СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

ПЕДАГОГ ?ЫЗМЕТКЕРЛЕР МЕН ОЛАР?А ТЕ?ЕСТІРІЛГЕН Т?Л?АЛАРДЫ? ЛАУАЗЫМДАРЫНЫ? ?ЛГІЛІК БІЛІКТІЛІК СИПАТТАМАЛАРЫН БЕКІТУ

Категория: Информатика

Нажмите, чтобы узнать подробности

ПЕДАГОГ ?ЫЗМЕТКЕРЛЕР МЕН ОЛАР?А ТЕ?ЕСТІРІЛГЕН Т?Л?АЛАРДЫ? ЛАУАЗЫМДАРЫНЫ? ?ЛГІЛІК БІЛІКТІЛІК СИПАТТАМАЛАРЫН БЕКІТУ ТУРАЛЫ

?аза?стан Республикасы Білім ж?не ?ылым министріні? 2009 жыл?ы 13 шілдедегі N 338 Б?йры?ы. ?аза?стан Республикасыны? ?ділет министрлігінде 2009 жыл?ы 17 тамызда Нормативтік ???ы?ты? кесімдерді мемлекеттік тіркеуді? тізіліміне N 5750 болып енгізілді.

Просмотр содержимого документа
«ПЕДАГОГ ?ЫЗМЕТКЕРЛЕР МЕН ОЛАР?А ТЕ?ЕСТІРІЛГЕН Т?Л?АЛАРДЫ? ЛАУАЗЫМДАРЫНЫ? ?ЛГІЛІК БІЛІКТІЛІК СИПАТТАМАЛАРЫН БЕКІТУ»













ПЕДАГОГ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР МЕН

ОЛАРҒА ТЕҢЕСТІРІЛГЕН ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ЛАУАЗЫМДАРЫНЫҢ ҮЛГІЛІК БІЛІКТІЛІК СИПАТТАМАЛАРЫН БЕКІТУ ТУРАЛЫ



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің

2009 жылғы 13 шілдедегі N 338 Бұйрығы.

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде

2009 жылғы 17 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді

мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5750 болып енгізілді.

































Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі N 338 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 17 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5750 болып енгізілді.

 

 

       "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 34) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары бекітілсін.
      2. Орта білім департаменті (М.Т. Санатова) белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
      3. Орта (М.Т. Санатова), техникалық және кәсіптік (Қ.Қ. Бөрібеков), жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім (С.М. Өмірбаев) департаменттері осы бұйрықты облыстық, Астана және Алматы қалалары білім басқармаларының, республикалық ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарының, жоғары оқу орындарының назарына жеткізсін.
      4. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің:
      1) "Педагог қызметкерлердің және оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының үлгі біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" 2008 жылғы 12 ақпандағы N 61 бұйрығының (N 5168 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, 2009 жылғы 11 ақпандағы N 21 "Юридическая газета" газетінде жарияланған);
      2) "Педагог қызметкерлердің және оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының үлгі біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 12 ақпандағы N 61 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" 2009 жылғы 20 наурыздағы N 128 бұйрығының (N 5615 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр К.Н. Шәмшидиноваға жүктелсін.
      6. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілді.

      Министр                                           Ж. Түймебав

   



























  "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасы
      Еңбек және халықты
      әлеуметтік қорғау министрі
      __________ Г. Әбдіқалықова
      2009 жылғы 07 тамыз

Қазақстан Республикасы  
Білім және ғылым министрінің
2009 жылғы 13 шілдедегі 
N 338 бұйрығымен бекітілген

Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары

1. Жалпы ережелер

      1. Білім беру ұйымдары қызметкерлерінің лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамасы (бұдан әрі - Сипаттама) мыналарға негіз болады:
      құрылымдық бөлімшелер туралы олардың білім беру ұйымдарындағы орны мен рөлін анықтайтын ережелер жасау;
      қызметкерлердің міндеттерін, құқықтары мен жауапкершіліктерін белгілейтін лауазымдық нұсқаулықтар әзірлеу;
      кадрларды іріктеу мен орналастыру, оларды пайдаланудың дұрыстығына бақылау жүргізу;
      білім беру ұйымдарының қызметкерлерін аттестаттаудан өткізу.
      2. Білім беру ұйымдарының штат кестесінде қызметкерлер лауазымының атаулары осы Сипаттамада көрсетілген лауазымдық атауларға сәйкес келуі қажет.
      3. Әрбір лауазымға берілген Сипаттама үш бөлімнен: "Лауазымдық міндеттері", "Білуге міндетті" және "Біліктілікке қойылатын талаптар" бөлімдерінен тұрады. "Лауазымдық міндеттері" бөлімі қызметкерлердің ұтымды мамандануын қамтамасыз ететін жұмыстардың технологиялық біртектілігін және өзара байланыстылығын ескере отырып осы лауазымды атқаратын қызметкерге толық не жартылай тапсырылатын негізгі жұмыстарды қамтиды.
      "Білуге міндетті" бөлімі қызметкерге арнайы білімге қатысты, сондай-ақ заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерді, ережелерді, нұсқаулықтарды, тағы басқа материалдарды білуі бойынша қойылатын негізгі талаптарды, қызметкер лауазымдық міндеттерін орындау кезінде қолдана алуға тиіс әдістер мен құралдарды қамтиды.
      "Біліктілікке қойылатын талаптар" бөлімі қызметкердің көзделген міндеттерді орындауға қажетті қызметкердің кәсіби даярлық деңгейі мен жұмыс өтіліне қойылатын талаптарын айқындайды.
      4. Мамандардың, оның ішінде бас мамандардың (бас есепші, бас инженер, бухгалтер, инженер, экономист және тағы басқалар) лауазымдары бойынша біліктілік сипаттамасы көрсетілмеген, себебі, олардың лауазымдық міндеттемелері мен білімге деген талаптары заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген қызметтің барлық саласына арналған жалпы біліктілік сипаттамасының негізінде айқындалады.
      5. Басшылар, педагог қызметкерлер және оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санатын білім беруді басқару органы белгілейді.
      6. Сипаттамалар ішкі ұйымдастыру-үйлестіру құжаттарын әзірлеуге негіз болып табылады: өндірісті, еңбекті және басқаруды ұйымдастырудың ерекшеліктерін, сондай-ақ олардың құқықтары мен жауапкершіліктерін ескере отырып, қызметкерлердің лауазымдық міндеттерінің нақты тізбесін қамтитын лауазымдық нұсқаулығы.
      Біліктілік сипаттамаларында әрбір лауазымға неғұрлым тән келетін жұмыстар түрлері берілген. Сондықтан лауазымдық нұсқаулықтарды әзірлеу кезінде нақты ұйымдық-техникалық жағдайдағы тиісті лауазымға тән жұмыстар тізбесін нақтылауға болады және қызметкерлердің арнайы даярлығына қажетті талаптар белгіленеді.

Білім беру ұйымының директоры
(бастауыш, негізгі орта және жалпы орта)

      Лауазымдық міндеттері: Білім беру ұйымының қызметін оның жарғысына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес басқарады. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын педагогикалық және әдістемелік кеңеспен бірлесе отырып іске асыруды ұйымдастырады. Жұмыс жоспарын, бағдарламалар мен жұмыс жоспарларын бекітеді. Бекітілген учаскедегі балаларды жалпыға міндетті оқытумен қамтамасыз ету заңына сәйкес жалпыға міндетті оқытумен қамтамасыз етеді. Оқу-тәрбие процесін ғылыми-әдістемелік және материалдық-техникалық базасын ұйымдастырады және жетілдіреді. Оқу-тәрбие процесін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады және жетілдіреді. Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың дамуын қамтамасыз етеді. Педагогикалық ұйымдар, әдістемелік бірлестіктер, балалар ұйымдары қызметіне ықпал етеді. Білім беру құқығы лицензиясына сәйкес оқушылар, тәрбиеленушілер контингентін қалыптастырады, оқушылар мен тәрбиеленушілерді әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді. Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың арасынан шыққан тәрбиеленушілердің заңды құқығы мен мүдделерін (жеке, мүліктік, баспаналық, еңбек және басқа да) қорғайды, олардың туысқандық байланысын қолдай отырып, оларға жағдай жасайды.
      Тәрбиеленушілер мен білім алушыларды асырап бағу үшін белгіленген мөлшерден кем емес жағдаймен қамтамасыз етеді. Оқу-тәрбие процесі кезінде білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) және білім беру ұйымы қызметкерлерінің өмір қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтауға қажетті жағдай жасайды. Оқушыларды қорғау және олардың денсаулығын нығайту мақсатында тамақтану және медициналық қызмет көрсету жұмысын ұйымдастырады және оған бақылау жүргізеді. Белгіленген заңнама шегінде білім беру ұйымының мүлкі мен құралдарына басшылық етеді, жыл сайын құрылтайшылардың қаржылық және материалдық қаражаттың түсуі және жұмсалуы туралы есебін береді.
      Нормативтік талаптарға сәйкес есеп жүргізіп, оқу-материалдық базаның сақталуын және толықтырылуын қамтамасыз етеді, ішкі еңбек тәртібі ережесін, санитарлық-гигиеналық режимді, еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау үшін жауап береді.
      Педагог кадрларды және қосымша қызметшілерді іріктеуді және жұмысқа тартуды жүзеге асырады, басқару құрылымын, қызметкерлердің штаттық кестесін, лауазымдық нұсқаулығын бекітеді, олардың кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасайды. Педагогикалық кеңесті басқарады. Белгіленген тәртіп бойынша қызметкерлерді аттестаттауды жүргізеді. Қызмет барысында айрықша көзге түскен оқытушылар мен білім беру ұйымдарының қызметкерлерін өзінің құзыретіне қарай марапаттауға және көтермелеуге ұсынады және өз құзыретінің аясында жаза белгілейді.
      Жұртшылықпен, ата-аналармен (немесе оларды алмастырушылармен) байланысты жүзеге асырады. Мемлекеттік және басқа да ұйымдарда білім беру ұйымын танытады, қажетті есеп құжаттарын дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді.
      Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы", "Неке және отбасы туралы", "Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы", "Арнайы әлеуметтік қызмет туралы", "Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы" Заңдарын және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді; педагогика мен психология негіздерін; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын; педагогиканы, педагогикалық психологияны, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін; менеджмент негіздерін, қаржы-шаруашылық қызмет туралы заңнамаларды; еңбек туралы, еңбекті қорғаудың, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын;санитарлық ережелер мен нормаларды.
      Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және білім беру ұйымдарындағы педагогикалық жұмыс өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс.

