Ребусты шешіңдер ,, | , ,, | | , ,,,,,,, | Дескриптор: Бағалау. Ауызша бағалау Компьютерлік графиканың негізгі 3 түрі болады. Олар: растр, вектор, фрактал Постер қорғау Екі топқа тапсырма беріледі. 1. Растрлық графиканың артықшылығы мен кемшілігі 2. Векторлық графиканың артықшылығы мен кемшілігі Растрлық графикалық ақпарат – бұл экранда бейнелерді шығару кезінде әрбір пиксельдің түсі туралы берілетін мәлімет. Растрлық графикалық редакторлар растрлық форматтағы деректермен графикалық файлдарды қалыптастырады. Растрлық бейнелер үлкен форматты және фотосуреттің сапасын жоғалтпайды. Оларды сығу үшін архиватор программалары қолданылады. Бейнелерді сканерлеу кезінде растрлық типтегі графикалық ақпараттар қалыптасады. Векторлық графкалық ақпарат – бұл суреттерден құрастырылған графкалық объектілер сипаттамасы. Векторлық графикалық редакторлар векторлық форматтағы деректермен графикалық файлдарды қалыптастырады. Мыңдаған объектілерден құрастырылған векторлыөқ суреттер жадтан кішкене көлем алады. Оған ұқсас растрлық суреттер жадтың 10-1000 есе артық көлемін талап етеді. Дескриптор - растрлық графиканың артықшылығы мен кемшілігін анықтайды. Бағалау. Топтар бір-бірін 3 шапалақ арқылы бағалайды. Растрлық графиканы векторлық графикамен салыстыру | Салыстыру критерийлері | Растрлық графика | Векторлық графика | Кескіндерді ұсыну әдісі | Растрлық кескін пиксельдердің жиынтығынан тұрады. | Векторлық кескіндер командалардың тізбегі түрінде бейнеленеді. | Шынайы суреттерді бейнелеу мүмкіндігі | Растрлық кескіндер шынайы суреттерді айқын бейнелей алады. | Векторлық графика фотосуреттегідей сапалы кескіндерді алуға мүмкіндік бермейді. | Кескіндерді өңдеу мүмкіндігі | Растрлық кескіндерді үлкейтіп-кішірейткенде немесе бұрғанда кескін өзінің бастапқы сапасын жоғалтады. | Векторлық кескіндерге сапасын жоғалтпай-ақөзгеріс енгізуге, яғни қажет болса оларды кішірейтуге немесе үлкейтуге болады. | Кескіндердің басып шығарылу ерекшеліктері | Растрлық суреттерді принтерде оңай басып шығаруға болады. | Векторлық суреттер кейде принтерде басылмайды немесе нашар басылып шығады. | Тапсырма. СТО «Т кестесін» толтыру Артықшылығы Кемшілігі Дескриптор: - Графиканың артықшылығы мен кемшілігін жазады - термин сөздерді қолдану арқылы түсіндіреді. Бағалау: Бас бармақпен жұптар келесі жұпты бағалайды. Тапсырма 1.Paint графикалық редакторды іске қосу. 2. Эллипс құралының көмегімен салу. 3. Эллипс құралының көмегімен салу. Құю құралымен бояу 4. Ерекшелеу, көшіру батырмаларының көмегімен сурет бөлігін көшіріп біріктіру. 5.Суретті «Есепшот» атауымен сақтау. Дескриптор: - Paint графикалық редакторының құралдарын тиімді пайдаланы - Есепшоттың суретін салады. Кері байланыс: оқушыларға тапсырманы орындау деңгейіне қарай ауызша кері байланыс беріп өтемін. |