Өзін-өзі тану. 9-сынып.1-тоқсан
І тарау. Адам және өмір
1-2 сабақ. «__» _______ 201 __ жыл.
Сабақтың тақырыбы: «Өзіңді тану — өмірді тану»
Мақсаты: Оқушылардың адам өмір жолының маңызды құрамдасы ретіндегі өзін-өзі тану туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
Оқушылардың «Өзін-өзі тану» пәні бойынша алған білімдерін пысықтай отырып,өзін-өзі танудың үздіксіз үдеріс екендігін ұғындыру;
Оқушылардың өмірдегі ұстанымын, болашағын анықтауына оқу материалдары арқылы ықпал ете отырып, адамның қайталанбас тұлға екендігі туралы түсініктерін дамыту;
әр адамның қайталанбас тұлға екендігін есте тұта отырып, өзін-өзі түсіну, өзін-өзі бағалай білу және өзін-өзі тәрбиелеу туралы халық даналығымен таныстыру;
өзін-өзі тәрбиелеу үрдісінде рухани құндылықтардың қайнар көзі – халықтық тағылымдардың тәжірибесінен тәлім ала білуге баулу.
Түрі: тренинг-сабақ
Көрнекіліктер: мультимедия,дәйексөз,шығармашылық жұмысқа қажетті құралдар
(түрлі-түсті қағаз, қайшы,желім),жүрекшелер.
Шаттық шеңбері:
Мұғалім: Қайырлы күн балалар! Әр күніміз қуаныш пен сүйіспеншілікке толы болсын! Бүгін өздеріңмен көріскеніме ризамын!
Оқушылар: қайырлы күн, мұғалім!
Оқушылар шеңберге жиналып, Ж.Қалжанованың өлеңін хормен орындау.
Өз-өзіңмен, балашым,
Жаның тапсын жарасым.
Теңдесі жоқ ешкімге,
Бұл өмірде дарасың.
Желден жүйрік көңіл-күй,
Есті сөзді ойға түй.
Жылуына бөлеген,
Жаным, жарық күнді сүй.
Тарихты біл, тілді сүй,
Төрт түлігің – төлді сүй.
Орманды сүй, белді сүй,
Айдын шалқар көлді сүй.
Халқыңды сүй, елді сүй,
Ел басқарған ерді сүй.
Қасиетті мекенің –
Туып өскен жерді сүй…
Ой қозғау: Өмірге келген әр балаға деген анасының тілектері: «өз-өзімен жарастықта болуы», «өмірдегі даралығы», «дана сөздерді ұғына білуі», «өз тарихын, тілін, табиғатын, туған жерін сүйе білуі» сияқты талаптардың маңызы туралы ой қозғау.
Оқушыларға сұрақ қою: «Осындай ана тілектеріне сай болу үшін не істеу керек?»
Оқушылар пікірін тыңдау.
Ойын: «Таныс болайық»
Ойынның мақсаты: әр баланың өмірде өз жолы,өз тағдыры, өз таңдауы бар екендігіне көңіл аудару.
Шарты:шеңберде тұрған әр бала өз есімін атайды да, оның немен байланысты қойылғаны жөнінде мәлімет береді. Мысалы, Асыл есімі-жаны сұлу,таза,ақылды болсын;
Болат – ержүрек, қайратты, елін қорғайтын азамат болсын т.б.
Әңгімелесу:
1. Біз «Өзін-өзі тану» пәнінен не үйрендік?
2. Өзін-өзі танудың адам өміріндегі маңызы қандай?
3. Өзін-өзі тануды «сарқылмас қазына» деуге бола ма?Неліктен?
Мәтінмен жұмыс:
Оқулықтағы «Таным тағылымы» атты аңыз әңгімені оқушыларға оқытып, талдау.
Сұрақтары:
Алыстан көруге үйренді дегенді қалай түсінесіңдер?
Сендер танымның қай жолын таңдап алар едіңдер?
Қай данышпанның тағылымы табандылыққа, болашақты болжауға үйретеді?Неліктен?
Оқушылардың ой-пікірін тыңдау, түйіндеу.
Оқушыларға ой тастау:
Тәрбие – үздіксіз процесс.Адам ғұмыр бойы өзі көріп, естіп-білгендерін ой елегінен өткізіп, жақсысын өз бойына дарытуға тырысады. Кез-келген шығарманы немесе өмірде кездескен жаңалықтарды зерделей отырып, адам өз-өзін салыстырып талдау жасайды. Әсіресе бала кезінде жаңалыққа құмар, әсершіл келеді.Тек жақсы мен жаманды айыра білу керек.
Абайдың адамның өзін-өзі тәрбиелеуі туралы үзіндісі:
«адам ата-анадан туғанда есті болмайды:естіп, көріп, ұстап, татып білсе, дүниедегі жақсы мен жаманды таниды.Сондықтан білгені, көргені көп адам есті болады…
…егер де есті кісілердің қатарында болғың келсе, күніне бір рет, болмаса жұмасында бір рет, ең болмаса айына бір рет өзіңнен өзің есеп ал!
Оқушыларға сұрақ:
Абай атамыздың «Өзіңнен өзің әр күн сайын есеп ал» деген сөзін қалай түсінесіңдер?
Есті болу үшін адамға қандай қасиеттер керек деп ойлайсыңдар?
Оқушылар пікірін тыңдау, ой қорыту: адам өмірде өз сезімдері, эмоциясы және әрекеттерін үнемі қадағалап, кемшін тұстарын жою барысында жұмыс істеу керек.
Дәйексөз:
«Дүниедегі ең оңай нәрсе – біреуге ақыл айту,
ең қиын нәрсе — өзіңді-өзің түсіну»
Әл – фараби
Нақыл сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?
Тапсырма:
Шығыс философы әл-Машанидың өлеңін оқып, даналыққа қол жеткізудің басты шарты – адамның өзін-өзі тануы деген бағытта әңгіме жүргізіледі.
Адам ғалам, ғажайып жеке-дара,
Жан құмары – ізденген мәңгі сана.
Өзіңді-өзің танысаң – істің басы,
Түзеген өз ғаламын болған дана.
Әл-Машани
Түйіндеме: Адамның бүкіл ғұмыры бойына жалғасып отырады
Өзін-өзі тәрбиелеуге, жетілдіруге мүмкіндік береді.
Өзін-өзі тану
Өзгелерді түсініп, бағалауға негіз болады
Өмірден өз орнын табуға көмектеседі.
Жүректен – жүрекке: Балалар шеңберге тұрып бір-біріне тілектерін жазып жүрекшені тарту етеді.
Күні: 17.09 ,20.09 . 9 «ә» .І топ . ІІ топ .
3- сабақ. 9 «ә»-сынып.
Сабақтың тақырыбы:Салауаттылық –өмір негізі.
Сабақтың мақсаты:Оқушылардың салауаттылық туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері.
-салауатты өмір сүрудің мәнін ашу.
-салауатты өмір сүруіне ықпал ету.
-салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Пайдаланатын құралдар:тақта,интерактивтік тақта,оқулық,компьютер.
Сабақтың барысы:
Шаттық шеңбері:
Оқушылар шеңбер құрып,Н.Сарсенбаевтің өлеңін оқиды.