Білім беру ұйымы директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары
(бастауыш, негізгі орта және жалпы орта)

      Лауазымдық міндеттері: Білім беру ұйымының қызметін перспективалық болжауды және ағымдағы жоспарлауды ұйымдастырады. Оқу-тәрбие процесінің, ғылыми-әдістемелік және әлеуметтік психологиялық қамтамасыз етілу жағдайын талдайды. Педагогтердің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, жалпы білім беретін оқу бағдарламалары мен жоспарларының орындалуын, сондай-ақ қажетті оқу, оқу-тәрбие, оқу-әдістемелік құжаттамаларды әзірлеу жұмыстарын үйлестіреді. Білім беру процесінің сапасына және жалпы білім беру стандарттарының шеңберінде білімді меңгеру нәтижесінің объективтілігіне бақылау жасайды.
      Оқу-тәрбие процесінің ұйымдастырылуын, оқу процесіне қазіргі заманғы жаңа технологияның енгізілуін қамтамасыз етеді. Білім алушыларға ағымдағы және қорытынды аттестаттау, мемлекеттік аралық бақылау және тестілеу өткізуді ұйымдастыру жұмыстарын жүргізеді. Білім алушылардың оқу жүктемесіне бақылау жасап, сабақтардың кестесін және басқа да оқу қызметінің түрлерін құрады.
      Білім беру ұйымдарының оқу процесін жетілдіру мақсатында, пәндік әдістемелік бірлестіктер және эксперименттік жұмыстарын үйлестіруді жүзеге асырады, оқу-тәрбие процесін ғылыми-әдістемелік және әлеуметтік-психологиялық қамтамасыз етуді ұйымдастырады.
      Эксперименттік жұмыстардың нәтижелерін қорытындылайды және талдау жасайды. Педагогтердің анағұрлым нәтижелі тәжірибелерін тарату бойынша шаралар қабылдайды. Педагог кадрларды іріктеуге және орналастыруға қатысады. Педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру және аттестаттауды өткізу бойынша жұмыстарды ұйымдастырады.
      Оқу зертханалары мен кабинеттерін қазіргі заманғы жабдықтармен, көрнекі құралдармен және техникалық оқыту құралдарымен жарақтандыру, әдістемелік кабинеттер мен кітапханаларды оқу-әдістемелік және көркем әдебиеттермен толтыру жұмыстарын жоспарлайды. Оқу-тәрбие процесінде пайдаланылатын жабдықтардың, приборлардың, техникалық және көрнекі құралдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
      Білім алушыларға медициналық қызмет көрсету жағдайына бақылау жасайды. Белгіленген есеп құжаттамасының сапалы және уақытылы жасалуын қамтамасыз етеді.
      Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы", "Неке және отбасы туралы", "Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы", "Арнайы әлеуметтік қызмет туралы", "Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы" Заңдарын және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді; педагогика мен психология негіздерін; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын; педагогиканы, педагогикалық психологияны, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін; еңбек туралы, қаржы-шаруашылық қызмет туралы заңнамаларды, еңбекті қорғаудың, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын; санитарлық ережелер мен нормаларды.
      Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім, педагогикалық жұмыс өтілі 3 жылдан кем болмауы тиіс.

Білім беру ұйымы директорының бейінді оқыту жөніндегі
орынбасары
(бастауыш, негізгі орта және жалпы орта)

      Лауазымдық міндеттері: Оқушыларды бейінді оқыту жүйесін іске асыру жоспарын әзірлейді. Бейінді оқытуды қолданбалы және элективті курстардың бағдарламаларын әдістемелік-бағдарламалық қолдауды қамтамасыз етеді. Жоғары (бейінді) сыныптарды жинақтау үшін объективті негіз ретінде негізгі мектепті бітірушінің қорытынды білім беру рейтингісін жасайды. Бейінді оқыту, әр түрлі деңгейлі бағдарламарды енгізу бойынша білім беру ұйымдарының қызметін перспективалық болжауды және ағымдағы жоспарлауды ұйымдастырады. Педагог қызметкерлердің кәсіби шеберлігін және біліктілігін арттыру мақсатында педагогикалық ұжымның қызметін алдыңғы қатарлы педагогикалық озық іс-тәжірибені тарату бойынша, оқушыларды диагностикалау жүйесін, бейінді оқыту шеңберінде оқушылар мен ата-аналарға кеңес беру мазмұнын әзірлеуде, мұғалімдердің әдістемелік бірлестігінің жұмысын ұйымдастыруға инновациялық технологияларды ұйымдастыру және сынау бойынша үйлестіреді.
      Түрлі деңгейдегі білім беру бағдарламаларын таңдау мүмкіндігін, "мектеп-жоо", "мектеп-колледж-жоо" үздіксіз білім беру жүйесіндегі оқу жоспарлары бойынша оқытуды, ғылымды зерделеуге кәсіби қабілеттілікті ашуды, әрі қарай білім алу бейінін таңдау мақсатында пәндерді терең меңгеру үшін түрлі циклдерді өзіндік таңдауды қамтамасыз етеді. Жоғары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарымен бірігіп, кәсіби бағдарлау жұмысын жүргізеді.
      Есеп құжаттамаларының белгіленген тәртіпте сапалы және уақытылы жасалуын, оның дұрыстығын және берілуін қамтамасыз етеді.
      Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Заңдарын және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді, педагогика мен психология негіздерін; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын; педагогиканы, педагогикалық психологияны, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін; экономика негіздерін; қаржы-шаруашылық қызмет туралы заңнамаларды; еңбек туралы, еңбекті қорғаудың, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын; санитарлық ережелер мен нормаларды.
      Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім, педагогикалық жұмыс өтілінің 3 жылдан кем болмауы тиіс.

Білім беру ұйымы директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
(бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім)

