Нұсқау: «Сізге берілген бес жауап нұсқасындағы бір дұрыс жауапты таңдауға арналған тапсырмалар беріледі». 1. Негізгі тамырдың даму ерекшелігі A) өркеннің ең ұшында орналасады B) тамырдың жан-жағынан таралады C) сабақ пен жапырақтан өсіп шығады D) тұқымның ұрық тамыршасынан дамиды E) өсімдіктің кез келген мүшесінен шығады |
2. Балықтың тыныс алу мүшесі A) Демтүтік B) Ауа қапшығы C) Жасыл без D) Өкпе қапшығы E) Желбезек |
3. Ішекқуыстылар типіне жататын жәндіктерге тән ерекшіліктер A) Қанайналым жүйесі - ашық B) Денесі хитинмен қапталған C) Екі қабаттан тұрады D) Тынысалу мүшесі- өкпе E) Ұрпағын тірідей туады |
4. Жалпақ сүйек A) жауырын B) омыртқа C) табан сүйегі D) алақан сүйегі E) білезік |
5. Бүйрекүсті безінің гормоны A) тироксин B) экстроген C) тимозин D) адреналин E) инсулин |
6. Генетикамен тығыз байланысты ғылым A) микология B) ихтиология C) орнитология D) маммалогия E) селекция |
7. Шөлді,шөлейтті,құмды жерде өсетін өсімдіктер мен паразитті тіршілік ететін өсімдіктердегі жапырақ түрөзгерісі A) қабыршақ B) жетілмеген C) аулау құралы D) шырынды E) бүйрек тәрізді |
8. Хлорелланың хроматофорасы: A) Таспа пішінді B) Орақ пішінді C) Жазық астау тәрізді D) Шар тәрізді E) Жалпақ білезік тәрізді |
9. Балықтың есту мүшесі орналасады A) Бассүйектің ішінде B) Жүзбеқанатта C) Көкіректе D) Желбезектің қасында E) Құрсақта |
10. Кокцидоз ауруын тудырушы: A) Лямблия B) Цеце шыбыны C) Құртамыш D) Сувойка E) Лейшмания |
11. Ұлулардың буылтық құрттардан айырмашылығы A) Тұйық қанайналым жүйесі B) Денесі біркелкі буылтықтарға бөлінуі C) Параподиялар арқылы қозғалады D) Денесі бунақтарға бөлінбейді E) Целомның болуы |
12. Гипофиз орналасады A) асқазанның астында B) кеңірдектің жоғарғы ұшында C) көмекейдің алдыңғы жағында D) аралық мидың астында E) қалқанша бездің артқы бетінде |
13. Ортаңғы ми қызметі A) тұрақты температураны сақтау B) дыбыс пен жарықты бағдарлау C) зат алмасу D) тепе-теңдікті сақтау E) ұйқы жұмысын реттеу |
14. Қанның қызметі A) Тасымалдау B) Құрылыстық C) Жиырылғыштық D) Сезгіштік E) Ферментативтік |
15. Қозғалыс органоидтері A) вакуольдер B) рибосомалар C) митохондриялар D) кірпікшелер, талшықтар, өсінділер E) жасуша орталығы |
16. Қоршаған ортаның әрекетіне тікелей тәуелді A) модификация B) терминация C) транскрипция D) трансляция E) трансплантация |
17. Топырақты құнарландыру үшін қажет A) Сірке қышқылы B) Тыңайтқыштар C) Жел D) Бактериялар E) Су |
18. Асцидияның жүрегі A) жұлдызша тәрізді B) ұзын түтікше тәрізді C) бес бұрышты D) таспа тәрізді E) қысқа түтікше тәрізді |
19. Тілдің ұшы сезеді: A) Қышқылды B) Тұщыны C) Тәттіні D) Тұздыны E) Ащыны |
20. Биологиялық ластану A) Шегірткелердің қаптап кетуі B) Радиация C) Жылу сәулесі D) Ылғалды тұмша E) Автокөліктердің көп болуы |
|
Нұсқау: «Сізге бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар тест тапсырмасы беріледі». 21. Жеуге жарамды саңырауқұлақтар A) Бүріскі B) Мукор C) Діңқұлақ D) Аспергилл E) Қастауыш F) Қаракүйе G) Қозықұйрық H) Пеницилл |
22. Буылтық құрттар типіне жатады A) Нереида B) Гидра C) Сиыр цепені D) Бауырсорғыш E) Шұбалшаң F) Сегізаяқ G) Обелия H) Ішексорғы |
23. Ішекқуысты жәндіктер типінің класы: A) споралылар B) буылтық құрттар C) гидратектестер D) таспа құрттар E) саркоталшықтылар F) жұмыр құрттар G) табақшатәріздестер H) көпқармалауышты маржандар |
