СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Сәулеге араналған сақина" ертегі

Нажмите, чтобы узнать подробности

балаларға ертегі туралы түсінік беру саулеге аранлған ертегі туралы балаларға айтып беру

Просмотр содержимого документа
«"Сәулеге араналған сақина" ертегі»

Күні:

Білім беру саласы:«Шығармашылық»

Ұйымдастырылған оқу қызметі: «Мүсіндеу»

Тақырыбы : «Сәулеге арналған сақина»

Мақсаты: Ермексазбен жұмыс істеу машығын дамыту: жұмсарту, илеу, біріктірілген жерлерін сылау. Балаларды қазақтың ұлттық зергерлік бұйымдарымен таныстыру. Назар аудару және көңіл қоя білуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, үйрету, көрсету, сұрақ-жауап, үлгіні талдау, мадақтау.

Қажетті құралдар: «Қазақтың зергерлік бұйымдарының» альбомы, зергерлік бұйымдардың үлгісі (сақина, сырға, білезік), ермексаз, таяқшалар, тақтайшалар, сүлгі.


Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс- әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық- қозғаушылық

Қуыршақты алып келу. Қуыршақтың аты – Сәуле, ұлттық киім киінген, бірақ онын зергерлік бұйымы жоқ. Сәуле бізден көмегін сұрап отыр, сақина жасап берсін деп.

- Сәулеге көмектесеміз бе?

Қуыршақпен танысады.


  • Иә, көмектесеміз

Ұйымдастыру-іздестіру

Балаларды қазақтың зергерлік бұйымдарымен таныстыру. Қазақстан ертеден мыс, қорғаныс, мырыш, алтын, т.б. асыл, қымбат тастарға бай болған. Осы асыл тастарды қазақтың зергерлері әр түрлі зергерлік бұйымдар жасауға пайдаланған және бұл шеберлік өнерді ұрпақтан ұрпаққа мұра етіп қалдырып отырған. Олар әйелдерге арналған зергерлік бұйымдарды жасаған. Балаларға зергерлік бұйымдардың әдемі әшекейлеріне назарын аудара отырып, асыл тастармен безендірілгенін ою-өрнектеріне мән бере отырып түсіндіру.

Олар: жалпақ, ою-өрнегі бар, дөңгелек пішіні.

- Бүгін біз бәріміз ертедегі шеберлер сияқты зергерлер боламыз. Әйелдерге арналған, әсіресе Сәулеге бұйымдар жасап көреміз. Ол үшін ермексазды алақанның арасында айналдырып, ұзынша етіп есеміз. Бір шетін екінші шетіне шымшып, қосамыз. Сақинаны стекалармен безендіріп, ою-өрнекті салуға болады.

Сергіту сәті.

Сыңғыр – сыңғыр сырғалар

Құлағымда ырғалар

Оң қолымда білезік

Сол қолымда білезік

Саусақтарда сақина

Санап көрші канеки 1,2,3,...1,2,3,....

Демалайық жинап күш.

Балалардың өз бетінше жұмыстары.

Балалардың сақинаны қалай жасайтынын қадағалау.

Қазақ халқының колөнерімен танысады.




Балалар зергерлік бұйымдарды ұстап көреді.


Сақинаны жасау әдісімен танысады.





Сергіту сәтін орындайды.







Ермексазды алақанның арасына салып еседі, екі шетін қосады.

Рефлексивті - түзетушілік

- Балалар бүгін біздер не жасадық?

- Сакинаны адамдар не істейді?

- Пішіні қандай?

Содан кейін ең жақсы жасалғандарын таңдап, еңбек нәтижесі мадақталады.

- Сақина.

- Тағады.

-Дөңгелек.





Күтілетін нәтиже:

Білу керек: Ермексазбен жұмыс істеу машығын дамыту: жұмсарту, илеу, біріктірілген жерлерін білу керек.

Болу керек:Тақтайшасы болу керек.

Баланың қолынан келу керек: Ермексазды илеу, біріктіре алады.

.