Пәні: қазақ тілі | Мектеп: Өскемен қаласы әкімдігінің «№29 қосымша білім беру мектеп-орталығы» КММ |
Күні: 14.11.2018 | Мұғалім: Зейнолдина Г.Н. |
Сынып: 10 «А» | Қатысқаны | Қатыспағаны: |
Модуль атауы: | Біз қонақ күтеміз. | |
Сабақ тақырыбы: | Қонақта отырғанда |
Білімділік: | Оқушыларға қазақтың салт-дәстүріндегі қонақ рәсімін тереңірек таныстырып білімдерін кеңейту. |
Дамытушылық: | Тілдесім барысында сын тұрғысынан ойлауға үйретудің белсенді элементтерін пайдалану негізінде оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру, функционалды сауаттылықтарын дамыту. |
Тәрбиелік: | Тілдесім әрекетіне құрылған қарапайым сөйлемдер негізінде оқушыларды бірлікке,сыйластыққа адамгершілікке, мәдениеттілікке, салт-дәстүрлерді қастерлеп құрметтеуге, қонақжайлылыққа бейімдеу. |
Жетістік критерийлері: | Қонақтың түрлері, қонақжайлылық туралы толығырақ мәліметтер алады, ерекшеліктерімен танысады, мәтіннің мазмұнын түсініп, сұрақтарға жауап береді, қазақ халқының салт-дәстүріне деген сүйіспеншіліктері оянады. |
Негізгі түсініктер: | Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): қонақта отырғанда туралы ақпарат бере алады. Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): қарапайым сөйлемдер арқылы қонақта отырғанда туралы әңгімелейді Оқушының жоғарғы жетістігі (ОЖЖ): тақырып аясында өз бетімен мәтін құрайды, қарапайым үлгілер арқылы тілдесімге келеді. |
Сабақта қолданылатын материалдар: | Интерактивті тақта, слайдтар, бейнебаян, суреттер, парақшалар, кесте, желім қағаздар, смартфон. |
Сабақ берудегі әдіс-тәсілдер: | «Мозайка» әдісі, «Ой шақыру» әдісі, «Қос диаграмма» әдісі, әңгімелеу, сипаттау, түсіндіру, сұрақ-жауап, «Zipgrade» бағдарламасы, жүректен-жүрекке, СТО стратегиясы, синквейн, жеке, топтық жұмыс. |
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру бөлімі | 1.1. Оқушылармен амандасу 1.2. Кезекшінің мәліметі 1.3. Топқа бөлу («Мозайка» әдісі) 1.4. Топ басшылары мен топ атауымен таныстыру 1.5. Бағалау парағымен таныстыру 3 ұпай – жоғарғы деңгейде 2 ұпай – орта деңгейде 1 ұпай – төменгі деңгейде «5» – 18-23 «4» – 11-17 «3» – 0-10 |
ІІ. Өткенді қайталау. | Сұрақ-жауап: — Балалар, бүгін аптаның қай күні? —Бүгін – сәрсенбі. —Сәрсенбі қазақ халқы үшін қандай күн? —Сәрсенбі қазақ халқы үшін сәтті күн деп есептеледі. —Біз қандай тақырып өтіп жатырмыз? —Қонақ шақыру, қазақ халқының салт-дәстүрлері. Ендеше, мен сендерге жалпы бүгінгі күндерің сәттілікпен өтсін, сабағымыз да сәттілікпен басталып , тек қана сәттілікпен аяқталсын демекпін. —ҚР Ата Заңының 27-бабында не туралы айтылған? —ҚР Ата Заңының 27-бабында «Кәмелетке толған еңбекке қабілетті балалар еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға міндетті» деп айтылған. |
III. Жаңа тақырыпты меңгерту: | Қызығушылықты ояту: а) «Қазақ халқының қонақжайлығы» (Ж. Боранбаев пен М. Ілиясовтың «Қазақы дастарқаным» әнінің сүйемелдеуімен) Видеоның негізгі тақырыбы не? Қалай ойлайсыңдар, бүгінгі тақырып, келген адамдар, видео арасында қандай байланыс бар? |
ІІ. Мағынаны тану: Оқылым. Мәтінді дұрыс, түсініп оқып, мәтінге ат қоюға машықтанады | 66-беттегі 3-тапсырма. Мәтінді оқып, ат қой. Дастарқан басында өзін дұрыс ұстай білу ережесі атадан балаға мирас болып келе жатыр. Мысалы: үй иесі не оның жұбайы дастарқан басына отырмас бұрын қонақтарды бір-бірімен таныстырады. Ең әуелі дастарқан басына жайғасқанда төрге аса құрметті адам бастап отырады. Ол кісінің оң, сол жағына жасына, жолына қарай рет тәртібімен жайғасады. Жасы кіші жолы төмен адамдар төрге шығып отыруына болмайды. Ол әдепсіздікке