СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

«Полиэтнокультурное воспитание школьников: теоретические и практические аспекты»

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Полиэтнокультурное воспитание школьников: теоретические и практические аспекты»

Просмотр содержимого документа
««Полиэтнокультурное воспитание школьников: теоретические и практические аспекты»»

«КӨПМӘДЕНИЕТТІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ НЕГІЗГІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ»

КОЖАГАЛИЕВА ГУЛЬДАНА ЖЕНИСОВНА

«Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Москалев орта мектебі» ММ

Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы, Москаелу а.

Қазақстан Республикасы Совет Одағы ыдырығаннан кейін де әлемдегі ең көпұлтты мемлекет болып қалды. Сондықтан біздің еліміз үшін этно-әлеуметтік және этномәдени дамуды оңтайландыру мәселесі өзекті болып қала беріп қана қоймай, сонымен қатар, жаңа экономикалық және әлеуметтік-саяси қатынастарға көшу жағдайында өзектілігін сақтап отыр. Бұл тұрғыда айрықша жауапкершілік жас ұрпақты тәрбиелеуге қажетті жаңа теориялар, техникалар мен технологиялар дамытуды және енгізуді талап ететін педагогикалық теория мен практикаға артылады. Сол себепті, бүгінгі күні Қазақстанның полиэтникалық аймақтарында, жалпы Республика аумағында үйлесімді көпмәдениеттілікке тәрбиелеу өзекті тақырып. Қазақстан Республикасында 130-дан аса ұлт пен ұлыстар бар екенін ескерек, бұл мәселе мардымды екені хақ. Көпмәдениттілікті дамуды оңтайландырудың теорияларының және сол уақытта тиімділендіру әдістеріне мультикультурализмнің феномені жатады. Оны жүзеге асыру тәсілі - көп мәдениеттілікке тәрбиелеу. Көпмәдениеттіліктің феномені шетелде де, отандық ғылымда да қарқынды түрде талқыланып жүр. Оның түпнегізін анықтау үшін, анықтамасын білу қажет: көпмәдениеттілік білім - этномәдени бірлікті сақтауға, ана тіліне және мәдениетіне танысу арқылы көп мәдениетті тұлғаны қалыптастыруға, сонымен бірге қазақстандық қоғамның және әлемдік мәдениеттің құндылықтарын сіңіруге бағытталған білім беру. Ал оның білім беру мақсаттарына жету үшін этномәдени білім беру кеңістігін құру қажет. Бұл мемлекеттік органдар мен азаматтық институттар тарапынан айтарлықтай күш жұмсауды талап етеді.