Уа,хақым назар аудар денсалыққа,
Жаныңның саулық рухын аман сақта.
Өмірде бақыттысың денің сауда.
Өмірдің қарбалаңы жай бір қауға.
Жан мен тәннің құпиясын аша білсең,
Сол сенің жеткен жерің биік тауға.
Мәтінмен жұмыс.
Оқушылар түстерді таңдайды.Сонымен оқушыларды екі топқа бөлеміз.
Оқушыларға қағаздар беріледі,оған оқушылар денсаулық туралы суреттер салады.
. Шығармашылық жұмыс.
Ұлықпан Хәкімнің денсаулықты сақтауға байланысты өсиетін өз ойларыңмен
толықтырыңдар. Жеті өсиетті талдап беріңдер.Біріншісі – ерте
тұру, екіншісі – орта тазалығын сақтау, үшіншісі – дене
шынықтыру, төртіншісі – үнемі денені таза ұстау, бесіншісі – үнемі сергек
жүру, алтыншысы – артық тамақ ішпеу, жетіншісі – көп ұйықтап жалқау болмау
Психологиялық тренинг
Музыка ойнап тұрады. Қандай сурет көрсетілсе соның көрінісін жасайды.
Тыныштық сәті.
Оқушылар тыныштық сәтінде толықтай тыныш отырады.Көздерін жұмып,
Ауаны терең жутамыз және шығарамыз.
Дәптермен жұмыс.
Дәптердегі тапсырмаларды орындаймыз.
Жүректен жүрекке.
Оқушылар шеңберге жиналып, бір-біріне көңіл –күй көтеретін жақсы сөздер айтады.
Күні: 24.09, 27.09 . 9 «ә» . І топ , ІІ топ .
4-сабақ.9 «ә»-сынып.
Сабақтың тақырыбы:Салауаттылық-өмір негізі.
Сабақтың мақсаты: денсаулық – өмір өзегі, салауатты өмір туралы түсініктерін кеңейту, адам өміріне зиянды әрекеттерден алыс болуға тәрбиелеу.
Міндеттері:
- салауатты өмір салты, денсаулыққа пайдалы және зиянды әрекеттер туралы түсініктерін кеңейту және білім беру.
- денсаулық туралы білімін, оған көзқарасын дамыту.
- Денсаулықты сақтауға, денсаулыққа пайдалы іс – әрекеттермен айналысуға тәрбиелеу.
Пайдаланатын құралдар: тақта, интерактивті тақта, компьютер және т.б.
Сабақтың барысы:Ұйымдастыру.
Оқушылармен сәлемдесу,сабаққа қатысуын тексеру,дайындығын қадағалау.
Шаттық шеңбері:
1. Музыка ойнап тұрады. (психологиялық тренинг: көңіл – күй нышандарын мимикамен
келтіру)
2. Ассоциация «Салауаттылық». А) Салауаттылық
Ә) Денсаулық
Б) Жан мен тән
В) Гигиена
Әңгімелесу (Ойланайық, пікірлесейік)
Оқулықтағы «Ойланайық, пікірлесейік» айдарымен берілген әңгімелесу сұрақтарымен жұмыс жүргізіледі. Алдымен оқушыларға денсаулық және салауаттылық туралы слайдтар көрсетіліп, әңгіме жүргізіледі. (слайд).
Денсаулық, салауаттылық дегенді қалай түсінесіңдер?
Осы екі ұғымның арасында қандай байланыс бар?
Өзің салауатты өмір сүру үшін қандай әрекеттер жасайсың?
«Салауаттылық – өмір негізі» деген ойға көзқарасың қандай?
. Жаңа ақпарат
Оқулықтағы сабақ тақырыбы бойынша оқушылардың түсініктерін кеңейту мақсатында жаңа ақпарат ұсынылған. Слайд және бейнефильм арқылы жаңа сабақты ашу.
Мәтінмен жұмыс.
Мәтін оқушыларға топқа бөліну және корточкалар тарату арқылы ұйымдастырылады.
Оқулықтағы «Мәтінді оқу» айдарымен ұсынылған А.Самиғоллаұлының «Қателіктің арты өкініш» атты мәтінімен жұмыс ұйымдастырылады. Оқушылар мәтінді оқып, ондағы ой түйіндемелерін түсінуге тырысады. Мәтінді оқу барысында оқушылар денсаулыққа зиянды іс – әрекеттердің пайдасы қандай екенін оқып біледі.Мәтін бойынша төменде берілген сұрақтармен жұмыс жасалады:v Сендер Ғабиттің орнында болсаңдар не істер едіңдер?
Шылым шегу, ішімдік ішудің адамға, адам өміріне тағы басқа қандай зияндығын білесіңдер?
Осы сұрақтарға жауап бере отырып, оқушылар өзіндік түйген ойын, пайымын, көзқарасын ортаға салады.
Бейнематериалдар көру. Оқушыларға интерактивті тақтадан «Салауаттылық – өмір негізі» атты тақырыпта бейне материалдар көрсетіледі. Көрсетілген бейнематериал арқылы оқушылар денсаулыққа пайдалы және зиянды іс – әрекеттер туралы өз пікірлерін айтады.
Дәйек сөз
Оқушылар жаңа тақырып бойынша дәйек сөз, нақыл сөздерін жазады. Мұғалім балалардың жауаптарын тыңдап, өзі қорытынды жасайды.
«Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі». Т.Карлейль
. Жүректен жүрекке
Оқушылар мұғаліммен бірге шеңберге жиналып, сабақтан алған әсерлерін айтып, бір – біріне жақсы тілек, жылы сөз арнайды.
Күні: 1.10, 4.10 . 9 «ә» . І топ. ІІ топ.
5-сабақ.9 «ә»-сынып.
Сабақтың тақырыбы:Әсемдік-өмір жарасымы.
Мақсаты:Оқушылардың сұлулық,табиғат, өнер туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
-табиғат,өнер,өмір әсемдігінің адам үшін маңыздылығын жан-жақты ашу.
-сұлулықты,әсемдікті сезіну және қолдану іскерліктерін дамыту.
-әсемдікке тәрбиелеу.
Пайдаланылатын құралдар:тақта,интерактивтік тақта,ақ қағаз,оқулық.
Сабақтың барысы:Ұйымдастыру.
Оқушылармен сәлемдесу,сабаққа қатысуын тексеру, сабаққа дайындығын қадағалау.
Шаттық шеңбері:
Көңіл –күйді көтеру мақсатында таспадан музыка тыңдаймыз.
Әңгімелесу сұрақтары:
-Ал,сіздер әсемдік сыры неде деп ойлайсыздар?
-Табиғат пен адамның арасындағы қандай байланысты сезіндіңдер?
-Не үшін табиғатты әсемдікке балайды?
-Адам өмірінің сұлулығына табиғаттан басқа тағы нелерықпал етеді?
Шығармашылық жұмыс:
«Табиғат-әсемдік-өмір»сұлбасын оқушы дәптерінде орындалады.
Назар аудару:
Әрбір адамның туған жері бар.Туған жердің әрбір тасына дейін қасиетті,киелі.Сондықтан сол құдіретті мекенімізді сүйе білмесек, адамдығымызға сын.Күн-ана—өміріміздің тірегі,қызығы,рахаты.
