Пәні: Әдебиеттік оқу
Күні: 12.11.2014 жыл
Сабақтың тақырыбы: Халық қорғаны
Сабақтың мақсаты: 1)Оқушылардың өз еліне,ата-мекеніне сүйіспеншілігін арттыра отырып,бабамыздың туған елін,жерін жаудан қорғау әрбір азаматтың міндеті екенін түсіндіру. Қабанбай батыр туралы мәлімет беру,қазақ-жоңғар соғысы болған жерлер және қазақ қолбасшылары туралы білімдерін кеңейту.
2.Оқушылардың ойлау қабілеттерін,сабаққа деген қызығушылығын арттыру,сөздік қорларын байыту.Тарихи таным қабілетін арттыру.
3.Қабанбай батырдың және өзге сарбаздар өнегесін алға тарта отырып оқушыларды ерлікке,батырлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Ой қозғау,топпен жұмыс,негізгі идеяны айқындау ,баяндау,сұрақ-жауап,қызығушылығын ояту,өлең құрастыру.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта,сызба,Қазақ батырларының ,Үш бидің,Абылай ханның,Бұқар жыраудың,бес қарудың суреттері,сөзжұмбақ.
Пәнаралық байланыс: Тарих,дүниетану,қазақ тілі.
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезең
А) Сәлемдесу
Ә) Оқу құралдарын әзірлеу
Б) Назарларын сабаққа аудару
Көлік маркалары арқылы топқа бөлу
І топ: Мерседес
ІІ топ: Лимузин
ІІІ топ: Джип
ІІ Өткен тарауды пысықтау.
«Туған елім,туған жерім»
Суретті тапсырма.(қай мәтінге қатысты сурет екенін,мәтінді қысқаша мазмұндау,авторын,мәтін тақырыбын айту)




Мына үзінділер қай өлеңнен алынған?(өлеңнің атын,авторын және өлеңді толықтырып айтып шығады)
1) Жан беретін,
Тән беретін
Мейірімді ана-сен ғана.
2) Туған тілім тіл болудан қалса егер,
Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.
3)Кей-кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім.
4)Бостандық таңы атты,
Қазағым,көріңдер.
«Ата-бабам тарихы-менің тарихым» жаңа тарау.
Көрініс: «Атасы мен немересі» (тарихқа шолу)
А) Атасы мен немересі.
Ә) Тарихшы мен жыршы.


“Тарихты танып,зерделеу керек,тарихты таразылау керек,сонда тағдырыңды,бүгінгі тұрпатыңды танисың,келешегіңді бағдарлайсың, алдағы жүрер жолыңның сілемін табасың”
Н
.Ә.Назарбаев
Үш бидің басын қосты



1.Суретке зер салып қара.

Суретпен жұмыс:
-Суретте кімдер бейнеленген?
-Олардың қазақ батырлары екенін неден аңғардың?
-Суреттегі ақ боз атқа мінген кім дер едің?
-Қазақ батырлары неліктен атқа қонды деп ойлайсың?
2.Ой қозғау
-Батыр деп біз кімдерді айтамыз?
Ендеше балалар, бүгін біз қазақ батырларымен танысамыз. Батыр деп біз кімдерді атаймыз? Ерлік жасаған, елін, жерін сыртқы жаудан қорғаған ер жүрек батырларды айтамыз. Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Алпамыс, Қобыланды, Амангелді, Исатай, Махамбет деген көптеген батырларымыз бар.
Қазақ батырлары
Қаракерей Қабанбай,
Қанжығалы Бөгенбай,
Шапырашты Наурызбай.
Өңкей батыр жиылып,
Абылай салды жарлықты.
Үш жүздің басын қосқан Абылай хан – Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай батырлардың ерлігіне сүйенген. Қазақ батырлары атты өлеңді жазған Бұқар Жырау атамыз Абылай ханның кеңесшісі, ақылшысы болған.

