СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Презентация на тему :“Мектептегі дене шынықтыру сабақтарының гигиеналық маңызы және ұйымдастыру негіздері.”

Категория: Физкультура

Нажмите, чтобы узнать подробности

Разработка предназначена  для 5-х классов средних школ ,для    раздела "Основы  заний".

В презентации  указаны  гигиенические нормы и требования к  урокам  физической  культуры.

Просмотр содержимого документа
«Презентация на тему :“Мектептегі дене шынықтыру сабақтарының гигиеналық маңызы және ұйымдастыру негіздері.”»

№ 169 Н.Илялетдинов атындағы орта мектебі “ Мектептегі дене шынықтыру сабақтарының гигиеналық маңызы және ұйымдастыру  негіздері .” № 169 Н.Илялетдинов атындағы орта мектебінің  дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі Ж.Спатаев

169 Н.Илялетдинов атындағы орта мектебі

Мектептегі дене шынықтыру сабақтарының гигиеналық маңызы және ұйымдастыру

негіздері .”

169 Н.Илялетдинов атындағы орта мектебінің

дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі Ж.Спатаев

 САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ: Дене тәрбиесі сабағындағы гигиеналық мәселелерді нақты сипаттау және талдау. БІЛІМДІК : Дене тәрбиесі сабағындағы оқушылардың жеке басының тазалығы және қоршаған ортамен сабақтастығы.  ТӘРБИЕЛІК: Оқушыларды гигиеналық талаптарға сай бақылау , тәрбиелеу.  ДАМЫТУШЫЛЫҚ: Жас ұрпақтың келешекте жеке басының жүріп тұруын әдетке айналдыру.

САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ: Дене тәрбиесі сабағындағы гигиеналық мәселелерді нақты сипаттау және талдау.

БІЛІМДІК : Дене тәрбиесі сабағындағы оқушылардың жеке басының тазалығы және қоршаған ортамен сабақтастығы.

ТӘРБИЕЛІК: Оқушыларды гигиеналық талаптарға сай бақылау , тәрбиелеу.

ДАМЫТУШЫЛЫҚ: Жас ұрпақтың келешекте жеке басының жүріп тұруын әдетке айналдыру.

Әлем халықтарының үлкен бөлігі балалар мен жасөспірімдер болып келетіндіктен, оларға дұрыс көңіл бөлу сол қоғамның маңызды міндеті болып табылады. Балаларға дұрыс тәрбие беру, оларға дұрыс көңіл бөлу деп қарауға болады. Тәрбие берудің 90% өте ерте жаста қалыптасады.  Гигиеналық білім мен гигиеналық дағдылар баланың денсаулығын нығайтуға ғана емес, сонымен бірге баланы әдептілікке, саналылыққа баулиды. Баланы жеке бас гигиенасының талаптарын сақтауға баулу олардың саналы түрде қоғамға қажетті негізгі ережелерді сақтап жүруін қалыптастырады.

Әлем халықтарының үлкен бөлігі балалар мен жасөспірімдер болып келетіндіктен, оларға дұрыс көңіл бөлу сол қоғамның маңызды міндеті болып табылады. Балаларға дұрыс тәрбие беру, оларға дұрыс көңіл бөлу деп қарауға болады. Тәрбие берудің 90% өте ерте жаста қалыптасады.

Гигиеналық білім мен гигиеналық дағдылар баланың денсаулығын нығайтуға ғана емес, сонымен бірге баланы әдептілікке, саналылыққа баулиды. Баланы жеке бас гигиенасының талаптарын сақтауға баулу олардың саналы түрде қоғамға қажетті негізгі ережелерді сақтап жүруін қалыптастырады.

Гигиена – (грек. hygіeіnos – дені сау) денсаулықты сақтау, аурулардан алдын ала сақтану туралы ғылым; медицинаның бір саласы. Гигиена сөзі грекше hygіeіnos, яғни ол дені сау деген ұғымды білдіреді. Қоршаған ортаның адам организміне (денсаулығына, оның еңбек ету қабілеті мен өмірінің ұзақтығына) тигізетін әсерін зерттейді; елді мекендерді таза ұстау, мұндағы адамдардың тұрмысы мен қызмет жағдайын жақсарту жөнінде түрлі нормативтер мен ғылыми талаптар, санитарлық шаралар жүйесін жасайды.

