СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Поурочный план в 3 классе по Рахимжанова

Нажмите, чтобы узнать подробности

Unit 1, lesson 1. Поурочный план по английскому языку по книге Рахимжанова, Волкова за 3 класс на казахском языке.

Просмотр содержимого документа
«Поурочный план в 3 классе по Рахимжанова»

Unit 1. Lesson 1.

Сабақтың тақырыбы: Hello, again!

Сабақтың мақсаттары:

Білімдік: “Амандасу, бір – бірін таныстыру” тақырыбы бойынша жағдаяттық қарым-қатынас шеңберінде рецептивтік және репродуктивтік коммуникативтік дағдыларды қалыптастыру; өткен жылы оқылған материалды белсенді ету және қайталау. “To be” етістігінің түрлерін етістіктің Present Simple шағын, thare is, there are оралымын, 0-ден 100-ге дейін санауды, some/ any белгісіздік-жіктеу есімдіктерінің қолдану орайын қайталау. A/ an артикльдерінің санауға келетін және санауға келмейтін зат есімдермен қолданылуын, Аа әрпінің ашық және тұйық буында оқылуын үйрету, трансклипция ұғымымен таныстыру.

Дамытушылық: оқылған лексиканы белсенді ету арқылы оқушылар тілін дамыту, сөздік қорды байыту, оқу және тыңдау дағдысын, шет тілдік мәдениетке оң көз қарасты дамыту; саусақтың ұсақ бұлшық ет икемділігін, оқу ойындарына тарту арқылы қимыл әрекеттерін басқару білігін дамыту;

Тәрбиелік: мұғалімге/сыныптастарына, қонаққа құрметпен карауға, жиһазға ұқыптылықпен қарауға, оқушыларға қамқорлық танытуға баулу.

Күтілетін нәтижелер:

Пәндік: бастапқы тыңдау және айту дағдыларына ие болу, үлгі танысу жағдайларында “Hi, Hello, Good morning/afternoon/evening…, nice to meet you; Nice to see you; Let’s learn; My name is …; I am age; I am from…; What’s your name?; How are you?; How old are you?; It’s…” сияқты тілдік репликаклищелерді білу және пайдалана алу, 0-ден 100-ге дейінгі сан есімдерді білу; жаңа ОӘК-нің құрылымын білу.

Тұлғалық: оқылатын тілге қызығушылық ояту, өз мәдениетіне жаңа шет тілдік мәдениетке, үлкендер мен құрдастарына құрмет таныту.

Жүйелік-әрекеттік: оқылған лексикалық және грамматикалық құрылымдарды танысу жағдаятында пайдалану ( амандасу, танысу, әңгіме араласу, әңгімені аяқтау), оқулық пен жұмыс дәптерін пайдалану дағдыларын қолдану.

Сабақты материалдық қамтамасыз ету:

  • Мұғалім үшін: CD ойнатқыш, интерактивті тақта, сандар жазылған карточкалар жинағы.

  • Оқушылар үшін: кітап, жұмыс дәптері, жазу құралдары, дүниежүзілік карта.

Пәнаралық байланыс: музыка (“On the first of September” әні орындалады), математика (0-ден 100-ге дейін санау), дүние тану (әлем картасы).

Сабақтың барысы

  1. Ұйымдастыру кезеңі

T: Good morning, children!

Ch: Good morning, teacher!

T: I’m glad to see you!

Ch: We are glad to see you too!

T: How are you today?

Ch: Fine, thanks. And you?

T: I’m OK. Thank you. Sit down, please.

  1. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

  • Балалар, бүгінгі адамдардың бір-бірімен қалай амандасатынын, өзге

адамдарды, адамның өзін-өзі қалай таныстыруына болатынын есімізге түсіріп, қайталаймыз, сондай-ақ осыған дейін үйренгенімізді қайталаймыз.

  1. Тірек білімді белсендіру.