      Лауазымдық міндеттері: Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруды, оқушыларды тәрбиелеу бағдарламаларын жасауды, оларды іске асыру бойынша жаңа тәсілдерді қамтамасыз етеді. Тәрбиелеу процесінің проблемаларына, тәрбие жұмысының нәтижелеріне, тәрбие жұмыстары саласындағы жағдайлар мен перспективалық мүмкіндіктерге талдау жасайды. Тәрбие жұмысының ағымдағы және перспективалық жоспарлауын ұйымдастырады. Аға-жетекшілер, ұзартылған күн тобының тәрбиешілері (ҰКТ), сынып жетекшілері дене тәрбиесі-сауықтыру және көркемдік-эстетикалық циклдің қосымша білім беру педагогтері қызметін жоспарлауды және бақылауды жүзеге асырады. Тәрбие жұмысы жөніндегі, мәдени-тәрбие шараларды дайындау және өткізу жөніндегі қажетті әдістемелік құжаттамаларды әзірлеу бойынша жұмысты үйлестіреді; педагогикалық қызметкерлер өткізетін тәрбие процесін қамту мен өткізу сапасына жүйелі бақылауды жүзеге асырады. Девиантты мінез-құлықты балалармен жеке тәрбие жұмысына бақылауды жүзеге асырады. Педагогикалық кадрларды іріктеуде және орналастыруда қатысады, тәрбиелік жұмыстармен айналысатын педагог қызметкерлердің біліктілігін және кәсіби шеберлігін арттыруды ұйымдастырады. Жұртшылық және құқық қорғау органдары, ата-аналар, білім беру ұйымының ата-аналар комитеті өкілдерімен тәрбиелеу үрдісін қамтамасыз ететін оқу орнының әкімшілік, қызметтер мен бөлімшелер өкілдерінің өзара іс-қимылын үйлестіреді. Оқушыларға медициналық қызмет көрсету жағдайына бақылауды жүзеге асырады. Тәрбиелеу процесінде қолданылатын құралдар, техникалық және көрнекілік құралдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
      Белгіленген тәртіпте есеп құжаттамаларының сапалы және уақтылы жасалуын, анықтығы мен тапсырылуын қамтамасыз етеді.
      Білуі тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы", "Неке және отбасы туралы", "Арнайы әлеуметтік қызметтер туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы", "Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы" заңдарын және білім берудің даму бағыттары мен перспективаларын айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді; педагогика, психология негіздерін; жалпыға міндетті білім беру стандартын; педагогиканы, педагогикалық психологияны, педагогикалық ғылымның және практиканың жетістіктерін, экономика негіздерін, қаржы-шаруашылық қызметтері туралы заңнамаларды, еңбек, еңбекті қорғау, техникалық қауіпсіздік және өртке қарсы қорғау нормалары мен ережелерін, санитарлық нормалар мен ережелерді.
      Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім, педагогикалық лауазымындағы еңбек өтілі 3 жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы тиіс.

Білім беру ұйымы директорының балаларды әлеуметтік қорғау ісі
жөніндегі орынбасары
(бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім)

      Лауазымдық міндеттері: Білім беру ұйымдарында және тұрғылықты орындары бойынша білім алушыларды, тәрбиеленушілерді, балаларды тәрбиелеу, оларға білім беру, тұлғалық дамыту және әлеуметтік қорғау жөніндегі іс-шаралар кешенін жүзеге асырады. Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің, балалардың тұлғалық әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерін, олардың өмір сүру жағдайын зерделейді. Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің, балалардың қызығушылықтары мен қажеттіліктерін, қиындықтары мен проблемаларын анықтап, оларға уақтылы әлеуметтік көмек және қолдау көрсетеді.
      Кәмелетке толмағандардың әлеуметтік қорғалуын, мүліктік және мүліктік емес құқықтарын қамтамасыз етеді. Білім алушылар мен тәрбиеленушілерді әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша сынып жетекшілері мен тәрбиешілердің жұмыстарын үйлестіреді және жоспарлайды. Ата-аналар комитетімен, қамқоршылық кеңесімен өзара әрекеттестікті қамтамасыз етеді. Оқушыларға уақытылы әлеуметтік көмек және қолдау көрсету мақсатында олардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайына талдау жасайды. Өткізіліп жатқан жобалар мен бағдарламалардың салдарларын болжайды.
      Балаларды әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша сынып жетекшілерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру жөніндегі іс-шаралардың орындалуын ұйымдастырады.
      Әлеуметтік қорғалмаған отбасы балаларын, жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды жәрдемақымен және зейнетақымен қамтамасыз етуге бақылауды жүзеге асырады.
      Мектеп бітірушілерінің жұмысқа тұру мәселелері бойынша бақылауды қамтамасыз етеді. Жетімдер мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған білім алушылар мен тәрбиеленушілер үшін оқулықтар, тегін ыстық тамақ беруді ұйымдастыру жұмыстарын қамтамасыз етеді және үйлестіреді.
      Белгіленген тәртіпте есеп құжаттамаларының сапалы және уақытылы жасалуын, анықтығы мен тапсырылуын қамтамасыз етеді.
      Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы", "Неке және отбасы туралы", "Арнайы әлеуметтік қызметтер туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы", "Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы" Заңдарын және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді, педагогика мен психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын педагогиканы, педагогикалық психологияны, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін, экономика негіздерін, еңбек туралы, қаржы-шаруашылық қызмет туралы заңнамаларды, еңбекті қорғаудың, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын; санитарлық ережелер мен нормаларды.
      Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және педагогикалық жұмыс өтілі немесе білім беру ұйымдарында басшы лауазымында 5 жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы тиіс.

Оқу кабинетінің меңгерушісі

      Лауазымдық міндеттері: Біліктілікті арттыру (БА) курстарын ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады және білім беру ұйымдары кадрларын курстық қайта даярлау мониторингісін жүзеге асырады. Курстар мен семинарларда білім беру ұйымдарының мұғалімдері мен басқа да қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша оқу жоспарлары мен басқа да қажетті оқу-әдістемелік құжаттамаларды уақытылы әзірлеуді қамтамасыз етеді. Әдістемелік жұмыстың жай-күйіне талдау жасайды, оның тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлейді. Білім беру ұйымдарының педагогтері мен басшыларының тәжірибелерін, тәжірибелік-эксперименттік жұмыстарының нәтижелерін зерделеуді, талдауды және таратуды ұйымдастырады.
      Қажетті құжаттарды дайындайды және педагогикалық оқу, конкурс, байқау, слет, олимпиада, көрме өткізуге қатысады. Авторларға оқулықтарды және оқу-әдістемелік кешендерді сынақтан өткізуге көмек көрсетеді. Мұғалімдер мен оқытушылардың курсаралық даярлығын қамтамасыз етеді. Білім беру ұйымдарының оқу-тәрбиелік, әдістемелік және басқару қызметін ұйымдастыруға консультативтік, әдістемелік, практикалық көмек көрсетеді.
      Біліктілікті арттыру жүйесінде білім беру қызметін көрсету бойынша маркетингтік зерттеу жүргізеді. Оқу процесіне инновациялық технологияларды енгізеді. Қажетті есеп беруді дайындап, ұсынуды қамтамасыз етеді.
      Білуге міндетті. Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Заңдарын және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді; педагогика мен психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын; педагогиканы, педагогикалық психологияны, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін, экономика негіздерін, еңбек туралы, қаржы-шаруашылық қызмет туралы заңнамаларды, еңбекті қорғаудың, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын; санитарлық ережелер мен нормаларды.
      Біліктілікке қойылатын талаптар:
      Педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттырудың республикалық (облыстық) институты кабинетінің меңгерушісі үшін:
      жоғары педагогикалық білім және педагогикалық жұмыс өтілі 7 жылдан кем болмауы, оның ішінде біліктілікті арттыру жүйесіндегі жұмыс тәжірибесі 3 жылдан кем болмауы тиіс.
      аудандық (қалалық) әдістемелік кабинет меңгерушісі үшін:
      жоғары педагогикалық білім, педагогикалық жұмыс өтілі 5 жылдан кем болмауы, оның ішінде біліктілікті арттыру жүйесіндегі жұмыс тәжірибесі 3 жылдан кем болмауы тиіс.