Гигиена (грек. hygіeіnos – дені сау) денсаулықты сақтау, аурулардан алдын ала сақтану туралы ғылым; медицинаның бір саласы. Гигиена сөзі грекше hygіeіnos, яғни ол дені сау деген ұғымды білдіреді. Қоршаған ортаның адам организміне (денсаулығына, оның еңбек ету қабілеті мен өмірінің ұзақтығына) тигізетін әсерін зерттейді; елді мекендерді таза ұстау, мұндағы адамдардың тұрмысы мен қызмет жағдайын жақсарту жөнінде түрлі нормативтер мен ғылыми талаптар, санитарлық шаралар жүйесін жасайды.

 Гигиеналық тәрбиенің бағдарламасы. Жалпы алғанда оқушыларға гигиеналық тәрбие беру бағдарламасы төмендегі талаптардан тұрады: -денешынықтыру мен шынығудың салауатандырудағы маңызы; -мектеп оқушыларының ақыл-ой еңбегінің гигиенасы; -тағам тану гигиенасы; -қоғамдық және жеке бас гигиенасы; -жарақаттанудың алдын алу;

Гигиеналық тәрбиенің бағдарламасы.

Жалпы алғанда оқушыларға гигиеналық тәрбие беру бағдарламасы төмендегі талаптардан тұрады:

-денешынықтыру мен шынығудың салауатандырудағы маңызы;

-мектеп оқушыларының ақыл-ой еңбегінің гигиенасы;

-тағам тану гигиенасы;

-қоғамдық және жеке бас гигиенасы;

-жарақаттанудың алдын алу;

 Бұл саладан ең маңызды мәселе қажетті тақырыптарды мектеп оқушыларының жас мөлшеріне қарай бөліп алу болып табылады. Балалардың жас мөлшерлері жалпы қабылданған 3 топқа бөлінеді: 7-9 жастағы балалар (1-3 сыныптар); 10-14 жастағы балалар (4-7 сыныптар); 15-17 жастардағы жасөспірімдер (8-11 сыныптар); Оқушыларды өздерінің жас мөлшерлеріне сәйкес келетін бөлімдерге гигиеналық баулу - тәрбиенің негізгі принципі. Балалардың жасы өскен сайын гигиеналық тәрбие туралы алғашқы түсініктердің мағнасы тереңдей түседі.

Бұл саладан ең маңызды мәселе қажетті тақырыптарды мектеп оқушыларының жас мөлшеріне қарай бөліп алу болып табылады. Балалардың жас мөлшерлері жалпы қабылданған 3 топқа бөлінеді:

7-9 жастағы балалар (1-3 сыныптар);

10-14 жастағы балалар (4-7 сыныптар);

15-17 жастардағы жасөспірімдер (8-11 сыныптар);

Оқушыларды өздерінің жас мөлшерлеріне сәйкес келетін бөлімдерге гигиеналық баулу - тәрбиенің негізгі принципі. Балалардың жасы өскен сайын гигиеналық тәрбие туралы алғашқы түсініктердің мағнасы тереңдей түседі.

Денешынықтыру тәрбиесінің тақырыбына дене тұлғасының дұрыстығы туралы мәліметтер кіреді. Мұнда олар іс-әрекеттің дене тұлғасының қалыптасуына әсерін, денешынықтыру жаттығуларының, қимыл-қозғалыстың, демалыстың организмнің қалыптасуына тигізетін пайдасымен танысады. Балаларды таңертеңгілік гимнастика жаттығуларын жасауға әдеттендіру де маңызды гигиеналық дағды болып табылады.

Қоғамдық гигиена . Қоғамдық гигиена талаптары дене тәрбиесі және спортпен айналысатындардың денсаулығын нығайтуға, олардың дене дамуын жақсартуға жәрдемдесетін маңызды міндеттер табылат. Осы мақсатта спорт құрал-жабдықтарының құрылысы, мен тасымалдауға, стадион, залдар және т.б. жағдайларына гигиеналық бақылау жасалады.

Қоғамдық гигиена .