Туған жердің әрбір көрінісі ,сол жерде туып-өскен адам үшін ыстық.
Мәтінмен жұмыс: «Сүйкімі дүниенің сұлулықта»атты мәтінді оқып,сұрақтар арқылы талдаймыз.Бұл мәтінде адамдардың қарым-қатынасы арқылы,оның ішкі дүниесінің сұлулығын байқауға болатынына оқушылардың көңілін аудартамыз.
Тыныштық сәті:
Оқушылардың қалауы бойынша өткізуге болады.
Жүректен-жүрекке:
Табиғат,туған жер туралы ән тыңдауға болады.
Күні: 8.10, 11.10 . 9 «ә» . І топ, ІІ топ.
6-сабақ.9 «ә»-сынып.
Сабақтың тақырыбы:Әсемдік—өмір жарасымы.
Мақсаты:Оқушылардың әсемдік,сұлулық,табиғат туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
-әсемдікдіктің адам өмірінде маңыздылығын түсіндіру.
-өмір сүру арқылы әсемдікті сезіну.
-адамгершілікке тәрбиелеу.
Пайдаланылатын құралдар:интерактивтік тақта,ақ қағаз,оқулық.
Сабақтың барысы:Ұйымдастыру.
Оқушылармен сәлемдесу,сабаққа қатысуын тексеру, сабаққа дайындығын қадағалау.
Шаттық шеңбері:
Оқушылар шеңберге жиналып бір-біріне жылы сөздер айтады.
Тапсырма:Әсемдік –өмір жарасымы ---екінші сабағын дәптердегі тапсырманы орындаудан бастаймыз.
Жаңа ақпарат:
Адам жас кезінде өзінің сыртқы түріне көңілі толмайды.Ал,жастық шақтың өзі бір әсем екендігін түсінбейді.Адамдарды ақылы, адамгершілігі үшін немесе тыңдай білу,қызықты әңгімелеу қасиеттері үшін бағалайды.Өзінің тартымдылығы бар адамдар да аз емес.Бірақ олардың барлығы сыртқы сұлулыққа ие бола бермейді. Оларға өзгеше жекелік тән,ал оған әрбір адам ерісе алуы мүмкін.
Мәтінмен жұмыс:
«Әлди»әңгімесін оқып,оқушылармен талдаймыз.Ананың әлдиі адамды әсем бір сезімге бөлейді.Өмірдегі әсемдіктің өзі ананың махаббат деген асыл сезімінен басталатынына көңіл аударатын болсақ,отбасындағы татулық бәрінің себебшісі.
Дәптермен жұмыс:
Дәптердегі тапсырманы орындаймыз.
Дәйексөз
«Адам бойындағының бәрі де—бет-пішіні де,киім-киісі де,жан дүниесі де, ақыл-ойы да сұлу болуға тиіс»
Чехов А.П.
Жүректен жүрекке.
Сабақты қорытындылау мақсатында оқушылармен бірге шеңберде «Сен сұлу» өлеңін орындаймыз.
Күні: 16.10 , 18.10 . 9 «ә» . І топ, ІІ топ .
7-сабақ. 9 «ә»-сынып.
Сабақтың тақырыбы:Еңбек—өмір мәні.
Мақсаты:оқушылардың еңбек,шығармашылық түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
-еңбектің адам үшін маңыздылығын жан-жақты ашу.
-шығармашылық тұрғыдан еңбек ету қабілетін дамыту.
-еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Пайдаланылатын құралдар:тақта, интерактивтік тақта,түрлі-түсті қағаздар,оқулық,дәптер.
Сабақтың барысы:Ұйымдастыру
Оқушылармен сәлемдесу,сабаққа қатысуын тексеру,сабаққа дайындығын қадағалау.
Шаттық шеңбері:
Әлімжановтың еңбек туралы өлеңімен сабағымызды бастаймыз.
Әңгімелесу сұрақтары:
-Еңбектің адам өмірінде қандай маңызы бар?
-Еңбек етуде адамның қандай ерекшеліктері байқалады?
-Еңбексүйгіштік қасиетті қалай түсінесіздер?
-Еңбек етуде шығармашылық,шабыт не үшін қажет?
-Адам қабілетін қалай дамытуға болады?
Мәтінмен жұмыс:
Аңыз әңгіме.Бұл аңыз әңгімедегі Ықыластың қандай еңбекқор екендігін және оның ұлдарының өзіне ұқсамағандығын бірге талдаймыз.
Дәптермен жұмыс:
«Адам көркі—еңбек»тақырыбын дәптерде орындаймыз.
Жағдаяттарды талдау:
Жағдаяттарды оқып,өз ойымызбен жалғастырамыз.
Дәйексөз:
«Еріншектік—күллі дүниедегі өнердің дұшпаны.Талапсыздық,жігерсіздік,ұятсыздық,кедейлік—бәрі осыдан шығады»
А.Құнанбаев
Тыныштық сәті:
Оқушылардың қалауы бойынша ойын түрінде өткізуге болады.
Кім көп еңбек туралы мақалдар біледі?
Жүректен жүрекке:
Оқушылар шеңберге жиналып,бір-біріне жылы сөздер,тілектер айтады.
Күні: 22.10, 25.10 . 9 «ә» . І топ , ІІ топ .
8-сабақ. 9 «ә»-сынып.
Сабақтың тақырыбы:Еңбек—өмір мәні.
Мақсаты:оқушылардың еңбек,шығармашылық түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
-еңбектің адам үшін маңыздылығын жан-жақты ашу.
-шығармашылық тұрғыдан еңбек ету қабілетін дамыту.
-еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Пайдаланылатын құралдар:тақта, интерактивтік тақта,түрлі-түсті қағаздар,оқулық,дәптер.
Сабақтың барысы:Ұйымдастыру
Оқушылармен сәлемдесу,сабаққа қатысуын тексеру,сабаққа дайындығын қадағалау.
Шаттық шеңбері:
Оқушылар шеңберге жиналып,әрбірі өзінің атының бас әріпінен басталатын жақсы сөздер айтамыз.
Шығармашылық жұмыс:
«Өмірдің мәні неде?»сұрағы төңірегінде ой қозғаймыз.
Жаңа ақпарат:
Қоғамда адам өмір сүреді екен,сол қоғамда еңбек те етеді.Еңбек ету арқылы өзінің табиғи қабілетін дамыту,сол жолда тынымсыз еңбектену әр адамның өзіне байланысты.Оқушының басты еңбегі-жақсы оқу,сапалы білім алу.
Мәтінмен жұмыс:
Ұлы тұлғалардың өмірі туралы.Карл Линней,Альберт Эйнштейн,Демосфен.
Олардың өмірде қол жеткізген жетістіктері,тек өздерінің тынымсыз еңбектенуінің арқасында қол жеткізді.
Дәйексөз:
«Еңбекті жан-тәнімен сүймейінше,ешбір талант та,ешбір кемеңгер де шықпайды.»
Дәптермен жұмыс:
«Еңбек-өмір мәні»ұғымына анықтама береміз.
Жағдаяттармен дәлелдейміз.
Сергіту сәті:
Баяу музыканы қосамыз.
Жүректен жүрекке:
Оқушылар бір-бірінің қолынан ұстап,шеңберге жиналады.Олар бір-біріне жақсы сөздер айтады.