Білім беру ұйымдарындағы барлық мамандық мұғалімдері

      Лауазымдық міндеттері: Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес оқытатын пән ерекшелігін ескере отырып оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асырады. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін ашуға және дамытуға, тұлғаның әлеметтенуі мен жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді. Оқытудың әр түрлі нысандарын, тәсілдерін, әдістерін қолданады. Пәннің күнделікті сабақ жоспарларын құрады. Оқыту процесіне инновациялық, ақпараттық технологияларды ендіруді қамтамасыз етеді. Білім алушылар мен тәрбиеленушілерді мемлекеттік білім беру стандартында қарастырылған білім, білік және дағдылармен қамтамасыз етеді. Білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және дайындауға қатысады, оны оқу жоспары мен оқу үрдісі кестесіне сәйкес іске асырылуын қамтамасыз етеді.
      Әдістемелік бірлестіктердің және әдістемелік басқа да іс-шараларға қатысады. Кәсіби біліктілігін жүйелі арттыруды жүзеге асырады. Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін, мүдделері мен икемділіктерін, олардың отбасылық, тұрмыстық жағдайларын зерделейді. Әлеуметтік (түзету) білім беретін мекемелерде оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің дамуындағы ауытқуларды барынша түзетуге бағытталған оқыту мен тәрбиелеу жөніндегі жұмысты жүзеге асырады.
      Кәсіби біліктілігін жүйелі арттырады. Әдістемелік бірлестіктердің және әдістемелік басқа да іс-шараларға қатысады. Білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығының сақталуын қамтамасыз етеді.
      Ата-аналармен, немесе оларды алмастырушылармен байланыс жасайды. Сабаққа қатысу, оқыту тәртібін сақтайды. Құрал-жабдықтарды пайдалануда қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтайды. Оқыту үрдісінде балалардың денсаулығы мен өмірлерін сақтау үшін қажетті жағдай жасайды. Іс-әрекетті есепке алуды және қажетті дайындықты қамтамасыз етеді.
      Білуге міндетті: Қазақстан Республикасы Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Қазақстан Республикасындағы бала құқығы туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы", "Неке және отбасы туралы", "Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы", "Арнайы әлеуметтік қызмет туралы", "Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медико-педагогикалық түзеуді қолдау", "Кәмелетке толмағандардың арасында тәртіп бұзудың және қараусыз қалмауының алдын алу" заңдарын және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді; пәннің жүргізу әдістемесін, тәрбие жұмыстарының; пән кабинеттері мен қосалқы орындарды құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету талаптарын; оқыту тәсілдері мен оның дидактикалық мүмкіндіктерін; педагогика ғылымы мен білім берудің негізгі дамуының бағыттары мен болашағын; еңбекті ғылыми ұйымдастыру мен құқық негіздерін; педагогика мен психология негіздерін; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын; басқа да білім берудің, педагогиканың, психологияны, педагогика ғылымы мен тәжірибелерін; еңбек туралы заңнама, қаржылық-шаруашылық әрекеттерінің негіздерін; еңбекті қорғау, өрттен сақтану мен қауіпсіздік техникасы нормалары мен ережелерін; санитарлық нормалар мен ережелерін анықтайтын басқа да құқықтық нормативтік актілерді.
      Бастауыш әскери дайындықтың (БӘД) оқытушы-ұйымдастырушысы үшін қосымша: оқушылардың әскери-патриоттық тәрбиесін ұйымдастырады. Директордың тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасарымен, сынып жетекшілермен бірлесіп, оқу жылына арналған әскери-патриоттық жұмыстардың жоспарын әзірлейді, оның орындалуын қамтамасыз етеді. Білім беру ұйымында бастауыш әскери дайындықтың материалдық базасын күшейтуге және дамытуға, жабдықтар мен керек-жарақтардың сақталуына, санитарлық-гигиеналық талаптардың орындалуы үшін шара қолданады. Жасөспірімдерді әскери оқу орындарына іріктеуге қатысады. Білім алушыларды алғашқы әскери есепке алу жұмыстарын ұйымдастырады және өткізеді. Сабақта және сабақтан тыс уақытта бастауыш әскери дайындық сабағын өткізеді, әскери істердің негіздерін оқып-үйрену бойынша үйірмеге жетекшілік жасайды, төтенше жағдайлардағы әрекеттер бойынша тәжірибелік сабақтар мен жаттығулар өткізеді. БӘД кабинетіне және арнайы мүліктерге арналған бөлмеге жауапты болады, азаматтық қорғаныс (АҚ) жоспарын жасайды, АҚ бойынша сабақтар дайындайды және өткізеді, шұғыл жағдайларға байланысты іс-шаралар дайындайды, қорғаныс жағдайларының дайындығын, АҚ бойынша шұғыл жағдайларда жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етеді.
      Бастауыш әскери дайындықтың оқытушы-ұйымдастырушысы үшін қосымша: "Жалпы әскери міндет және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының заңы, Қазақстан Республикасы азаматын әскери есепке алудың мәселелері жөніндегі құқықтық нормативтік актілерді білуі тиіс.
      Біліктілікке қойылатын талаптар:
      біліктілігі жоғары деңгейлі санатсыз маман (информатика, музыка, сурет, БӘД, технология, дене шынықтыру, сызу мұғалімдерінен, мамандандырылған оқу орындарының арнайы пән мұғалімдерінен, Базистік оқу жоспарының вариативті бөлімі пәндері (валеология, өзінтану, қолданбалы экономика, экология және т.б. мұғалімдерінен басқа) жұмыс өтіліне талап қойылмайтын жоғары педагогикалық білім болуы керек.
      біліктілігі орта деңгейлі санаты жоқ маман (информатика, музыка, сурет, БӘД, технология, дене шынықтыру, сызу мұғалімдерінен, мамандандырылған оқу орындарының арнайы пән мұғалімдерінен, Базистік оқу жоспарының вариативті бөлімі пәндері (валиология, өзінтану, қолданбалы экономика, экология және т.б.) техникалық және кәсіби білім (арнайы орта, кәсіптік орта) жұмыс өтіліне талап қойылмайтын жоғары білім;
      Тиісті біліктілік санатын алу үшін міндеттерін анықтай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:
      біліктілігі жоғары деңгейлі екінші санатты маман:
      біліктілігі жоғары деңгейлі санаты жоқ мұғалімге қойылатын талаптарға жауап берумен қатар пәннің берілу әдістемесін жасауы, белсенді оқытудың тәсілдері мен әдістерін қолдануы, білім алушыларды диагностикалау жұмыстарын ұйымдастыра алуы; оқу-тәрбие процесінде тұрақты оң нәтижелермен қамтамасыз етуі, мектептің шығармашылық топтың, әдістемелік бірлестіктердің, білім беру мекемесінің шеңберінде озық тәжірибелі мектептердің жұмысына белсенді қатысуы тиіс.
      Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және мұғалім лауазымында жұмыс өтілі 3 жылдан кем болмауы;
      біліктілігі жоғары деңгейлі бірінші санатты маман:
      біліктілігі жоғары деңгейлі екінші санатты мұғалімге қойылатын талаптарға жауап берумен қатар пән бойынша оқу-әдістемелік талдау әдістерін білуі, оқытудың өзіндік жеке бағдарламаларын құра және іске асыра білуі, шығармашылық семинарларға, шығармашылық топтарға жетекшілік жасай алуы, өз жұмысында озық педагогикалық тәжірибелерді қолдана білуі қажет.
      Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және мұғалімдік лауазымда еңбек өтілі 4 жылдан кем болмауы, немесе ғылым кандидаты дәрежесінің болуы және мұғалімдік қызметте еңбек өтілі 2 жылдан кем болмауы, немесе ғылым докторы дәрежесінің болуы және мұғалімдік қызметте еңбек өтілі 1 жылдан кем болмауы;
      біліктілігі жоғары деңгейлі жоғары санатты маман:
      біліктілігі жоғары деңгейлі бірінші санатты мұғалімге қойылатын талаптарға жауап берумен қатар жаңа оқу бағдарламаларын, жаңа педагогикалық технологияларды, оқыту мен тәрбиелеудің әдістерін жасай білуі, оларды сынақтан өткізе алуы; өз пәні бойынша жаңа тәжірибелік тапсырмалар құрастыруы, білім берудегі өзекті мәселелерді шешуде шығармашылық топқа жетекшілік ете білуі қажет.
      Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және мұғалімдік қызметтегі еңбек өтілі 5 жылдан кем болмауы немесе ғылым кандидаты дәрежесінің болуы және мұғалімдік қызметтегі еңбек өтілі 3 жылдан кем болмауы немесе ғылым докторы дәрежесінің болуы және мұғалімдік қызметтегі еңбек өтілі 2 жылдан кем болмауы керек.
      біліктілігі орта деңгейлі екінші санатты маман:
      біліктілігі орта деңгейлі санаты жоқ мұғалімге қойылатын талаптарға жауап берумен қатар белсенді оқытудың тәсілдері мен әдістерін қолдана білуі, білім алушылармен диагностикалау жұмыстарын ұйымдастыра алуы, оқу-тәрбие үрдісінде тұрақты оң нәтижелермен қамтамасыз етуі, шығармашылық топ, әдістемелік бірлестік жұмысына, білім беру мекемесінде іс-тәжірибесінің таратылуына белсенді араласа білуі қажет.
      Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік білім (арнаулы орта, кәсіптік орта) және мұғалімдік қызметтегі еңбек өтілі 3 жылдан кем болмауы;
      біліктілігі орта деңгейлі бірінші санатты маман:
      екінші санатты біліктілігі орта деңгейлі мұғалімге қойылатын талаптарға жауап берумен қатар өздігінен пәнді оқыту әдістемесін әзірлей білуі, білім алушылармен диагностикалау жұмыстарын ұйымдастыра алуы; шығармашылық топ, әдістемелік бірлестік жұмысын, озат тәжірибелер мектебін басқара алуы, білім беру мәселесі бойынша педагогикалық басылымдарда жарияланымдары болуы керек.
      Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік білім (арнаулы орта, кәсіптік орта) және мұғалімдік қызметтегі еңбек өтілі 4 жылдан кем болмауы;
      біліктілігі орта деңгейлі жоғары санатты маман:
      Бірінші санатты біліктілігі орта деңгейлі мұғалімге қойылатын талаптарға жауап берумен қатар пәнді оқытудың авторлық бағдарламасын құра білуі; жаңа педагогикалық технологиялар мен оқыту бағдарламаларын жасай білуі, оларды сынақтан өткізу бойынша жұмыс жүргізу, өз пәні бойынша тәжірибелік тапсырмалар құрастыру, білім беру саласындағы өзекті мәселелерді шешу жөніндегі шығармашылық топтарды басқара білуі керек.
      Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіби білім (арнаулы орта, кәсіптік орта) және мұғалімдік қызметтегі еңбек өтілі 5 жылдан кем болмауы;
      Біліктілікке қойылатын талаптар:
      Информатика, музыка, сурет, БӘД, технология, дене шынықтыру, сызу мұғалімдерінің біліктілігіне қойылатын талаптар, мамандандырылған оқу орындарының арнайы пән мұғалімдерінің, Базистік оқу жоспарының вариативті бөлімі пәндері мұғалімдерінің (валеология, өзін-өзі тану, қолданбалы экономика, экология және т.б.) біліктілігіне қойылатын талаптар.
      біліктілігі жоғары деңгейлі санатсыз маман: тиісті мамандығы бойынша жоғары педагогикалық немесе жоғары кәсіби білім.
      біліктілігі жоғары деңгейлі екінші санатты маман: жоғары педагогикалық білім және мұғалімдік қызметтегі еңбек өтілі 3 жылдан кем болмауы немесе тиісті мамандығы бойынша жоғары кәсіптік білім және мұғалімдік қызметтегі еңбек өтілі 4 жылдан кем болмауы;
      біліктілігі жоғары деңгейлі бірінші санатты маман: жоғары педагогикалық білім және мұғалімдік қызметтегі еңбек өтілі 4 жылдан кем болмауы немесе мамандығы бойынша жоғары кәсіптік білім және мұғалімдік қызметтегі еңбек өтілі 5 жылдан кем болмауы немесе ғылым кандидаты дәрежесінің болуы және мұғалімдік қызметтегі еңбек өтілі 2 жылдан кем болмауы немесе ғылым докторы дәрежесінің болуы және мұғалімдік қызметтегі еңбек өтілі 1 жылдан кем болмауы;
      жоғары санатты біліктілігі жоғары деңгейлі маман: жоғары педагогикалық білім және мұғалімдік қызметтегі еңбек өтілі жылдан кем болмауы немесе тиісті мамандық бойынша жоғары кәсіптік білім және мұғалімдік қызметтегі еңбек өтілі 6 жылдан кем болмауы немесе ғылым кандидаты дәрежесінің болуы және мұғалімдік қызметтегі еңбек өтілі 3 жылдан кем болмауы немесе ғылым докторы дәрежесінің болуы және мұғалімдік қызметтегі еңбек өтілі 2 жылдан кем болмауы.
      біліктілігі орта деңгейлі санаты жоқ маман: тиісті мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік білім (арнаулы орта, кәсіптік орта).
      біліктілігі орта деңгейлі екінші санатты маман: тиісті мамандық бойынша техникалық және кәсіптік білім (арнаулы орта, кәсіптік орта) және мұғалімдік қызметтегі еңбек өтілі 3 жылдан кем болмауы керек.
      біліктілігі орта деңгейлі бірінші санатты маман: тиісті мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік білім (арнаулы орта, кәсіптік орта) және мұғалімдік қызметтегі еңбек өтілі 4 жылдан кем болмауы.
      біліктілігі орта деңгейлі жоғары санатты маман: тиісті мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік білім (арнаулы орта, кәсіптік орта) және мұғалімдік қызметтегі еңбек өтілі 5 жылдан кем болмауы.
      Шағын жинақталған білім беру ұйымдарындағы мұғалімдеріне қойылатын қосымша біліктілік талаптары: бір-бірімен байланысты пәндерді оқытуға құқығы бар жоғары педагогикалық білім, бір-бірімен байланысты пәндерді оқытуға құқығы бар техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік орта) білім.
      Білім беру ұйымдарындағы бастауыш сыныптар мұғалімдеріне қойылатын қосымша біліктілік талаптары: жоғары педагогикалық білім немесе техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік орта) білім.
       Ескерту: 1995 жылға дейін ХІ педагогикалық сыныбы бар орта мектепті бітіргендер орта педагогикалық білімді мамандар қатарына жатады.

