СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Саба?тан тыс іс-шара "Наурыз мейрамы"

Категория: Внеурочка

Нажмите, чтобы узнать подробности

Салт-д?ст?рді д?ріптеу ма?сатында ?тілген рухани-адамгершілік та?ырыбында?ы іс-шара.

Просмотр содержимого документа
«Саба?тан тыс іс-шара "Наурыз мейрамы"»

Алматы қаласы,

«Бөбек» ҰҒПББСО

«Өзін - өзі тану» гимназиясының

бастауыш сынып мұғалімі

Жетписбаева Ләззат Жұмашқызының

3 «А» сыныбында өткізген ашық тәрбие сағаты

Тақырыбы: Наурыз мейрамы
Мақсаты
:Оқушылардың Наурыз мейрамы туралы білімдерін кеңейту; сөйлеу шеберліктерін жетілдіру, мәнерлеп оқу, ән айту, сахналау өнеріне баулу, балаларды ұлттық салт-дәстүр үлгісіне тәрбиелеу.
Түрі:
әдеби- композициялық, танымдық
Көрнекілігі:
презентация - слайд, ұлттық тағамдар,үнтаспа

Пәнаралық байланыс: Өзін-өзі тану
Барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі:

Фанфар ойналады
1. Кіріспе сөз:
Мұғалім:

  • Армысыздар, ұстаздар, ата – аналар, қонақтар! Бәріміздің асыға күткен Наурыз тойымыз да келіп жетті. Наурыз – парсы тілінде«жаңа күн» деген сөз. Бұл күн – біздің ата – бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз айы – Шығыс күн есебі бойынша жылдың алғашқы айы. Бұл айда жылдың алғашқы айы есебінде күн мен түн теңеледі, солсебептен Наурыз жыл басы болып саналады.Наурыз тойымыз құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні деп аталған Наурызда денсаулықтарыңыз мықты, тілектеріңіз қабыл болсын!-деп бүгінгі тәрбие сағатымыз ашық деп жариялаймыз!






1-жүргізуші:

Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!
Ұлыс күні басталды.
Наурыз туын көтеріп,
Жар салайық әлемге!

2-жүргізуші:

"Наурыз келсе, құт келгені, халайық!"
Есік ашып, шашу шашып,
Ел боп қарсы алайық (музыка ойналып,шашу шашылады)







1-жүргізуші:

Бүгін – Самарқанның көк тасы еріген күн.

2-жүргізуші:

Бүгін – Жаңғыру мейрамы!

Екеуі қосыла:

Бүгін – Жыл басы, Жаңа жыл!

2.Наурыз тілек.

1-жүргізуші:

- Наурызда әр адам өзіне, отбасына немесе жақын туыс-туғандары мен дос-жарандарын , ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, тілек тілеген екен.



Сәлемдесу рәсімін сахналап, тілек айту.
Амир: Ассалаумағалейкүм!
Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын!
Аманғали: Уағалайкүмассалам!
Сізге алланың нұры жаусын!


Екі бала төс қағыстыру арқылы тілек айтады.

Таңым: Амансың ба? –құрбым.
Ұлыс бақ болсын,
Төрт түлігің ақты болсын!
Ұлыс береке берсін,
Бәле-жәле жерге енсін.
Аружан: Аманбыз, аманбыз!
Ұлыс оң болсын!
Қайда барсаң жол болсын!



Барлығы төс қағыстыру арқылы тілек айтады.

Ұлыс оң болсын!

Ақ мол болсын!

Қайда барсаң жол болсын!

2-жүргізуші:

Ал, халайық, тұрмайық,
Әндетейік жырлайық!
Ортамызды ашайық,
Ырыс тілеп бұл жылға,
Жырдан шашу шашайық!


3.Наурыз - жыр

1 - оқушы:Айбибі
- Малдар төлдеп, қой қоздап,
Сүттен бұлақ ағызған -
Жаңа жылдың сипаты
Молшылыққа аңыз боп
Басталыпты Наурыздан!

2 - оқушы:Ислам
- Жаңарғанын сананың
Ұмытады мұны кім?
Ата - салтын бабамның
Алып келді Ұлыс күн!