Күні: 29.10, 1 .11 9 «ә» . І топ, ІІ топ .
9-сабақ. 9 «ә»-сынып.
Сабақтың тақырыбы:Жақсылық жан жадыратады.
Мақсаты:оқушылардың «жақсылық»құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
-жақсылық жасаудың адам өміріндегі мәнін ашу.
-жақсылық жасау іскерліктерін дамыту.
-жақсылық жасауға тәрбиелеу.
Пайдаланылатын құралдар:тақта, интерактивтік тақта,түрлі-түсті қағаздар,оқулық,дәптер.
Сабақтың барысы:Ұйымдастыру
Оқушылармен сәлемдесу,сабаққа қатысуын тексеру,сабаққа дайындығын қадағалау.
Шаттық шеңбері:
«Жақсы адам көңілі—күн»өлеңін шеңберде тұрып ,оқимыз.
Әңгімелесу сұрақтары:
-Жақсы болу,жақсылық жасауды қалай үйренуге болады?
-Жақсы сөз айту,жақсылыққа жата ма?
-Жақсылық жасау адам жасына байланысты ма?
-Жақсы адамның бойында қандай қасиеттер болады?
Жаңа ақпарат:
Адамгершілік пен имандылық Жақсылық алып келеді.
Адамға жағымды нәрселердің бәріЖақсылық ұғымы арқылы жүзеге асады.
Жақсылық арқылы жеке адамдардың іс әрекеттеріне,адамаралық байланыстарына баға беріледі.
Жақсылық адамның ізгілігін анықтайды.
Мәтінмен жұмыс:
А.Құнанбаевтің жиырма үшінші сөзі.
Мәтінді оқып шығамыз.Мәтіннің мазмұнын талдаймыз.
Мәтін сұрақтары:
-Жаманға салысып жақсы бола ма?
-Адам баласының жамандығына қуанудан немесе жұбаныш қылудан жақсы адам бола ала ма?
Назар аудару:
«Жақсыда жаттық жоқ»дейді қазақ.Жақсының-- бәрі жақсы.Қазақтың бойындағы ең жақсы қасиеттер мыналар:тектілік,үлкенге құрмет,кішіге ізет көрсетушілік, «өлі риза болмай,тірі байымайды»дейтіндігі,аңқылдаған ашық,ақкөңілділігі,сатындағы жалғыз атын қонағына сойып тастауға дайын тұратын жомартығы,сегіз қыры, бір сырлы өнерлілігі,дарындылығы,сөзге шешендігі,қойдай қоңыр мінезімен төзімділігі,жеті атадан бері қыз алыспайтын қанының тазалығы.Жүздеген, тіпті ,мыңдаған жақсы жақтары бар.
Дәптермен жұмыс:
Дәптердегі сахналау айдарымен берілген тапсырмаларды рөлдермен орындаймыз.
Жүректен-жүрекке:
Оқушылар шеңберге жиналады және бір-біріне жылы сөздер айтады.
Күні: 12.11, 15.11 9 «ә» . І топ, ІІ топ.
10-сабақ. 9 «ә»-сынып.
Сабақтың тақырыбы:Жақсылық жан жадыратады.
Мақсаты:оқушылардың «жақсылық»құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
-жақсылық жасаудың адам өміріндегі мәнін ашу.
-жақсылық жасау іскерліктерін дамыту.
-жақсылық жасауға тәрбиелеу.
Пайдаланылатын құралдар:тақта, интерактивтік тақта,түрлі-түсті қағаздар,оқулық,дәптер.
Сабақтың барысы:Ұйымдастыру
Оқушылармен сәлемдесу,сабаққа қатысуын тексеру,сабаққа дайындығын қадағалау.
Шаттық шеңбері:
«Жақсы адам көңілі—күн»өлеңін шеңберде тұрып ,оқимыз.
Сабағымызды дәйексөзден бастаймыз.
Дәйексөз:
Биік төбеге шықсаң,
Көзің ашылады.
Жақсымен сөйлессең,
Көңілің ашылады.
Мәтінмен жұмыс:
«Сөз құдіреті» мәтінді оқып,оны талдаймыз.Немере мен әжесінің арасындағы әңгіменің мазмұнын талдаймыз.
Тапсырма:
Мәтінді оқып,сұрақтарға жауап береміз.
Тыныштық сәті:
Бұл тыныштық сәтінде баяу музыка қосуға болады.
Шығармашылық жұмыс:
Жақсылыққа жету жолы туралы шағын әңгіме жазамыз.
Дәптермен жұмыс:
Әрбір оқушы өз бойындағы жақсы қасиеттердің бірін таңдап, сөйлемді аяқтайды.
Жүректен-жүрекке:
Оқушылар шеңберде қол ұстасып,бір-біріне жақсы тілектер айтады.
Күні: 19.11, 22.11 9 «ә» . І топ , ІІ топ .
11-сабақ. 9 «ә»-сынып.
Сабақтың тақырыбы:Ар-намыс керек адамға.
Мақсаты:оқушылардың ұят,намыс,ар туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
- ұят,намыс,ар ұғымдарының мәнін түсіндіру.
-адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына ықпал ету.
-адамгершілікке тәрбиелеу.
Пайдаланылатын құралдар:тақта, интерактивтік тақта,түрлі-түсті қағаздар,оқулық,дәптер.
Сабақтың барысы:Ұйымдастыру
Оқушылармен сәлемдесу,сабаққа қатысуын тексеру,сабаққа дайындығын қадағалау.
Шаттық шеңбері:
Үсенбаевтың «Намыс» өлеңін оқып ,шаттық шеңберін өткіземіз.
Әңгімелесу сұрақтары:
-Ар,Намыс,Ұятұғымдары туралы не білесіңдер?
-Өз ісіңе қатты ұялған кезің болды ма?
-«Ар-намыс керек адамға»дегенді қалай түсінесіңдер?
-Қандай жағдайда ішкі даусыңды тыңдайсың?
-Адамның өз арын адал сақтауына қандай қасиеттер көмектеседі?
Мәтінмен жұмыс:
А.Құнанбаевтың «отыз алтыншы сөз»атты қара сөзін оқып,сұрақтар арқылы талдаймыз.
Жағдаяттарды талдау:
Оқулықта берілген жағдаяттарды оқушылармен оқып шығамыз және оны талдаймыз.
Дәйексөз:
Малым жанымның садағасы,
Жаным арымның садағасы.
Халық мақалы.
Мәтінмен жұмыс:
Сабақтың бірінші бөлігін қорытындылау мақсатында «Ел аузында»атты аңыз әңгімені оқимыз.
Тыныштық сәті:
Оқушылардың қалауы бойынша өткізуге болады.
Жүректен жүрекке.
Оқушылар қолдарындағы тілек жазылған жүрекше қағаздарын бір-біріне сыйлайды.
Күні: 26.11, 29.11 9 «ә» . І топ , ІІ топ .
12-сабақ. 9 «ә»-сынып.
Сабақтың тақырыбы:Ар-намыс керек адамға.
Мақсаты:оқушылардың ұят,намыс,ар туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
- ұят,намыс,ар ұғымдарының мәнін түсіндіру.
-адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына ықпал ету.
