Тақырыбы: Дос болайық, бәріміз!
Мақсаты: Балалардың «достық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері: -татулық, достық адами қасиеттердің өміріндегі маңыздылығын түсіндіру,
-Достыққа, татулыққа тәрбиелеу.
-Достық қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту.
Көрнекі құралдар: ертегі кейіпкерлерінің маскалары, қолшатыр, үнтаспа.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:балаларды түгендеу,оқу-құралдарын дайындау.
Нұрға бөлену.
Оқушылардың денесі,ойы сергітіледі.
Балалар денелерін түзу, бастарын жоғары көтеріп,ыңғайланып отырады. Көздерін жұмуына да болады.Ауаны терең жұтып, еркін тыныстайды, денелерін бос ұстап, айналадағы барлық тіршілік иесі оларды аялап қоршап, қамқор болып жатқанын сезінеді.Тұла бойылары жақсылыққа, махаббатқа толғанын сезінуге ұмтылады.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру: өз досыңның суретін салып , оны сипаттау.
ІІІ.Жағымды ой –пікір .
Сахналау:
«Саңырауқұлақтың саясы»
Қатысушылар:Жүргізуші, құмырсқа,көбелек, торғай,қоян, түлкі, бақа.
(Оқушыларға рөлдер алдын-ала берілген).
Достық туралы мақал-мәтелдер айтып , түйіндеу.
Дәйексөз: Б алаларға «достық» құндылығының мәнін аша түсу үшін
дәйексөздің мағынасын түсіндіру. «Татулық – достық кепілі» деген халық мақалының мәні ашылады.
Әңгімелесу: Балалар, сендер достық, татулық дегенді қалай
түсінесіңдер?
Достарыңды ренжітіп алсаңдар, қалай татуласар едіңдер?
Балалардың достық туралы пікірлерін
Өз досың туралы айтып бер.
«Нағыз дос» -алма ағашына, досқа тән қасиеттерді теріп ілу (мейірімді,
салмақты, адал, кек сақтамау, ақылды, кешірімді, төзімді,
өтірікші, тәртіпсіз, мақтаншақ, жалқау).
Дос туралы тақпақтар,мақал-мәтелдер айту.
ІV.Оқиға немесе әңгіме айту.Сый мәтін.
Мәтінмен жұмыс. Екі дос (Ел аузынан)
Ертеде ел арасында жаугершілік жиі болатын кезде қазақтың екі жауынгері төс қағысып дос болады.
Бірде әскерлер бір өзеннің бойында қос тігіп дамылдапты. Тұтқиылдан жаудың қалың қолы шабуыл жасапты. Малды айдап, мүліктерін тиеп кетіпті. Қолға түскен азаматтарды айдап әкетіпті. Әлгі екі достың біреуі жау қолына түседі. Досының қолға түсіп қалғанын естіген екінші батыр күздің қара суығын елеместен өзенді малтып өтіп, жау жатқан жағаға келеді. Анталаған жау әскерлері оны тарпа бас салады. Жауынгер өзін қолбасына апаруын өтінеді. Алып келген соң ол жаудың қолбасына:
- Мен қолдарыңа түскен бір жауынгерге құн төлеп, сатып алуға келдім. Менің оған айырбастап берер малым-мүлкім жоқ. Бір-ақ нәрсе беремін. Ол — өзімнің өмірім. Досымды босатыңдар, ол үшін менің өмірімді алыңдар, — дейді.
Қолбасы ойланып отырып, оны сынамақ болады да:
- Жарайды, мен сені қыршыныңнан қимай-ақ қояйын. Маған сол өміріңнің бір бөлшегін ғана берсең болады, — дейді.
- Ол не? – дейді досын құтқаруға асыққан жігіт.
- Маған сенің көздерің керек? – дейді қолбасы, — екі көзіңді ойып аламын.
- Ол да болсын, көзімді ал да, досымды тезірек босат, — дейді.
Жігіт бұл сыннан сүрінбей өтеді.
Әлгі жауынгер тұтқыннан босаған досының иығына қолын салып, зағип күйі қуанып, күлімдеп келе жатады.
