» десе, патша халыққа балаларға берілген тұқымдарын бұқтырылғандары туралы айтып береді. Сол әдемі гүлдермен тұрған балалардың беттері қызарып, ұяттан жерге кірді. Сөйтсе, барлығы берілген гүл тұқымдарынан тыс басқа гүл тұқымдарын еккен екен.

Қойылатын сұрақтар:

  1. Патшаның бойынан қандай қасиеттерді көруге болады?

  2. Патша мұрагер баланы таңдау үшін қандай амалды қолданды?

  3. Патшаның осы әрекетін қалай түсінуге болады?

  4. Ертегіде қандай құндылық қалай көрініс тапты?

  5. Сон Ирдің бойынан қандай қасиет көрінді?

  6. Сон Ирдің орнында сен болғанда не істер едің?


  • Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

I топ: Дәптермен жұмыс (50-бет)Ф.Оңғарсынованың «Шындық» өлеңін оқып өз пікірлеріңмен дәйектеңдер.

II топ: Жағдаятты өз ойларымен аяқтау: Жандостың компьютерде көп ойнап қалуына байланысты математикадан есеп шығаруға уақыты болмады. Мұның себебін сұраған мұғалімге Жандос «Басым қатты ауырып, есепті шығара алмадым»,-деп айтты.

-Жандостың орнында сендер болсаңдар не айтар едіңдер?

III топ: Мақал-мәтел: адалдық, қарапайымдылық, шыншылдық туралы нақыл сөз, мақал-мәтел айту.


  • Топпен ән айту.

Мейірімді болайықшы, ағайын

Сөзі:С. Қалидікі

Әні: Қ.Махандікі


Көктем етіп көркейтсе маңайын,

Көріп жүрміз өкпешілдің талайын.

Өшігуді қояйықшы өзгеге,

Кешірімді болайықшы, ағайын!


Көк нөсерін көл етсе де жауындар,

Көк пен жерді сел етсе дауылдар.

Пейілдерді пенделікпен тарылтпай,

Мейірімді болайықшы, бауырлар!


Болашаққа қол ұстасып барайық,

Ақиқаттың ауылын іздеп табайық.

Кішірейіп кетпес ғазиз басымыз,

Кішіпейіл болайықшы, халайық!


Ел болғанмен емеспіз ғой онша көп,

Сонда дағы бөлінумен шаршап ек.

Өзімізге қалайтұғын нәрсені,

Тілейікші өзгеге де, болса деп!


Ұлттың қамын жүректермен ұғынып,.

Жұрттың жүгін көтерейік жұмылып.

Қаратайық Құбылаға жүздерді,

Таратайық адамзатқа жылылық!


  • Үй тапсырмасы

27-сабақ, 99 беттегі «Ақиқаттың ауылы» (үзінді) М.Мақатаев.

« Менің түсінігімдегі ақиқат» эссе жазып келу.


  • Қорытындылау.

Адамгершіліктен туындап, әділдікке ұласқан шындықтан көп нәрсенің ақиқатына көз жеткізуге болады. Ақиқат-адам түсінігінің өмір шындығымен сәйкестігі болғандықтан оның көтерер жүгі де ауыр. Ақиқатты іздеген адам көп нәрседен хабардар болуы керек. Ақыл мен ақиқатқа сенген адам мақсатына жетіп, өмірден өз орнын табады.

Бүгінгі сабақтан біздің түйгеніміз: «Ақиқат-адалдықтың бастауы»

(Оқушылармен қайталау) Әрдайым шыншыл, қарапайым, адал болу.

  • Соңғы тыныштық сәті.

-Балалар, енді бір сәт тынышталайық.

Тыныштық, тыныштық, тыныштық, тыныштық бар жерде,

Тыныштық, тыныштық, тыныштық, тыныштық бүкіл әлемде.

Бүгінгі сабақтан алған жақсы әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар! Рахмет! Көздеріңізді ашуға болады.