СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Рефлексивный отчет на тему : "Менің тәжірибе жинақтау кезіндегі рефлексиялық есебім"

Категория: География

Нажмите, чтобы узнать подробности

 «Біз бүкіл елімізде әлемдік стандарттар деңгейінде

сапалы білім беру қызметін жолға қоюға тиістіміз.»

Н.Ә.Назарбаев

Просмотр содержимого документа
«Рефлексивный отчет на тему : "Менің тәжірибе жинақтау кезіндегі рефлексиялық есебім"»

Қалдыбаева Мөлдір Мұғалім портфолиосы С есебі

3 мектеп-интернатының Үшінші деңгей

География пәні мұғалімі І топ




Менің тәжірибе жинақтау кезіндегі рефлексиялық есебім


«Біз бүкіл елімізде әлемдік стандарттар деңгейінде

сапалы білім беру қызметін жолға қоюға тиістіміз.»

Н.Ә.Назарбаев

Қазіргі таңда білім берудің әлеуметтік құрылымы маңызды элементтердің біріне айналып отыр. Дүниежүзінде білімнің рөлі артып, әр елдің өзіндік білім беру жүйесі тағайындалған. Бірақ, ол әлем халықтарының білім берудегі тәжірибесімен, бағыт – бағдарымен деңгейлес болуы қажет. Қазақстан Республикасындағы үлкен өзгерістердің білім беру саласында қамтылуы маңызды іс – шара болып табылады. Осы орайда білім беруді дамыту тұжырымдамасы Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытудағы маңызды құжат екендігі сөзсіз.

Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы бүгінгі басты міндеттерінің бірі – жастарға терең білім беру. Ал, оның негізі жалпы білім беретін мектептердің оқыту үрдісін жақсартуға жаңа технологияларды енгізу болып табылады. Оқу – тәрбие үрдісіне жаңа инновациялық әдіс тәсілдерді енгізу оқушылардың білімге деген қызығушылығын, талпынысын арттырып өз бетімен ізденуге шығармашылық еңбек етуге жол салады. Оқушылар терең де жүйелі білім және әдістемелік тәсілдерді жетік меңгерген болуы тиіс. Пәндерді оқытуда тиімді әдіс – тәсілдерді пайдалана отырып, сабақты қызғылықты да тартымды өткізу мұғалімнің шеберлігіне байланысты.

Мен өз сабағымды тереңдете оқытуға, шығармашылық сипаттағы тапсырмалар бойынша жұмыс жүргізуге көп көңіл бөлемін. Бұл мақсаттарды жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері педагогтерінің біліктілігін арттыру курсына 1 – бетпе – бет кезеңін аяқтағанымның пайдасы тиді деп айта аламын. Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің үшінші ( негізгі ) деңгей бағдарламасы бойынша біліктілігін арттыру курсын аяқтаған куәлігін алғаннан кейін жеке тұлғаны дамытуға бағытталған осы жобаны жүзеге асыруды қолға алдым.

Мақсаты: педагог қызметкерлердің қосымша білім мен дағдылар көлемін алудағы білімдік қажеттіліктерін қанағаттандыру,қазақстандық мұғалімдерге қарқынды өзгеріп жатқан өмір жағдайында үздіксіз кәсіби дамуға дайын болуға көмектесу.

Міндетері:

· Мұғалімдерге педагогикалық тәжірибесін жетілдіру мен бағалауға көмектесу;

· Сабақты белсене өткізіп, әр баланың еркін жауап алуға жағдай жасау;

· Сенімділікке тәрбиелеу үшін баланың жауабын санмен бағалау;

· Ойын дамыту үшін «Менің ойымша» деген жауапқа дағдыландыру;


· Оқушыны дұрыс емес деп жазқамау, жауаптарға бірдей қарау;


· Тілін дамыту мақсатында оқушының сөзін, ойын бөлмей аяғына дейін тыңдау;


· Дүниетанымын кеңейтуге жағдай жасау;


· Жеке тұлға ретіндегі рөлін көтеру, тең дәрежеде қарым – қатынас ұйымдастыру;


Күтілетін нәтиже:


· Оқушы еркін ойлануға мүмкіндік алады;


· Тұжырым жасауға үйренеді;


· Жан – жақты ізденеді;


· Шығармашылық белсенділігі артады;


· Ақыл - ойы дамиды;


· Ұжымдық іс – әрекет мәдениеті қалыптасады;


· Топ алдында өз ойын айтуға, пікірін қорғауға дағдыланады;


· Есте сақтау қабілеті артады;


Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерпедагогтерінің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасының күтілетін нәтижелер оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел – уәждерін нанымды жеткізе білетін,ынталы, сенімді, сыни пікір - көзқарастары жүйелі дамыған, қазақ, орыс, ағылшын тілдерін өз деңгейінде меңгерумен қатар, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы ретінде қалыптасуын қамтиды. "Мұғалімге арналған нұсқаулықта" негізгі материал тиісті

сабақта қарастырылатын жеті модульге сараланған. Алайда, осы жеті модульге қарастырылған идеялар сабақта пайдаланылатын жекелеген стратегиялар мен тәсілдер сияқты өзара байланыста болады.