3-оқушы:Әмина

Су жылтырап бүршік ашқан жас талдан,
Бу бұрқырап қатып қалған тастардан.
Күн күркіреп, жасын ойнап аспаннан,
Бар тіршілік Наурыздан басталған!

4-оқушы:Алима

- Наурыз келді, Наурыз келді, ағайын,
Құшырлана құшағымды жазайын.
Көктем шыға күлімсіреп көк аспан
Әнге толды, күйге толды маңайым!

2-жүргізуші:

  • Ендеше, келесі тыңдайтындарыңыз халық күйі «Тепеңкөк».

Қабыл алыңыздар!

4.Халық күйі «Тепеңкөк»

1-жүргізуші:

  • Ендігі кезекте «Әз-Наурыз туралы аңыз» тыңдауға шақырамыз

5. Әз-Наурыз туралы аңыз

Наурыз ата екі ағайынды болыпты.Өзінен туған ұрпақ болмапты.Ал інісінің балалары көп екен.Оларды Наурыздың кемпірі бауырына тартып,жақсы көріпті.Көктемнің алғашқы айының соңында, жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілер шағында ет,құрт,тары, бидай,кеспе(тұз бен суды қосқанда жеті дәм), тағы басқа тапқанын қосып,көже жасайды.Бәрін аузы мұрнынан шығара бір тойғызады екен.

Наурыз ата мен кемпірі дүниеден өтеді.Жыл сайын дәл сол мезгілде балалар Наурыз атаның үйінен ішетін көжесін сағынады.Сөйтіп,әр жыл сайын атасының үйінің көжесіндей көже жасайды.Ағайын-туыстар бірін-бірі шақырып,бөлісіп ішеді.Наурыз атаны еске алады.Келесі жылы «Наурызда»өстіп аман-есен көрісуді тілейді.Өзара мейірлесіп, ықылас білдірісіп, тарасады екен.Осы әдет бірте-бірте «наурызкөже»атанып,салтқа айналыпты. Нұрқасым Қазыбеков

6. Наурыз- көже


5-оқушы:Мәдина

Наурыз тойын әдемі,
Әжем еске түсірді.
Біздерге арнап әдейі,
Наурыз көже пісірді.


Әже:

  • Наурыз көже - Наурыз тойына ғана тән, көпшілікке арналған мерекелік тағам.Қабыл алыңыздар! (дастархан басындағы қонақтарға көже ұсынады)


7. Наурыз -бата

2-жүргізуші:


Алтын күні шуақ шашып аспаннан,
Жаңа жылым жыр думаннан басталған.
Ақ дастархан жайып қазақ төріне,
Ақ ниетпен үлкендерден бата алған - деп ақ бата алайық.Қызыр Атаны ортаға шақырамыз!

************/бата тілейді/***************

Ата болып киінген бала:Ернұр

Сұрасаң бата берейін,

Ақ тілекті төгейін.

Еліме берсін берекет,

Қашсын сырқат-бәлекет!

Кірсін дәулет есіктен,

Кетсін бейнет тесіктен,

Ескіжылымесірке,

Жаңажылымжарылқа!

Дастарханың мол болсын!

Абыройыңзорболсын!

Ұлысоңболсын!

Ақ мол болсын!

Қайдабарсаңжолболсын!

Әумин!

1-жүргізуші:

-Тойға шашу ретінде «Қара жорға»биін ұсынамыз.Қабыл алыңыздар!

8. «Қара жорға» биі


2-жүргізуші:

 Наурыз тойы тамаша,
Наурыз тойы жаңаша.
Әр жүректен ән тарап,
Шаттанады шартарап.


1-жүргізуші:

- «Дәстүрлер-ай» әнін бірге шырқайық!

9. «Дәстүрлер-ай»әні. 3-сынып 1-бөлім 6-сабақ

 
2-жүргізуші:

  • Құрметті қонақтар! Бүгінгі "Наурыз мейрамы» атты тәрбие сағатымыз аяқталды.

Бақ дарысын бәріңе!
Ой қосылып ойыңа,
Бой қосылсын бойыңа!

Екеуі қосылып:

Аман – есен жетейік.
Келер Наурыз тойына!