Мотивациялық қозғаушы | Балалар бізге қонаққа. Қуыршақтар келді,ұл-қыз. Қанеки аттарын қояйық. Амир мен Аружанның сендерге тапсырмалары бар екен, орындаймыз ба? Амир мен Аружанмен достасамыз ба? | Балалар қуыршақпен танысады. Ұлдың аты Әмір,қыздың аты Аружан. Ия, орындаймыз. Бәріміз дос боламыз |
Ұйымдастырушылық ізденіс | Амир өзімен таныстырады. Менің жасым 3-те қолым,аяғым,басым,көзім,ауызым бар. Сосын Аружан өзін таныстырады. -Амир әр балаға барып атын сұрайды? - Алина жасың нешеде? -Алина сенде ата-әже барма? -Сен балалармен бірге не істейсің? -Алихан сенде ата-әже барма? -Сен оларды жақсы көресің бе? -Балалар,енді мынандай сұрақ қояйын. Сендер анаға, әкеге кім боласындар? -Ал әжеңе,атаға кім боласыңдар? -Тәрбиеші сұрақтарды қойды.(Суреттер арқылы) -Сендер қайда күнде таңертен келесіңдер? -Сендердің топтың аталуы қандай?Жақсы. Сергіту сәті: (саусақ гимнастикасы: балалар саусақтарын жұдырықтарына түйеді) Сендерге тағы бір тапсырма Бәрің бірлесіп суреттерді бір сөзбен атап ойнау. (үлестірмелі материалмен жүргізілетін ойын). Жарайсыңдар балалар. Онда қазір біз мақалдар айтып жаттаймыз. 1.Нан— тамақтың атасы Ынтымақ — көптің батасы. Ат жақсысын мақта, Адам жақсысын жақта. | Балалар суреттерге қарап,сұраққа жауап берді. -Алина. -Үште -Бар. -Балалармен бірге ойнаймын. -Ата -Иә,жақсы көремін. Отбасының суреттерін көрсетті. -Отбасы боламыз! Біз олардың балаларымыз. -Балабақшаға. -«Көбелек» тобы.
Бір үйде біз нешеуміз? Кел, ойнайық екеуміз: Бас бармағым - папам, Балаң үйрек - апам, Ортан терек - ағам, Шылдыр шүмек - мен, Титтей бөбек - сен. Бір үйде біз нешеуміз? Бір үйде біз бесеуміз! (балалар жұдырықтарын ашып, жұмады) Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдайды. Ойынға өте белсенді, қызығушылықпен қатысады. Мақалдарды тыңдайды Оларды бәрі белсене қайталайды |
Рефлексивті коррекциялау | -Балалар,біз бүгін кімдер қонаққа келді? -Сендер балабақшаға барасыңдар ма? -Балабақшаға кімдер барады? -Отбасыңда кімдер бар? -Отбасын жақсы көресіңдер ме? Олай болса балалар біз қазір әсем әуен тыңдайық. Жақсы балалар Енді қуыршақтармен қоштасайық. | Амирхан,Аяна. -Иә. -Балалар барады. -Әке, ана, ата, әже -Ия жақсы көремін Музыканы мұқият тыңдады |