-адамгершілікке тәрбиелеу.
Пайдаланылатын құралдар:тақта, интерактивтік тақта,түрлі-түсті қағаздар,оқулық,дәптер.
Сабақтың барысы:Ұйымдастыру
Оқушылармен сәлемдесу,сабаққа қатысуын тексеру,сабаққа дайындығын қадағалау.
Шаттық шеңбері:
Үсенбаевтың «Намыс» өлеңін оқып ,шаттық шеңберін өткіземіз.
Жаңа ақпарат:
Ар—әр адамның өз өмірінде,қоғамда.жеке адамдар алдында іс-әрекеті үшін моральдық жауапкершілігін сезіну,саналы ұғыну,өз ойы мен ісіне адамгершілік тұрғыдан бағалай білуіне көмектесетін ең жоғарғы адамгершілік қасиеті.Ар-ұят адамның қоғам алдындағы міндеті мен жауапкершілігін терең сезінуінен көрінеді.
Арлы адам –ардақты және басқаларға қашанда үлгі өнеге.
Тапсырма:
«Өлімнен ұят күшті», «Өлімнен намыс жоғары»деген сөздерді талдап, түсіндіреміз.
Дәйексөз:
Ұят---ар сақтайды,
Арлыны ел мақтайды.
Халық мақалы.
Мәтінмен жұмыс:
«Балқар аңызы»аңыз әңгімесін оқып талдаймыз.
Әңгімедегі «Байлығымды ,дүние-мүлкімді алып кете бер.Бізге тек абырой,намысты қалдырсаңыз болғаны»деген сөзге мән береміз.
Дәптермен жұмыс:
Дәптердегі тапсырманы орындаймыз.
Оқулықта: берілген халық мақалдарының мағынасын түсіндіру.
Жүректен жүрекке:
«Намыс»атты өлеңді оқушылар шеңберде жиналып оқиды.
Күні: 3.12, 6.12 9 «ә» . І топ , ІІ топ .
10.12, 13.12
13-14 сабақтар.9 «ә»-сынып.
Сабақтың тақырыбы:Мінез—адам көрсеткіші.
Мақсаты: Оқушылардың мінез-құлық туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
Мінездегі жетістіктер мен міндерді ажырата білуге үйрету;
Жақсы мінез қалыптастыруға ықпал ету;
Адамгершілікке тәрбиелеу.
Шаттық шеңбері
Қ.Нақысбеков
Жақсы мінез, жылы сөз-жан дәруі,
Жігіттің керек мұны аңғаруы.
Бейпіл сөйлеп, тік мінез танытқанның
Тіптен оңай адасып, сандалуы.
Мінездер бар жақсы-жаман, әр алуан,
Әдептілік әділдіктен нәр алған.
Кең болғанның кем болғанын көрмедім,
Теңізге ұқсап тасып жатқан шараңнан.
Ойланайық, пікірлесейік
Неліктен «Мінез-адам көрсеткіші» болады деп ойлайсыз?
Адамның жақсы мінезіне нелер жатады?
Мінезі жаман адамда жақсы қасиет бола ма?
Жаман мінезді қалай түзеуге болады деп, ойлайсыз?
Осы берілген сұрақтарға оқушылар шынайы түрде жауаптарын айтып, мінездің жақсы-жаман түрлерін, жаман мінездің адамның іс-әрекетіне кедергі келтіретінін, жақсы мінездің әрдайым жақсылыққа апаратынын айтып өтті.
Мәтінмен жұмыс
Абай
Ойға түстім, толғандым,
Өз мінімді қолға алдым,
Мінезіме көз салдым,
Тексеруге ойландым.
Өзіме-өзім жақпадым,
Енді қайда сыя алдым?
Бойдағы мінді санасам,
Тау тасынан аз емес.
Жүрегімді байқасам,
Инедейін таза емес.
Аршып алып тастауға,
Аспандағы саз емес.
Бәрі болды өзімнен,
Тәңірім салғмн наз емес.
Осыншама ақымақ болғаным
Көрінгенге қызықтым.
Ғаділетті жүректің
Әділетін бұзыппын.
Ақыл мене білімнен
Әбден үміт үзіппін;
Айла менен амалды
Меруерттей тізіппін;
Жалмауыздай жалаңдап,
Ар, ұяттан күсіппін;
Қулық пенен сұмдыққа
Құладындай ұщыппын;
«Сіз білесіз» дегенде
Күнге күйіп, пісіппін;
Мақтанбасқа мақтанып,
Деп жүріппін «пысықпын».
«Адамның мінезін түзеуге болмайды деген кісінің тілін кесер едім»-деп таусылыпты Абай. Сіздер ше , келісер ме едіңдер?
(оқушылардың пікірлері тыңдалады)
Назар аударыңыз
Бальтаср Грасиан
Мінез сұлулығы. Жанның да өз әсемдігі бар, оның кербездігі- істелген қылықтың тартымдылығы жүректі рахатқа бөлейді. Ол жұрттың бәріне берілмеген, бұл рухтың ұлылығына байланысты. Оның алғашқы белгісі-жаратпайтын адамы туралы жақсы пікір айту. Ол әсіресе өш алуды күткен жағдайда жарқырай көрінеді: өш алу былай тұрсын, бәрі жақсылықпен бітеді- енді өш алады дегенде, кенет ақ көңілділікпен қайран қалдырады, Ол саясатқа да пайдалы, тіпті мемлекеттік резонға көрік береді. Мақтануды білмейтін ол еңбек сіңіріп жеткен жеңісін аңқылдақтығымен жасырады.
Дәптермен жұмыс
(оқушылар дәптердегі кестені толтырады)
Мінезімнің жақсы жақтары | Мінезімнің міндері |
| |
Дәйексөз
Кісіге екі дүниеде пайдалы (нәрсе)-
Ізгі іс немесе мінезі түзулік.
Екіншісі-ұят, үшіншісі-әділдік.
Бұл үшеуі арқылы адам шын бақыт табады.
Ж.Баласағұни
«Қорғасындай балқыған қайран жақсы»
Иә, жақсы мінез түгесілмес байлығың, жаман мінез ғұмырлық азабың-дегендей жақсы мінез-құлық адам өмірі нәрлендіретіндігін, шынайы бақытқа қол жеткізуіне, адами қарым-қатынас жасауға үлкен мүмкіндік беретіндігі сөзсіз.
Жақсының жүзі жақсы жарқылдаған,
Жақсыдан еш сыр қалмас айтылмаған.
Сұңқарға жұмыртқасын шайқатсаң да,
Қарғадан қарға туар қарқылдаған.
Көгентүп көнелер адамның келбетіне, бас қондырысына, көзіне, сөзіне, дене бітіміне қарап мінезін таныған, баға берген. Атақты ғұлама Жүсіп Баласағұн:
«Құрсақта біткен мінез қара жерге енеді, сүтпен біткен мінезді өлгенше өзгерте алмайсың».
Қазақта да: «Сүтпен біткен мінез сүйекпен кетеді» деген мақал бар.
Мұхаммед пайғамбар:
«Мен ең ғажап көркем мінезді толықтыру үшін жіберілдім. Алланың мінезінен үлгі алыңдар»-деп мінездің тәрбиелік және көркемдік маңызына назар аударға
Тапсырма
( Берілген мәтінді оқып, ойын ортаға салады) В.А. Сухомлинский
Адам бойындағы қандай жағымды, жағымсыз қасиеттер болады?