Педагог-ұйымдастырушы

      Лауазымдық міндеттері: Тұрғылықты мекен-жайлары бойынша білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың жас және психологиялық ерекшеліктерімен, олардың қызығушылығы мен қажеттілігін зерделейді, оларды іске асыру үшін жағдай жасайды. Жеке тұлғаның жалпы мәдениетінің қалыптасуына жағдай жасайды, олардың талантын дамытуға, ақыл-ой және физикалық қабілеттерінің дамуына ықпал етеді. Жасөспірімдер мен балалардың жұмыстарын, клуб, үйірме, секция, әуесқой бірлестіктерімен бірлескен әртүрлі жұмыстарды ұйымдастырады. Қандай да бір бағытты: ғылыми-техникалық, көркем-шығармашылық, спорттық-туристік және тағы басқа.
      Қолданыстағы заңнамаларға сәйкес бала құқығын қоғамдық ұйымдарда, қауымдастықтарда іске асыруға ықпал етеді. Ойын-сауық және бос уақытты өткізуді ұйымдастыруда білім алушылардың әлеуметтік мәні бар бастамаларын қолдайды, балалардың демалыс уақытын, экскурсия, саяхат, мерекелер, кештер ұйымдастырады. Балалардың мәдени-көпшілік іс-шараларға қатысуын ұйымдастырады. Іс-шараларды өткізу кезінде балалардың өмірі мен денсаулығын сақтауға қажетті жағдайларды жасайды.
      Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Қазақстан Республикасындағы балалар құқығы туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы", заңдарын және басқа да білім беруге байланысты құқықтық нормативтік актілерді; педагогика, психология теориясын, жас физиологиясын, мектеп гигиенасын, тәрбие жұмысының әдістерін; оқыту құралдары мен олардың дидактикалық мүмкіндіктерін; үйірме, секция, студия, клубтық бірлестіктер сабақтарының бағдарламаларын; балалар ұжымы, ұйымдары және қауымдастығы әрекетінің негіздерін; еңбек туралы заңнама негіздерін; еңбекті қорғау мен қауіпсіздік техникасы нормалары мен ережелерін білу.
      Біліктілікке қойылатын талаптар:
      біліктілігі жоғары деңгейлі санаты жоқ маман: жоғары педагогикалық білім немесе бейіні бойынша жоғары білім.
      біліктілігі жоғары деңгейлі екінші санатты маман:
      біліктілігі жоғары деңгейлі санаты жоқ педагог-ұйымдастырушыға қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар балалар мен жас өспірімдермен диагностикалық жұмысты ұйымдастыру нысандарын білуі; тәрбие үрдісінде тұрақты оң нәтижелерді қамтамасыз етуі; әдістемелік бірлестік, озық іс-тәжірибе мектептерінің жұмыстарына қатысуы тиіс.
      Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және мұғалім-ұйымдастырушы лауазымындағы еңбек өтілі 3 жылдан кем емес немесе бейін бойынша жоғары кәсіби білім және мұғалім-ұйымдастырушы қызметіндегі еңбек өтілі 4 жылдан кем емес.
      біліктілігі жоғары деңгейлі бірінші санатты маман:
      біліктілігі жоғары деңгейлі екінші санатты педагог-ұйымдастырушыға қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар тәрбие жұмысына талдау жасау әдістерін білуі, сараланған тұрғыдан балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу әдістемесін өздігінен әзірлей білуі, жұмысында озық тәжірибені қолдана білуі тиіс.
      Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және мұғалім-ұйымдастырушы лауазымындағы еңбек өтілі 4 жылдан кем емес немесе бейін бойынша жоғары кәсіптік білім және мұғалім-ұйымдастырушы лауазымындағы еңбек өтілі 5 жылдан кем емес.
      біліктілігі жоғары деңгейлі жоғары санатты маман:
      біліктілігі жоғары деңгейлі бірінші санатты педагог-ұйымдастырушыға қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар, ғылыми-зерттеу, эксперименттік жұмыстардың әдістерін меңгеруі, жаңа педагогикалық технологияларды, мақсатты бағдарламаларды әзірлей білуі, оны апробациядан өткізу бойынша жұмыстар жүргізе алуы; әлеуметтік педагогиканың өзекті мәселелері бойынша шығармашылық топқа жетекшілік жасай білуі тиіс.
      Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және мұғалім-ұйымдастырушы лауазымындағы еңбек өтілі 5 жылдан кем емес немесе бейін бойынша жоғары кәсіптік білім және мұғалім-ұйымдастырушы лауазымындағы еңбек өтілі 6 жылдан кем емес.
      біліктілігі орта деңгейлі санатсыз маман: еңбек өтіліне талап қойылмайтын техникалық және кәсіптік білім (арнаулы орта, кәсіптік орта).
      біліктілігі орта деңгейлі екінші санатты маман:
      біліктілігі орта деңгейлі санаты жоқ педагог-ұйымдастырушыларға қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі, сонымен қатар жасөспірімдермен және балалармен жүргізілетін диагностикалық жұмыстардың ұйымдастыру нысандарын білуі; тәрбие үрдісінде тұрақты оң нәтижелерді қамтамасыз ету; әдістемелік бірлестіктердің, озат тәжірибе мектебінің жұмыстарына қатысуы тиіс.
      Біліктілікке қойылатын талаптар:
      техникалық және кәсіптік білім (арнаулы орта, кәсіптік орта) және мұғалім-ұйымдастырушы лауазымындағы еңбек өтілі 3 жылдан кем емес.
      біліктілігі орта деңгейлі бірінші санатты маман:
      біліктілігі орта деңгейлі екінші санатты педагог-ұйымдастырушыларға қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі сонымен қатар балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеуде сараланған тұрғыдан қарым-қатынас жасауды ескере отырып, өздігінен тәрбие әдістемесін әзірлей білуі, жұмысында озық іс-тәжірибені қолдана білуі тиіс.
      Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік білім (кәсіптік орта, арнаулы орта) және педагог лауазымындағы еңбек өтілі 4 жылдан кем емес.
      біліктілігі орта деңгейлі жоғары санатты маман:
      біліктілігі жоғарғы деңгейлі бірінші санатты педагог-ұйымдастырушыларға қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар жаңа педагогигалық технологияларды, нысаналы бағдарламаларды әзірлей білуі, оларды апробациядан өткізу жұмыстарын жүргізуі, білім беру саласындағы өзекті мәселелерді шешу жөніндегі шығармашылық топтарды басқаруы, озат педагогикалық тәжірибені және оқыту мен тәрбиелеудің инновациялық техналогияларын өз жұмыстарында пайдалануы тиіс.
      Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік білім (арнаулы орта, кәсіптік орта) және педагог лауазымындағы еңбек өтілі 5 жылдан кем емес.

