СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Сабақ 1 Шаруашылық есептің пайда болуы, оның түрлері.

Категория: Экономика

Нажмите, чтобы узнать подробности

сабақ 1 Шаруашылық есептің пайда болуы, оның түрлері.

Просмотр содержимого документа
«Сабақ 1 Шаруашылық есептің пайда болуы, оның түрлері.»

Пән: Бухгалтерлік есеп негіздері

1 тақырып: Шаруашылық есептің пайда болуы, оның түрлері.


Жоспар:

  1. Шаруашылық есеп туралы түсінік.

  2. Шаруашылық есептің түрлері.

  3. Бухаглетрлік есепте қолданылатын өлшеуіштер.


1.Шаруашылық есептің даму тарихы 6000 жылға жуық.Шаруашылық есеп қоғамда аса қажеттіліктен барып пайда болды: өйткені адам өміріне өлшемдер ( салмақ және сан), кірістер мен шығытарды санау және салыстыру керек болды.

Бухгалтерлік есеп туралы ең бірінші кітапты итальян математигі Лука Пачоли 1494 жылы жазды.

Шаруашылық есеп халық шаруашылығы жоспарының жалпы ел бойынша және әрбір кәсіпорын, ұйым және мекеме бойынша жеке – жеке орындалуын көрсетеді.

II. Шаруашылық есеп келесі түрлерге бөлінеді:

1. Жедел немесе оперативті есеп шаруашылық әрекеттері мен процесстеріне тікелей өздерінің қызметі барысында басшылық жасау мақсатымен, оларды қадағалау мен бақылау үшін жүргізіледі.

Жедел есеп ауызша түрде, телефонмен, факспен, жазбаша түрде беріле береді. Оны цех басшылары мен шеберлері, қойма меңгерішілері және т.б. лауазымды адамдар іске асыра береді.

2. Статистикалық есеп- жаппай қоғамдық құбылыстарды зерттеу және бақылау жүйесі. Статистика жаппай қоғамдық құбылыстардың сандық жағын сапалық жағымен байланыстра отырып зерттейді. Ол өндірістік күш пен өндірістік қатынастарды ұштастырып қоғамдық өндірістің сандық жағынан, сонымен қатар қоғамның мәдени және саясим өмірінің құбылыстарын зерттейді. Статистиканың көмегімен көптеген сандық және сапалық көресетікштер есептеледі. Өнеркәсіпте өндіріс көлемінің көрсеткіштері, төлемақы динамикасы, жұмыс уақытының пайдаланылуы, еңбек өнімділігінің деңгейі мен өсу қарқыны, өнімнің өзіндік құнының төмендеуі. және т.б жатады.

3. Бухгалтерлік есеп дегеніміз- кәсіпорындардың шаруашылық құралдары(мүліктері), міндеттемелері және олардың қозғалыстары туралы ақпараттарды, барлық шаруашылық әрекеттерін жалпылай, үздіксіз және құжаттандыру арқылы ақшалай бейнеде жину, тіркеу және қортындылау жүйесі.

Бухгалтерлік есеп қаржылық есеп және басқару есебі болып бөлінеді.

III. Шаруашылық есеппен бақыланатын барлық объектілер сандық көрсеткіштердің көмегімен көрсетіледі. Шаруашылық есепте заттық, еңбек және ақшалай өлшегіштер пайдаланылады.

Заттай өлшегіштер есептеу, салмақтау, санау мәліметтерін алу үшін қолданылады. Оған ұзындық өлшегіштер (метр, сантиметр), салмағы (килограмм, тонна), көлемі (литр, текше метр) және т.б өлшегіштер жатады.

Заттай өлшегіштер материалдық құндылықтардың санын есепке алу үшін қолданылады.

Еңбек өлшегіштері жұмсалған еңбектің мөлшерін есептеуге арнлаған. Оларға жұмыс күндері, сағаттары мен минуттары жатады.

Ақшалай өлшегіш біркелкі және біртекті бейнеде шаруашылық құбылыстарды есептеу үшін қолданылады. Қазақстан Республикасында ақшалай өлшем бірлігі ретінде теңге және тиын қолданылады.

Тақырып бойынша тексеру сұрақтары:


  1. Шаруашылық есебі қай уақытта пайда болған?

