ӘӨЖ 51-7:373.001
Жолымбаев О.М.
Ғылыми жетекші: ф-м.ғ.п, доцент Жолымбаев О.М.
Журсынова Д.Т, Аханова А.А,Тұрсынова А.Т.
«Математика» мамандығының магистранттары, Семей қ. Шәкәрім атындағы МУ, Семей
ПРОФЕССОР Қ.НҰРСҰЛТАНОВТЫҢ ӘДІСТЕМЕСІН ҚОЛДАНЫП МАТЕМАТИКАЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫҢ ЕСЕПТЕРІН ШЕШУ АРҚЫЛЫ ЛОГИКАЛЫҚ ТҰЖЫРЫМ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Аңдатпа: Бұл мақалада мектеп математика курсында математикалық сауаттылықтың есептерін шешу жолдары қарастырылған.
XXI- ғасыр білімділер ғасыры болғандықтан бүгінгі таңда заманымызға сай зерделі, ой- өрісі жоғары, жан- жақты дамыған азамат пен азаматша қалыптастыру мемлекетіміздің алға қойған аса маңызды міндеттерінің бірі. Бұл міндетті жүзеге асыруда білім берудің алатын орны ерекше. Білім қоғамды әлеуметтік-мәдени, ғылыми үрдіспен қамтамасыз ететін жоғары құндылық. Болашақтың бүгінгіден нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын күш тек білімде ғана. Логика дәлелдеу мен теріске шығарудың белгілі бір әдіс-тәсілдері қаралатын ғылыми теориялар жиынтығын құрайды.Логикалық есептер шығаруда логикалық ойлау қабілеттері дамиды. Логикалық ойлау – ойлаудың негізінде қалыптасады, ауқымы кеңірек мәселелерді шешуге, ғылыми білімдерді меңгеруге мүмкіндік береді. Логикалық ойлау дегеніміз – логика заңдылықтарын пайдалана отырып, ұғымдарды, ой – пікірлерді, тұжырымдарды қолдануға негізделген ойлаудың бір түрі.
Мысал-1. Үш оқушы үш мектептен лагерге келді. Тәрбиеші олардан кім қай мектептен келгендерін сұрады. Оған: Бейбіт: мен 24 - шы мектепте, ал Айдын 8 - ші мектепте оқиды. Айдын Мен 24 - ші мектепте, ал Бейбіт 30 - шы мектепте оқиды. Диас: Мен 24 - ші 5 Құрастырған: Маженова Жаңагүл, Байназаров Талғат мектепте, ал Бейбіт 8 - ші мектепте оқиды деді. Тәрбиеші мына жауаптардан түк түсінбеді. Сосын үш оқушы айтқандарының бірі ғана дұрыс екенін мойындады, ал екеуі өтірік деді. Оқушылардың айтқандарының қайсы рас, қайсы жалған? Кім қай мектепте оқиды?
Шешуі: Бейбіттің бірінші айтқанын дұрыс деп алайық, онда екіншісі өтірік. Онда, Айдын 8 метепте оқиды. Онда Айдын мен Диастың бірінші айтқаны өтірік. Онда олардың бірінші айтқандары рас болу керек. Қарама - қайшылыққа әкеледі. Енді Бейбіттің екінші айтқаны рас деп алайық. Онда Айдын 24 - те оқимайды. Бейбіт 30 - да оқыса, онда ол 8 - де оқымайды. Бейбіт 30 - да, Айдын 8 - де, Диас 24 - те оқиды.
Мысал-5. Сұрақ белгісінің орнына тиісті санды қойыңыз.
14(625)11
10(?)5
Шешімі:
Демек,
Мысал-4. Отбасында анасы, әкесі және 4 баласы бар. Балалардың орташа бойы 120 см, ал ата - аналарының орташа бойы 174 см. Барлық отбасы мүшелерінің орташа бойы неше см?
Шешімі: 120*4=480 174*2=348 4+2=6 (480+348)/6=138 см
Мұғалім оқушыларға 415327 және 8373 сандарының көбейтіндісін табуды берді. Жәнібек есепті бірінші орындап, жауабы 328363624 деді. - Бұл қате, - деді Алишер - Неге, сен әлі шығарған жоқсын ғой, - деп Жәнібек ашуланды. - Сонда да оның қате екенін көріп тұрмын, - деді Алишер. Кімдікі дұрыс?
Шешімі: Жәнібек дұрыс айтты. 1) Соңғы цифралардың көбейтіндісі бірге аяқталуы керек. 2) Екі тақ санның көбейтіндісі тақ санға аяқталуы керек.
Қорыта келгенде, логикалық есептердің мектеп математика курсында маңызды орын алатын негізгі тақырыптардың бірі. Логикалық есептер шешуде әртүрі тәсілдер қолданылады. Жоғарыда көрсетілген формулаларды, анықтамалар мен нұсқауларды пайдаланып логикалық есептерді дәлелдеу ерекшеліктерін, өрнектерді ықшамдау жолдарын, теңдеулердің шешімдерін анықтауға болатындығына көз жеткіземіз.
Әдебиеттер
1. Проф. Қажи Нұрсұлтанов. Ғибратты ғұмырнамалықтар: Мемуарлық жадығаттық жарияланымдар. - Семей, «Интеллект», 2012. 337 бет.
2. Рамазан Баяр, Ернар Базаров. Логикалық сұрақтар.-Алматы,2015. 84 бет.
3. Қ.Ж.Нұрсұлтанов, Ж.Н. Дүрмекбаева, Қ.М.Нақышбекова, Л.М. Әміренова. Ойлау логикасы: оқу әдістемелік құрал.-Семей, 2006. -156 бет.