Табиғи қорлар және олардың топтаулары
Адамзаттың күн көрісі мен тіршілік етуіне қажетті заттар табиғатта кездесетін жаратылыс дүниелері – табиғи қорлар деп аталады. Табиғи қорларды пайдалану нәтижесінде адамзат, азық- түлік, киім-кешек, тұрмыс қажетін өтеуге керекті заттар, жанар-жағар майлар және өнеркәсіпке қажетті шикізаттарды алады.
Табиғи қорлар, олардың қолдану саласына қарай – өндірістік, денсаулық сақтауға қажетті, ғылыми, эстетикалық деп бөлінеді. Жаратылыстың құрамында болуына қарап, олар жер, су, орман, кен қазбалары деп тағы да жіктеледі. Сонымен қатар, мөлшеріне қарай сарқылатын және сарқылмайтын деп екі топқа бөлінеді.
Сарқылатын табиғи қорлар қоғам дамуының белгілі бір кезеңінде таусылып бітетін қорлар. Өз кезегінде сарқылатын қорларды жаңғыратын, салыстырмалы жаңғыратын және жаңғырмайтын деп жіктеуге де болады.
Жаңғыратын қорлар- өсімдіктер мен жан-жануарлар дүниесі, кейбір минералды кен көздері.
Жаңғырмайтын қорларға пайдалы кен қазбаларын жатқызуға болады.
Салыстырмалы жаңғыратын қорларға- жер бетінің топырақты қыртысын келтіре аламыз.
Сарқылмайтын қорға – ғарыш ауа-райының әсері және күн көздері жатады.
Ғарыш қорларына- күн сәулесінің радиациясы, теңіз тартылуы мен тасуы жатады.
Ауа- райы қорларына – атмосферадағы ауа, жел энергиясы, жауын- шашын жатады.
Су қорлары- жер бетіндегі су көздері.
Жер қоры. Жер қыртысының беткі бөлігі- топырақ. Топырақ құрамы өте күрделі. Онда минералдық заттармен қатар түрлі органикалық қосылыстар мен микроорганизмдер кездеседі.
Жер бетінің толық ауданы 150 млн.км болса, соның құрлыққа тиесілі үлесі – 149 млн,лм (29,2%)
Орман қоры қоршаған ортаның жақсаруына, су мен жер қорларының жақсы сақталуына тигізер әсері мол. Орман ағаштары сарқылатын және салыстырмалы жаңғыратын қорлар қатарына жатады.
Жан- жануарлар әлемі. Жер бетінде 1.5 млн- ға жуық тіршілік ететін тірі организмдер бар. Олардың 1 млн жуығы жануарлар болып келеді. Осы жануарлар биомассасы, сан жағынан едәуір мөлшерде болғанымен тірі организмдер биомассасының 1% ғана құрайды.
Минералдық қорлар . Бұл қордың қатарына метал және метал емес заттардың кең – көздері мұнай, газ, тас көмір және жер асты сулары жатады. Пайда болуына, қайта қалпына келуіне қарағанда және оларды пайдалану қарқыны өте жоғары болғандықтан сарқылатын қор түріне жатады. Кейбір минералды заттар, адам тіршілігіне ауа мен судай қажет. Мысалы ас тұзы, ізбес, құм, фасфарит, калий тұздары т.б.
Жер қойнауындағы кен көздерінен шикізат өндіру қарқыны жыл сайын арта түсуде. Мысалы соңғы жүз жыл ішінде- көмір, темір, марганец, никелді пайдалану мен өндіру 200 мың есе аралығында артты.
Таукен жыныстары. Бұл қорға литосфераның 17км тереңдікке дейінгі қабаты жатады. Жер қыртысының бұл бөлігінде Si-27, F-2% , AL-8.13%, Fe-5%, Ca-3.6%, Na-2.3,8%, K-2.29%, Vd-2,09% мөлшерінде кездеседі.
Енергетикалық қорлар. Енергетикалық қорлардың жаңғырматын қор қатарының- көмір, мұндай, газ, сутегі гелийлер, ал жаңғыратын түрлеріне фотосинтез өнімдерінің энергиясы, гидроэнергия булану және жауын-шашын энергиясы, жылу энергиясы жатады.
Су қорлары. Су – жер бетіндегі тіршілік көзі. Су – сусын ретінде, еріткіш ретінде, тұрмыс қажетін өтеуде ауыл шаруашылығында кеңінен қолданылады.
Табиғи қорларды пайдалану
Тұрмысқа, тіршілікке қажетті өнімдерді алу үшін, жаратылыста қолданылатын табиғи қорларды, шикізаттарды өңдеп олардан әртүрлі бұйымдар немесе азық- түлік өнімдері даярланады. Демек, адамзат табиғи қорларды, олардағы шикізат көздерін, зат айналым циклына қатыстырады.
Адамзат баласы табиғи қор көзінен шикізаттын бір немесе бірнеше түрін, өзінің өңдеу пайдалану барысының сатысында тасымалдауы, олардың өзгеріске ұшырауы қордын айналымы деп аталады.
Адам баласы табиғи қорларды пайдалану арқылы материалдық тұрмысын және әлеуметтік, экономикалық жағдайларын жақсартып отырады. Табиғи қор қоғам үшін тағам мал азығы, құрылыс материалдары, дәрі- дәрмек, киім т.б заттар байлық көзі. Табиғаттың өзі жасаған нағыз қор көп емес оған жер, су, орман- тоғай, өсімдік және жануарлар дүниесі, атмосфера ауасы, күн мен жел қуаты, пайдалы қазбалар т.б жатады. Табиғи қорды қасиеті мен ерекшелігіне қарай мынадай топтарға бөледі,
Нағыз табиғи қор деп- адам қоғамның өндіріс күщтерімен өндіріс айналымына қатыстырылған қорды айтады. Нағыз қорға мысал ретінде пайдаланып келе жатқан жерді, әртүрлі өсімдіктер, балықтар, мұнай, тас көмір, газ, электр қуатын жатқызуға болады.
Потенцальды табиғи қор деп- белгілі бірмсебептердің (әсіресе техникалық) әсерінен қазірігі кезде пайдаланылмайтын қорларды айтады. Бұған күн энергиясы, теңіздердің толысуы мен тартылуы, желдін күші т.б жатады.
Элементарлы табиғи қорға құрамы бір ғана элементтен тұратын заттар жатады. Мысалы сутегі, оттегі, көміртек т.б.
Комплекті немесе күрделі қор бірнеше элементтен тұрады (атмосфера ауасы, топырақ, су, кен, рудасы, көмір т.б.)