БҚОӘББ «Жоғары аграрлық-техникалық колледжі» МКҚК
Сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы:Практикалық жұмыс Магнит өрісіндегі ток тізбегі.Магнит ағынына сапалық және мәтінді есептер шығару
Пән атауы Физика
Дайындаған педагог Кимашева Алтын Сиражевна
1.Жалпы мәліметтер
Курс, оқу жылы, топ 1 курс
Сабақ типі практика
2.Оқыту мақсаты. 10.4.4.3 Магнит өрісіндегі ток тізбегін және магнит ағынын оқып үйрену.
Сабақ мақсаты:
-
Магниттік өрістердің қозғалыстағы зарядтарға әсерін сипаттау;
-
Зарядтың жылдамдығын, магнит өрісінің бағытын және магнит өрісіндегі қозғалыстағы зарядтың магнит өрісі бағытын анықтау үшін сол қол ережесін пайдалануды үйрену;
Бағалау критерийлері:
Түсіну: Зарядтарға әсер ететін күштердің бар екендігін түсінеді, сипаттай алады.
Сыни ойлау: Магнит өрісінің күштік сипаттамасы ұғымын талдап, анықтама береді
Қолдану: Лоренц заңының формуласын біледі, қолдана алады.
Талдау: Әртүрлі ортадағы зарядтарға әрекет ететін күшті салыстырып, талдай алады. Формаулаларды қолданып, оларға әсер ететін күштерді таба алады
Математикалық сауаттылық: Математикалық есептеулерді дұрыс жүргізеді, формуланы түрлендіре алады. Векторлар ережесін қолданып, қатесіз математикалық есептеулер жүргізе алады.
2.1 Оқу сабақтары барысында білім алушылар игеретін кәсіби біліктердің тізбесі (Блум таксономиясы)
3. Сабақты жабдықтау
3.1 Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер плакаттар,слайд,10 сыныптың оқулығы
3.2Техникалық құралдар,материалдар карточкалар,фотосуреттер
4. Сабақтың барысы
Сабақтың басы_(...15мин) Ұйымдастыру бөлімі, студенттердің зейінін сабаққа аударып,өткен материалдар бойынша тексеру сұрақтарын беру.
1.Ампер күші дегеніміз не?
2.Лоренц күші дегеніміз не?
3.Магнит өрісіндегі зарядталған бөлшектердің қозғалысы дегеніміз не?
4.Есептер шығару
Сабақтың ортасы(...30мин) Жаңа сабақ түсіндіру
Жоспар
1.Ампер күші,Лоренц күші және магнит ағынына есептер шығару
Fл = qvBsinά 1892 ж.
q- қозғалыстағы заряд
v-қозғалыстағы заряд жылдамдығы
B-индукция векторы
ά-жылдамдық вектры мен магнит индукция векторы арасындағы бұрыш
- шеңбер бойымен қозғалған бөлшек радиусы
– бөлшектің айналу периоды
I-топ есептері
-
Индукциясы 4мТл біртекті магнит өрісінде қозғалған электронның айналу периоды (q = 1,6·10-19Кл; m =9,1·10-31кг )
Ж: 8,9 нс
-
Индукциясы 0,1Тл біртекті магнит өрісіндегі ұзындығы 50см, 2А тогы бар өткізгішке 0,05Н күш әсер еткендегі, тоқтың бағыты мен магнит индукциясы векторының арасындағы бұрыш.
Ж: 300
ІІ -топ есептері
-
Индукциясы 0,2 Тл-ға тең магнит өрісіндегі 10Мм/с жылдамдықпен индукция сызықтарына перпендикуляр қозғалып келе жатқан протонға әсер ететін күш (q = 1,6·10-19Кл)
Ж: 0,32 пН
-
Сымының орам ұзындығы 0,2м электрқозғалтқыш якоріндегі ток күші 20А болғанда, 1Н күш әсер етеді. Осы өткізгіш орналасқан жердегі магнит индукциясы.
Ж: 0,25Тл
ІІІ -топ есептері
1. Индукциясы 0,01Тл магнит өрісінде радиусы 10см щеңбер сызған протонның жылдамдығы (q = 1,6•10-19Кл; mp =1,6•10-27кг ).
Ж: 100км/с
2. Сымының орам ұзындығы 0,2м, электрқозғалтқыш якорінің орналасқан жеріндегі магнит индукциясы 0,25Тл. 20А ток күші өткенде, орамға әсер ететін күш. Ж: 1Н
ІV - топ есептері
1.Біртекті магнит өрісінің күш сызықтарына перпендикуляр орналасқан ұзындығ ы 50см өткізгішке 0,12Н күш әсер етеді. Өткізгіштегі ток күші 3А болғандағы, магнит индукциясы (0,08Тл)
2.Индукциясы 0,4Тл-ға тең магнит өрісіндегі 2*104км/с жылдамдықпен индукция сызықтарына перпендикуляр қозғалып келе жатқан протонға әсер ететін күш (q = 1,6·10-19Кл)
Ж: 1,28 пн
Дескриптор Ампер күшін,Лоренц күшін,магнит ағынын біледі.
5.Сабақ бойынша рефлексия: Ампер күші,Лоренц күші,магнит ағынына есептер шығарып, БББкестесі бойынша кері байланыс жасау.
6. Үйге тапсырма: &68.-73