СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Открытый урок "Күз сыйы"

Нажмите, чтобы узнать подробности

УРОК ДЛЯ ДЕТЕЙ ДОШКОЛЬНОГО ВОЗРАСТА ПРО  ОСЕНЬ

Просмотр содержимого документа
«Открытый урок "Күз сыйы"»

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: «Әлеумет», «Шығармашылық»

Бөлімі: «Экология», «Сурет»

Тақырыбы: «Күз сыйы»

Мақсаты: Балаларға қоршаған орта, табиғат өзгерістері туралы түсінік беру.

Күз мезгілінің ерекшеліктері туралы сөйлем құрастырып,

әңгімелеуге үйрету. Балалардың өз ойларын ашық жеткізуге

үйрету. Ой-өрісін, тілін есте сақтау қабілеттерін арттыру.

Балаларға: Бояулармен дәстүрден тыс тәсілдермен сурет салуды үйрету. \

Әдіс-тәсіл: сұрақ-жауап, жұмбақ шешу, қимыл қозғалыс

Сөздік жұмыс: Жеміс, көкөніс

Көрнекіліктер: суреттер, жыл ағашы

Құрал- жабдықтар: су бояқ, ақ қағаз, губка, картоп

Блингвалдық компонент: жеміс- фрукты, көкөніс-овощи, күз- осень

Инклюзивті әлеумет: Қалижанға сурет салуға көмектесу.

Қызмет кезеңдері

Тәрбиешінің қызметі

Балалардың қызметі




Мотивациялық қозғаушы

Балалар, бүгін бізге қонақтар келіп қалған екен, қәне қонақтармен сәлемдесейік.

Балалар шеңбер бойына тұрып, шаттық шеңберін жасады.

-Армысың шапағатты күніміз

-Армысың мейірімді жеріміз

-Армысың табиғатты «Анамыз»

Келді сізге өзіңіздің балаңыз


Здраствуй, небо голубое!

Здраствуй, солнце золотое,

Здраствуй,воздух и вода,

Здраствуй, матушка земля.


-Балалар орнымызға жайғасып, арқамызды тік ұстап, көзімізді жұмайық. Көз алдарыңа күзгі сұлу табиғатты елестетеміз. Аспанда көптеген бұлттар, әдемі күннің көзі бізге өзінің нұрын шашып, мейірімін төгіп тұрады. Ал енді көздеріңді ашыңдар.

Балалармен қонақтармен сәлемдесті

-Сәлеметсіздерме


Балалар қимыл көрсете отырып, қос тілде бірге айтады


Табиғат анамен амандасып жақсы көңілмен отырады.







Балалар көздерін жұмып күз мезгілінің ерекшелігін елестетеді.


Балалар көздерін ашады.



Іздену ұйымдастыру








Суретпен жұмыс

Жұмбақ жасыру:

Бұлттар төніп, жер төгіліп

Дымқыл тұман басады

Шөп сарғайып, өңі тайып,

Дала нұры қашады

Ойнай алмай

Денең мұздан тоңады

Айтыңдаршы балалар !

-Бұл қай кезде болады


Дұрыс айтасыңдар балалар. Қазір күз мезгілі.

-суретте қай мезгіл бейнеленген?

-Күз мезгілінде неше ай бар?

Қане айтайықшы


-Өте дұрыс, жарайсыңдар!

Ендеше күз мезгілінің ерекшеліктерін айтып, қимыл қозғалыспен көрсетейік

Күн шықты


Жел соқты



Жаңбыр жауды



Бұршақ жауды

Күн басылды


Күз туралы тақпақтар












Дидактикалық ойын: «Жыл ағашы»

Шарты: Ағаштық әр мезгілдеріне сай ерекшеліктерін атай отырып, есте сақтау мен тілін дамыту.

Ал енді тілімізді жаттықтырып алайық

Тіл ұстарту жаттығуы:


Үз-үз-үз Алтын күз

Ақ-ақ-ақ Сары жапырақ

Ыр-ыр-ыр Суық жаңбыр


Сергіту сәті: «жапырақтар»





Дидактикалық ойын: «Бақта ма, бақшада ма?»


Мақсаты: Көкөніс пен жемістерді атап . Жемістер ағашта өсетінін, көкөністер жерде өсетінін түсіндіру


Балалар екі орталық бөлініп жұмыс жасайды

I-орталық: «жапырақ», бастыру тәсілі арқылы жапырақтың бейнесін шығару (губка)


II-орталық: «себет» бастыру тәсілі арқылы себетті бейнелейді (картоп)

Жеке жұмыс: Қалижанға сурет салуға көмектесу.


Тәрбиеші нұсқау береді, қауіпсіздік ережесін ескертеді

Саусақ жаттығу: «Сәбіз»






Қос тілді меңгерту

-күз-осень,

-жеміс-фрукты

-көкөніс-овощи



Балалар жұмбақты мұқият тыңдап, шешуін тапты.




-Күз мезгілі




Күз мезгілі

Үш ай бар

Қыркүйек, қазан, қараша

Сентябрь, октябрь, ноябрь


Балалар күз мезгілінің ерекшеліктерін айтып, қимылмен көрсете алды


Қолдарын көтерді


Қолдарын оңға солға қозғалтады


Столдың үстіне, саусақтарын тықылдатады


Аяқтарын топ-топ басады


Орындарына отырады


Заңғар

Күздің қазан айында

Алма алмұрт піседі.

Жапырақтар сарғайып

Сыбыр-сыбыр түседі


Айсәуле

Күзім-ау, күзім – ау

Мінезің қызық-ау

Жаңбырың сіркіреп

Келгенің қызық ау



Ойынды қызығушылықпен ойнауға тырысады.








Жаттығу жасады



Алтын,сары қызыл көк

Алуан, алуан жапырақ

Күзгі бақта күлімдеп

Көз тартады атырап

О, алақай тамаша

Шашу шашты жапырақ.


Ойын ойнады







Балалар әр орталыққа өз қалаулары бойынша бөлініп жұмыс жасайды.












Сәбізді алып тазалаймыз

Үккішпен үгіп майдалаймыз

Қант сеуіп дәмдейміз

Қаймақ құйып сәндейміз

Міне дайын нәр тамақ

Дәруменге бай тамақ.



-күз-осень,

-жеміс-фрукты

-көкөніс-овощи.


Рефлексивті

түзету

Балалардың жұмыстарына көрме ұйымдастыру, сұрақ жауап алу

Балаларды мақтау, мадақтау



Сұрақтарға жауап береді



Күтілетін нәтижелер:

Не білді: Жыл мезгілінің ерекшеліктерін білді

Не алды: Күз мезгілі туралы толық мәлімет алды

Не істей алады: Дәстүрден тыс жұмыс жасай алады.