Іздену-ұйымдастырушы | -Балалар, өткен тақырыпта сендер қай дыбыспен таныстыңдар? -«С» әрпі неге ұқсайды? -Естеріңе түсіріңдерші, «с» дыбысынан басталатын сөздерді. -Иә, дұрыс айтасыңдар, бұл сөздердің бәрі де қай дыбыстан басталады екен? -«С» дыбысы қандай дыбыс? «С» дыбысының әріп таңбасын, өткен Дыбыстарын ішінен тапқызу. -Енді, балалар, осы «с» дыбысын өткен дыбыстарға қосып оқиық. Са,сана, сара, маса, сат, тас, ас т.б. -Балалар, сөздерге дыбыстық талдау кезінде дыбыстардың несін ажыратамыз? -Балалар, мына суретке қараңдар, ненің суретін көріп отырсыңдар? -Осы сөздерді буынға бөліңдерші, неше буыннан жасалады екен? -Бір буында неше дауысты дыбыс болады? Дидактикалық ойын: «Дауыссыз дыбыстарды анықта». Ойын шарты:педагог өткен әріп таңбаларын қояды,балалар дауыссыз дыбыстарды атап көрсетеді. Сергіту жаттығуы: Ақша қар Айналамда ұшып жүр. Ақ мамық қар себелеп. Қалт-құлт еткен бейне бір, Ақ қанатты көбелек. (З.Шүкіров) Тіл ұстарту. Са-са-са- Ызыңдайды маса Ағаш болар таса. Дидактикалық ойын: «Ойлан, тап!». Ойын шарты: педагог жұмбақ жасырады, балалар жауабын тауып, соған сөйлеп құрайды. Мысалы: Бақшада жер себемін, Жиып алды жез қазық. Саусақ жаттығуы: Сорпаға тұз себемін, Дәмін оның көремін. Тұз аз болса тағы да, Азырақ тағы себемін. Дәптермен жұмыс: Дәптердегі №22 тапсырма орындалады. Жеке жұмыс жүргізеді. | -«С» дыбысымен таныстық. -Айға, ораққа ұқсайды. -Сағат, сабын, сағыз, сырға, сауысқан, сыбызғы. -«С» дыбысынан басталады. -Дауыссыз дыбыс. Балалар тауып көрсетеді. Балалар сөздерді хормен оқиды. -Дауыстиы, дауыссыз дыбыс екенін ажыратамыз. -Сағат, тас, тұз, сауысқан, сырғаның суреттерін көріп отырмыз. -Са-ғат, са-уыс-қан-екі, үш буыннан жасалады екен. -Бір дауысты дыбыс болады. Қимылмен жасайды. Балалар бірге қайталайды. Жауабы: сәбіз. Сәбізде дәрумен көп, бойды өсіреді. Саусақтармен жасайды. Тапсырманы орындайды. |