Сабақтың тақырыбы:
КИІЗ ҮЙ
Киіз үй
Қазақ халқының көшпелі тіршілігіне сай, негізгі баспанасы киіз үй болған. Киіз үй тез құрылады, тез жиналады. Қолданыста өте ыңғайлы, көшіп – қонуға лайықты.
Киіз үй негізгі төрт бөлшектен құралады. Ол – уық, кереге, шаңырақ, есік. Олар мықты ағаштан жасалады. Киіз үйді тігу үшін, алдымен керегелерді керіп, таңғышпен байлайды. Содан кейін шаңырақты көтереді. Шаңырақты салт бойынша сол үйдің иесі ер адам көтереді. Шаңырақ пен керегенің арасын уықпен бекітеді. Уықты баумен байлайды. Содан соң киізбен жабады. Киіз үйдің есігін ағаштан әдемілеп жасайды. Киіз үйдің жамылытқысы : туырлық, түндік, үзік деп үшке бөлінеді. Бірінші туырлық / керегені /, содан кейін үзік /уықты / жабылады. Ең сыртынан түндік /шаңырақты/ жабылады.
Киіз үйдің іші төртке бөлінеді. Ортасында тамақ асатын ошақ орнатып қояды. Ошақтан жоғары бөлігі “ төр”, есік жағы “ босаға” аталады. Үйдің оң жағында ағаш төсек, көрпе жастық жинайды, сол жағында тамақ салатын кебеже, ыдыстар қойылады.
Кереге- деревянная решетка служащие стеной в юрте
Таңғыш- специальная веревка для закрепления
Босаға, табалдырық- порог
Уық- тонкая, крепкая унина, соедияющаяя шаңырақ и кереге
Күлдіреуіш-перекрестные рейки в круге юрты
Туырлық- первый войлок, которыс покрывают юрту
Үзік- кошмы, укладываемые выше туырлық и ниже түндік
Түндік – четырехугольный войлок, покрывающий шаңырақ
Баспана
Көшіп қонуға
лайықты
Ауасы таза
Мұра
Тез құрылады,
жиылады
Қыста жылы,
Жазда салқын
КИІЗ ҮЙ
Шаңырақ
Уық
Кереге
Есік немесе сықырлауық
1-деңгей
1. Сәйкестігін тап
Ұлттық дәстүр наследие
Асыл мұра казахский народ
Әдемі киіз үй народная традиция
Қазақ халқы красивая юрта
2. Нүктенің орнына болымсыз етістіктің
- ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе жұрнақтарын жалға.
Бар..., жат..., отыр..., үз..., кел..., ат..., қой..., айт..., кет..., секір... .
2-деңгей
1. “Кереге” сөзін септе
2. Етістіктерді нүктенің орнына қой.
Киіз үй көне дәуірінде пайда .... . Киіз басу белгілі бір еңбек кәсібіне ... . Үй біздің заманымыздан бұрыңғы ғасырда кеңінен .... . Киіз үй негізгі төрт бөліктен ...
Керекті сөздер: пайдаланылған, айналған, тұрады, болған.
3-деңгей
1. Берілген сөздерді топтарға бөліп жаз.
Қобыз, құрт, уық,қымыз, қыз қуу, домбыра, асық, кереге, шертер,бесбармақ, көкпар,шаңырақ, сазсырнай, ірімшік, сықырлауық, бәйге,дулыға, самса, алтыбақан.
Ұлттық аспаптар(Музыкальные инструменты)
Ұлттық тағамдар(Национальные блюда)
Киіз үйдің бөліктері(Части юрты)
Ұлттық ойындар (Национальные игры)
2 . Шаңырақ сөзіне фонетикалық талдау жаса.
Ашық журнал
Аты-жөні 1-д 2 – д 3-д
1.Алиев Артем
2.Балгожин Канат
3.Белова Вероника
4.Бурлаков Кирилл
5.Даулетхан Алия
6.Ищанов Рамиль
7.Кишубаева Динара
8.Ким Михаил
9.Кудрявцев Максим
10.Сергеева Светлана
11.Юсупова Надежда
Шаңырақ
Уық
Кереге
Есік
Киіз үй
дөп-дөңгелек,
Жыққан кезде
он бөлек.
Тіккен кезде
топ етіп,
Қона қалар
дөңге кеп .