Сабақ үлгісі:
Педагогикалық шеберхана
Әдебиеттік оқу
3-сынып
Сабақ тақырыбы:. «Біздің қыс». Бақылау арқылы шығарма жазуға үйрену.
Сабақ мақсаты:
Шығарма жазу арқылы тақырып төңірегінде түсініктерін кеңейту,
сипаттау мәтінін құрастыра білу дағдыларын, тілін, тіл байлығын, жазбаша сауатты жаза білуін, шығармашылығын дамыту, есте сақтауын, ой-өрісін, байқағыштығын дамыту, табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеу
Дайындық жұмысы:
-Осы сабаққа дейін оқушылар қысқы даладағы өзгерісреді бақылап, байқап дәптерлеріне жазып жүруі тапсырылады, ана тілі сабақтарында сол сөздермен сөз тіркестері, сөйлемдер құрастырылып жинақталып отырады. Оқушылар 3 бағанға жазады:
1-баған: Зат есімдерді
2-баған: Сын есімдерді
3-баған: Етістіктерді
-Мұғалім көмегімен осы сөздермен сөз тіркестері, көркем сөз оралымдары құрастырылып жазылып отырады.
Сабақ барысы:
І Индуктор:
1. Музыка ойналады:
-Жыл мезгілдеріне байланысты музыка ойналады.
ә) «Қыс» А.Құнанбайұлының өлеңі мәнерлеп оқылады.
-Осы өлеңді тыңдаған кезде жан дүниемізде қандай көңіл күй орнайды ?
-Әр адамға қыс мезгілінің ұнауының әртүрлі себептері бар, біреулер оны қатты қақаған суғы үшін ұнатса, бірелулер ақ ұлпа қары үшін, енді біреулер аязы үшін, тағы біреулері бораны үшін (және т.б. үшін) ұнатады екен. Ал сендер не үшін ұнатасыңдар , қыс дегеніміз қандай өзі ?
ІІ Социоконструкция
а) Оқушылардың ойлары тыңдалады, оқушылар өз ойларын сөйлеммен жазады, сабақтан тыс уақытта жазған сөйлемдері мен сөз тіркестерін пайдаланады.
ә) Бір –бірінің жазған ойларын тыңдату.
-Бір-біріңді тыңдай отыра, ұнаған тұстарын жазып алып, өздеріңді толықтырып отырыңдар.
б) Музыка тыңдау:
-П.И.Чайковскийдің «Жыл мезгілдері » шығармасын тыңдай отыра, қандай әсер алдыңдар ?
-Өз ойларыңды ортаға салыңдаршы (оқушыларға алған әсерлерін көркем сөздермен баяндау ұсынылады)
-Осы сөйлемдерден өздеріңе ерекше ұнағандарын дәптерлеріңе жазып қойыңдар.
в) Сурет галереясына саяхат:
-Суретшілердің суреттерін тамашалау:
-Суретшілер өз ойларын қалай бейнелеген ?
-Әр топ бір суреттен таңдап алып, сол бойынша хабарлама дайындайды:
-Суретші қандай қысты бейнелеген ?
1.Б.Бируля «Алғашқы қар»
2. И.Семенович-Дьмухайло «Қысқы таң»
3. В.Гаврилов «Қысқы кеш»
4. Кузьмарь «Қысқы аллея»
г) Презентациялау:
-Әр топ жазған жұмыстарын мына тақырыптар төңірегінде қорытындылайды:
-Өз жазған әңгімелерің қай тақырып төңірегінде
1. «Біздің қыс»
2. «Көңілді қыс»
3. «Біздің қысқы кеш»
4. «Біздің қысқы таң»
ғ) Социоконструкциялау:
-өз хабарламаларыңды басқа топтар алдында қорғаңдар, өз ойларыңды толықтырып отырыңдар, ұнаған сөйлемдеріңнің астын сызып қойыңдар.
д) Шығарма жазу
-жинақтаған мәліметтерді қолдану
е) Афиширование:Ортаға шығу.
-өздерінің жазған шығармаларымен таныстырулары, яғни оқығысы келген оқушыларға оқыту.
ІІІ Рефлексия:
-Сабақта қыс мезгілі туралы қандай әсер алдыңдар?
-Алған әсерлеріңді қандай түстермен белгілер едіңдер?
(түстермен белгілеу-оқушылар алған әсерлерін түсті қазағдармен белгілеп жапсырады, түсініктеме береді)