Өз мінезің туралы не айтар едің?
Мына мінездердің қайсысы сенің мінезіңе сәйкес келеді?
Жібектей есілген мінез- үй-ішіне, айналасына жұғымды, қайырымды, мейірімді, үлкенді құрметтеп, кішіні-ізеттеп, кісі бетіне, жел боп тимей тұратын кішіпейіл адамға тән.
Тентек-ұрыншақ, періншек, көп нәрсенің байыбына бармай, барса да ақырын тоспай айтып тастайтын, қағу көрмей өскен, тыюсыз, әл жеткенді ұрып жіберуден тартынбайтын адамға тән. Халық кейде біреулерді «ақылды тентек қой» деп те жатады.
Дөкір-сезімі аз, өзіне сенімі мол, көп сөзге жоқ дүңк етпе, бал-сауаппен санаса бермейтін, тоңмойын, томырық адамға тән.
Кесір-жөн істі теріске балап, өз пікірімен ғана есептесіп әр сөзге кесірленіп, қитығып, алдағанға көнбейтін, айдағанға жүрмейтін адамға тән.
Кербез-бойын түзеп, баптанып, кез-келген адмға әсем көрінгенсіп, жақсыны-киіп, жылтырақты-жиып, сөйлеген сөзі, істеген ісі ішіңді пыстыратын адмға тән.
Паң-тал бойына кісі баласын шақ тұтпай, тең санамай астамсып қарайтын күпірлігі көп адамға тән.
Мақтаншақ-жел сөзге әуес, жоғын-бардай, түйірін нардай ғып көрсетіп, болмасты-болдырып, оңбасты-оңдырып, ауызбен қырман орып, жақсы атансам деген адамға тән.
Ерке-сөзінен де, ісінен де еркіндіктің, ойнақылықтың, кайымсыздықтың лебі есіліп тұратын адамға тән.
Тура мінез- қара қылды қақа жарып бұлтақсыз сөйлемейтін, шыншыл, тәуекелшіл, қиянат, өсек-аяңға жаны қас адамға тән.
Шапшаңшыл- ыссылай қауып айтып қалатын, асығыстай, іс тындыратын, төзімі аздау, тыпырлап қалған тынышсыз адамға тән.
Өзінің мінезін ашық айта алу да, мінезіндегі міндерді мойындауда -ерлік. Берілген мінез түрлеріне қарай отырып, әрбір оқушы өзінде бар жақсы мінезін айтып, кейбір мінезінің міндерін түзеуге болатындығын бүгінгі сабақтағы ғұлама, данышпан ұлылардың сөзінен де үлгі алатындығын басым айтты.
Жүректен жүрекке
Сыйластық
Ш.Мұхамеджанов
Жүрген соң бірге қатар күнде осылай,
Мен сені көріп кеттім бір досымдай,
Сыйладың сен де мені,
Мен де сені
Келеді көңілдерге кір қосылмай.
Екеуміз бірге тойлап ғұрпын жастық,
Тамаша талай сырдың құлпын аштық,
Жүздерден әр тайғанша
Қартайғанша,
Қадірін кетірмесін бұл сыйластық.
Күні:
19-20 сабақ.9-сынып.
Сабақтың тақырыбы: «Адами қарым – қатынас жасау ізгіліктері»
Мақсаты:Оқушылардың адами қарым-қатынас туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
адами қарым – қатынас жасау ізгіліктерін түсіндіру;
адами қарым – қатынас жасаудың ізгіліктерін дамыту;
адами қарым – қатынас жасауға тәрбиелеу.
Түрі: шығармашылық сабақ
Көрнекілігі: мультимедиа, үнтаспа, гүлдер, шарлар, буклеттер, жүрекшелер.
Жүру барысы:
І. Ұйымдастыру;
ІІ. Шаттық шеңбері
ІІІ. Ой қозғау
IV. Назар аударыңыз
V. Ғажайып сегіздік
VI. Тыныштық сәті
VII. Жаңа ақпарат
VIII. Дәйексөз
IX. Жаңа ақпарат
X. Назар аударыңыз
XІ. Мәтінмен жұмыс
XІI. Шығармашылық жұмыс
XІII. Мағынаны ашу
XIV. Жүректен жүрекке
І. Ұйымдастыру
ІІ. Шаттық шеңбері: Оқушыларды шеңберге жинау.
Сәлемдесу (хормен):
Үлкенге де «Сіз»,
Кішіге де «Сіз»,
Бар адамға құрметпен,
Бас иеміз біз!
Оқушылар бір-біріне жақсы тілек айта отырып, жүрекшені жалғастырады:
Қайырлы таң достым!
Қайырлы күн болсын!
Күніміз жарық болсын!
Аспанымыз ашық болсын!
Амансыз ба, әлем!
Баршаңызға амандық сәлем!
Қ. Салықовтың «Бір ауыз сөз» әнін М. Жүнісованың орындауында үнтаспаға қосылып, орындау.
ІІІ. Ой қозғау
І топ:
1. Адамның шын ықыласпен істеген іс-әрекеттері қандай сезім тудырады?
2. Сөздің қарым-қатынас жасаудағы рөлі қандай?
ІІ топ:
1. Әдепті сөйлеудің адами қарым қатынасқа ықпалы қандай?
2. Адами қарым-қатынас жасау мәдениетіне нелер жатады?
IV. Назар аударыңыз
Мұралардың ең қымбаты – сөз. Сөз күн шалмас қараңғы көңілді шалады, күн жылытпас суық көңілді жылытады, асылы адам да, нәрсе де тозады, жоғалады.Асыл сөз мәңгі жасайды.
Ғ. Мұстафин
V. Ғажайып сегіздік
Әртүрлі суреттермен белгіленген ұяшықтарды оқушылар таңдап алады. Ондағы сұрақтарға жауап береді.
Сұрақтар:
1. «Дұрыстық» сөзінің мағынасы
2. «Қысқалық» сөзінің мағынасы
3. «Айқындық» сөзінің мағынасы
4. «Орындылық» сөзінің мағынасы
5. «Әрлеу» сөзінің мағынасы қандай?
6. Адамның жас ерекшеліктеріне қарай сәлемдесудің түрлерін ата.
7. Күн мезгіліне қарай сәлемдесу түрлерін ата.
8. Сәлем – сөздің анасы…дегенді түсіндіріңіз.
Оқушылар пікірлерін тыңдау. Ойды қорытындылау.
Түйіндеме:
1.Дұрыстық дегеніміз-айтылған сөздің қатесіздігі, оған тәрбие арқылы жетеді.
2.Қысқалық дегеніміз-мәселені түсіндіруге немесе ойды жеткізуге керек сөзді ғана пайдалануды айтады.
3.Айқындық дегеніміз-ойдың мазмұнын дұрыс бере білу.
4.Орындылық – сөздің айтылар жері мен мерзімін абайлау.
5.Әрлеу – жасандылықтан аулақ бола тұрып әсем сөйлеу.
6.Жасы кішілер ақсақалдармен «Ассалаумағалейкүм» деп қол алысып, амандасады.