Бауыржан, Әлия, Мәншүк сынды ұлдарымыз бен қыздарымыз көп болған. Оларға Кеңес Одағының батыры деген атақ берілген.

Жылқы- тақтұяқтылар отрядының бір тұқымдасы. Жылқы адамзат өркениетіндегі, әсіресе, дала өркениетіндегі дамудың жарқын да елеулі көрсеткіштерінің бірі болады. Жылқыны қолға үйрете бастау көшпелі шаруашылықпен өркениет дамуының негізін қалады. Қолға үйретілген жылқының шаруашылықта маңызы зор. Ол – ет және қымыз өндіру, салт міну, арбаға не шанаға жегу, әскери және спорттық бағыттарда өсіріледі.
Сергіту сәті
«Көңілді күн» әуенімен қимылдар жасау.
3.Қызығушылығын ояту

4.Ой толғаныс
Ер қаруы-бес қару


Батырларымыз елді жаудан қорғағанда мына қаруларды қолданған. Садақ, найза, қылыш, айбалта, шоқпар. Ер азаматтың – бес қаруы сақадай сай болған.
5.Мәтінді түсініп оқы.
Халық қорғаны (Ел аузынан)
Түсіндірілетін сөздер:
Шұбырынды –қорғансыз,панасыз есеңгіреген халық.
Жасақ- әскер.
Ақылгөй- ақылды,ақыл беруші.
Жарақ- бірлі-жарым,аздаған.
Пырақ- жүйрік ат,тұлпар.
Бекіту кезеңі
Деңгейлік тапсырмалар
А) Б) С)
А) Мәтінде қазақ халқының басынан өткен қандай кезең туралы айтылған?Осы жолдарды тауып оқы.
Б) Бұқар жырау Қабанбай батырды нелерге теңеп суреттейді?Мәтінге сүйеніп,сызбаны толтыр.
С) Өлең құрастыру.
1.---------- елім, 4.---------- жасарған
2.---------- жерім, 5.---------- жайған,
3.---------- жайқалған 6.---------- Қазақстан!
Қорытындылау
Сенің Отаның | Қазақстан қандай мемлекет? | Қазақстан елінің президенті | Қазақстан елінің рәміздері | Қазақ халқының батырлары | Үш би | Қабанбай батырдың шын есімі | Қабанбай батырдың сипатын жырлаған кім? | Қазақстан- ның бола- шақта қан- дай ел болғанын қалайсың? |
| | | | | | | | |
Ұнады:
Қиын болды:
Тілегім:
«Бағдаршам» арқылы бағалау
.Қызыл түс-түсінген жоқпын;
.Сары түс-тағы да қажет сұрақтар бар;
.Жасыл түс-барлығы түсінікті.
Үйге тапсырма:
1)Мәтінді түсініп оқып,мазмұндау.
Ана тілі пәнінен ашық сабақ
Халық қорғаны
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі : Халықты жаудан қорғаған батырдың ерлігі туралы оқушыларға түсінік берумен бірге Бұқар жырау теңеулерінің мағынасын түсіндіру.
Дамытушылығы : Суретпен жұмыс жасау арқылы сұрақтарға жауап бере отырып, өзін ойын толық,еркін жеткізе білуге баулу.
Тәрбиелілігі:Оқушыларды патриоттық тәрбиеге баулу.Туған жерін, елін сүюге, қорғай білуге тәрбиелеу
Түрі: Жаңа сабақ
Әдіс-тәсілдер: СТО, сұрақ-жауап, әңгімелеу
Көрнекілігі: Батырлар суреті, слайд
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі:
Психологиялық дайындық
Топтастыру
I топ «Қабанбай»
II топ «Наурызбай»
III топ «Бөгенбай»
II. Үй тапсырмасын сұрау:
«Туған елім,туған жерім» тарауы бойынша сұрақ-жауап
I топ
1. «Бостандық таңы атты» өлеңінде ақын тәуелсіз елдің балалары қандай болуы керек дейді. (өнерлі, өнегелі)
