Ақсу қаласы
КМҚК «Балапан» бөбектер бақшасы
Жоба жұмысы
Тақырыбы: «Бауырсақ» ертегісі
№14 «Күншуақ» II-кіші тобы
Тәрбиешілер : Г.С.Кулдошбекова
Қ.К.Жанжигитова
2016-2017 оқу жылы
Кіріспе
1.1 Жобаның өзектілігі: Ерте жас барлық психикалық үрдістердің,
әсіресе сөйлеудің дамуында едәуір маңызды болып табылады.
Тілдің дамуы тек ересек пен баланың тығыз қарым- қатынасында ғана мүмкін . Баланың үш жасындағы тілінің дамуының рөлін асыра бағалау қиын . Тілді меңгеру қабылдау ,ойлау ,есте сақтау үрдістерін өзгертеді, балалар қызметтінің барлық түрлері мен баланың «әлеуметтенуін» жетілдіреді. А.В.Запорожецтің ,М.И.Лисинаның, Л.С.Выготскийдің ,А,М.Шахнаровичтің , Т.Б.Филичеваның , Н.С.Жукованың психологиялық жұмыстарында тілдің дамуындағы кез келген бұзылу баланың әрекеті мен мінез-құлқында көрініс табады. Ерте жаста жаңа психикалық құрылымдардың қалыптасуының негізі қаланады, баланы келесі жас кезеңіне өтуіне мүмкіндік беретін психикалық үрдістер дамиды. Бұл сөйлеудің дамуына қолайлы жас.
Жоба мақсаты: Орыс халық ертегісі «Бауырсық» ертегісін жобалық жұмысындағы екінші кіші жастағы балалардың сөйлеуін дамыту.
Әдебиеттерді талдау мен тәжірибе ,мектепке дейінгі ерте жастағы балаларға білім беру үрдісіне иннавациялық технологияларды біріктірудің қажеттілігінің туындағанын көрсетті.
Нысан: екінші кіші тобының балалардың сөйлеуін дамыту.
Тақырыбы: «Бауырсақ» орыс халық ертегісі арқылы екінші кіші тобының балалардың сөйлеуін дамыту.
Міндеттер:
Балалардың танымдық қабілеттіліктерінің дамуы.
Ойын және тұрмыс әрекетттерін білдіру үшін жүйелі сөзді дамыту
Белсенді сөз байлығын
Балалар әдебиеті мен ауыз әдебиеттімен танысу
Тілдің грамматикалық мәдениетін жетілдіру
Жас шамасына қарап баланың сөйлеу сәйкестігі;
Жобаға қатысушылар: Тәрбиеші, екінші кіші тобының балалары;
Түрі: Сюжеттік рөлдік , орташа мерзімді.
Мерзімі: 1- ай
Жобаның күтілетін нәтіжесі:
Балалардың шығармашылық көрмесі;
Ертегі бойынша суреттері мен суреттемелері (иллюстрациялары) бар альбом көрмесі;
Мамандар мен тәрбиешінің өзара әрекетін қамтамассыз етіп, бірнеше бағытта білім беру үрдісін ұйымдастыру.
Біріктірілген сабақтар;
Кешендік принципті орындауда балалардың жалпы және сөйлеуін дамуының едәуір жоғары ырғағын қамтамассыз ету.
1.2. Жобаның теориялық дәлелдемесі.
Егер балаға: «Сенің ең жақсы көретін ісің не ? деп сұраса. Бұл сұраққа балалардың көбі , «Ойнау!» деп бір сөзбен жауап береді. Балалар үйде қонақта, аулада, балабақшада ойнайды. Кез келген қызықты іс бала үшін «ойын» сөзін білдіреді. Ойын арқылы ол қоршаған болмысты , өзінің ішкі дүниесін танып біледі.
Ойын қызметтімен қатар мектепке дейінгі балалық шақ бойында әлеметтену үрдісіндегі баланың жеке бас дамуындағы танымдық қызмет үлкен мәнге ие болады.
Ерте жастағы балалардың мінез-құлқын зерттеудің нәтижесі - әрдайым балаларға ауызша пікір айтатын және оған сәйкес ,сонымен қатар сөйлеу реакциясын («Бұл не?» , жауап бер! , «Атап бер» , «Қайтала») талап ететін ересектің болуынан басқа ешнәрсені олардың өмірі мен тәрбиесінде қажет етпейді. Осыдан тек ересекпен тілдесумен бірге баланың алдында ересектің оған бағытталған сөйлеуді ұғудың коммуникативтік міндеттінің ерекше түрі өзгешелегі ғана тұрады.