Әлеуметтік педагог

      Лауазымдық міндеттері: Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жеке психолого-медико-педагогикалық ерекшеліктерін және олардың микроорталығын, өмір сүру жағдайын зерделейді және мүдделілігі мен қажеттілігін, даудамайлық жағдайларды, тәртібіндегі ауытқуларды анықтайды, уақытында әлеуметтік көмек және қолдау көрсетеді.
      Әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың әдістерін, түрлерін, міндеттерін анықтайды, баланың әлеуметтік және жеке проблемаларын шешу тәсілдерін, балалардың, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жеке құқықтары мен еркіндіктерін іске асыруда әлеуметтік көмек және әлеуметтік қорғау бойынша шаралар қабылдайды. Білім алушылар, тәрбиешілер, балалар мен әкімшілік органдар, ведомстволар, әртүрлі әлеуметтік қызметтің мамандары, қоғам, жанұя, білім беру ұйымдары арасында байланыс орнатады. Әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың міндеттерін, әдістерін, баланың әлеуметтік және жеке проблемаларын шешу жолдарын, анықтайды. Тұлғаның қоғамдағы өмірге бейімделуін қамтамасыз ету үшін білім беру ұйымдары мен тұрғылықты мекен-жайы бойынша білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) білім алуы, тәрбиеленуі, дамуы және әлеуметтік қорғалуы бойынша іс-шаралар кешенін жүзеге асырады. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, мүмкіндігі шектеулі балаларды, мүгедек балаларды, бала кезінен мүгедек балаларды мүліктік және мүліктік емес құқықтары бойынша патронат бойынша тұрғын үймен, жәрдемақымен, зейнетақымен қаматамасыз ету жұмыстарын үйлестіреді. Балалар мен мемлекет, қоғамдық ұйымдар мен әлеуметтік қызметтер арасында байланыс орнатады. Мұғалімдермен, ата-аналармен басқа заңды өкілдермен өзара қарым-қатынас жасайды. Білім беру ұйымындағы оқу бағдарламаларын әзірлеуге, бекітуге және іске асыруға қатысады.
      Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Неке және отбасы туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы", "Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы", "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы", "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың және балалардың қараусыз қалуының алдын алу туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқығы туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" заңдарды және басқа білім беру мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді; әлеуметтік саясат негіздерін, жалпы және әлеуметтік педагогиканы; педагогикалық, әлеуметтік, жас ерекшелік және баланың психологиясын; валеология және әлеуметтік гигиена негіздерін; әлеуметтік-педагогикалық және диагностикалық әдістерді; тәрбие жұмысы әдістерін, педагогикалық ғылымның негізгі бағыттарын; әлеуметтік-педагогикалық жұмысты жоспарлау және талдау; еңбек туралы заңнамалар негізін; еңбекті қорғау ережелері мен нормаларын, қауіпсіздік техникасы мен өрт қауіпсіздігі техникасын; санитарлық ережелер мен нормаларды.
      Біліктілік талаптары:
      біліктілігі жоғары деңгейдегі санатсыз маман:
      жоғары педагогикалық білім немесе бейіні бойынша жоғары білім.
      Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маман:
      Жоғары деңгейдегі санаты жоқ маман әлеуметтік педагогке қойылатын барлық талаптарға жауап беруге, сонымен қатар: озық іс-тәжірибелерді зерттеп оны практикада қолдана білуі, оқу-тәрбие жұмысына талдау жасау дағдыларын, білім беру ұйымдарындағы әдістемелік бірлестіктердің жұмысына қатысуы тиіс.
      Біліктілікке қойылатын талаптар:
      жоғары педагогикалық білім, әлеуметтік педагог лауазымындағы еңбек өтілі 3 жылдан кем емес немесе бейіні бойынша жоғары білім және әлеуметтік педагог лауазымында еңбек өтілі 4 жылдан кем емес.
      біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты маман:
      екінші санатты әлеуметтік педагогке қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: тәрбие жұмысына талдау жасау әдістемесін, шығармашылық семинарларды басқара білуі; озық тәжірбиелерді енгізуі тиіс.
      біліктілікке қойылатын талаптар:
      жоғары педагогикалық білім және әлеуметтік педагог лауазымындағы еңбек өтілі 4 жылдан кем емес немесе бейіні бойынша жоғары білім және әлеуметтік педагог лауазымындағы еңбек өтілі 5 жылдан кем емес.
      біліктілігі жоғарғы деңгейдегі жоғары санатты маман:
      бірінші санатты әлеуметтік педагогқа қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: ғылыми-әдістемелік, эксперименттік жұмыстарды білуі; әлеуметтік-педагогикалық бағдарламалардың, педагогикалық технологиялардың құрастыра білуі және олардың жұмысы бойынша апробация жүргізуі, әлеуметтік педагогиканың өзекті мәселелерімен айналысатын шығармашылық топтың жұмысын басқаруы тиіс.
      біліктілікке қойылатын талаптар:
      жоғары педагогикалық білім және әлеуметтік педагог лауазымындағы еңбек өтілі 5 жылдан кем емес бейіні бойынша жоғары білім және әлеуметтік педагог лауазымындағы еңбек өтілі 6 жылдан кем емес.

