Жаңа сабақты түсіну. Сонымен балалар, біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай деп ойлайсыздар? «Бүтін сандар» Сабақты әрі қарай жалғастырмастан бұрын, тақырыпқа қатысты мақсатымызды анықтап алайық: -Бүтін сандар жиынын қандай сандар құрайтынын білу керекпіз; -Рационал сандар жиынын қандай сандар құрайтынын білу керекпіз және ажырата алуымыз керек; Сыныппен жұмыс: Қалай ойлайсыздар жоғарыда келтірген мысал бойынша, қандай сандар бүтін сан бола алады? Қандай сандар бүтін сан болмайды? 0 саны бүтін сан болады ма? Оқушылар сұрақтарға өздерінің жауаптарын ұсынады. Әрі қарай тақтадағы презентацияға назар аударайық: Бүтін сандар жиыны Z әрпімен белгіленеді. Натурал сандар, оған қарама – қарсы сандар және 0 саны бүтін сандар жиынын құрайды. Видео көрсету: https://bilimland.kz/kk/home#lesson=10580 Жаңа тақырыптың маңызды аспектілерін ойлау және жазып алуды ұсыну. Жаңа сабақты меңгеру. Жұптық жұмыс: Тапсырма 2. Суретте көп қабатты үйдің (0) – жертөлесі, жоғарыдағы бөлігі мен төменгі жертөледе орналасқан машина қоятын тұрақ көрсетілген. А)Жертөлені (0 – нүктесі көрсетілген) – координата басы ретінде қарастырып, қалған жоғарғы және төменгі қабаттарды оң , теріс сандармен белгілеңіз; Б)Жазған сандарыңыздан ең үлкен оң бүтін санды табыңыз; Сандардың арасынан ең кіші оң бүтін санды табыңыз; Сандардың ішінен ең үлкен теріс бүтін санды табыңыз; Сандардың ішінен ең кіші теріс бүтін санды табыңыз В)Егер әр қабаттың ұзындығы 3 метр болса, жертөледе орналасқан ең төменгі қабаттан ең жоғарғы қабатқа дейінгі қашықтықты табыңыз; Г)Үйдің жер бетіндегі бөлігінің биіктігін табыңыз, үйдің жердің төменгі бөлігіндегі қабаттарының биіктігін табыңыз. Дескриптор: Білім алушы 1)Үйдің жоғарғы және төмендегі қабаттарын сандармен белгілейді; 2) Ең үлкен оң бүтін санды табады; Ең кіші оң бүтін санды табады; Ең үлкен теріс бүтін санды табады; Ең кіші теріс бүтін санды табады. 3) Барлық қабаттың, жалпы қабаттардың ұзындығын табады; 4) Үйдің жер бетіндегі бөлігінің биіктігін табады; Үйдің жер астындағы бөлігінің биіктігін табады. Сергіту сәті: «Сандар шеңбері». Оқушыларға мұғалімнің үстелінде жатқан сандар жазылған қағаздарды таңдап алу ұсынылады. (Сандар әр түрлі түстегі қағазда жазылып, теріс қаратылып қойылады) Оқушылар қолдарындағы сандары бойынша ортаға шеңбер құрады. Натурал сандар отырады.Бүтін теріс сандар қоршайды. Бөлшек сандар партаны қоршап тұрады. Жаңа сабақты бекіту. Жеке жұмыс: Тапсырма 3. Оқушылар тақырыпты қаншалықты игергенін анықтау мақсатында өз бетінше орындайды: №324,330, 333 №324 рационал сандарынан: 1)бүтін оң сандарды; 2)қарама – қарсы сандарды; 3)бүтін теріс сандарды бөліп жазыңдар. №330 жиындарының Эйлер-Венн диаграммасында жиынының элементтерін белгілеңіз. №333 Қай тұжырымдама тура: 1) Кез келген натурал сан – бүтін сандар жиынының элементі; 2) Кез келген бүтін сан – натурал сандар жиынының элементі; 3) Кез келген рационал сан бүтін сандар жиынына тиісті; 4) Кез келген бүтін сан рационал сандар жиынына тиісті; 5) 0 саны рационал сандар жиынына тиісті? Дескриптор: Білім алушы бүтін оң сандарды дұрыс табады; қарама – қарсы сандарды табады; бүтін теріс сандарды табады; Сандарды диаграммаға дұрыс бейнелейді; Дұрыс және дұрыс емес тұжырымдарды өткен тақырып бойынша ажырата біледі Оқушылар өз жұмысын тақтадағы жауаппен салыстырып, тексеру арқылы өзінің тақырыпты қаншалықты игергенін анықтайды. Уақыт қалып жатырса, «Миллион кімге бұйырады?» ойынын ойнатуға болады: https://learningapps.org/display?v=pkxqwpbza17 |