СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Разработка "Отбасымен музыка әлеміне саяхат"

Категория: Музыка

Нажмите, чтобы узнать подробности

мероприятие проведено с детьми детского сада и ихродителями.

Просмотр содержимого документа
«Разработка "Отбасымен музыка әлеміне саяхат"»

Отбасымен музыка әлеміне саяхат

Мақсаты:Ата-аналар мен балалардың музыкаға деген қызығушылықтарын арттыру және біріккен шығармашылық жұмысын қалыптастыру,жас ұрпақты өнерге баулу.Ата-аналардың өзара қарым-қатынасын жақсарту,сөйлесу мәнерінің тәрбиесін жетілдіре түсу және тапқырлық,өнерпаздық ойшылдық,қабілеттерін ашу эстетикалық талғамын дамыту.

Армысыздар құрметті Ата-аналар, әріптестер,бүлдіршіндер бүгінгі "Отбасыммен музыка әлеміне саяхат" атты отбасылық сайысымызға қош келдіңіздер!

Сайысқа қатысушыларды шақырамыз,

Әр таңды бақытпенен атырамыз.

Өнерді ой көгінде бақылаңыз

Сайысқа қатысушы Наурызбаевтар отбасын шақырамыз!

Кужанкуловтар отбасын шақырамыз!

Ораловтар отбасын шақырамыз!

Искариндер отбасын шақырамыз!

Өтебай отбасын шақырамыз!

Музыканы жанындай сүйген, әнді әлдилей білген халықтың бірі- қазақ елі десек артық айтқандығымыз емес шығар.Музыка- жүрек тілі,ол сезімдермен көңіл-күй әлемі, ол дыбыстар арқылы бейнеленген жан сарайы.

Олай болса құрметті қатысушы отбасыларына музыкалық сайыста сәттілік тілей отырып

сайыстың кезеңдерімен таныстыруға рұқсат етіңіздер.

1.Отбасын таныстыру;

2.Өз өнері;

3.Дыбысынан аспапты ажырат;

4.Әуенін тап;

5.Көңілді оркестр;

6.Куйді суреттеу;

7.Үй тапсырмасы(қол өнері аспап түрлерін жасау)



Ал құрметті халайық,

Жарысты енді көріңіздер.

Әділқазы алқасы,

Әділ баға беріңіздер!



Осы сайысқа төрелік ететін әділқазы мүшелерімен таныс болыңыздар!

1. Бала бақша меңгерушісі ....

2. Әдіскер ........

3. Тәрбиеші ......

4. музыка тәлімгері ...........

5. Ата – ана ....................

Олай болса сайысымызды бастамас бұрын бізге көмекке Қарлығаш қызымыз келді.Ал енді қатысушы отбасыларымыз өз реттік сандарын белгілеп алсын.

Қатысушылар өздерінің реттік сандарын таңдап алады.

1кезең:Таныстыру

Әр отбасы өз өздерін таныстырады.

(әділқазы алқасының бағасын сұрау)

2 кезең: Өз өнері

Сайысымызға арналады ән мен билер,

Көтерілсін қанекей көңіл күйлер,

Кезекпенен отбасылары алдарыңызда

Қошеметпен қарсы алайық көрермендер!





(Бағалау)

3кезең: Дыбысынан аспапты ажырат

(бағалау)

4кезең:Әуенін тап

Қатысушылар берілген тапсырманы орындайды.

(Әділ қазылар өз бағаларын береді.)

Қарлығаштың балалармен көңілді аспаптармен ойыны.

5кезең: Көңілді оркестр

(Әділ қазылар өз бағаларын береді.)

6 кезең: Куйді суреттеу 5-7 минут



(Әділ қазылар өз бағаларын береді)

7кезең: Үй тапсырмасы

(Әділ қазылар өз бағаларын береді)

Әділқазы мүшелері шешімін шығарғанша сіздердің назарларыңызға

"Жетіген"ансамбльнің өнерін ұсынамыз.

Анаң- күнің жүрегің

Әкең -өмір тірегің

Сен бақытты ұлансың

Бәрі саған қуансын.

Әжең - асыл ардағың

Атаң- дана қорғаның

Сен бақытты ұлансың

Бәрі саған қуансын.

Әділқазы мушелеріне сөз кезегін берейік!