Хал қы. Еңбек ресурстары
Мақсаты:Еңбек ресурстары Шетелдік Еуропа елдерінің ұлттық құрамы,діни құрамы және халықтың орналасуы мен тығыздығы жайлы мағлұматтар алады. Оқушыларға оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін үйретіп, өз бетінше және топпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырып дамыту
Үй тапсырмасы
- Еуропаның саяси картасы мен құрылымы. Табиғат жағдайлары мен ресурстары
Кім жылдам?
- Еуропа дүние бөлігі қай материкте?
- Аралдармен қосқандағы ауданы қанша?
- Еуропа елдерінің қанша ерекшелігі бар?
- Біріншіден,
- Екіншіден,
- Үшіншіден,
- Қазіргі саяси картадағы елдер саны?
Мемлекеттік құрылымы
республика
монархия
унитарлы
федерациялы
Конституциялық монархия
Мысалдар келтіру
Еуропа жерінің көп бөлігін ...................................
алып жатыр.
қыраттар мен жазықтар
Орташа биіктігі
Теңіз деңгейінен ең биік жері
Теңіз деңгейінен ең төмен жері
320 м
4807 м
Каспий теңізі
-28 м
1.Еуропаның жер қойнауында түрлі ............................... кездеседі.
2.Тас көмірдің ірі кен орындары ..............................................................
3. Қоңыр көмір.................................................................кездеседі.
пайдалы қазбалар
Рур,Жоғарғы Силезия,Саар, Йоркшир, Уэльс
Эльба мен Вислада
Постер
1- топ
Еуропаның климаты, су ресурсы , жер ресурсы
2- топ
Экологиялық жағдай мен табиғат қорғау
Жаңа сабақ Хал қы. Еңбек ресурстары
Еуропа халқы.
Еуропа халқының саны шамамен 738 млн. адам (2009).
Батыс Еуропа елдерінің халқы 400 млн. адам.
Шығыс Еуропада 135 млн. адам тұрса.
ТМД-ның еуропалық Еуропаның халық саны ең көп елдеріне: Германия (82 млн), Франция (64 млн),бөлігінде (Ресей, Украина, Беларусь, Молдовада 190 млн. адам өмір сүреді. Ұлыбритания (61 млн) және Италия (58 млн) жатады.
Еуропалықтардың орташа өмір сүру жасы 76 жас. Табиғи өсу көрсеткіші төмендеп, орташа өмір сүру жасы ұлғаюынан Еуропа елдерінің көпшілігінде «ұлттың қартаюы» байқалады.
Аймақта туу көрсеткіші төмен болғандықтан халықтың жалпы санында жас балалардың үлес салмағы (16 – 17 %) азайып, егде адамдардың үлесі (20 – 23 %) артуда.
Еуропа қазіргі уақытта әлемдегі иммиграцияның басты ауданы болып саналады. Әсіресе Орта және Солтүстік Еуропаға иммиграция, Оңтүстік және Шығыс Еуропаға эмиграция тән. Германияда түріктердің, Ұлыбританияда үнділердің, Францияда арабтардың үлес салмағы артуда.
Еуропады еңбек ететін 14 млн-нан астам шетелдік жұмысшыларды көбі мейман жұмысшылар (немісше гастербайтерлер)
Халықтың діни құрамы. Еуропа елдерінің барлығында дерлік христиан діні үстемдік етеді. Хрисиан дінінің тармақтары – католицизм, православие, протестантизм. Католиктер
аймақтың орталығы мен оңтүстігінде (Ватикан, Испания, Португалия, Италия, Франция, Ирландия, Бельгия, Аустрия және ұсақ мемлекеттерде таралған. Протестанттар Еуропаның солтүстігі мен батысында: Норвегия, Швеция, Финляндия, Дания, Исландия, Ұлыбританияда мекендейді. Протестанттар Еуропаның солтүстігі мен батысында: Норвегия, Швеция, Финляндия, Дания, Исландия, Ұлыбританияда мекендейді.
Протестанттар Еуропаның солтүстігі мен батысында: Норвегия, Швеция, Финляндия, Дания, Исландия, Ұлыбританияда мекендейді. Православие тармағын аймақтың шығысы мен оңтүстік-шығысындағы елдер − Грекия, Румыния, Болгария, Ресей, Беларусь, Украина, Молдова ұстанады. Иудаизм – еврейлердің ұлттық діні ретінде еуропалық еврейлер арасында таралған. Ислам дінін Балқан түбегіндегі елдерге XIV – XV ғасырларда Осман империясының жаулап алушылары енгізген. Мұсылмандар Албания, Босния мен Герцоговина, Македония, Болгарияда тұрады және ислам дінін Қырым түбегіндегі қырым татарлары ұстанады.
Халықтың орналасуы мен тығыздығы. Еуропа халықтың тығыз қоныстануымен және біркелкі таралуымен ерекшеленеді. Халықтың орташа тығыздығы 1км ² жерге 100 адамнан келеді. Ең төменгі тығыздық Исландияға келеді, мұнда 1км ² жерге 3 адамнан келсе, халықтың ең тығыз орналасқан елдеріне − 1км ² жерге 400 адамнан келетін Нидерланд пен Бельгия жатады.
Еуропа – дүниежүзіндегі ең урбандалған аймақтың бірі. Урбандалудың орташа деңгейі 75 %. Қала халқының ең жоғарғы көрсеткіші – Бельгияда
97%, Исландияда 92% және Германия, Ұлыбритания, Франция т.б. елдерінде.
Аймақта 40 шақты агломерация бар. Мысалы, Лондон мен Мәскеу агломерацияларында 12 млн. адам, Париж бен Рейн-Рур агломерацияларында 10 млн. адам тұрады. Көршілес агломерациялардың біртұтас болып кірісіп кетуінен алып агломерациялар – мегаполистер қалыптасты. Батыс Еуропадағы ең ірі мегаполистерге Англиялық (Лондон, Бирмингем, Манчестер, Ливерпуль) және Рейн (Рейн-Рур, Рейн-Майн (Германия) мегаполистері жатады. XX- ғасырдың 70-жылдарынан бастап ірі мегаполистердегі экологиялық жағдайларға байланысты қала тұрғындары қалаға іргелес елде мекендерге жаппай көшіп, субурбандалу құбылысы сипат алды.
Жаңа сабақты бекіту.
1- топ
1. Еуропа халқының еңбек ресурсы?
2. Еуропа халқының ұлттық құрамы?
2- топ
3. Еуропа халқының діни құрамы?
4. Еуропа халқының орналасуы?
5. Еуропа халқының тығыздығы?