Өзекті міндеті болып әр баланың зерттеу белсенделігін дамыту және танымдық мүмкіндігі толық ашуға ықпал ететін педагогикалық жағдайлары бар заманауи балабақшаны білім беру үрдісіне енгізу.
Бұл сұрақты зерделеу кезіндегі тәжірибе мен теориялық зерттеулер нәтижесі білім беру үрдісін оңтайландырудың жаңа жолдарын іздеудің қажеттілігі туындағанын , балалардың жеке бас ерекшеліктері мен «жақын даму аймағын» ескеретін , балалардың ықласы мен қажеттіліктеріне едәуір дәрежеде сәйкес келетін балалармен жұмыс жасауды ұйымдастырудың формаларын таңдаудың қажетттілігі туындағанын дәлелдеді.
Бұл мәселені шешу үшін біз педагогикалық үрдісті оңтайландыруға ,білім беру кеңестігін кеңейтуге мүмкіндік беретін, білім беру үрдісінде жүзеге асырылатын жұмыс жасаудың әртүрлі формаларымен , әдістерімен және құралдарымен жобалар әдісіне көңіл аудардық.
Бұл міндеттерді шешу үшін біз жобалық әдісті таңдадық , себебі тек ол ғана балаға өз ойлағанын жүзеге асыруда ерте әлеуметтік ақиқатқа негізделген тәжірибе алуға көмектеседі; баланың ынтасын қолдап қана қоймай ,сонымен қатар оны мәдени маңызы бар өнім түрінде рәсімдеуге мүмкіндік береді. Жобалық іс құрдастар арасындағы және ересек пен бала арасындағы тұлғаарлық қарым-қатынасты айтарлықтай өзгертеді. Жобалық істің барлық қатысушылары өзара әрекет жасаудың нәтижелі тәжірибесін, басқаны тыңдай білу және шынайлықтың әртүрлі жақтарына өз қатынасын білдіруге мүмкіндік береді, бұл істің уәждемесін күшейтуге мүмкіндік береді , ересектер мен балалардың өзара әрекет принципін жүзеге асыруға қамтамассыз етеді.
Сөйлеуді дамыту үшін жобалық істі мазмұнды рөлдік жобалардан бастауды мамандар кеңес береді, себебі мекетепке дейінгі баланың басты ісі ойын болып табылады . Үштен жетіге дейінгі жасты Л.С.Выготский ойын мен ертегі жасы деп атаған.
Шығармашылықтың бірегей түрі ретінде баланың жан дүниесіне ең жақыны ертегі болып табылады. Ол баланы күлуге ,уайымдауға және үміттенуге бір сөзбен айтқанда сезуге мәжбүрлейді. Мазмұнды- рөлдік ойындарда балалар ертегінің кейіпкерлерінің бейнесін кіріп қойылған міндеттерді өз бетінше шешеді ; екінші кіші топ (3-4жас) балаларына «Бауырсақ» ертегісін және жұмыс жасаудың келесі әдістері мен тәсілдерін қолдану ұсынылады:
Оқу : Тәрбиеші өзінің ынтасымен мәнерлі сөйлеуімен , дауысын шығарып және мимикалық әдістерді өнерлі қолданып педагог балаларды қызықтырып,оларға зейін салып шығарманы тыңдауға көмектесуі мүмкін.
Кейінгі әңгімелесу балалардың әдеби мәтінді терең меңгеруге үлесін қосады.
Суреттемелерді қарастыру: Балалармен бірге кітаптағы суретттемелерді қарастырудың бірнеше мақсаты бар : олар оқиғалардың жүйелі байланысында балаларға бағыт береді; мәтіннің мазмұнын еске салады, шығарманы түсіну үшін маңызды кейбір жағдайлар мен кейіпкерлерді елестетуге көмектеседі.
Ертегілерді үлгілеу . Ертегілерді құрастыру үшін үлгілерді пайдалану балаларға ертегі кейіпкерлерінің әрекетттерінің тізбегі мен ертегі оқиғаларының барысын жақсы менгеруге мүмкіндік береді; шығармашылық қиялды және абстрактылы ойлауды дамытады , сөз қорын байытады ,сөйлеуді белсенді жасайды; барлық сезім мүшелеріне әсер етеді.