2.Нелерден аулақ бол дейді? (еріншек,жалқаулық,өтірік,өсек)
II топ
3.М.Мақатаев өлеңі неліктен «Үш бақытым» деп атаған?
4. «Туған ел» өлеңінде ақын туған даласын кімге теңейді?
III топ
5. «Туған тілім» өлеңінің бір шумағын жатқа айту?
6.Еліміздің мемлекеттік рәміздерін ата?
III. Жаңа сабақ: «Халық қорғаны»
Мәтінді оқып отырып әңгімелеу.
Мәтінде жоңғар шапқыншылығы қазақ еліне қарсы жасаған соғысы жайлы әңгіме етеді.
Қазақ халқының басынан өткен қиын кезеңдері айтылады.Шұбырынды болған жұрттың басын қосқан Қаракерей Қабанбай батыр еді. Алғашқы қазақ жасағын құрды.Бұқар жырау өз жырына Абылай мен қатар көбірек Қабанбай батыр туралы жырында жырлайды.Қабанбай батыр қазақ елі үшін сыйлы да,қадірлі болған батыр.
IV.Сөздік жұмыс дәптермен жұмыс
Мәтінді оқушыларға тізбектей оқыу
-Міне, балалар, бабаларымыздың, батырларымыздың арманы елімізді, Отанымызды ұрпақтан ұрпаққа аман алып қалу, тәуелсіздік пен егемендік орнату еді. Қазір біз егемендік тәуелсіз ел болдық. Өз алдына бөлек республика болдық, өз рәміздеріміз бар, оны сендер білесіңдер. Болашақ ұрпақтарын осындай бақытты күнге жеткізуге олар қанша қиындықтар, азапты өмірлер көрді... Қаншама хас батырларымыз көкіректерін жауға тосты, берілмеді...
Әрине тәуелсіздік бізге оңайлықпен келген жоқ. Қазақ халқының небір қайтпас қайсар батырларының жасаған ерліктерін оқулықтардан оқып білудеміз. Елім, жерім деп жаудан ұлтарақтай жері үшін, небір қазақтың батырлары өз өмірлерін қиып, қанды шайқастарда қаза болды.
Қазақ жері, қазақ елі біздің ата- бабаларымыздың кейінгі ұрпақтарға қалдырып еткен баға жетпес байлығы және асыл мұрасы.
-Қандай батырларды білесіңдер? (оқушылар жауабы)
V. Сабақты бекіту
Сұрақ – жауап әдісі.
Топтық тапсырма
I топ
1.Мәтінде қазақ халқының басынан өткен қандай кезең туралы айтылған?
Осы жолдарды тауып оқы.
II топ
2.Халықты жаудан қорғаған батырдың есімі кім?
III топ
3.Бұқар жырау Қабанбай батырды нелерге теңеп суреттейді?
Жырды оқи отырып табу
Аталарымыздың сол қасиеті елге- мұра, ұрпаққа-ұран болып келе жатыр. Ұлт –азаттық көтерілістер, Ұлы Отан соғысы мен желтоқсан оқиғалары, соғыстың қатал сынағынан өткен жандардың жанқиярлық ерлігі арқасында, біздің барлығымыз өмір сүру бақытына ие болдық.
VI. Бағалау:
VII.Үйге тапсырма: Мәтінді әңгімелеу

Распродажа Versace  Такой цены на духи нет нигде. Доставка бесплатно! aromo.com.kz Скидка 50% |
Распродажа Chanel  Такой цены на духи нет нигде. Доставка бесплатно! aromo.com.kz Скидка 50% |
Скачайте приложение  Участвуйте в розыгрыше автомобиля Toyota Corolla! market.kz |
Распродажа Chanel  Такой цены на духи нет нигде. Доставка бесплатно! aromo.com.kz Скидка 50% |
Скидка на духи Dior |