СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Поурочный план по истории "ХІ-Х? ?асырларда?ы Франция"

Категория: История

Нажмите, чтобы узнать подробности

Поурочный план по истории для уроков в 7-ом классе на тему "ХІ-Х? ?асырларда?ы Франция"

Просмотр содержимого документа
«Microsoft Office Word Document (3)»

Тақырыбы: ХІ-ХҮ ғасырлардағы Франция

Білімділік мақсаты; ХІІ ғасырдың аяғынан ХІҮ ғасырдың басына дейінгі аралықтағы Француз жерлерін біріктіру және король билігін нығайту процестері.

Дамытушылық мақсаты; Оқуға ынталығын, оқулықпен және жекелей жұмыс түрлерін, азаматтық жауапкершілігін дамыту.

Тәрбиелік мақсаты; Адамгершілікке, ұлтжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:

Аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері;

Ауызша және жазбаша сұрақ-жауап, баяндау, сызба сызу, оқулықпен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі:

Карта «Орта ғасырлардағы Франция», кестелер.

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру бөлімі: Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа бағыт беру.

ІІ. Өткен тақырыпты еске түсіру, үй тапсырмасын тексеру:

1. Бір орталыққа бағындырылған мемлекеттің құрылуына кімдер мұқтаж болды?

2. Қолөнер мен сауданың дамуына кімдер зиян келтіріп отырды?

3. Корольдер неге қала тұрғындарымен одақтасты?

4. Монархия деген не?

5. Еуропа елдеріндегі өкілетті билік түрлері қалай аталды?

ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары.

1. Француз жерлерінің бірігуі.

2. Жүз жылдық соғыс. Жакерия.

3. Француз халықтарының басқыншыларға қарсы күресі. Жанна д,Арк.

4. Елді саяси біріктіруді аяқтаудың алғышарттары.

5. ХІ Людовик және оның корольдік өкіметті нығайту жолындағы қызметі.

ІҮ. Жаңа білімді меңгерту:

1. Елдің бірігуінің алғышарттарын анықтау ХІ ғасыраы францу емлекеті мен король билігін сипаттаудан басталады. Оқушылар ірі феодалдардың тәуелсіздігі қандай дәрежеде болғандығын, өз иеліктеріндегі билігін, корольге қаншалықты бағынышты болғандығын естеріне түсіреді. Сабақ ХІІ ғасырдың аяғынан ХІҮ ғасырдың басына дейінгі Француз мемлекеті саяси тарихының маңызды кезеңдеріне қысқаша шолу ретінде жүргізіледі.

2. Франциядағы король билігінің нығая бастауы туралы сөз болғанда жүз жылдық соғыс және Жакерия жайлы негізгі ұғымдармен байланыста қарастырылуы тиіс. Жакерия жүз жылдық соғыстың ауыртпалығынан, атап айтқанда Пуатье түбіндегі жеңілісітен кейінгі қиыншылықтардан туындады.

Франция мен Англия арасындағы жүх жылдық соғыс туралы баяндағанда да оның себептері, яғни оқушыларға таныс оқиғаларды еске түсіре кеткен дұрыс.

3. Жүз жылдық соғыстағы бетбұрыс шаруа қызы Жаннаның ерлігімен байланыстырыла баяндалады. Жанна француз халқының намысын оятып, елдің азаттыққа деген үмітін тұтатты, жаулап алушыларға қарсы ашу-ыза тудырды. Жаннаның өлімі соғыс барысын өзгерте алмады. Оның ерлік ісі француз халқының жүз жылдық соғыста жеңіске жетуіне қосылған елеулі үлес болғандығын атап өтіледі.

4. Сабақта «Бір орталықтанған монархиялардың құрылуы» деген тақырыптағы басты ұғымдар қалыптастырады. Оның үстіне: а) елді біріктіруді аяқтаудың алғышартары; ә) бір орталықтанған өкіметтің феодалдық бытыраңқылықты жеңуі; б) Франциядағы король билігіндегі бір орталықтанған мемлекет мәселелері қарастырылады.

5. Елді саяси біріктіру негізінен ХІ Людовик (1461-1483 жж) тұсында аяқталды. Бұл біріктіруді мынадай таблица арқылы түсіндіруге болады.

ХІ ғасырдағы

Француз мемлекті

ХҮ ғасырдың соңындағы

Француз мемлекеті

1. Ел жекелеген феодалдық иеліктерге бөлінді.

1. Елді біртұтас мемлекетке біріктіру аяқталды.

2. Ірі феодалдардың өз иеліктеріндегі билігі шексіз болды.


2. Ірі феодалдар өз иеліктеріндегі биліктен айырылды, олар корольге бағынышты болды.

3. Король «тең сеньорлар арасындағы бірінші» сеньор болды. Оның әскері, қазынасы шенеуніктері жоқ.

3. король елдегі біртұтас орталық өкіметтің басшысы (тұрақты әскер, жыл сайынғы салық, шенеуніктер)

Ү. Бекіту: Тақырып соңындағы тапсырмалар мен сұрақтар арқылы.

ҮІ. Бағалау.

ҮІІ. Үй тапсырмасы: Мәтінді оқып, мазмұндарын айту.