Жасы үлкен аналарға, әжелерге Сәлеметсіз бе?, Амансыз ба? деп айту қалыптасқан.
7.«Қайырлы таң», «Қайырлы күн!», «Кеш жарық!» деп адамдар жымия амандасуға тиісті.
8. Қазақтар бір-бірімен амандық сұрасқанда мал-жан, ауру-сырқау, ит-құсқа дейін қалдырмай сұрайды.Келген жерінің қандай қабақпен отырғанында осы амандасу үстінде болжап алады.Келген жұмысының жәйін аңғарту үшін де жапсарлас бір амандық сұрау керек.
VI. Тыныштық сәті:
- Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады.Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.
Сендер ғажайып бақыт әлеміне келдіңдер. Жан жақтарыңа қараңдаршы, қандай керемет. Айнала толы жұпар иісі аңқыған әсем гүлдер.Сендердің көңіл-күйлерің өте жақсы, жүздерің күліп, тамаша сезімге бөленіп жатырсыңдар. Алдарыңнан бақыт періштесі шығып,менің әлеміме қош келдіңдер балалар! Сендер өте ерекше баласыңдар. Қане алақандарыңды жайыңдар, мен сендерге жақсылық, бақыт сәулесін сыйлаймын. Өйткені ол сендерге қуаныш пен бақыт әкеледі. Әрқашан бақытты болыңдар! Енді көздеріңді ашыңдар.
Оқушылар пікірін тыңдау: Не көрдіңдер? Не сезіндіңдер? Не ұнады?
VII. Жаңа ақпарат.
Оқулықта берілген сөйлеу мәдениеті, әдепті сөйлеу, шешен сөйлеу, астарлап сөйлеу туралы түсіндіру.
VIII. Дәйексөз: «Құнды сөз – құнарлы ойдан шығады» деген Л.Н.Толстойдың нақыл сөзін талдау. Оқушылар пікірін тыңдау.
Қорытындылау: Әрбір айтар сөзіңнің мәнді, мағыналы, терең ойлы болуына назар аударып, әр нәрсені ойланып, ақылмен түюді, ұтымды сөз айтуды әдетке айналдырған жөн. «Жақсы сөз-жарым ырыс» деген қазақта мақал текке айтылмаса керек. Әрбір айтар жақсы сөзі адамның ырыс берекесі болып қайтарылатынын естен шығармаған абзал.
Әдепті сөздерді қолданып, шешен сөйлеу, астарлап сөйлеу бәрі де тек терең ойлы, ақыл-парасаты биік адам ғана қолданатын сөйлеу мәнері.
IX. Жаңа ақпарат
Адами қарым – қатынастағы игі әрекеттердің бірі-тіл табысу мен өзара түсінісу болып табылады.Қолдан келгенше кикілжіңді болдырмауға әрекеттенген жөн. тіл табысудың басты кілті болып – кешірім сұрау табылады.
Басқа адамды түсіну оңай емес. Сондықтан біздің өмірде шиеленіскен кикілжіңді болады.Кикілжіңнің себебі, соқыр сенімдер, өзгертілген ақпарат, қызығушылықтардың келіспеуіболатындығын естен шығармаңыздар.Қандай шиеленіскен жағдайлар болмасын, эмоцияға беріліп, қызулықпен іс-әрекет етпеңіздер.Ашуланып тұрған кезде жоғалған қарым-қатынастарыңыз кейін қалпына келмеуі мүмкін.Естеріңізде болсын, кикілжіңді сәтті шешу дегеніміз – бұл жеңілгендер де, ренжігендер де болмайтын, кикілжіңге қатысушылардың бәрі жеңімпаз болатын шешім табу.
Өмірде адамның ашулану, ызалану сезімін тудыратын әр түрлі жағдаяттар болып жатады. Сол жағдаяттар өзара адами қарым-қатынастың бұзылуына әкеліп соғады. Оларды мәдениет тұрғысынан шешкен дұрыс. Яғни, ашуды – ақылға жеңдіре білген адам кез – келген кикілжіңдерден аулақ болады.
X. Назар аударыңыз: Оқулықтағы Д. Мамырбаеваның «Кешірім қалай сұралуы керек?» атты мәтінін оқушыларға оқып, естерінде ұстауды тапсыру.
XI. Мәтінмен жұмыс: Оқулықтағы Ұ. Асыловтың «Алдын – ала ойлану – асыл қасиет» атты мәтінін оқушылар кезекпен оқып, талдайды.
Сұрақ: Сөздің адам жанын жылытатынын сезінген кездерің болды ма?
Оқушылар пікірін тыңдау. Ой қорыту.
XII. Шығармашылық жұмыс: «Қарым – қатынастың адам өміріндегі маңызы» тақырыбында коллаж. Оқушылар 2 топ плакатқа өз ойларын суретпен бейнелеп, қорғайды.
XIII. Мағынаны ашу: Сабақ барысында қолданылған сөздердің мағынасын ашу.
Әр топтан 3 оқушыдан 6 оқушы шығып, ұяшық таңдайды. Сөздің мағынасын күнделікті өмірден мысал келтіре отырып, кеңірек түсіндіреді.
XIV. Жүректен жүрекке: Оқушылар бір-біріне жақсы тілектер жазып, жүрекшелерін сыйлайды.
Күні:
Сабақ тақырыбы: Махаббат—өмір өзегі. 9 сынып (33-34 сабақтар)
Мақсаты: оқушылардың сүйіспеншілік, махаббат туралы түсініктерін
кеңейту.
Міндеттері:
өмірдің бар жақсылығының негізі махаббат сүйіспеншілік екендігін түсіндіру;
адамды, Отанды, өмірді сүйе білу іскерліктерін дамыту;
сүйіспеншілікті, махаббатты бағалай білуге тәрбиелеу.
Шаттық шеңбері
Оқушылар жылы сезімге бой алдырып, жарқын көңіл күйге түсу үшін мұғалім мейіріммен шаттық шеңберіне шақырады. Балалар шеңбер құрып интерактивті тақтада жазылған өлең жолдарын бірлесіп оқиды.
Бәрінің бастауы – Махаббат!
Жанына нұр сепкен шапағат.
Еңбектің рақатын сездірген,
Гүлдерге құлпыртып түр берген.
Сәбидің шырағын жандырған,
Бұлағы- мейірін қандырған.
Шуағы жылытқан жүректі,
Жаңғыртып айтамын қайталап,
Бәрінің бастауы – Махаббат.
Бәрінің бастауы – Махаббат!
Махаббат! Мен оны айнытпай білемін.
Бәрі де, ал тіпті жек көру тілегін-
Өзіңмен бір туған қандастай,
Махаббат нұрына бөледі жүрегің.
Көктем кеп: «Өмір сүр...» дегенде,
Тербелдің Махаббат-кемеңде.
Керілдің көк тіреп иығың.
Махаббат нұрынаң бастау ап жөнелдің.
Бәрінің бастауы – Махаббат!
Ойланайық, пікірлесейік
Махаббат неліктен құдіретті де қасиетті ұғым?
«Ғашықтық» және «Құштарлық» ұғымдарының мәнін қалай түсінесіз?
Ұл мен қыз арасында қандай сезім болады?Бір көргеннен ғашық болу мүмкін бе?