Вожатый, аға вожатый

      Лауазымдық міндеттері: Балалар қоғамдық ұйымдары мен бірлестіктерінің қызметінің дамуына ықпал жасайды. Балалар мен жасөспірімдердің қоғамдық ұйымдары мен бірлестіктерінің бағдарламаларын жасауға көмектеседі, олардың қызметінің мазмұны мен түрлерін жаңартуға ықпал етеді. Балалар мен жеткіншектердің бастамасын, жас ерекшеліктеріне сәйкес қызығушылықтарымен қажеттілігін ескере отырып, жұмысын жоспарлайды. Ұжымдық-шығармашылық қызметті ұйымдастырады. Балалар мен жасөспірімдерді жұмыс істеп жатқан ұйымдар, бірлестіктер туралы кең көлемде ақпараттандыруға жағдай жасайды. Балалар мен жасөспірімдердің азаматтық және адамгершілік ұстанымдарын арттырады, өздерінің қызығушылықтары мен қажеттілігін іске асыру үшін қажетті жағдай жасайды. Білім беру ұйымдарында жалпы мәдени-бұқаралық, патриоттық жұмыстар жүргізеді, сынып жетекшілеріне тәрбие жұмысын ұйымдастыру, балалардың танымдық демалысын олардың бос уақыттарын қызықты да пайдалы өткізуге ұйымдастыруға ықпал етеді. Өзіне сеніп тапсырылған білім алушылармен тәрбиеленушілер, балалардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне қамқоршылық жасайды. Демалыс кезінде олардың демалуын ұйымдастырады. Балалар мен жасөспірімдермен жүргізілетін алдыңғы қатарлы озық іс-тәжірибені зерделейді және қолданады.
      Балалардың ұйымдары мен бірлестіктері алғашқы ұжымдарының басшыларын (ұйымдастырушыны) дайындау және іріктеу бойынша жұмыстар жүргізеді.
      Білім беру ұйымдарының педагогикалық ұжымының өзін-өзі басқару органдарымен, қоғамдық ұйымдармен, оқушылардың ата-аналарымен немесе оларды ауыстырушылармен тығыз байланыста жұмыс істейді.
      Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы", "Неке және отбасы туралы" заңдарын және басқа білім беру мәселелері жөнінде нормативтік құқықтық актілерді; педагогиканың, психологияның теориясын; жас ерекшелік физиологияны, мектеп гигиенасын, тәрбие беру жұмысының әдістемесін, педагогика ғылымының даму бағыттары; еңбек туралы заңнамаларының негізін; санитарлық ережелер мен нормаларды.
      Біліктілікке қойылатын талаптар:
      біліктілігі жоғары деңгейдегі санатсыз маман: жоғары педагогикалық білім немесе бейіні бойынша жоғары білім және балалар мен жеткіншектермен жұмыс істеу қызметіндегі еңбек өтілі 2 жылдан кем емес.
      біліктілігі орта деңгейдегі санатсыз маман: техникалық және кәсіптік білім (арнайы орта, кәсіптік орта) мамандығына сәйкес техникалық және кәсіптік білім (арнайы орта, кәсіптік орта) және балалармен, жасөспірімдермен еңбек тәжірибесінің 2 жылдан кем болмауы тиіс.
      Тиісті санатты алу үшін міндеттерді анықтай отырып біліктілікке қойылатын талаптар:
      Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маман:
      біліктілігі жоғары деңгейдегі санатсыз вожатыйға қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: балалармен жеке жұмыстарды ұйымдастыру бойынша ұсынымдамаларына әзірлей білуі тиіс.
      Біліктілікке қойылатын талаптар:
      жоғары педагогикалық білімі, вожатый мамандығы бойынша қызметтегі еңбек өтілі 2 жылдан кем емес немесе жоғары білімі, вожатый мамандығы бойынша қызметтегі еңбек өтілі 3 жылдан кем емес;
      біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты маман:
      екінші санатты вожатыйға қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: балалармен диагностикалық жұмыстарды ұйымдастыру түрлерін білуі, балалар мен жеткіншектерді тәрбиелеу жұмысының проблемалары бойынша зерделеу дағдыларын білуі, тәрбие бойынша жүргізілетін іс-шараларды талдау әдістерін білуі, өз жұмысында алдыңғы қатарлы озық іс-тәжірибесін қолданауы тиіс.
      біліктілікке қойылатын талаптар:
      жоғары педагогикалық білім, аға вожатый мамандығы бойынша қызметтегі еңбек өтілі 3 жылдан кем емес немесе жоғары білім және вожатый лауазымындағы еңбек өтілі 4 жылдан кем емес.
      біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты маман:
      бірінші санатты вожатыйға қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: ұйымдастыру-әдістемелік қызметінінің талдау әдістемесін білуі тиіс.
      Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және вожатый лауазымындағы еңбек өтілі 4 жылдан кем емес немесе жоғары білім және вожатый лауазымындағы еңбек өтілі 5 жылдан кем емес.
      біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты аға маман:
      біліктіліктігі орта деңгейдегі санатсыз вожатыйға қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: балалармен жеке жұмыстарды ұйымдастыру бойынша ұсынымдарды өз алдына әзірлей білуі тиіс.
      Біліктілікке қойылатын талаптар: мамандығына сәйкестехникалық және кәсіптік білім (арнаулы орта, кәсіптік орта) және вожатый лауазымындағы еңбек өтілі 3 жылдан кем.
      Біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты аға маман:
      Вожатыйға қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар; балалармен диагностикалық жұмыстарды ұйымдастыру нысанын білуі, балалар мен жеткіншектерді тәрбиелеу ісіндегі проблемаларды зерттеу дағдыларының болуы, өткізілетін тәрбиелік іс-шараларды талдау әдістерін меңгеруі тиіс.
      Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік білім (арнаулы орта, кәсіптік орта) мамандығына сәйкес және вожатый қызметіндегі еңбек өтілі 4 жылдан кем болмауы тиіс.
      Біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты аға маман:
      Біліктілігі орта деңгейдегі жоғарғы санатты вожатыйға қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: ұйымдастыру-әдістемелік қызметінің талдау әдістемелерін білуі, өз жұмысында алдыңғы қатарлы педагогикалық озық өткізілетін іс-тәжірбие жұмыстарын пайдалануы тиіс.
      Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік білім (арнаулы орта, кәсіптік орта) және вожатый лауазымындағы еңбек өтілі 5 жылдан кем емес.

Білім беру ұйымының зертханашысы
(физика, химия, биология, информатика кабинеттері)

      Лауазымдық міндеттері: Мұғалімдерге сабақтардың, сыныптан тыс сабақтарды жүргізуге көмектеседі. Күн сайын сабақтың басталу уақытына дейін оқушылардың жұмыс орнын, газдың және судың, электр жүйелері мен электр құрал-жабдықтарының жай-күйін тексереді, анықталған кемшіліктер немесе жөнделмеген ақаулар туралы мұғалімге баяндайды. Зертхананың жұмыс істеуін, мүлкінің сақталуын, оқу және зертхана кабинеттерінің тазалығы мен тәртібін, жанатын, улы заттарды, зертханалық жабдықтарды оқу процесінде пайдалану және сақтау кезінде қауіпсіздік техникасы ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді. Кабинетте зертханалық жабдықтардың барлық түрлерін пайдалану дағдыларын меңгереді, жарақаттанушыға дәрігерге дейінгі көмекті көрсетеді, өртке қарсы жұмыс жүргізеді, өртке қарсы пайдаланылатын құралдар мен мүліктердің жай-күйіне және сақталуына, желдетпе жүйесінің, газбен жабдықталудың жай-күйіне бақылауды жүзеге асырады. Зертханалық және практикалық жұмыс жүргізудің қауіпсіздік техникасының сақталуын қамтамасыз етеді. Эксперименттерді орындау барысында дайындық және көмекші операцияларды, бақылауды, өлшемдер нәтижелерін, жұмыс журналдарын толтыруды, талдаулар, зерттеулерді әдістемелік құжаттарына сәйкес жүйелейді және ресімдейді.
      Информатика кабинетінің зертханашысы: сынып жұмысы басталғанға дейін сабақ өткізу үшін компьютерлік жабдықтарды дайындайды, оны бірінші тексеруді және пайдалануды жүзеге асырады, аяқталған соң жүйе жұмысының дұрыс аяқталуын және компьютерді өшіруді жүргізеді. Компьютер залдарында жұмыс тәртібінің орындалуына бақылау жасайды. Оқу кезінде, сондай-ақ өзіндік жұмыс жасау кезінде компьютерлік вирустарды тасымалдағыштарды сканерлеуді жүргізеді, тасымалдағыштар мен локальді желілер арасындағы ақпарат алмасу жұмыстарын орындайды. Жоспарлы, күнделікті, апталық, жартыжылдық профилактикалық жұмыстарға қатысады. Компьютерлік жабдықтардың дұрыстығын бақылайды, оны тазартуды жүзеге асырады. Регламентке сәйкес жұмыс журналдарын жүргізеді. Пайдаланушыларға жүйеге ену кілт сөзі, оқытушылар берген оқу материалдарын орналастыру, бар инструментарияларды пайдалануы бойынша кеңестер береді. Жүйедегі жұмыс дұрыс жүргізілмеген жағдайда компьютерлердің істен шығуын тіркейді және басшылыққа хабарлайды. Оқу процесін ұйымдастыруға байланысты әртүрлі есепті және графикалық жұмыстарды орындайды. Информатика мұғалімінің жеке қызметтік тапсырмаларын орындайды.
      Білуге міндетті: "Білім туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарын және басқа білім беру мәселесі жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді; тестілеу сынақтарын тексеру әдістерін, педагогика мен психология негіздерін; пән бойынша негізгі оқу-бағдарламалық құжаттарды; зертханалық және практикалық жұмыстарды жүргізудің техникасын; дәрігерге дейінгі көмек көрсетуді; еңбек туралы заңнамалар; қауіпсіздік техникасын, еңбекті қорғау және өртке қарсы ережелерді, санитарлық ережелер мен нормаларды білуі тиіс.
      Біліктілікке қойылатын талаптар:
      біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ маман: жоғары педагогикалық білімі немесе бейіні бойынша жоғары білімі;
      біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ маман: тиісті мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік орта) білім;
      Тиісті санатты алу үшін міндеттерді айқындаумен қатар біліктілікке қойылатын талаптар:
      біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маман:
      біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ зертханашыға қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: жеке оқыту мен тәрбие берудің технологияларын, өз жұмысында озық педагогикалық тәжірибелерді пайдалану арқылы әдістемелік бірлестіктердің, озық тәжірибелі мектептердің жұмысына қатысуы тиіс.
      Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және педагогикалық жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес немесе жоғары білім және зертханашы лауазымында жұмыс өтілі 4 жылдан кем болмауы тиіс;
      біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты маман:
      біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты зертханашыға қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: білім алушыларға (тәрбиеленушілерге) жас ерекшеліктеріне қарай тәрбие беру әдістемесін әзірлей білуі, диагностикалық жұмыстың ұйымдастырылған нысандарын меңгеруі; шығармашылық семинарларды басқара білуі тиіс.
      Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білімі және зертханашы лауазымында жұмыс өтілі 4 жылдан кем емес немесе жоғары білімі және бейіні бойынша зертханашы лауазымындағы жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес;
      біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты маман:
      біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты зертханашыға қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: ғылыми-зерттеу және эксперименттік жұмыстар әдістерін меңгеруі, жаңа педагогикалық технологияларды, тәрбие беру әдістемесін әзірлей білуі, оларды сынақтан өткізу жұмыстарын жүргізе білуі; педагогикалық озық тәжірибелерді әдістемелік ұсынымдамалар немесе ғылыми жарияланымдар шығару арқылы жалпылауы, тәрбие саласының өзекті проблемалары жөніндегі шығармашылық топты басқара білуі тиіс.
      Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және зертханашы лауазымы бойынша жұмыс өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс немесе жоғары білімі және тәрбиеші лауазымы бойынша жұмыс өтілі 6 жылдан кем болмауы тиіс;
      біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты маман:
      біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ зертханашыға қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі; сонымен қатар, жеке оқыту мен тәрбие берудің технологияларын, балалардың тәрбиелі болуын қамтамасыз етуі; білім беру ұйымдары шеңберіндегі әдістемелік бірлестіктердің, озық тәжірибелі мектептердің жұмысына қатысуы тиіс.
      Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік орта) білім және зертханашы лауазымындағы жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес.
      біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты маман:
      біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты зертханашыға қойылатын талаптарға жауап беруі; сонымен қатар тәрбие жұмысына талдау жасау әдісін меңгеруі, білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) жас ерекшелігіне қарай тәрбие беру әдістемесін өз бетімен әзірлей білуі; шығармашылық семинарларды басқара білуі; диагностикалық жұмыстардың ұйымдастырылған нысандарын білуі, өз жұмысында алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибені пайдалануы тиіс.
      Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік орта) білім және зертханашы лауазымындағы жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес;
      біліктілігі орта деңгейдегі жоғарғы санатты маман:
      біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты зертханашыға қойылатын барлық талаптарға жауап беруі тиіс, сонымен қатар ғылыми-зерттеу және эксперименттік жұмыстар әдістерін, жаңа педагогикалық технологияларды меңгеруі, тәрбие әдістемесін әзірлеуі, оларды сынақтан өткізу жұмыстарын жүргізуі; әдістемелік нұсқаулар немесе ғылыми жарияланымдар шығару арқылы озық педагогикалық тәжірибелерді таратуы; білім беру саласындағы өзекті мәселелерді әзірлеу жөніндегі шығармашылық топты басқара білуі тиіс.
      Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік орта) білім және зертханашы лауазымындағы жұмыс өтілі 6 жылдан кем емес.
      Ескерту: Жалпы орта білімі бар зертханашы техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік орта) білімі бар санаты жоқ зертханашы лауазымынан бір санатқа төменге жатқызылады.