Мұны көрген жаудың қолбасы: «Мынадай ерлері бар халықты тұтқиылдан келіп, қапыда бас салған жағдайда болмаса, бетпе-бет ұрыста жеңу қиынға соғады.» деп түйеді. Сөйтіп өз әскерлеріне шегінуге бұйрық беріпті.
1. Екі жауынгер қалай дос болыпты?
2. Қазақ жауынгері досын тұтқыннан құтқару үшін не деді?
3. Қосбасы оны қалай сынамақ болды?
4. Қолбасының өз әскерлерін алып кетуіне не себеп болды?
5. Бұлар қалай достасты?
«Мінездеме беру» тренингі
Қазір мен сіздерге 5 саусақты қолғап беремін. Әр саусақта өзіңіздің қолыңыздағы жазылған есімді балаға бір біріне көрсетпей мінездеме жазыңдар.
Тірек сөздер:
Адал арам
жомарт өз қамын ойлайтын
адамгершілігі мол кекшіл
қарапайым сөзге түсінбейтін
мейірімді жалқау
кешірімді тәккапар
төзімді қатал
ақылды мейірімсіз
сабырлы сараң
салмақты қызғаншақ
кек сақтамау тұйық
ашықтық
V.Шығармашылық тапсырма: топтық жұмыс.
Оқулықпен жұмыс:
Жағдаяттарды талдау:
1-жағдаят.
Құрбылары Жанарға
Балмұздақ берген-ді.
Жанар кетті алға тез,
Алды-артына қарамай,
«Рақмет» деп жалғыз сөз
Айтуға да, жарамай!
Сұрақ:-Сендер қалай ойлайсыңдар, осыдан кейін балалар Жанармен дос бола ма?
2-жағдаят.
Сырым мен Дина дос болатын. Бірде Сырымның лақтырған добы, Динаның басына барып тиді. Сырым добын домалатып теуіп, ала жөнелді.
Сұрақ:Жанар мен Сырымды шын достар деп айтуға бола ма? Неліктен?
- Олардың достықтары қалай жалғасады деп ойлайсыңдар?
Оқушылардың ойын түйіндеу.
3- жағдаят
Марат пен Саматқа «Жас техниктер» үйірмесінде ұшақтың макетін жасау тапсырылды. Мараттың жасаған макеті барлық баланы қызықтырып, таң қалдырды.
Ал Самат қанша талпынғанымен, өзі жасаған макетке көңілі толмады. Бұған Самат қатты налыды.
Сұрақ: Балаларға татулықтарын сақтау үшін қандай кеңес беруге болады?
4- жағдаят
Марат балалар мен де тату ойнай алатын еді. Сыныптағы барлық бала Маратпен ойнағысы келетін.Барлық уақытта сыныптастарына ықтиярымен көмектесуге дайын тұратын, қолында барын аямайтын.
Ал Самат болса, өз заттарын қызғыштай қорып әлек болумен шаршайтын. Саматқа осындай қылықтарынан соң балалар да көңілі қалып жоламайтын болды.
Сұрақ: — Саматты қалай көпшілдікке үйретуге болады?
5- жағдаят
Марат Саматқа ойыншықтарын балалардан қызғануының дұрыс еместігін ескерткені сол еді, Самат өкпелеп, бұртиып ешкіммен сөйлеспей қойды.
Сұрақ: — Достарының алдында сыйлы болу үшін адамға қандай қасиеттер қажет?
Оқушылардың ойын түйіндеу.
VІ.Топпен ән айту
VІІ.Үйге тасырма.72-74 бетті «Сазды хикая» оқып келу.
VІІІ.Қорытынды:Достық дегенді қалай түсінеміз?(Жауапты сурет арқылы бер. Әрбір оқушы өзі салған сурет бойынша түсіндіреді)
1- жауап:Адамдар арасындағы байланыс
2-жауап: Достықты шеңберге теңедім
3-жауап: Жүрек
4-жауап : Гүл
«Ж.Бәрібаев атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен » коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Бекітемін
Мектеп директоры А.Есмаханова
Өзін-өзі тану
Ашық сабақтың тақырыбы:


ОӘІО М.Сыпатаева
Бастауыш сынып мұғалімі : И.А.Чакеева
Көлащы ауылы 21.12.2013 ж уақыты :1420-1505 2 сабақ Кабинет № 31