Модульдер:


1) Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.


2) Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.


3) Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.


4)Оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану.


5) Талантты және дарынды балаларды оқыту.


6) Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту.


7) Оқудағы басқару және көшбасшылық.


Сондықтан білім беру мен оқытудың қазіргі заманғы әдістері мұғалімнің күнделікті тәжірибесі және кәсіби мән мәтінмен өзара байланыста қаралады. «Мұғалімге арналған нұсқаулықта» негізгі материал тиісті сабақтарда қарастырылған жеті модульде сараланған. Қашықтықтан оқыту, мектептегі тәжірибемді қысқа мерзімді, орта мерзімді жоспарлап жасағанда, сабағымның мақсатын жеті модуль идеяларына негіздеп құрастырдым. Бағдарламаның жеті модулін басшылыққа ала отырып өз сабақтарыма өзгерістер енгіздім. Ең алдымен оқушыларды ойландырып топқа бөлуден бастадым. Топқа бөлуде әр сабақта әртүрлі оқушыларды сыни тұрғыдан ойландыруға бағытталды.


Топтың табысқа жетуі және жаңа ойлау жолдарын дамыту үшін топтарға топ ережелерін құру ұсынылды. Топтар мұғалімге бағыну, тыныштық сақтау, уақытқа бағыну, бір – бірін мадақтау деген топтық ережелерді құрды. Бір сынып - бір отбасы, бір жанұя мүшелері екенін саналарына сіңіру. Өздері шығарған ережеге бағынбай бара жатса қабырғаға ілінген ережені көрсетіп естеріне салсаң болды. Осының бәрі сыныптағы ытымақтастық атмосфера деп аталады. Сыныптағы ынтымақтастықтың болуы мұғалімге өте тиімді. Себебі, қазіргі таңда біздер материалдық теңсіздікте өмір сүреміз, яғни, әр отбасының әлеуметтік жағдайлары әр түрлі. Сондықтан оқушылардың дүниеге деген көзқарасы, жалпы ересек адамдардың да көзқарастары әр түрлі болып келеді.Осының салдары оқушылардың біліміне кері әсерін тигізетіні белгілі. Міне осындай әр түрлі жағдайдағы адамдардың яғни оқушылардың ой-пікірлерін бір жерге топтастырып, бір сыныпта бірегей атмосфера қалыптастыру оңай шаруа емес. Дегенмен, оның жолдарын табуға да болады.


Педагогикада білім мен тәрбие егіз деген ұғым бар. Әрине, бұл тіркес бекерден бекер айтылмаған. Баланы оқыту үшін оның жан дүниесін, қоршаған ортасын, ата-ана отбасын, әлеуметтік жағдайын мұғалім егжей-тегжейлі білгені абзал. Ол үшін:


1) Мұғалімнің ата-анаға ықпалы, яғни мұғалім ата-анасына баласының мектептегі қабілетінің жақсы жақтарын айта отырып, отбасы тарапынан үнемі қолдап, демеп отыру керектігін түсіндіру;


2) Ата-ананың балаға ықпалы, яғни баланың дүниеге деген көзқарасы бойынша ата-анасы баласымен ой бөлісіп, моральдық және материалдық қолдау көрсету керек.


Сайып келгенде, мұғалім ата-ана арқылы баланың тәрбиесі мен біліміне оң әсер ететіні анық. Бұл бір жолы. Екінші жолы, күнделікті мұғалімнің сабақта балаға тікелей ықпалы. Үшінші, сыныптағы оқушылардың жеке оқушыға ықпалы. Ең соңында оқушының мұғалімге кері байланысы жоғары нәтижені көрсетеді. Мұғалім, ата-ана, бала – үшеуі үздіксіз сағаттың тіліндей айналыста, байланыста болуы керек деп түсінемін. Яғни, гармонияда болу. Грек тілінен аударғанда – үйлесім, үндестік мағынасында.