Орынбасарлары ретінде әртүрлі геометриялық фигураларды пайдалануға болады.
Алмастыру кейіпкерлердің шамасыны тұлғасыны өзара қатынасы мен түстің негізінде жүзеге асырылады.
Мысалы; «Бауырсақ» ертегісінде - ені және түстері әртүрлі жолақтар (кейіпкерлердің түсіне сәйкес келеді: бауырсақ – сары ; қоян –ақ; түлкі –тоқсары және т.б)
Театрланған ойындар : Драмаландыру ойындары және үстел үстіндегі,стентік және қуыршақ театрларының әртүрлі фигураларымен ойындар «Бауырсақ» орыс халық ертегісінің мәтіні бойынша әртүрлі шығармашылық және театр ойындық істеріндегі балалардың тіл дамуын қамтамассыз етеді.
2.1 Жобалық бөлім
«Бауырсақ» ертегісінің алгоритмі
Кезеңдер | Алгоритм |
Дайындық | Педагогтардың жоба мақсаты мен міндеттері анықтауы; Жоба тапсырмасының сәтті шешуінің мүмкін болатын нұсқаулары мен едәуір перспективалық пікірлерді талқылау. Жобаны жүзеге асыруға арналған құралдарды анықтау. Әдістемелік әдебиетті зерттеу |
| Балаларға арналған әдебиеттерді , суреттемелді,өлеңдер мен мультфильмдерді іріктеу . Ертегінің театрленген қойылымының сценарий, жобаның тақырыбы бойынша әуендер мен өлеңдерді талқылау. Стентер мен жылжымалы папкалардағы көрнекі ақпарат : «Ерте жастағы қиял мен шығармашылық қабілеттілікті дамыту», «Балалармен ойнаймыз» , «Ертегімен тәрбиелеу» Топтың ішінде пәндік –дамытушы ортасын құру. |
Негізгі | Балалармен жұмыс Тәрбиешінің «Бауырсақ» ертегісін оқуды ,мазмұны бойынша балалармен әңгімелесу , суреттемелерді қарастыру. «Бауырсақ» мультфильмін қарау «Бауырсақты мүсіндеу «Бауырсақтың суретін салу Ертегі бойынша «Бауырсақ пен түлкі» аппликациясы Бауырсаққа арнап жалғыз аяқ жол құрастыру «Бұл кейіпкерлер қай шығармадан келгенін тап» ойыны. Жануарлар туралы жұмбақ жасыру «Көжек» , «Орман шетінде қояндар өмір сүріпті» , «Орманның көк шалғынында» саусақ гимнастикасы «Бауырсақ қайда домалап кетті» ойыны «Көжек» , және «Қонжықтар» әндерін жаттау Серуендеген кезінде «Аю мен балалар» «Қасқыр мен қойлар» «Көжектер мен үйшіктер» қозғалыс ойындарын ойнау Қуыршақ театрының қойылымына арнап өлеңді жаттау Балалар мнемокестелер арқылы әңгімелеу Жобаның есте қалатын және қызықты сәттерін фотоға және бейнеге түсіру. Пәндік дамытушы ортаны жабдықтау: (суреттер, мүсіндер, суреттемелер) |
Қорытынды | |
2.2. Жоба мазмұны
Мектепке дейінгі жастағы балалардың тіл дамуы мектепке дейінгі тәрбие жүйесінде басты болып табылады. Осылайша , мектепке дейінгі білім беру жүйесінде басты бағыттардың бірі мектепке дейінгі балалардың тілін дамыту болып табылады деген қорытынды жасауға болады. Сондықтан балалардың тілін дамытудың жағдайлары мен бағыттарын анықтау маңызды педагогикалық міндет болып табылады.Сөйлеуді дамыту мәселесі өзекті болып табылады.Педагог өз тәжірибесінде әртүрлі педагогикалық техналогияларды қолдануға тура келеді.
Мектепке дейінгі білім беруде заманауи педагогикалық технологиялар мектепке дейінгі білім берудің мемлекеттік стандарттарын жүзеге асыруға бағытталған.
Сондықтан біз балалардың жобалық ісіне ерекше көңіл бөлеміз. Ұсынылып жатқан жоба «Бауырсақ» орыс халық ертегісін қолданып жобаның істегі балалардың тілін дамытуға үлесін қосады.
Жоба үш кезең бойы жүзеге асады.