Қоғамдық гигиена талаптары дене тәрбиесі және спортпен айналысатындардың денсаулығын нығайтуға, олардың дене дамуын жақсартуға жәрдемдесетін маңызды міндеттер табылат. Осы мақсатта спорт құрал-жабдықтарының құрылысы, мен тасымалдауға, стадион, залдар және т.б. жағдайларына гигиеналық бақылау жасалады.

Көпшілік пайдаланатын спорт құрал жабдықтарына, спорттың әртүрлі сабақтары үшін киім мен аяқ киімге қойылатын негізгі гигиеналық талаптарды барлық дене шынықтырушылар мен спортшылар білуі міндетті. Ол сабақ орындары мен қоршаған орта жағдайын қажетті деңгейде гигиеналық талаптарға сай ұстауға жәрдемдеседі.

Сабақ орындарын гигиеналық бағалау ең алдымен ауа кеңістігінің сипаттамасынан басталады: ауа температурасы, ылғалдығы, химиялық құрамы , ондағы шаң мен микроағзалардың саны және т.б   Сосын сабақ орнының жарықтығы сипатталады: желдеткіш, жылыту .Спорт құрал-жабдықтары, сабақ орны, оқушылардың киімдері мен аяқ киімдері арнайы гигиеналық талаптарға сәйкес келуі тиіс.

Сабақ орындарын гигиеналық бағалау ең алдымен ауа кеңістігінің сипаттамасынан басталады: ауа температурасы, ылғалдығы, химиялық құрамы , ондағы шаң мен микроағзалардың саны және т.б

Сосын сабақ орнының жарықтығы сипатталады: желдеткіш, жылыту .Спорт құрал-жабдықтары, сабақ орны, оқушылардың киімдері мен аяқ киімдері арнайы гигиеналық талаптарға сәйкес келуі тиіс.

Спорт мекемелеріндегі (зал, тир т.б.) температура мөлшері +14...+18 0 C, қосымша бөлмелерде (шешіну бөлмесінде, душта, массаж бөлмелерінде т.б.) +22...+25 0 С, ал жүзу бассейнінде ваннадағы су температурасынан 1...2 0 C жоғары болуы керек.

Спорт мекемелерінің ең көкейтесті мәселелерінің бірі-ауаның шаң болып кетуі. Шаңның шығатын көздері кілемдер, дерматин жамылғысы жоқ төсеніштер, оқушылардың киімдері мен аяқ киімдері болып табылады. Дымқылдап сүрту мен мекемені желдетіп алу әр сабақтан соң міндетті болып саналады. Сонымен бірге тозаңдап ауада өте көп микроағзалар болатыны белгілі жөйт.

Жақсы, мұқият желдету барлық спорт мекемелерінің қолайлы гигиеналық қалпының міндетті шарты. Желдетуге арналған талаптар мынадай: бір сағат барысында барлық ауа көлемі 3-4 рет алмасу керек; бірі сағат барысында бір оқушыға 80 м 3  таза ауа жетуі керек; таза ауа ағымы тұрып қалған ағынды жүргізуі керек. Бұл талаптар көп жағдайда ауа ауыстыру құрылғысымен үйлеседі, яғни одан өткен ауа тазарады, қызады (жазда салқындайды) және ылғалданады.

Спорт мекемесін жарықтандыру жүйесіне, спорт жабдықтары тұрған орындарға жарық беру және оқушыларды орналастыруға да көңіл бөлінеді. Жарықтандырудың төмендегіше мөлшерлері берілген: волейбол, баскетбол, бадминтон және қолдобына арналған спорт залдарында еденге түсетін жарық 300 люкс, ал еденнен 2м жоғарыда (тіке жазықтықта) 100 люкс; акробатика, гимнастика, бокс, күрес, семсерлесу, жеңіл атлетика үшін шамамен 200-150 люкс; стол теннисі үшін (столда)-400 люкс болуы тиіс. Жауапты жарыстар өткізілгенде жарыққа деген талаптар жоғарылай түседі.( демек буданда екі есе жарық талап етеді)

Ауа ластануының тағы бір көрсеткіші ретінде адамдардың бір мекемеде ұзақ уақыт болуынан онда көмірқышқыл СО 2    0,1%- тен асып кетсе, ауа зиянды болып есептеледі, яғни ауа температурасы мен ылғалдылығы жоғарылайды, жеңіл аэроиндар саны азаяды, әрі иісі жаман газ пайда болады.