жатады. Дастарқан басында отырғанда қатты сөйлеп немесе қатты күлу әдептілікке жатпайды. Амандасу үшін үстел үстінен қол созу да дұрыс емес. Кейде мерекелік немесе басқа да той дастарқанында ыдыстар өте көп болады. Кейбіреулер мұндай жағдайда қайсысын аларын білмей қобалжып қалады. Қобалжымай, мұқият зерттеп қарасаңыз, бәрінің де қолданатын орны бар. Үй иесі тамақты тез жемеуі керек, себебі мұндай жағдай қонақтарды да тамақты тез жеу ге итермелейді. Үй иесі тағамдарды қонақтарға зорлап жегізбегені жөн. Әркім тағамды өз қалауынша салып жегені дұрыс. Дастарқан басында тіс шұқу, тістің арасында тұрып қалған тағамды қолмен алу әдептілікке жатпайды. Дыбыс шығармай ішіп-жеу—дастарқан басында әдеп сақтаудың бірден-бір жолы. Қонақта адамның өзін-өзі ұстауынан оның мәдениеттілігі байқалады. Сондықтан дастарқан басындағы ережені үнемі есіңізде ұстағаныңыз дұрыс. |
ІІІ. Мағынаны ажырату: Айтылым. | 66- беттегі 4-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша ой бөліктерін жүйемен орналастыру. 1. Дастарқан басындағы адамдардың бір-біріне сый көрсету тәртібі. 2. Дастарқан басындағы әдепсіз әрекеттер. 3. Дастарқан басындағы тамақ жеу әдебі. 4. Дастарқан басында өзін дұрыс ұстау. |
Жазылым. | 67- беттегі 5-тапсырма. Мәтіннен үй иесіне, қонақтарға қатысты талаптарды тап. Оларды жіктеп жаз (әр топқа А3 парағын беру) «Қос диаграмма» әдісі Қонақтарға қатысты талаптар Үй иесіне қатысты талаптар Үй иесіне қатысты талаптар: Қонақтарға қатысты талаптар |
«Zipgrade» бағдарламасы арқылы мәтінді түсіну деңгейлерін бақылау мақсатында тестік жұмыс | І. «Zipgrade» бағдарламасының жұмысын түсіндіру: 1) Жауап парағы 2) Жауап парағында 5 сұрақ АВСД жауаптарымен 3) ID код жазылған тізім - ID кодты бояу 4) Аты-жөні – тақырып-сынып 1. Үй иесі не оның жұбайы дастарқан басына отырмас бұрын не істейді? А) Қонақтарды бір-бірімен таныстырады В) Қонақтарға тілек айтады С) Дастарқан жаяды Д) Қонақ шақырады 2. Төр дегеніміз не? А) Дастарқандағы құрметті тағам В) Дастарқандағы құрметті орын С) Дастарқан басындағы құрметті адам Д) Дастарқан басындағы үй иесінің орны 3. Төрге кім отырады? А) Жасы кіші, жолы төмен адам В) Үй иесі С) Балалар Д) Жасы үлкен аса құрметті адам 4. Дастарқан басында отырғанда қатты сөйлеп, қатты күлу неге жатпайды? А) әдепсіздікке В) білместікке С) әдептілікке Д) білімділікке 5. Қонақта адамның өзін-өзі ұстауынан оның несі байқалады? А) әдептілігі В) мәдениеттілігі С) көрегенділігі Д) ақылдылығы 5) Quizzes – 10 қонақ – Skan Papes – фотоға түсіру – Review Papers – Оқушының аты – балл/пайыз- - Export Data-PDF - Яна |
ІV. Сабақты қорытындылау. | 66- беттегі 8-тапсырма. Топта мәтін негізінде «Дастарқан басында өзін-өзі ұстау әдебі» ережесін әзірлеу. 1. Қолыңды тазалап жуып, сырт киіміңді шешіп барып үстелге отыр. 2. Дастарқан басында жан-жағыңа қарамай, тыныш отырып тамақтан. 3. Аузыңа тамақты толтырып алып қасыңдағы адамдармен сөйлеспе, бұл әдептілікке жатпайды. 4. Дастарқан басында отырып көп сөйлеуге, қатты күлуге және балағат сөз айтуға болмайды. 5. Амандасу үшін тағам тұрған үстелдің үстінен қол созу дұрыс емес. 6. Тамақ ішіп болғаннан кейін қолыңды, аузыңды сүлгімен сүртуді ұмытпа. 7. Рақмет айтуды да естен шығарма. |
Бағалау | 1. Топ басшылары: Бағалау парақтары негізінде 2. «Қуыс үйден – құр шықпа!». Менің тарабымнан келген қонақтарға көйлек кигізу. |
V.Үйге тапсырма беру: | 68- беттегі 14-тапсырма. Сен туған күніңе достарыңды қонаққа шақырмақшысың. Досыңмен қонақтарды қалай күтетініңді, оларға қандай ас ұсынатының туралы ақылдасып дилог құрастырыңдар |