Біздің елімізде көпмәдениетті білім беру жүйесі қандай кезеңде? Ұлттық білім беру кеңістігіне қаншалықты үйлесімді? Осы және осы тәріздес өзге сұрақтарға жауап алу үшін президентіміз Н.Ә.Назарбаевтің «Қазақстан Халықтарының XIV Ассамблеясында тарихи қалыптасқан полиэтникалық және поликонфессиялық қоғамды біздің стратегиялық артықшылығымыз бен ұлттық күшімізге айналды» деген сөздерінен ала аламыз. Осы тарапта, мұғалімдер үстіне айтарлықтай жауапкершілік артылды. Қазіргі таңда жаһандану кезінде адамның адамдық қаситеттерінен айырылып қалмау қиын мәселе. Біз бізді біріктіріп, нығайтатын факторды сақтап қалуымыз керек. Мұндай өнеге өте маңызды дәрежеде жүзеге асады, ал жүзеге асыру жауапкершілігі бізге, мұғалімдерге жүктеледі. Азаматтық пен патриотизмді тәрбиелеудегі алдыңғы қатарлы орын, сондай-ақ, адамның негізгі мәдениетінің басқа компоненттері білім беру жүйесіне жүктеледі. Көп ұлтты қоғамда педагогика этнопедагогика ретінде шығармашылық және тиімді жұмыс істей алады. Бұл бағыттағы басты аспектілердің бірі - оқу үрдісін гуманизациялау. [1] Білім берудің аксиологиялық аспектісі этникалық және жалпы мәдени құбылысқа (білім, мәдениет, сенім, сұлулық, мейірімділік, төзімділік, басқаys қабылдау) кіреді. Мысалы, басқа адамдарға зорлық-зомбылықсыздықты қалыптастыру педагогика авторитарлық позицияларға негізделген болса мүмкін емес. Сондықтан осы орайда білім беру үдерісінің өзін мектепке дейінгі мекемелерден жоғары білімге дейін гуманизациялау маңызды. Мұғалім өз пәнін ғана жақсы біліп қана қоймай, сонымен қатар оқушыны құрметтеп, баланың ішкі әлемін түсініп, қабілетіне және қабілеттерінің шексіз екендігіне сенім білдіруі абзал. Балаларға құрметпен қарау, оның мәселелері мен күйзелістерін сезіну, тыңдау қабілеті, өзара теңдік ұстанымы негізінде тұлғааралық қарым-қатынас жасау, өзара сенімділік, ашықтық адамның ашылуына, жас ұрпақты бейбітшілікті сүйетін етіп тәрбиелеуге, адамгершілік құндылықтарды құрметтеуге, көп мәдениетті білім берудің негізіне әкеледі. Мақсатты білім беру неғұрлым табысты жүргізілсе, бала өмірінің объективті жағдайлары, әлеуметтік орта соғырлұм әсер етеді. Көпмәдениеттілік білім беру мектептің оқу-тәрбие жоспарына педагогикалық қызметтің үдерісіне оқушылардың бойында әлемнің мәдениетіне қызығушылық пен құрмет ету сезімдерін, осы мәдениеттердегі жаһандық пен нақты түсініктерді кеңейтуді, жалпығаламдық оқиғаларға зейінді тәрбиелеу, сол оқиғалардың болмысы мен салдарын түсінуге, әлемдік үрдістерді зерттеуге жүйелі тәсіл дағдыларын дамыту, этнотолеранттылықты тәрбиелеу, түрлі адамдардың әртүрлі көзқарастардағы теңдік және сол теңдікті тану сынды бағдарларды қосуды талап етеді. Көп мәдениетті білім берудің мақсаты оқушылардың өзін-өзі анықтауына ықпал ету, өздерін белгілі бір этникалық мәдениеттің өкілі ретінде тануға жәрдемдесу; оқушыларға басқа халықтардың мәдениетімен танысуға, оларды түсінуге және бағалауға көмектесу; мектеп оқушылары арасындағы толеранттылықты қалыптастыру және басқа халықтар мәдениетін құрметтеу. Осылайша, көп мәдениетті білім берудің негізі - адамның өз мәдени ерекшелігін тануы, өйткені өз мәдениетін біле отырып, адам басқалардың мәдениетін түсіне алады. Көп мәдениетті білім қазіргі әлемнің жаһандануын жағдайында ірі және кіші этникалық топтардың әртүрлілігін қолдауға бағытталған. Бұл этникалық мәдениеттерді сақтау және дамыту, оның ішінде білім мен оқыту тәжірибесінде олардың құндылықтарын және педагогикадағы өзекті мәселелерді шешуге арналған таптырмас құрал. Этномәдениетті, соның ішінде мәдениетаралық білім, үлкен тәрбие беру әлеуетіне ие. Бұл өскелең ұрпаққа патриотизм, толеранттылық, тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар әлемнің басқа елдерінде этникалық топтардың мәдениетіне және этносаралық қарым-қатынас мәдениетіне деген қызығушылықты дамытуға мүмкіндік береді. Бұл «мұғалім-оқушы» жүйесінің педагогикалық қарым-қатынас процесінде, сондай-ақ оқушылармен өзара қарым-қатынаста және сабақтан тыс қарым-қатынастарда оқушылармен жеке қарым-қатынасті жасайды жүзеге асады. Жоғарғы сынып оқушыларын этникааралық өзара әрекеттесуге дайындықтың негізгі шартының бірі - «этносаралық толеранттылық» ұғымына сәйкес келетін қарым-қатынас заңдарына сәйкес мұғалімнің қызметін құру. Мектеп жағдайында әртүрлі мәдениетаралық білім беру технологиялары қарастырылады. Олар мұғалім мен оқушы функционалды түрде әр түрлі бағыттарда жұмыс істейтін және оқу-тәрбие үрдісінде білім берудің ерекше түрлерін дамытатын білім беру жағдайын қамтамасыз етеді. Мұғалімдер мәдениет туралы әр түрлі ғылыми тұрғыда ұсынған жүйелі біліммен қамтамасыз етеді. Оқушылар бұл білімді меңгеріп, пәнаралық сипаттағы білім беру міндеттерін шешеді. Көп мәдениетті технологияларды енгізу барысында мәдениеттің кеңею үрдісі орын алып, оқушылардың мәдени-шығармашылққа деген қабілеттері қалыптасады, мәдениеттің жаңа «нышандары» құрылады. Осы орайда «көп этностық қоғамда өмір сүруге дайындық: өз халқының мәдениетін меңгеру, мәдениеттің алуантүрлілігі мен этнотоленанттылыққа тәрбиелеу туралы идеяларды қалыптастыру» деп пайымдаған Г.В.Палаткинаның тұжырымдамасы дәлел. [2]