Біз бұл жерде ата-ана арқылы оқушы сеніміне ие болуымыз керек және өзіміз де оларға сенім білдіруіміз керек. Оқушылармен диалог жүргізудің маңызы да аса зор болып саналады. Әр бала жеке тұлға, жеке адам, өзіндік қайталанбас үлес қоса алатындай жағдай жасау керек. Сондықтан әр баланың пікірімен санасуымыз керек. Бұл жерде анкета толтыртқызғанан көрі, оқушымен диалог жүргізіген он есе артық деп есептеймін.


Ұлыбританияда жүргізілген зерттеулерде оқушылардың білім беру мен білім алу туралы пікірлеріне назар аударылды. Мектептерде «Оқушы үніне» көңіл бөлуге баса назар аударылып келеді. Джин Раддок «Оқушы үнінің» белгілі жақтаушысы ретінде «Оқушылар мен пікірлесудің мақсаты – қабылдаушының көзқарасы тұрғысынан алғанда оқудың не екендігін түсіну, жекелеген оқушылар мен топтар үшін оқуды қалай жақсарту» екендігін жазады.


Сыни тұрғыдан ойлау модулі бойынша Александердің диалог арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамытуда диалогтің бес үлгісін басшылыққа ала отырып мен сабақтарымда Александер тәжірибесінде зерттелген диалогтің бес үлгісінің механикалық есте сақтау үлгісі арқылы үнемі сабағымда анықтамаларды қайталап отыру арқылы есептердің шығару жолдарын есте сақтауды анықтадым. Сонымен бірге берілген сұрақтар бойынша бұрын өткендерді еске түсіру үшін декламация үлгісін және оқушыларға не істеу керектігін түсіндіру немесе ақпаратты жеткізу арқылы диалогтің нұсқаулық үлгісін, тақырыпты еске түсіру мақсатында ой бөлісу арқылы диалогтің талқылау үлгісін қолдандым. Сабақтың тақырыбын ребустар, ой қозғау, эссе жазу,есептер шығару, көшбасшыны тағайындау мақсатында оқушыларға тапқырлық есептер беру арқылы, үш тақырып бойынша мысалдар келтіру арқылы, өз ойларын дәлелдеу арқылы сыни тұрғыдан ойландыруды мен аштырдым.

Ақпараттық –коммуникациялық технологиялардың дамуы білімді бағалау және пайдалану жүйесін де уақтылы өзгертіп отыруды талап етеді. АКТ оқушыларға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беріп, мұғалімдерге сабақ беруде көмектесетін маңызды құрал болып отыр. Оқыту барысындаосы технологияларды ойланып қолдануды қажет етеді. Қазіргі кезде оқушылар компьютердің қыр сырын меңгерген және сыни тұрғыдан меңгерудегі шапшаңдығы өте тез.Топтардың арасында бірлескен жұмыс, оқушылар оқшауланып оқымайды, бір – бірін қолдау, топтық рух мадақталды, жігерін жұмсайды, білімді бірлесіп алуда немесе пікір алмасу барысында тең құқықты болды, оқушылар сонымен бірге пікір алмасу оқушылармен диалог құру арқылы іске асады. Олар топпен жұмыс істейді, онда тыңдау, дене қимылдары, келіспеушілікті құрметпен білдіру қабілеттеріне назар аударылды. Оқушылар жұппен де, өз беттерімен де өз білім деңгейлерін бағалайды және оған қалай жеткенін түсінуге мүмкіндіктері бар.Бағалау барысында оқушылар өзінің оқу үлгерімінің деңгейін біледі және алдағы мақсаттарға қарай жылжиды.

Көрсету, түзету, оқытуды бағалау сияқты әдіс - тәсілдердің көмегімен оқушыларға білім беруде жаңаша идеяларды ұсынады. Сабақ өтікізу барысында тапсырмаларды топтық жұмыстар арқылы ұйымдастыру оң нәтижесін берді:оқушылардың өзара ынтымақтасуы, өзара әрекеттесуі арқылы тақырыпты түсінуі, оқушылартақырып бойынша және сындарлы сөйлеуге ынталандырылды, оқушылардың шынайы қызығушылығы мен сезімдері анықталды, білімге құштарлықтары дамыдыжәне зерттеуге ынталандырылды, өз жауаптарына деген сеніділігі байқалып отырылды.