Махаббаттың сыйластық пен достыққа қандай байланыс бар?
«Бәрінің бастауы – Махаббат» дегенді қалай түсінесіз?
Мұғалім интерактивті тақтада көрсетілген төмендегі пікірлерге тоқталып өтеді.
Көптеген адамдар бақытты махаббтпен бірге көреді. Махаббат жолында бүкіл өмірін, байлығын, мансабын сарп еткендер аз емес.Осы жерде қазақтың батырлық жырлары мен лиро- эпостарының кейіпкерлерін еске түсірейікші. Қыз Құртқа үщін Қобыланды, Гүлбаршын үшін Алпамыс, Қыз Жібек үшін Төлеген, Баян сұлу үшін Қозы Көрпеш өмірлерін қиюға дайын еді.
Махаббат үшін аңызға татитын адамды таң қылдыратын әрекеттерге баратындар барлық кезендерде де, барлық елдерде аз болмаған.
Шын ғашық адамдар үшін құйылып жатқан байлығың да, асып тұрған мансабын да қажетсіз болып қалуы әбден мүмкін. Сондықтан жас адамдар арасында болатын махаббат деген асыл сезімге адал және оны қадірлей, қастерлей білу керек.
Оқулықта берілген І. Есенберлиннің «Алтын кұс» романынан үзінді оқып, талдау ұсынылады.
Тыныштық сәті.
Баяу музыка ойналып тұрады.
Мұғалімнің сөзі:
- Балалар,денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздерінді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.
Ал енді көздеріңді ашыңдар.
Шығармашылық жұмыс
(дәптерге орындалады)
«Махаббатсыз дүние бос...» тақырыбына зерттеу, талдау жасаңыз.
(Интерактивті тақтада тапсырмалар жазылып тұрады)
кезең. «Махаббат» ұғымының мәнін анықтау.
кезең Ұқсас ұғымдарды іріктеу:
кезең Қарсы ұғымдарды іріктеу:
кезең. Ұғымның адам өміріндегі мәнін анықтау үшін сұрақтар:
Махаббаттың құндылығы неде?
Оның ғашықтық, сүйіспеншілік, құштарлық ұғымдарымен қандай байланысы бар?
Адамға махаббат қаншалықты қажет?
Адамда махаббат сезімі болмаса, не болар еді?
Махаббат адамға қандай артықшылық береді?
Махаббат адам бойында жақсы қасиеттердің қалыптасуына көмектесе ала ма?
кезең Махаббаттың кемшіліктерін анықтау.
Махаббатта кемшіліктер бола ма?
Махаббат әрқашан да жақсылық әкеле ме?
Адам өз махаббатынан зиян шеге ме?
Махаббат қай уақытта жағымсыз қасиетке айналады?
6-кезең. Ұғымды өз ойыңмен тұжырымдау:
7 – кезең. Қорытынды:
Назар аударыңыз.
Махаббат әр адамға тән. Адам мен жануардың айырмашылығы сонда. Сондықтан осы махаббат драмасында бәріміз де актерміз.
Яғни махаббат – бізге табиғат берген сый.
Өкінішке орай, қазір мұндай махаббат ұмытылған. Адам өз міндеттерін,өз рөлін ұмытып кетеді. Бұл драмада әркім өз рөлін жақсы ойнауы тиіс. Егер ойнай алмаса, өз беделін құрметін жоғалтады. Олай болса, әркім осы махаббатты көрсетуге тиіс.
Оқушылар үйден дайындап келген ананың балаға деген махаббаты,Отанға деген махаббат, екі жастың арасындағы махаббат туралы аңыз- әңгімелерің айтып ой бөліседі
Жаңа ақпарат.
Адами қасиеттер – өзін-өзі қинау, махаббат, мейірімділік, жомарттық, өзгенің жанын түсінушілік, ешкімге қорлық көрсетпеу.
Тәкаппарлық, қызғаншақтық, өз қамын ойлаушылық адамды алысқа
апармайды
Өткен мен болашақ туралы ойлау- уақыт жоғалту. Өткен өтті, ауыр сөзге кектенбеңіз. Мұның бәрін ұмытыңыз. Амандасқанда өзгеге тілер саулығыңыз шын жүректен шықсын. Сонда барлық әлем сіздің жаныңызда болады. Ал адам бойындағы мейірімділік, сағыныш, қамқорлық, сенім, сыйластық,қадірлеу т.б. көптеген асыл қасиеттер – махаббаттан бастау алады.
Әр адам өзінше ынтызар, өзінше ғашық. Әркім махаббатта өзінше бақытты, өзінше бақытсыз. Әр адам өзінше сүйеді. Сүйе біледі. Сүйікті бола біледі. Сондықтан сүйіспеншіліктің ең дұрысы, ең қолдау табатын- адамның жүрегін жанды күйінде ұстап тұратын сарқырама іспеттес махабат. Мұндай махаббат- сәулесі еш өшпейтін күн сияқты.
Дәптермен жұмыс.
Оқушы дәптерінде оқушыға арналып, « Мен бүгін» айдарымен берілген әр сабаққа арналған аффирмациялардың өзіне ұнаған біреуін таңдап алуды ұсынады. Оны талдау немесе өз ойын білдіруді оқушының өз еркіәне қалдыруға болады.
Жүректен жүрекке
Сабақты қорытындылау мақсатында оқушылар мұғаліммен бірге шеңберге тұрып, интерактивті тақтада көрсетілген төмендегі ой-пікірді мұғалім өзі оқиды, өлең жолдарын бір-бір жолдан оқушылар, соңғы жолын барлығы қосылып оқиды.
Махаббат шуағына бөлену- адам жанын бақыт шыңына бастайды. Ол алтынмен, жұқатпен, інжу-маржанмен өлшенбейді. Ол – шуақты да шұғылалы,нәзік те көркем, асқақ та арайлы, тіл жеткісіз ғажайып сезім...
Махаббат – аппақ таң, ағарып атады,
Махаббат – нәзік гүл, үзбеңдер
Махаббат жүректің түбінде жатады,
Сүрінбей ерінбей іздеңдер.
Махаббат – тау суы мөп- мөлдір,
Талайлар аңсаумен шөлдейтін
Махаббат- алау от көгілдір,
Мәңгілік жалыны сөңбейтін.
Барлығы Қ.Қазыбековтың сөзіне жзылған М. Омаровтың «Алғашқы махаббат» әнін үнтаспаға қосылып айтады.
(Сөзі интерактивті тақтадан көрсетіледі)
Алғашқы махабабат.
Сөзін жазған Қ.Қазыбеков
Әнін жазған М.Омаров
1. Өртенген сезімді
Қалайша өшірем?
Балалық кезімді
Қалайша кешірем?
Қалайша кешірем?
Кешірім
Қайырмасы
Алғашқы махаббат
Жүректі тербейді
Мәңгілік бақ құсым
Қоштасқым келмейді
Қоштасқым келмейді
2. Өмірдің пәктігін
Жаныма сыйлаған
Кештерді қайтейін
Кетуге қимаған
Кетуге қимаған
Қимаған
Қайырмасы
3.Айтпаған әнімді
Кімге мен арнаймын
Үмітім үзілсе
Қайтіп мен жалғаймын
Қайтып мен жалғаймын
Жалғаймын