Жеке бас гигиенасының ережелерін сақтамау, тек өзінің жеке басына ғана емес, сонымен қатар маңайындағы қарым-қатынастағы адамдарға да қолайсыз әсер етуі (мыс. жұқпалы аурулар таралуы) мүмкін. Мектеп оқушылары жеке бас гигиенасы туралы білім мен дағдыларды меңгеруі тиіс.  Мектептегі балалар мен оқушыларына мына тәсілдерге оқытып, дағдыландыру қажет: қолдарын уақытында (тамақ ішер алдында, әжетханаға барғаннан кейін және жануарлармен ойнағаннан соң т.б.) мұқият жуу; Денені белге дейін және аяқтарды жуу; тісті күту; Шаш пен тырнақтардың тазалығын сақтау; - бөлмелерді дұрыс жиыстырып, желдетіп отыру; . Балалар мен жасөспірімдердің оқу бөлмелеріндегі санитарлық-гигиеналық тәртіп ережелерін білуге міндетті.

Жеке бас гигиенасының ережелерін сақтамау, тек өзінің жеке басына ғана емес, сонымен қатар маңайындағы қарым-қатынастағы адамдарға да қолайсыз әсер етуі (мыс. жұқпалы аурулар таралуы) мүмкін. Мектеп оқушылары жеке бас гигиенасы туралы білім мен дағдыларды меңгеруі тиіс.

Мектептегі балалар мен оқушыларына мына тәсілдерге оқытып, дағдыландыру қажет:

  • қолдарын уақытында (тамақ ішер алдында, әжетханаға барғаннан кейін және жануарлармен ойнағаннан соң т.б.) мұқият жуу;
  • Денені белге дейін және аяқтарды жуу;
  • тісті күту;
  • Шаш пен тырнақтардың тазалығын сақтау;

- бөлмелерді дұрыс жиыстырып, желдетіп отыру; . Балалар мен жасөспірімдердің оқу бөлмелеріндегі санитарлық-гигиеналық тәртіп ережелерін білуге міндетті.

Жеке бас гигиенасы түсінігіне мыналар кіреді: күн тәртібі, тамақтану, терінің күтімі, ауыз қуысының күтімі, дұрыс киіну, дене тәрбиесі, үйдің санитарлық жағдайы, тұрмыстық аспаптарды қолдану (теледидар, шаңсорғыш, газ плитасы) және тұрмыстық химия тауарларын қолдану, тұрмыста, еңбек кезіндегі, дем алу және ұйқы кезіндегі жеке бас гигиенасы мәселелері. Адамның терісі ағзада газ және жылу алмасу қызметін атқарады. Зат алмасудың соңғы қалдықтарын, су буларын, тер, май және бактерицидті заттарды ағзадан шығарады. Терінің беткі қабатында ультракүлгін сәулелердің әсерінен «Д» витаминінің синтезі жүреді. Адамның терісі ағзаны метеорологиялық, механикалық, химиялық факторлардың әсерінен және микроорганизмдерден қорғайды. Терінің тазалығы мен шынығу деңгейі жоғарыда айтылған қызметтің бәрін жақсы атқаруда маңызды орын алады.

Егер адамның терісі нашар бапталса, ол жерде микроорганизмдердің әсерінен органикалық заттар ыдырап, иісі жаман, ұшқыш қосылыстар пайда болады. Ыдырағаннан пайда болған заттар теріні тітіркендіреді, шаң-дар май және тер шығатын жолдарды бітеп қалады да микроорганизмдер мен саңырауқұлақтардың көбеюіне жағдай туындатады. Соның салдарынан дерматиттер, іріңді және басқа да тері аурылары пайда болады. Адамның терісі ластанған жағдайда, оның тыныс алуы 10-15% нашарлайды. Терінің тазалығы сақталмаған жағдайда адамдардың киімдері қатты ластанады да ауа өткізгіштігі нашарлайды. Терінің тазалығын сақтау үшін үнемі жуынып-шайынып жүру керек. Жуыну үшін сабын және жөке қолданса, адамның терісі ақсы тазаланады. Теріні, шашты таза ұстау үшін адам сабын және усабын мен үнемі жуынып, іш киімдерін ауыстырып тұруы керек. Дененің ашық жерлері тез ластанады, сондықтан бетті, мойынды күніне екі рет жуып тұрған жөн. Адамның қолы микроорганизмдер, гельминт жұмыртқалары және кір көп жиналатын жер болып саналады. Қол арқылы олар адамның басқа жерлеріне тасымалданады.