  • Бұрынғыдан да көбірек ағылшын сөздерін, жазу мен оқуды үйренуге тиіспіз. Ал балалар, жер шары картасына қарайықшы. Ағылшын тілінің шыққан жері қай ел еді? Ол қалай аталады? Оны кім картадан көрсете алады? Ұлыбритания - Еуропаның бір бөлігі болғанымен, оқшау аралда орналасқан мемлекет. Ол, міне, мына жерде орналасқан. Қазақстаннан Ұлыбританияға ұшақпен жетуге болады. Балалар, оқулықтарыңның бірінші беттерін қараңдаршы. 2-сынапта Білім елінде бізге серік болған кейіпкерлеріміздің есімдері естеріңде ме?

Оқушылар кейіпкерлердің аттарын атайды. Мүғалім Mr/Know-All деген жаңа кейіпкермен таныстырады. Very well!

Фонетикалық жаттығу

  • Балалар, кейбір дыбыстарды есімізге түсіріп, оларды айтып көрейік.

  • Балалар, әріп пен дыбыстың арасында қандай айырмашылық бар?

  • Дұрыс, біз әріпті жазамыз және оқимыз. Дыбысты айтамыз. Бүгінгі сабақта біз дыбысты шартты түрде белгілеуді үйренеміз. Ғылыми тілмен айтқанда бұл транскрипция жазу деп аталады. Тақтаға қараңдар (тақтада Аа әрпі және [æ], [ei] дыбыстары Jane, name, apple, ant сөздері жазылған. Тік жақшаның ішіндегі – дыбыстардың символы).

Бұл символдарды [æ], [ei] Аа әрпімен шатастырмаңдар. Аа әрпі бірнеше дыбыс бере алатын ерекше әріп. Дауыссыздан кейін дауысты дыбысы жоқ жабық буында Аа әрпі [æ] болып оқылады. Мысалы, cat, Pat, rat, bag. Ал дауыссыздан кейін дауысты орналасқан ашық буында ол [ei] болып оқылады. Мысалы, Game, make, plate, same.) Тіл жақшада жазылған таңба әріптің айтылуын белгіліейтін дыбыс болып табылады.

Now, let’s open our books on p.78 and repeat after me: [æ], [æ], [æ] apple.

Let’s say together: an apple, an ant. The ant is on the apple. [ei], [ei], [ei] name, Jane. Let’s say together: name, a name, names. What’s your name? My name is Jane.

  • Well done, children!

  1. Жаңа білім мен әрекет ету тәсілдерін меңгеру.

Оқулықпен жұмыс.

1-жаттығу. Listen and read.

  • Who is in the picture?

  • What are their names?

Ағылшындар – өте сыпайы халық. Ағылшын тіліндегі ең сыпайы сөздерді еске түсірейік. Дұрыс, “thank you” мен “please”. Бірінші жаттығуды жаңа кейіпкермен кездесу сәті суреттеледі. Бұл кейіпкер бізге жыл бойы көмектесетін болады.

Track 1.

Teacher; Good morning, children! Nice to see you again. Let’s start the new school year. This is Mr. Know-All. He knows many things.

Alibek: Hello, Mr.Know-All! Nice to meet you!

Mr.Know-All: Nice to meet you too. Kids, do you like English?

Children: Yes, we do.

Mr.Know-All: Let’s learn it together. Show me what you can say in English.

2-жаттығу. Let’s repeat what you know. Read the dialogue in pairs.

Мақсаты: алдыңғы жылы өтілген материалды қайталау.

  1. Бастапқы түсінікті тексеру.

3-жаттығу. Pairwork. Ask your classmate the questions from ex.2 and answer them.

Оқушылар 2-жаттығудан сұрақтар қойып, оларға жауап беріп, жұптасып жұмыс істейді. Change the roles фразасын айтыңыз немесе алақандарыңызды шапалақтап , оқушыларға рөлдерімен алмасуды ұсыныңыз.

