СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

ПІКІРТАЛАС: Тіршілік көзі - салауатты болашақ

Категория: Физкультура

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жас ұрпаққа  адам денсаулығының қымбаттылығын,өмір сүру  үшін бағалы байлық екендігін түсіндіру; гигиеналық мәдениетті қалыптастыру, денсаулығы зор,сұлу да сымбатты,күшті болу үшін денені шынықтыру,спортпен айналысудың маңызын түсіндіру.Сұлулыққа,адамгершілікке,тазалыққа тәрбиелеу.

Просмотр содержимого документа
«ПІКІРТАЛАС: Тіршілік көзі - салауатты болашақ»


Алматы облысы

Еңбекшіқазақ ауданы

Қызылжар ауылы

«О.Жандосов атындағы орта мектеп»

коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

дене шынықтыру пәнінің мұғалімі

Джилгельдиева Нұрсара Ахметкерімқызы.

Тіршілік көзі - салауатты болашақ

Мақсаты: Жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын,өмір сүру үшін бағалы байлық екендігін түсіндіру; гигиеналық мәдениетті қалыптастыру, денсаулығы зор,сұлу да сымбатты,күшті болу үшін денені шынықтыру,спортпен айналысудың маңызын түсіндіру.Сұлулыққа,адамгершілікке,тазалыққа тәрбиелеу.

Түрі: Пікірталас

Көрнекілігі: нақыл сөздер жазылған плакаттар, «Салауатты өмңр» кіңтапша,сызба,суреттер.

Барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі

II. «Салауатты өмір салты» -сызбамен жұмыс істеу.«Ой қозғау»

Мұғалім: Балалар,деніміз сау,білекті,алып жүректі,қайсар да қайратты,ұқыпты да әдемі қазақазаматы болу үшін адам денсаулығына не қажет деп ойлайсыңдар? /СПОРТ/

Дұрыс,балалар,бүгінгі сабағымыздың аты- «Тіршілік көзі –салауатты болашақ»Ендеше бәріміз мына сызбаға қарайық./Сызбамен жұмыс/

Адам жанының да,тәнінің де тазаруы,денсаулығының жақсаруы,салауатты өмір сүруі-адамның ең қасиетті де,құнды қайталанбас,жоғалса орнына қайта қиындықпен келеті,орны толмас қазына.Осы жайында өз ойларың. «Ой қозғау».

III.«Зиянды әрекеттер».Шылымқорлық,нашақорлық,ішімдік.

1.«Шылымқорлық».

Ұраны: «Темекіден түтін сорсаң улайсың,өзіңді – өзің жіпсіз байлап шырмайсың».

2.Ішімдік:

Ұраны: «Болар бала кісіліке үйір,тозар бала ішімдіке үйір».

3.«Нашақорлық»

Ұраны: «Есірткіге жолама,жетелейді молаға».

Зиянды әдеттердің әрбір ұранына тоқталып,пікірталас тудыру, өз ойларын сұрақтар арқылы ортаға салу.Зиянды әдеттерден аулақ болуға үйрету.

IY. «Спорт –біздің досымыз».

Мынадай мысалдарға көңіл аударайық.

1.Астында шетелдік машина,екі үйі бар,бірақ ауырады.Ол адам бақытты ма?

2.Мың доллор ақшасы бар,бңрақ ауырады. Ол адам бақытты ма?

- Жоқ.

- Ендеше, дүниедегі ең басты бақыт не екен?

- Денсаулық.

- Денсаулығымыз мықты болу үшін не істеуіміз керек?

Оқушы: Спорт- біздің досымыз,

Күш қайрат сыналған.

Спорт- біздің досымыз,

Бала кезден шыңдалған.

Y. Сауықтыру сағаты. Спорт секторы жаттығу жұмыстарын жасау.

YI.Қорытынды:

Ұлы ойшыл Сократкаға кезінде мынадай ұрақ қойылыпты.Адамға өмірде не қымбатырақ, «байлық па,әлде атақ па?»деп.Сонда Сократ: Байлық та,атақ та,даңқ та адамды шын бақытты ете алмайды. «Дені сау кедей,ауру патшадан бақыттырақ»-деп жауап берген екен. Яғни, адамбақытты болу үшін оған денсаулық керек,ал денсаулықтың

кепілі –салауаттылық. «Тіршілік негізі – саалауатты болашақ».

Тамақтану,еңбек,демалу гигиенасы



Қоршаған орта табиғатты қорғау

Спортпен шұғылдану





Зиянды әдеттердің алдын алу

Дене тәрбиесі