Сондықтан жұмыс соңында, дәретханадан кейін және тамақ ішер алдын қолды екі рет сабындап жуу керек .

Сондықтан жұмыс соңында, дәретханадан кейін және тамақ ішер алдын қолды екі рет сабындап жуу керек .

Киім мен аяқ киімге деген гигиеналық талаптар ауа райы жағдайлары мен спорт түріне байланысты қойылады. Киім мен аяқ киім жеңіл, қозғалғанда қоспайтын, ағзаны жылуды мөлшерден тыс шығындаудан, жауын-шашыннан қорғайтындай ыңғайлы болуы керек. Киім тігілген мата жылу өткізгіш, ауа өткізгіш, терді, жақсы сіңіретін және тез кептіретін болуы тиіс. Киім мұқият күтімді керек етеді: кірлеген киім тері ауруларын тудырады, ал инфекция түссе, оны тарату қызметін атқарады. Спорт киімін тек оқу-жаттықтыру сабақтарында ғана киіп, әр жаттықтыру мен жарыстан соң жуып, үтіктеу керек.

Балалардың киімдеріне қойылатын гигиеналық талаптар. Адамды қоршаған ортаның қолайсыз әсерінен қорғайды, терінің бетін механикалық зақымданудан, ластанудан сақтайды. Киім арқылы, адам денесінің айналасында қоршаған орта климатынан біршама айырмашылығы бар, жасанды, киім астындағы микроклимат қалыптасады. Оның температурасы 2 80С- 340С мөлшерінде, салыстырмалы ылғалдылығы 20-40%, ауа қозғалысы өте төмен 0,006-0,097% мөлшерінде болып келеді.

Балалардың киімдеріне қойылатын гигиеналық талаптар.

Адамды қоршаған ортаның қолайсыз әсерінен қорғайды, терінің бетін механикалық зақымданудан, ластанудан сақтайды. Киім арқылы, адам денесінің айналасында қоршаған орта климатынан біршама айырмашылығы бар, жасанды, киім астындағы микроклимат қалыптасады. Оның температурасы 2 80С- 340С мөлшерінде, салыстырмалы ылғалдылығы 20-40%, ауа қозғалысы өте төмен 0,006-0,097% мөлшерінде болып келеді.

Балалардың қыс киімдерінің конструкциясы киім асты аралығындағы ауа айналымын және қоршаған ортамен ауа алмасуын барынша төмендетуді қамтамасыз етуі қажет. Бұл жағдай киім асты аралағын - капюшон, манжет, белбеулермен бекіту арқылы жасалады. Бала үшін ең жақсы қыстық киім белі биіктеу жасалған шалбар, етегі ұзындау келген, капюшоны бар күртеше болып саналады. Киімнің осындай конструкциясы жылу қорғау тиімділігін жоғарылатады, жылуды денеге бірқалыпта ұстап тұрады және баланың қимыл-қозғалысына кедергі жасамайды.

Аяқ киім табан құрылысына лайық, қыспайтын болуы тиіс: тар аяқ киім табанның құрылысын қысып, қан айналымды ауырлатады, терлетіп, аяқтардың басын үнемі салқын қалдырады.  Аяқ киім мен шұлық әрдайым кұрғақ және таза болуын қадағалау керек.

Әр оқушының жалпы гигена ережелерін сақтауы дене тәрбиелік-сауықтыру және спорт шараларының тиімділігіне қажетті шарттар. Спорт мекемелерінің қажетті гигиеналық қалыбын сақтауға көмектесіңдер: аяқ киім мен киімді таза ұстаңдар; кезекші міндетін атқарғанда мұқият дымқылдап еденді, спорт құралдарын сүртіндер; спорт залды желдетіп тұруды ұмытпаңдар; спорт мекемесінде темекі шегуге рұқсат етпеңдер.Жоғарда айтылған тазалық факторлары орындалып жатса бүгінгі семинар тақырыбымызға сай «дені сау ұрпақ- табиғатты аса құнды туындысы» болатындығыны сенемін.