4-жаттығу. Listen and sing.

Track 2.

On the first of September autumn starts.

We go to school look at us!

We are so beautiful. We are so happy.

The day is so wonderful. It’s isn’t rainy.

On the first of September autumn starts.

We go to school look at us!

  1. Білім мен әрекет ету тәсілдерін бекіту.

Дәптермен жұмыс.

Жұмыс дәптерінде оқулық материалын пысықтауға және белсенді етуге арналған тапсырмалар ұсынылады.

1-жаттығу. Match the number to the word. Оқушылар санды өзіне сәйкес келетін сөзбен сәйкестендіруге тиіс.

Сандар” дидактикалық ойыны.

Мақсаты: 0-100 аралығындағы есептік сан есімдерді қайталау.

Ойын барысы: сынып 2 командаға бөлінеді. Интербелсенді тақтаның оң және сол жақтарында сандарды шашыраңқы түрде жазу. Командалардың қатысушылары мұғалім атаған санды себет суретіне жинауға тиіс. Аталған сандарды жылдамырақ және дұрысырақ жинаған команда жеңімпаз атанады.

Ойын аяқталғаннан кейін мұғалім санды көрсетеді, оқушылар оны атайды, одан кейін мұғалім оның әріптермен жазылуын көрсетеді. Егер ол көрсетілген санға сәйкес келсе, оқушылар бір рет алақандарын шапалақтайды, сәйкес келмесе, балалар “No” сөзін айтады. Есептік сандарды қайталаудан кейін бекітуге арналған жаттығулар орындалады.

Сергіту сәті

Мақсаты: сөйлеу аппаратын, шығармашылық белсенділікті дамыту, шиғыру деңгейін және көздердің шаршағанын азайту.

Stand up, sit down

Clap, clap, clap.

Point to the window

Point to the door

Point to the board

Point to the floor

Stand up, sit down.

Clap, clap, clap.

2- жаттығу. Match the sentences to the pictures.

Оқушылар әрбір сөйлемнің жанындағы торкөзге тиісті әріпті жазу арқылы сөйлем мен суретті сәйкестендіруге тиіс.

Keys: 1.a 2.c 3.b 4.e 5.d

3-жаттығу. Listen and circle what you hear.

Мақсаты: тыңдау, мәтінге сәйкес әрбір сөйлемде сөзді бастырып жазу керектігін түсіндіріңіз. Оқушыларға дайындалуға және ақпарат сипатын болжауға мүмкіндік беру үшін жаттығу мәтінін оқуды ұсыныңыз.

Track 3.

This is Tom. He’s a pupil. He loves his parents. His mother is a cook. His father is a pilot. Tom wants to be a policeman when he’s big. Tom likes cheese and soup. He doesn’t like honey. His favourite vegetables are carrots.

4-жаттығу. Put the words into the right column.

Keys:

Some: jam, butter, bread, juice, honey, soup.

a/ an: biscuit. Orange, cucumber, kiwi, tomato, lemon.

5-жаттығу. Complete the sentences with the right word.

Keys: 1. Are 2. Does 3. Some, here 4. Like 5. An

6-жаттығу. Do the crossword.

Keys: 1. Living room. 2. Garden 3. Bathroom 4. Window 5. Door 6. Floor 7.Bedroom

  1. Сабақты қорытындылау

  • Children, your work today was great! Біз былтырғы жылы өтілген үлкен көлемді материалды қайталадық. Ал бүгін қандай жаңа сөздер мен сөз оралымындарын үйрендік? Дұрыс, олар: together, know, many, thing etc. nice to see you. Nice to meet you.

“Language Portfolio” қосымшасын ашуды сұрайды. Оқушылар өз жұмысын өз бетімен бағалап, осы смайликтердің бірін бояуы тиіс.

  1. Үй тапсырмасы

Ән тыңдау, 5-ші және 6-шы жаттығуды жұмыс дәптерінде орындау