Кітапханашы

      Лауазымдық міндеттері: Кітапхана қорын жинақтауға, өңдеуге каталогтарды және басқа да кітапханалық-анықтамалық аппараттардың элементтерін ұйымдастыру мен қолдануға сәйкес кітапхана үрдісін қамтамасыз ету жұмыстарын атқарады. Автоматтандырылған деректер базасын жүргізу мен пайдалануды, қорлардың есебін, ұйымдастыру мен сақталуын оқырмандар мен абоненттерге қызмет көрсетуді жүзеге асырады.
      Кітапхананың ғылыми-зерттеу және әдістемелік жұмыстарына, кітапхананың даму бағдарламасын, халыққа кітапханалық қызмет көрсету жоспарын әзірлеу мен іске асыруға қатысады. Ғылыми әдістерді және кітапханалық қызметтің озық тәжірибесін қолданады.
      Кітапхананың материалдық, қаржылық ресурстарын ұтымды пайдалануды қамтамасыз етеді. Перспективалық және ағымдағы жоспарды қалыптастырады. Басқа кітапханалармен, ғылыми-техникалық ақпараттық органдармен, қоғамдық ұйымдармен байланыс орнатады және қолдап отырады. Есепке алуды және белгіленген есеп беруді ұйымдастырады. Кітапхананың ғылыми-зерттеу және әдістемелік жұмыстарына, кітапхананың даму бағдарламасын, халыққа кітапханалық қызмет көрсету жоспарын әзірлеуге және іске асыруға қатысады. Кітапхана қызметінде ғылыми әдістер мен озық тәжірибені қолданады.
      Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Білім туралы", "Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарын және білім беру ұйымдарының қызметі мәселелері жөніндегі басқа да нормативтік құқықтық актілерді; жоғары тұрған органдардың кітапхана жұмысы туралы жетекші құжаттарын; кітапхана жұмысының негізін; библиографияны, негізі кітапханалық-технологиялық үрдістерді, оқырмандармен жеке және жалпы жұмыстың түрлерін, әдістерін; педагогика, психология, экономика негіздерін; еңбек туралы заңнамаларды, еңбек және техника қауіпсіздігі ережелерін, өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін.
      Біліктілікке қойылатын талаптар:
      Біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ маман: жоғары педагогикалық білім немесе бейіні бойынша жоғары білім.
      біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ маман: бейіні бойынша техникалық және кәсіптік білім (арнаулы орта, кәсіптік орта) немесе бейіні бойынша.
      Тиісті санатты алу үшін міндеттерді айқындаумен қатар біліктілікке қойылатын талаптар:
      біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маман:
      біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ кітапханашыға қойылатын талаптарға жауап беруге тиіс.
      Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық немесе бейіні бойынша жоғары білім және мектеп кітапханашысының қызметіндегі еңбек өтілі 3 жылдан кем емес.
      біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты маман:
      біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты кітапханашыға қойылатын талаптарға жауап беруге, сонымен қатар кітапхана жұмысының мәселелерін, кітапхана ісінің негіздерін, библиографияны, негізгі кітапханалық-технологиялық үрдістерді, оқырмандармен жеке және бұқаралық жұмыс нысандарын, түрлерін білуге міндетті.
      Біліктілікке қойылатын талаптар:
      жоғары педагогикалық немесе бейіні бойынша жоғары білім және мектеп кітапханашысы қызметіндегі еңбек өтілі 4 жылдан кем емес;
      біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты маман:
      біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты кітапханашыға қойылатын талаптарға жауап беруге, сонымен қатар кітапхана жұмысының мәселелерін, кітапхана ісінің негіздерін, библиографияны, негізгі кітапханалық-технологиялық үрдістерді, оқырмандармен жеке және бұқаралық жұмыс нысандарын, түрлерін білуге тиіс.
      Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық немесе бейіні бойынша жоғары білім және мектеп кітапханашысының қызметіндегі еңбек өтілі 5 жылдан кем емес.
      біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты маман:
      біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ кітапханашыға қойылатын талаптарға жауап беруге, сонымен қатар кітапхана жұмысының мәселелерін, кітапхана ісінің негіздерін, библиографияны, негізгі кітапханалық-технологиялық үрдістерді, оқырмандармен жеке және бұқаралық жұмыс нысандарын, түрлерін білуге тиіс.
      Біліктілікке қойылатын талаптар: бейіні бойынша техникалық және кәсіптік (арнаулы орта және кәсіптік орта) білім, мектеп кітапханашысының қызметіндегі еңбек өтілі 3 жылдан кем емес.
      біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты маман:
      біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты кітапханашыға қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар кітапхана жұмысының мәселелерін, кітапхана ісінің негіздерін, библиографияны, негізгі кітапханалық-технологиялық үрдістерді, оқырмандармен жеке және бұқаралық жұмыс нысандарын, түрлерін білуге тиіс.
      біліктілікке қойылатын талаптар: бейіні бойынша техникалық және кәсіптік (арнаулы орта және кәсіптік орта) білім және мектеп кітапханашысының қызметіндегі еңбек өтілі 4 жылдан кем емес.
      біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты маман:
      біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты кітапханашыға қойылатын талаптарға жауап беруі, кітапхана жұмысының мәселелерін, кітапхана ісінің негіздерін, библиографияны, негізгі кітапханалық-технологиялық үрдістерді, оқырмандармен жеке және бұқаралық жұмыс нысандарын, түрлерін білуге тиіс.
      Біліктілікке қойылатын талаптар: бейіні бойынша техникалық және кәсіптік (арнаулы орта және кәсіптік орта) білім және мектеп кітапханашысының қызметіндегі еңбек өтілі 5 жылдан кем емес.