Көпұлтты Қазақстан педагогика салсында бой көтеріп жатқан жаңа көпмәдениеттілік сарынына бей жай қарамады. 1990 жж. жаңа концепциялар шығарылды. Солардың ішінде «көпмәдениетті тұлға» терминіне анықтама берілген Этномәдени білім беру Концепциясы болды. Бұл концепцияға сәйкес «көпмәдениетті тұлға - дамыған лингвистикалық санасы бар адам. Өз тілін білу, шет тілді үйрену адамның ой-өрісінің кеңейтіп, оның көп қырлы дамуына үлес қосып, толеранттылықты қалыптастыруға және әлемнің көлемді көрінісін қалыптастыруға үлес қосады» деген анықтама берілген. [3] Бұл анықтама жаңа ұрпақтың қандай болуы керегі жөнінде айтылған бірден-бірі. Қазіргі еліміздегі жағдайды ескере отырып, ерте жастағы балалардың көпшілігі үш тіл үйренуі - кем дегенде үш халықтың салт-дәстүрлері мен дәстүрлерін білуі. Қазақстанда көп мәдениетті тұлғаны тәрбиелеу білім беру мекемелерінде де, отбасында да, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы да, яғни, үздіксіз және көп қырлы білім беру сипатына ие. Қазіргі заманғы мектеп білім беруді қамтамасыз ету, әр оқушы бойындағы мәдениетті дамыту және оны әлеуметтік-мәдени ортадағы мінез-құлық нормалары мен ережелерін үйрету үшін әзірленген. Біздің жалпы білім беретін мектепте этномәдени білім берудің негізгі стратегиялық бағыттарын атап өтейін:

  • қоғамның ұлттық сәйкестілігіне және тұрақтылығына қауіп төндіретін жағымсыз үрдістердің алдын алу және оларға қарсы әрекет ету жүйесін қалыптастыруға жәрдемдесу;

  • көп ұлтты білім беру және тәрбиелеу бойынша жас ұрпақтың үздіксіз тәрбиелік жұмысын жүргізу;

  • азаматтық сезімдерді қалыптастыру, Отанға деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу, рухани және мәдени мұраға құрметпен қарау, этносаралық қатынастарды жетілдіру бойынша мақсатты жұмыстар жүргізу;

  • экстремистік идеялардың және діни үрдістерге таралуына қарсы тұру;

  • этномәдени білім беру бағдарламасын қалыптастыру арқылы этномәдени білім беру жүйесін қалыптастыруды қамтамасыз ету;

  • қазақ халқының мәдениетіне, тарихына, тіліне құрметпен қарау, әлемдік мәдени құндылықтарды тәрбиелеу.

Бағыттарды орындауды жүзеге асыру үшін «көпмәдениетті құзыреттілік» терминінің қажеттілігін көреміз. Көпмәдениетті құзыреттілік - мультимедиялық білім беру үдерісінде баланы мәдени адам ретінде тәрбиелеу қабілеті мен маңызды сапалық сипаттамаларының қабілетін көрсетіп, сонымен қатар оқушының бойында мәдениеттілік, тұлғалық-бағдарлық, біріккен қызмет нәтижесінде табиғи сипатын таныту қабілеті. Мұғалімнің көпмәдениетті құзыреттілігін дамытудың маңызды шарты мұғалімнің дамушы, реттейтін, қорғаушы, түзету функцияларын орындайтын ашық білім беру ортасына дайындығы. Осыған байланысты мұғалімнің көпмәдениеттілік идеяларын жүзеге асыру мен дамыту үшін негіз болып табылатын жеке тәжірибесі мен рухани-адамгершілік қасиеттері қалыптасады. Көпмәдениетті құзыреттіліктің көрінісінде мұғалім көпмәдениетті білімнің мазмұнын түсінеді, мінез-құлық пен ойлаудың әртүрлілігінің әмбебап екенін түсінеді. Көпмәдениеттілікке құзыретті мұғалім халық дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын, түрлі халықтардың тарихын және мәдениетін зерттеуге, жақын адамдарына, айналасындағыларға қамқорлық жасауды үйретеді. Мұғалімнің көпмәдениетті құзыреттілігін жүзеге асырып, оқушыларға көпмәдениеттіліктің аспектілерін жүзеге асыру жолдары:



Осылайша, Қазақстандағы жағдайлар мәдениетаралық тұлғаны тәрбиелеу үшін қолайлы екендігін және оның мақсаты жалпы мәдениет деңгейін: байланыс мәдениеті, сөйлеу мәдениеті және зияткерлік жұмыс мәдениеті көтеру болып табылатындығын байқаймыз. Н.Ә.Назарбаев: «Қазақстанның көпмәдениеттілігі - қоғам дамуының прогрессивті факторы. Қазақстанның халықтарының еуразиялық тамырлары Шығыс, Азия, Батыс, Еуропа ағынын байланыстыруға мүмкіндік береді және көпмәдениеттіліктің дамуының бірегей қазақстандық нұсқасын құруға мүмкіндік береді» деген сөздерінен-ақ еліміздегі көпмәдениеттіліктің бірегейлігін байқаймыз[4]. Өскелең ұрпаққа көпмәдениетті тәрбие беру – білікті де, білгір мұғалімдердің қолында.

























































ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1. Джуринский А.Н. Поликультурное воспитание: сущность и перспективы развития. // Педагогика, 2002, №10

2. Макаев В.В., Малькова З.А., Супрунов Л.Л. Поликультурное образование - актуальная проблема современной школы // Педагогика. -1999. - №4. - 3-10.

3. Концепция этнокультурного образования в РК –Алматы, 1995.

4. Назарбаев Н.А. Стратегия трансформации общества и возрождения евразийской цивилизации.- М., 2000. -С.16-18.