  2. Шаруашылық есеп туралы кітапты кім жазған?

  3. Шаруашылық есеп қанша түрге бөлінеді?

  4. Жедел немесі оперативті есеп дегеніміз не?

  5. Бұл есеп қайда қолданылады?

  6. Статистикалық есеп дегеніміз не?

  7. Статистикалық есепті кімдер жүргізеді?

  8. Бухгалтерлік есеп дегеніміз не?

  9. Оның басқа есеп түрлерінен айырмашылығы неде?

  10. Шаруашылық есепте қандай өлшегіштер пайдаланылады?

  11. Заттай өлшегіштер дегеніміз не?

  12. Еңбек өлшегіштері дегеніміз не?

  13. Ақшалай өлшегіш дегеніміз не?


Үй тапсырмасы: Н.Қ. Қабылова «Бухгалтерлік есеп негіздері» 3-21 беттер.



















Пән: Бухаглтерлік есеп негіздері

Тест сұрақтары . №1 тақырып: Шаруашылық есептің пайда болуы, оның түрлері. Кәсіпорын құралдарын жіктеу. 1 нұсқа.

  1. Шаруашылық есептің даму тарихы ............. жылға жуық

А. 6000

Б. 4000

С. 7500

Д. 4500

2. Бухгалтерлік есеп туралы ең бірінші кітапты кім жазды?

А. Рональдо Матечилли

Б. Лука Пачоли

С. Бернард Велинни

Д. дұрыс жауабы жоқ

3. Бухгалтерлік есеп туралы ең бірінші кітапты қай жылы жазылды?

А.1565

Б.1492

С.1494

Д.1685

4. Шаруашылық есеп келесі түрлерге бөлінеді:

А.жедел оперативті, статистикалық, салық есебі

Б. жедел оперативті, статистикалық, басқару есебі

С. жедел оперативті, статистикалық, өндіріс есебі

Д. жедел оперативті, статистикалық, бухгалтерлік есебі

5. Шаруашылық әрекеттері мен процесстерін тікелей жұмыс жүргізіліп жатқан жерде басшылық жасау мақсатымен, оларды қадағалау мен бақылау үшін жүргізіледі.

А.жедел оперативті

Б.статистикалық

С. бухгалтерлік

Д. басқару

6. Жаппай қоғамдық құбылыстарды зерттеу және бақылау үшін жүргізіледі.

А.жедел оперативті

Б.статистикалық

С. бухгалтерлік

Д. басқару

7. Кәсіпорынның шаруашылық әрекеттерін құжаттарға үздіксіз , ақшалай бейнеде тіркеу арқылы жүргізіледі.

А.жедел оперативті

Б.статистикалық

С. бухгалтерлік

Д. басқару



8. Кәсіпорынға тиесілі және уақытша кәсіпорынға тиесілі емес тауарлы материалдық құндылықтар мен ақша қаражаттар

А.шаруашылық қондырғылар

Б.шаруашылық құндылықтар

С. өндірістік құралдар

Д. шаруашылық құралдары

9. Кәсіпорынның шаруашылық құралдары орналастырылуы бойынша келесі түрлерге бөлінеді:

А. Негізгі құралдар, материалдық емес активтер, айналым құралдары

Б. Негізгі құралдар, материалдық емес активтер, кондырғылар

С. Патенттер, материалдық емес активтер, айналым құралдары

Д. Көлік құралдар, материалдық емес активтер, айналым құралдары

10. Кәсіпорын құралдарын құрылу көздері бойынша келесі түрлерге жіктеледі:

А. меншікті капитал және несиелер

Б. меншікті капитал және міндеттемелер

С. меншікті капитал және дебиторлық берешек

Д. меншікті капитал және кредиторлық берешек









































Пән: Бухаглтерлік есеп негіздері

Тест сұрақтарына жауап . №1 тақырып: Шаруашылық есептің пайда болуы, оның түрлері.Кәсіпорын құралдарын жіктеу. 1 нұсқа.


Сұрақ №

Жауабы

Сұрақ №

Жауабы

1

А



2

Б



3

С



4

Д



5

А



6

Б



7

С



8

Д



9

А



10

Б