Бірінші - дайындық кезеңі .Педагогтардың алдында жобаның мақсаты мен міндеттері қойылады, жоба міндеттерінің сәтті шешуінің мүмкін болатын нұсқаулары мен едәуір перспективті пікірлері талқыланады, жобаны жүзеге асырауға арналған қажетті құралдарды анықталады, әдістемелік әдебиет зерттеледі.
Педагог көркем әдебиетті ,суреттемелерді, өлеңдерді , «Бауырсақ» ертегісінің мультфильмін іріктеу.
Педагог қуыршақ театр, саусақ театры талқылайды.
Екінші - негізгі кезең .Бұл кезеңде жұмыс екі бағытта жүреді ; балалармен жұмыс , пәндік – дамытушы ортаны жабдықтау.
Балалармен жұмыс. Педагог балаларға «Бауырсақ» ертегісін оқиды , мазмұны бойынша олармен мнемокесте арқылы әңгімелеседі, суреттемелерді қарастырады,мульфильм көреді. Осыдан кейін балалар «Бауырсақ» ертегісінінің кейіпкерлерін мүсіндейді , тәрбиешінің көмегімен ертегіге суреттемелер , «Бауырсақ» апликациясын жасайды, конструктурлардан бауырсаққа жалғыз аяқ жол құрастырады.Балалар педагогпен бірге жоба тақырыбы бойынша «Көжек» , «Орман шетінде көжектер өмір сүріпті» , «Орман шалғынында атты саусақ гимнастикасын жасауды үйренеді.Балалар ертегі бойынша жұмбақтардың шешімін табады. «Бауырсақ» қайда домалап кетті» ойынын ойнайды . Серуендеген кезде « Аю мен балалар» , «Қасқыр мен қойлар» , «Көжектер мен үйшіктер» қозғалыс ойындарын ойнайды.
Тәрбиеші балаларға өлеңдер жаттатады
Дамытушылық ортаны жабдықтау. Топтың ішінде «Бауырсақ» ертегісі тақырыбы бойынша пәндік – дамытушы орта қалыптасады, театрлық бұрышта «Бауырсақ» ертегі кейіпкерлері, шағын декароциялар қойылады. Кітап бұрышында әртүрлі иллюстраторлардың «Бауырсақ» ертегісінің кітаптар
көрмесі, ертегі бойынша суреттері бар альбомдар рәсімделеді. Балалар шығармашылығының көрмесі ( «Бауырсақ» ертегісінің кейіпкерін мүсіндеу , «Бауырсақ» ертегісін суретін салу , «Бауырсақ пен түлкі» апликациясы , конструктордан «Бауырсаққа арналған жалғыз аяқ жол» құрастыру)
Үшінші – қорытынды кезең . Тәрбиеші балалармен бірге топтың балаларына қуыршақ театрының спектакілін көрсетеді. Содан кейін бейнематериалдарды қарастыра отырып бірлесіп шай ішеді.
Сөйтіп ,жоба балаларға білім беріп олардың танымдық белсендігін арттырып қана қоймай ,сонымен қатар мазмұнды- рөлдік ойындардың мазмұнына әсер етеді.
Жобамен жұмыс тіл дамытуға, шығармашылық қабілеттіліктерді, балалардың қиялын жетілдіреді, балаларды театрға бейімдеуге белсенді қатысуға құмарландырады. Балалардың ертегіні эмоциялық қабылдауын ынталандырады, сөз қорын арттырады, топтың пәндік ортасын байытады. Ересектер мен балалардың арасындағы , балалардың арасындағы өзара қарым-қатынасты жақсартады , серіктестік қарым-қатынасты тәрбилейді , білім беру үрдісінің
барлық қатысушыларының бірігуіне мүмкіндік береді.
Қолданылған әдебиеттер:
Давидова О.И, Майер А.А, Богословец Л.Г, «Отбасымен жұмыс жобалары .- М; ТЦ Сфера, 2006 ж
Қазіргі заманғы мектепке дейінгі білім беру саласындағы инновациялық процестер: «Развитие интеллектуального потенциала и детской одарённости» / авт .сост . Пяткова Л.П – Волгоград Учитель 2013ж
Кочкина Н.А Метод проектов в дошкольном образавании .- М:
Мозаика –Синтез, 2012 ж
Сыпченко Е.А «Инновациялық білім беру технологиясы»
Мектепке дейінгі жобаларды әдісі – СПБ: Детство –пресс,2012ж