Қазақ тілі 8-сынып күні:
Сабақтың тақырыбы:Дене шынықтыратын жаттығулар
Сабақтың мақсаты: оқушыларға жаңа сөздердің, суреттердің көмегімен мәтінді игерту.
Міндеттері:
Жаңа сөздерді меңгерте отырып, мәтінге сұрақтар дайындауға, өз ойын еркін жеткізе білуге үйрету;
Берілген материалдарды өмірдегі жағдайлармен салыстыра, байланыстыра отырып, тілдесім әрекетін жандандыру;
Қазақ тілінде өз ойларын жеткізе алатын қабілеттерін жетілдіру;
Сөздік қорларын байыта отырып, ойлау, ойтолғау қабілеттерін дамыту;
Сын есімнің күшейтпелі шырайын меңгерту.
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту сабағы.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: оқылым, жазылым, тыңдалым, сөйлесім, ойқозғау, сұрақ-жауап, әңгімелесу, деңгейлеп оқыту.
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, кесте, , деңгейлік тапсырмалар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
-Сәлеметсіңдер ме, балалар!
-Бүгін сыныпта кім кезекші?
Психологиялық сәт:
-Көңіл-күйлерің қалай?
-Сабаққа дайынсыңдар ма?
II. Үй тапсырмасын тексеру:
-Үй тапсырмасын барлығымыз орындадық па? (үй тапсырмасын жалпылай сұрақтар арқылы және жекелеп тексеріп шығу)
«Менің күн тәртібім» тақырыбына әңгіме құрастыру
III. Жаңа сабаққа даярлау:
Оқушылармен дене жаттығуларын орындау арқылы сабақ тақырыбын анықтау
IY. Жаңа тақырып:
Сабақтың мақсатымен, барысымен таныстыру.
1. Мәтінге дейінгі жұмыс:
Сөздікпен жұмыс:
-берілген сөздердің оқылуымен, аудармасымен, қолданылу аясымен таныстыру
-сөздерді оқушыларға хормен, жекелеп оқытып шығу
-сол сөздерді қатыстырып сөз тіркестерін, сөйлемдер құрату
-осы сөздердің арасынан сын есімдерді тауып, күшейтпелі шырайға айналдыру
Таңертең – утром Дене шынықтыратын жаттығулары-упражнения для зарядки тела
Әсері-влияние Жүйесі – система
Дене-тело Бөлігі-часть
Төзімділік-выносливость Батылдық –смелость
Шыңдайды -закаляет
2. Жаттығумен жұмыс:
1-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер. Жұптық жұмыс.
Таңертең тұрғанда дене шынықтыратын жаттығулар жасайсың ба?
Қандай жаттығулар жиі жасайсың?
Жаттығулардың денсаулыққа қандай әсері бар деп ойлайсың?
2-тапсырма.Өлеңді оқып, көшіріп жазыңдар
Денсаулық – ол шыныққан,
Барлық дене мүшесі.
Денсаулық – ол тыныққан,
Жүйке-тамыр жүйесі.
Денсаулық – ол күлуің,
Көңіл-күйің жадырай.
Денсаулық – ол жүруің,
Ешбір жерің ауырмай.
Сергіту сәті:
Қолды белге қояйық
Басты оңға бұрайық,
Басты солға бұрайық.
Бір отырып, бір тұрып,
Бір отырып, бір тұрып
Біз демалып алайық!
Y. Бекіту:
3-тапсырма.Берілген сөздерді есімшеге айналдырып тәуелдеңдер.
Үлгі: киінген-киінгенім, киінгенің,киінгені.
Киіну,тұру, жаттығу, орындау, ұйықтау.
ҮІ.Сабақты қорытындылау:
-Сабақта не істедік? -Қандай жаңа сөздер үйрендік?
-Қандай өлең оқыдық? -Өлеңде не туралы айтылған
YII. Үйге тапсырма:
шынығу, жасау, ауырмау, күлу, даму етістіктерін есімшеге айналдырып тәуелдеңдер
Өлеңді жаттау
Сөздікті жаттау
YIII. Бағалау.
IX. Рефлексия:
Сабақ қатты ұнады. Сабақ орташа өтті. Сабақ ұнамады.