Жеті модульмен жұмыс жүргізгенде өзгерісімнің тағы бірі бағалау. Өткізген сабақтарымда бағалау топтардағы көшбасшылардың бағалау және топ мүшелерінің өзін - өзі бағалауы болды. Дәстүрлі сабақта бағалау мұғалімге тәуелді болғандықтан алғашқы сабағымда алдымен лидердің бағалауын тыңдап және өзімнің бағамды ескеріп бағаладым.


Сын тұрғысынан ойлау – сынау емес ойды шыңдау. Бұл жоба арқылыоқушылар берілген тақырып мазмұнына сын тұрғысынан қарап, өзінеқажеттісін, сапалы шешім қабылдауды, сұрақ қоя білуді, кез – келгенсұраққа жауап іздеуді үйренеді, ойы дамиды. Бұл жобаның ерекшелігісол, онда оқушының қызығушылығын арттыра отырып, қиялын дамыту үшін, «менің ойымша» деген жауапқа дағдыланады, оқушы өзінің ойын ашық әрі еркін айту арқылы ғана белгілі бір жетістіктерге жетеді. СТО жобасында жұмыс жеке, жұппен, топпен жүргізіледі. Мұғалім оқушыны білім алуға бағытталған іс – әрекетін бақылай алады, бағыт – бағдар береді.


Жеті модульмен жұмыс жүргізгенде жеткен жетістіктерім:


· Мәселенің ең негізгі түйінді табуға дағдыланды;


· Оқушылар өз бетінше ізденуге үйренді;


· Сұрақ қойып, сұрақтарға жауап беруге машықтанды;


· Тақырыпқа деген жан – жақты түсінігін аңғара отырып, ынтасын одан әрі дамытуға мүмкіндік жасалды;


· Ой идеясының ішкі астарына үңілуге, өзекті мәселелеге терең барлауға бағыт берілді;


· Ақпаратты саралауға, жүйелі жүргізуге дағдыланды;


· Оқушылардың шығармашылық белсендіктері және сын тұрғысынан ойлау әрекеттері бағаланды;


Сын тұрғысынан ойлай отырып, өзіндік белсенділіктің болуы да білімге құлшынысты, жаңалықты ашуға, ізденуге, қиындыққа төзуге үйретеді.Баланың еркін де терең ойлауына, үздіксіз жұмыс жасауына жол ашады.Оқушының ізденісі жеміссіз болмақ емес. СТО – оқушыны мұғаліммен, сыныптастарымен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір – бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздеуге, қиындықты женуге баулитын жоба.

Курстың бірінші кезеңінде оқып, үйренген жаңа әдістерді қолдану үшін мен өзіме бағдарламаның негізгі жеті модулінен өзімнің сабағымда қолдансам деген мақсат,арман,ой, ойыма орала берді.....

Мен 6 сыныбында сабақ өту мақсатында сабақтарды алдын ала жоспарладым.

Сабағымды жоспарлау барысында мен сыныбымның жас ерекшеліктерін, қабілеттерін, білім деңгейін ескердім. Жоспарлау барысында мен сыныпты топқа бөлуді ұйғардым. Топқа бөлу тәсілін әрбір сабақта өзгертіп отырдым. Бірінші сабағымда сыныпты топқа бөлуде мозайка тәсілін пайдалансам, «Географиялық қабық, жердің ерекше қабығы» және «Географиялық белдеулер, табиғат зоналары» тақырыбында балаларды түрлі-түсті стикерлерді пайдалану арқылы бөлдім. Мен әрбір сабағымда топтарды өзгертіп отырдым. Сабақты өту үшін мен біріншіден сыныпта психологиялық ахуалды реттеуді ұйғардым. Әрбір сабағымда балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір-бірлеріне жылы тілектер, еркелету сөздерін айтып өздерінің көңіл-күйлерін көтерді.

Ал енды мен бірінші сабағыма келер болсам білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер оқушыларға оқуды өз бетінше іздену процессі арқылы оқуды үйрету. Оқушыларды топқа бөлу арқылы оқыту тәсілін пайдаландым. Менім «Географиялық қабық, жердің ерекше қабығы» тақырыбында бірінші сабағым. Оқушылар топта бірлесе жұмыс істеуді бірін- бірі жетелеуді үйренді . Кейбір оқушылар мадақтауды ұнататынын түсіндім . Мысалы: Бақытжан өзіне мұғалімнің көңіл бөлгенін қалайтынын түсіндім. Сабағымның алғашқы күні мен оған арнайы келесі сабағымызда ерекше сабақ болатынын айттым. Келесі сабағымдаБақытжан: -Апай ,мен келдім –деді . Мен оның бүгін ерекше екенін мадақтау арқылы жеткіздім. Бірте –бірте Бақытжанның бойындағы өзгерісті байқады .