24. Эпидермистің қосалқы мүйізді түзілістер A) Шаш B) Май C) Шеміршек D) Қауырсын E) Тері F) Теміреткі G) Сіңір H) Тырнақ |
25. Қысқа сүйектер A) Білезік B) Асықты жілік C) Бассүйек D) Ортан жілік E) Омыртқа F) Жауырын G) Қабырға H) Тоқпан жілік |
26. Негроидтік нәсілдердің ерекшеліктері A) Қыр мұрынды, жұқа ерінді B) Мұрны жалпақ, ерні қалың C) Шаштары бұйра,қара D) Терісі ақшыл түсті E) Шашы ұзын салалы, ашық F) Терісінің түсі қоңырқай G) Көздері қысықтау H) Терісінің түсі қара |
27. Мүктерде нашар жетілген ұлпалар A) Бұлшықет B) Қор жинаушы C) Эпителий D) Тірек E) Жүйке F) Өткізгіш G) Дәнекер H) Фотосинтездеуші |
28. Жемтамырлы өсімдіктер: A) шалқан B) қызылша C) сұңғыла D) арамсояу E) шырыш F) таушымылдық G) шомыр H) батат |
29. Өрмекшітәріздестер класына тән белгілер A) Баскөкірек бөлімінде 6 жұп аяқ орналасады B) Басым бөлігінде қанаттары болады C) Қанайналым жүйесі тұйық D) Желбезек арқылы тыныс алады E) 5 аяқты F) Астың ішектен тыс қорытылуы G) Өкпе қапшығы мен демтүтік арқылы тыныс алады H) Денесі үш бөліктен құралады |
30. Шеміршекті балықтарға тән белгілер A) Іштей ұрықтанады B) Екі қанайналым шеңбері болады C) Жүрегі екі қуысты D) Жүйке жүйесі жүйке түтігінен тұрады E) Торсылдағы болады F) Ішкі қаңқасы желі G) Қуық пайда болады H) Терісі плакоидты қабыршақтармен қапталған |
31. Талшықты жәндіктердің дене пішіні: A) ұзынша B) жіпше C) үтір D) таяқша E) сопақша F) үшбұрышты G) шар H) оралма |
32. Табиғи иммунитет A) Тұқым қуалайды B) Гормондар арқылы қалыптасады C) Ауру малдың қанының сарысуын егеді D) Ұрпақтан ұрпаққа берілмейді E) Егу арқылы қалыптасады F) Тұқым қуаламайды G) Туа біткен H) Ата-анасынан беріледі |
33. Тері қабаттары: A) эктодерма B) май клетчатка C) тер бездері D) эндодерма E) жабын F) мезодерма G) нағыз тері H) эпидермис |
34. Кіші қанайналым шеңберіне жататын тамырлар мен бөлімдер A) Сол жақ қарынша B) Өкпелік веналар C) Қолқа D) Жоғарғы қуыс вена E) Сол жақ жүрекше F) Оң жақ жүрекше G) Төменгі қуыс вена H) Оң жақ қарынша |
35. Химиялық мутагендер A) Микроорганизмдер B) Бактерия C) Никотин қышқылы D) Вирус E) Радиоактивті сәулелер F) Ауыр металл тұздары G) Ультракүлгін сәулелер H) Рентген |
36. Мезозой заманның кезеңдері A) Юра B) Кембрий C) Ордовик D) Бор E) Триас F) Неоген G) Антропоген H) Палеоген |
37. Қосалқы тамыр: A) кіндік тамырдан B) шашақ тамырдан C) негізгі тамырдан D) сабақтан E) тіреу тамырдан F) жанама тамырдан G) жапырақтан H) емізік тамырдан |
38. Аяқсыз қосмекенділер A) Шу өзенінің аймағында ғана таралған B) Алдыңғы аяқтарында 5 саусағы болады C) Ұшуға бейімделген D) Жер астында ін қазып тіршілік етеді E) Артқы аяқтары ұзын әрі жақсы дамыған F) Іштей ұрықтанады G) Көзі де, дабыл жарғағы да болмайды H) Құйрығының үстінде тері қатпары бар |
39. Лимфа A) Оттегіні тасымалдайды B) Құрамында эритроциттер болмайды C) Тыныс алу қызметін атқарады D) Жүректен мүшелерге қарай ағады E) Ұлпа сұйықтығынан түзіледі F) Дәнекер ұлпасына жатады G) Глюкозаның деңгейін реттейді H) Нәруызды синтездейді |
40. Биологиялық мутагендер A) Радиоактивті сәулелер B) Вирус C) Ауыр металл тұздары D) Паразиттер E) Бактерия F) Никотин қышқылы G) Спирт H) Рентген |