Тақырыбы: «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы».
Мақсаты:
1.Жас ұрпаққа елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы терең мағлұмат бер;
2. Елбасының өмірін, еңбек жолын үлгі - өнеге ете отырып, елжандылыққа, отан сүйгіштікке, азаматтыққа баулу
3. Ел болашағын ойлайтын, халқы үшін еңбек ететін, ұлттық санасы, құқықтық мәдениеті қалыптасқан жас ұрпақты тәрбиелеу.
Көрнекілі: Интерактивті тақтадан портреттер, слайд, фотосуреттер, еліміздің рәміздері, Астана суреттері.
Жүргізушілер:
Ақерке: Салеметсіздерме құрметті ұстаздар мен оқушылар!
Ерасыл: 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күніне арналған мерекеге қош келіпсіздер!
Әнұран орындалады.
Бейнеролик: «Бәріміз бір елміз».
Ерасыл:
Қазақстан дейтін менің бар елім .
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далада атам қолға ту алған,
Ақерке:
Бұл далада жылап келіп, уанған
Бұл даланы көріп алғаш қуанған
Бұл далада өскен жанда жоқ арман!
Ерасыл:
Көк байрақты туым бар,
Рухы биік елім бар
Ырыс пен арды ойлаған,
Ел басқарған ерім бар.
Ақерке:
Егеменді Отанымның,
Қасиетті қазағымның,
Ел басы кім айтыңдар?
Ерасыл:
1991 жылы өзінің тәуелсіздігін жеңіп алған жас мемлекет - Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.
Ақерке:
Әр дәуірдің өз ұлы тұлғасы болатындығы тарихтан әу бастан-ақ белгілі. Міне, соны болашақтағы өскелең ұрпақ санасына сіңіру бүгінгі күннің баға жетпес байлығы екенін әсте естен шығармауымыз керек.
Ерасыл:
Ендеше бүгінгі мерекемізде әділеттің ақ жолын ту етіп, елінің егемендігін ойлаған, ынтымақты, тұтастық бірлікті ойлаған ұрпақтың саналылығына мән берген, ар мен намысты биік ұстаған, әлемдік деңгейдегі ірі қоғам қайраткері – Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы мағлұмат алмақпыз.
Ақерке:
Тәуелсіз елдің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев: «Мен өз халқымды сүйемін». Оның мені бала кезімнен сабыр мен парасатқа баулығанын мақтан тұтамын. Мен осы халықтың қаны мен жанынан жаралған перзентпін, сондықтанда қиын кезеңде өз мойныма түскен ауыр жүкті көтеруге міндеттімін.
Монтаж әр сыныптан 2 оқушы.
Ақерке:
Елбасымыз саған мәңгі разымыз,
Үлкен-кіші, ағайындар – бәріміз.
«Ұлтым, елім» деп қайғырған ұлы жан,
Сіз біздердің піріміз де, әніміз. –деп « Ұлы қазақ ордасы» әнің қабыл алыңыз.
Ерасыл: Ақерке Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп Н.Ә.Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Елбасының бастауымен менің Отаным әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін танытты. Қазақ халқы егемендігін алып, Тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатындығымызға күмәнданған жандар да болған екен.
Ақерке: Ия, Ерасыл солай мекен, бірақ ар-намысты ту еткен Елбасымыз бен үкімет басындағы ел үшін еңбек еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді ғой.
Ерасыл:
Халқым айтқан жер көтерер ел даңқын,
Елім айтқан ел көтерер жер даңқын.
Ақерке:
Президентім, елбасы, аман болғай,
Мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым!
Ерасыл:
Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің негізін салушы, болашақты алыстан болжай білетін, кемел ойдың иесі, сонымен қатар, еліне халқына шынайы қамқорлық,
жанашырлық жасай білетін стратег саясаткер Нұрсұлтан Назарбаев сияқты әлемдік саясаткер, дана басшы, тарихи тұлға туралы мәліметтерді 4 сынып оқушылары дайындап отыр.
Ақерке:
Ендеше сөз кезегін 4 д сыныбына беріп елбасымыздың балалық шағымен танысайық.
Ерасыл:
Жанына халқымыздың жылқы жаққан,
Жылқыға жетпеген көз жаутаң қаққан,
Мінсең ат, ішсең қымыз, жесең қазы,
Қашаннан қазақ халық жылқы баққан Би «Тұлпарым»
Акерке:
Тұңғыш президентіміздің «Жастық шағымен» 4 а сыныбы таныстырып мәлімет береді. 4 а сыныбына сөз береміз.
Ерасыл:
Домбыралары күмбірлеп,
Күй шерте алатын.
Саадия мен Мерейдің
«Тепенкөк» күйін тыңдаймын
Акерке:
Тәуелсіздік – рухы күшті ғажап күн
Артта қалды бодан болған азап күн
Ерасыл:
Елім, жерім қазағым деп тебіренем
Өйткені мен – тәуелсізбін, азатпын.
Тәуелсіз елдің құрылғаныны туралы 4 г сыныбына сөз кезегін береміз.
Акерке:
Еркін елдің ұл- қызы
Жарқыраған жұлдызы
Би билейміз бәріміз
Айдай толқын нұр жүзі- деп Аружанның орындауында Қамажай біи
Ерасыл:
Қазақ елі желбіреп көк байрағың
Гүлге оранды ауылың мен аймағың
Нұрсұлтаның биіктерге бастады
Ол көрсеткен нұрлы жолдан таймағын.
Акерке: Нұрсұлтан Назарбаев Көшбасшы 4 б сыныбына кезек берейік.
Акерке. Балала ал қазір бәріміз тұрып өзіміздің ұлттық Қара жорға биімізді билейікші.
Ерасыл.
Оянады көңілден қайдағы арман,
Бақыт желі ескендей жайлап алған.
Президентім бар менің елі түгел,
Ақ киізге көтеріп сайлап алған.
«Атамекен» әні орындалады.
Акерке: Осымен 1 желтоқсан Тұңғыш президент күніне арналан «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты мерекелік іс шарамыз аяқталды.
Ерасыл: Назарларыңызға рахмет.