Тапсырмаларды оңайдан қиынға қадам бастыру арқылы жасадым. Сабақтағы бірінші және екінші тапсырманы оқушылардың барлығы орындай алды . Әр оқушы шамасына қарай тапсырмаларды орындады . Мысалы : «Географиялық қабық, жердің ерекше қабығы» деген тақырыпта оқушылар шағын постер қорғады. Осы тапсырма арқылы оқушылардың қиялын дамыта отырып өз ойларын жаза отырып шығармашылыққа қадам басты. . Бұл тапсырманы барлық оқушылар толық орындай алмады . Іңкәр өз ойын еркін жаза отырып постер қорғауға бейім екенін көрсетті . Сонымен бірге оқушыларды бақылай отырып Іңкәрдың көшбасшылық қасиеті басым екенін байқадым. Сабақ соңында оқушылар сабаққа деген рефлексиясын ұсынды . Мысалы , Алтынбек болашақтағы барлық пәндері осы тұрғыда өткенін қаласа, Елнұр сабақ өзіне қатты ұнағанын айтты. Сабақтардағы жіберілген кемшіліктерімді әр сабағымда әртүрлі әдістермен түзетіп отырдым. мен келесі сабақты жоспарлауда мен алдыңғы сабақтағы және өткізген сабақ-тренингтегі оқушылардың рефлективтік есептерін ескере отырып құрастыруға тырыстым. Сабақты әдеттегіндей топқа бөлдім. Топқа бөлуде "түрлі түсті стикерді " пайдаландым. Оқушылар топқа алдыңғы сабаққа қарағанда тез топқа бөлініп, еш кедергісіз орындарына отырды. Сыни турғыдан ойлауды үйрету пайдалану арқылы жаратылыстану сабағында сабақтың тақырыбын, мақсатын ашуға машықтанбағандығыма қиндықтар болды. Мен сабақтын тақырыбын жұмбақ жасыру арқылы,мысалдар келтіру арқылы,суреттер кескін карталарды пайдаланып сабақ тақырыбын өздері ашып дамытуға үйренді. Білім беруді бағалау және оқуды бағалауды пайдалаған кезімде оқушыларда мұндай дағдыны қалыптастырмағандықтан Топтық бағалау, өзін-өзі бағалау және достарын бағалауда жоғары бағалауды ұнатты. Бірінші сабақта оқушылар бір-бірін өте жақсы деп бағалады. Соны ескере отырып, сабаққа қатысқан әріптесімнің кеңесіне құлақ салдым. Ол маған топтағы бір оқушыға сабақ басында "Сен өз тобыңды сабақ соңында бағалайсын, бақылап отыр" деген ұсыныс жасады. Сол ұсынысты ескере отырып, топтағы бір оқушыға тобыңды бағалайсын, бақылап отыр деп нұсқау бердім. Келесі сабақтарымда бұл идея жүзеге аса бастады. Оқушылар сабақ басында өз-өздерін бағалауды ұсыныс жасады. Кейбір жерде бәсекелестік орын алды. Осындай бағалау кезінде оқушыларымның арасынан көшбасшылықты байқадым. Білім беруде АКТ пайдалану мені қызықтыратын, алайда мектепте интербелсенды тақтанаң болмауы .мен өз Ком/р ды пайдаланып сабаққа жасаған слайдтарымды сол арқылы көрсеттім. Мен сол арқылы оқушылардың жан–жақты білім алатын сабаққа деген қызығушылықтарын байқадым.мен осы арқылы алдағы уақытта АКТ жүйелі қолдансам деген мақсат қойдым. Сабақтардағы жіберілген кемшіліктерімді әр сабағымда әртүрлі әдістермен түзетіп отырдым. Алдымен, бұрыннан өткізіп жүрген дәстүрлі сабақтар мен қазіргі жаңа әдіс-тәсілдер негізінде өткізілген сабақтарды салыстыра отырып, айырмашылықтарды байқадым.

Осы алған білім менен шектеліп қалмай,оны ары қарай дамыту,оқу,іздену және өзгерістер енгізу.Болашақтағы әр-бір сабақтарымда осы 7 модульді кіріктіріп,нәтижелі білім беру.


Пайдаланылған әдебиет:


  1. «Мұғалімге арналған нұсқаулық», баспаға «Назарбаев Зияткерлік мектебі»

  2. Білім беру платформасының материалдары